100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

      Өрнек ауылдық округі әкімі аппараты

                                                                                                       Өрнек ауылдық округі бойынша

                                                                                                       жергілікті қоғамдастық кеңесінің

                                                                                                       26.08.2019 ж. №5 хаттамасымен

    бекітілген

     

            Келісілді

    Өрнек ауылдық округінің

    жергілікті қоғамдастық кеңесінің төрағасы

    Т.Абдибеков___________

            Бекітемін

    Өрнек ауылдық округінің

    әкімі

    А.Мантеев __________

    ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

    «Өрнек ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-сі

    (аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің атауы)

    «Жамбыл ауданы Жамбыл облысы»

    (аудан және облыс атауы)

    2019-2021 жылдарға

    Әзірлеуші: «Өрнек ауылдық

    округі әкімінің аппараты» КММ-сі

     ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

    Бағдарламаның атауы 2019 жылға арналған Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Өрнек ауылдық округін 2019-2021 жылдарға дамыту бағдарламасы.
    Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары –       ауылдық округтің құрылу кезеңі – 2002 жыл;

    –       халық саны – 2647;

    –       ауылдық округтің құрамына кіретін ауылдардың саны – 2, Өрнек, Жұма;

    –       аумағы – 19465,33 га;

    –       жергілікті қоғамдастық жиналысының құрылған күні 25.11.2013 жыл

    –       жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің   саны – 6:

                                 ІІ. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

     2.1 Өрнек ауылдық округін 2019 жылы дамыту

              2019-2021 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) ауыл халқы мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін көзделген.

    2019 жылғы 1 қаңтардағы халық саны 2647 адамды құрайды, отбасы саны 547. Зейнеткерлер саны – 297, оқушылар саны – 307, жұмыс істейтіндер саны – 1262, өз бетінше жұмыс істейтіндер саны – 633.

    Ауылда орталық су жүйесімен қамтамасыз етілген. Өрнек ауылында аудандық пошта бөлімшесі орналасқан. Округ телефон байланысымен және мобильдік те кабельдік де ғаламтор желісімен қамтамасыз етілген. Ауыл ішіндегі жолдардың ұзындығы 22,100 км, оның ішінде асфальтті төсемдісі 7,50 км. Округ аумағында электр жүйелері тартылған.

    Ауылдық округ аумағында 1 орта мектеп, 1 бастауыш мектеп,  1 мини центр, 1 ауыл шаруашылық колледжі,  1 балабақша, 1 ФП, 1 ауылдық клуб, 2 ауылдық кітапхана,1 пошта үйі бар, 1 кіші футбол алаңы.

    Жұмыссыздықты азайту және малшаруашылығын дамыту барысында  «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 2018 жылы 1  адамға  4200,0 теңге көлемінде несие берілді. 2019 жылы аудандық жұмыспен қамту бөліміне 43 отбасының атаулы әлеуметтік көмек алуға құжаттары беріліп,  7800,0 мың теңге 43 отбасына атаулы әлеуметтік көмек алушыларға төленді.

    Ауылдық округ бойынша 140-ШҚ, 3 жеке кәсіпкер  тіркелді. Ауылдық округте ауылшаруашылығына арналған жердің көлемі – 2110  га.Оның ішінде егістік алқаптары – 4217  га,жайылымжері -11631,1  га.

    Егілген дақылдардың көлемі, арпа – 500 га, мақсары – 20 га, бақша 55 га, мал азықтық дақылдар 11120 тонна, көкөніс – 10 га, қант қызылшасы 10 га.

    Мал шаруашылығы – шаруа қожалықтары қызметінің негізгі түрі.

    2019 жылдың басында мал саны: ірі қара -1470, жылқы – 908 бас, қой – ешкі –  9137 бас,  2470 бас құс тіркелген.

    Ағымдағы жағдайды талдай келе 2019 жылы Өрнек ауылдық округі аумағында жасалуы тиіс жұмыстар:

    • Өрнек ауылындағы көше жарықтандыру нысандарына қызмет көрсету;
    • Қураған және құлауы ықтимал тал дарақтарды, бұтақтарды қырқу;
    • Жабайы қоқыс орындарын тазалау;
    • Ауылдық округті абаттандыру мақсатында әк, бояу сатып алу;
    • Көше аншлагтарын әзірлеу, орнату;
    • Автокөлік жолдардың қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында қыс мезгілінде қардан тазарту, жаз мезгілінде жолдарды жуу жұмыстары;
    • Өрнек ауылы С.Мұқанов көшесінің автокөлік жолын орташа жөндеу шағал тас төсеу;
    • Өрнек ауылы Медер көшесінің автокөлік жолын орташа жөндеу шағал тас төсеу;
    • Өрнек ауылы Жұма станциясы автокөлік жолын орташа жөндеу шағал тас төсеу;
    • Өрнек ауылы Қ.Байкеев көшесінің автокөлік жолын орташа жөндеу;
    • Өрнек ауылы Жеңістің 30 жылдығы көшесінің автокөлік жолын орташа жөндеу;

    2020 жылы келесідей жұмыстар жүргізіледі деп болжануда:

    • Өрнек ауылы А.Омаров көшесі бойындағы кіш футбол алаңына ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу және воркаут жаттығу нысандарын орнату;
    • Бұқаралық спортты дамыту мақсатында Өрнек ауылы Жұма елді мекені станциясына кіші футбол нысандарын орнату;
    • Өрнек ауылы М.Маметова көшесінің автокөлік жолын орташа жөндеу;
    • Өрнек ауылы К.Әшімұлы көшесінің автокөлік жолын орташа жөндеу;
    • Өрнек ауылы А.Омаров көшесінің автокөлік жолын орташа жөндеу шағал тас төсеу;
    • Өрнек ауылы С.Мұқанов көшесінің автокөлік жолын орташа жөндеу шағал тас төсеу;
    • Өрнек ауылы М.Маметова көшесінің автокөлік жолын орташа жөндеу шағал тас төсеу;
    • Өрнек ауылы көшелеріне абаттандыру жұмыстарын жүргізу;
    • Қоқыстарды тазалау;

    2021 жылы келесідей жұмыстар жасалуы тиіс:

    • Көшелерді жарықтандыру жұмыстары;
    • Өрнек және Жұма станциясына абаттандыру және көгалдандыру;

    2.2 Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер

     Өрнек ауылын газдандыру мәселесі;

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района