100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Бесағаш ауылдық округі әкімі аппараты

    Бесағаш ауылдық округі бойынша

    жергілікті қоғамдастық кеңесінің

    23.08.2019 ж. №5 хаттамасымен

    бекітілген

     

               Келісілді

    Бесағаш ауылдық округінің

    жергілікті қоғамдастық

    кеңесінің төрағасы

    Қ.Сисенғалиев

    ____________

                          Бекітемін

    Бесағаш ауылдық округі

    әкімі Б.Нигматуллаев

    ______________________

     

     

    ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

    «Бесағаш ауылдық округі әкімі аппараты»  КММ-сі

    (аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің атауы)

    Жамбыл ауданы Жамбыл обылысы

    (аудан және облыс атауы)

    2019-2021 жылдарға

     

     

     

     

    Әзірлеуші: «Бесағаш ауылдық

    округі әкімі аппараты» КММ-сі

     

     

    ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

    Бағдарламаның атауы 2019 жылға арналған Жамбыл обылысы, Жамбыл  ауданы, Бесағаш ауылдық округін 2019-2021 жылдарға дамыту бағдарламасы.
    Аудандық маңызы бар қаланың ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары -ауылдық округтің құрылу кезеңі – ауылдық округ Жамбыл облысы әкімінің 1994 жылғы 18 қаңтардағы №8 қаулысымен құрылған.

    – халық саны – 6820;

    – ауылдық округтің құрамына кіретін ауылдардың саны : Бесағаш, Түрксіб

    – аумағы – 18 352 га;

    – жергілікті қоғамдастық жиналысының құрылған күні 14.02.2019 жылы 4 жылға тағайындалды;

    – жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің саны – 9;

     

    1. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

     

    2.1 Бесағаш ауылдық округінің 2019 жылы дамыту

     

    2019-2021 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) ауыл халқы мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін көзделген.

    2019 жылғы 1 қаңтардағы халық саны 6820 адамды құрайды, отбасы саны 1801. Зейнеткерлер саны – 661, оқушылар саны-1596, жұмыс істейтіндер саны-2220,өз бетінше жұмыс істейтіндер – 1224.

    Бесағаш, Түрксіб ауылдарында аудандық пошта бөлімшесі орналасқан. Округ телефон байланысымен қамтамасыз етілген. Ауыл ішіндегі жолдардың ұзындығы- 42,2 км, оның ішінде асфальтталғаны – 9 км. Округ аумағындағы 2 ауылға электр жүйелері таратылған және газ жүргізілген.

    Ауылдық округ аумағында 2 орта мектеп, (1 мектеп шағын орталығымен), 1 бөбекжай, 2 дәрігерлік амбулатория, 1 ауылдық клуб, 2 кітапхана бар.

    Жұмыссыздықты азайту және мал шаруашылығын дамыту барысында «Жұмыспен иқамту – 2020» бағдарламасы аясында 2018 жылы 4 адамға 14,8 млн теңге көлемінде несие берілді. 2019 жылы аудандық жұмыспен қамту бөліміне 237 отбасының атаулы әлеуметтік көмек алуға құжаттары беріліп, 71 000,0 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек алушыларға төленді.

    Ауылдық округ бойынша  1 ЖШС, 117 ШҚ, 82 жеке кәсіпкер тіркелді. Ауылдық округте ауылшаруашылығына арналған жердің көлемі – 8087,4  га. Оның ішінде егістік алқаптары – 2 176 га, жайылым жері – 5688 га.

    Мал шаруашылығы – шаруа қожалықтары қызметінің негізгі түрі.

    2019 жылдың басында мал саны: ірі қара – 1774, жылқы –  785, 2880 бас қой және ешкі, 1856  бас құс тіркелген.

    Ағымдағы жағдайды талдай келе 2019 жылы Бесағаш ауылдық округі аумағында жасалуы тиіс жұмыстар:

    – Бесағаш ауылындағы Абай көшесіне орта жөндеу жұмыстарына – 4 млн 595 мың теңге;

    – М.Әуезов көшесіне орта жөндеу жұмыстарына – 2 млн  954 мың теңге;

    – Түрксіб ауылындағы Бәйдібек баба көшесінің орта жөндеу жұмыстарына – 1 млн 483 мың тенге;

    – Түрксіб ауылындағы «Нұршуақ» бөбекжайының пандусына ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізуге – 2 млн 128 мың теңге;

    – Әкімшілік ғимаратына пандус орнатуға – 355 мың теңге;

    – 3 трансформатор орнатуға – 5 млн 778 мың теңге;

    – Санитарлық-тазалық жұмыстарына – 100 мың теңге;

    – Жабайы-қоқыс орындарын тазартуға – 150 мың теңге;

    – Елді-мекенді абаттандыруға – 250 мың теңге қаралды.

     

    2020 жылы келесідей жұмыстар жасалуы тиіс:

    1. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, сумен жабдықтау, газбен жабдықтау объектілерін күрделі және ағымдағы жөндеу;
    2. Коммуналдық шаруашылық, көшелерді жарықтандыру және көгалдандыру, рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жою, иесіз қалған объектілерді бұзу, қатты тұрмыстық қалдықтарды және мал қорымдарының полигондарын жайластыру, жылу жүйелерін жөндеу, балалар ойын алаңдарын орнату;
    3. Көлік коммуникациялары: кентшілік жолдарды және көпірлерді күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, бағдаршамдар орнату;
    4. Ауыл шаруашылығы: су қоймаларын тазарту, иесіз қалған су техникалық құрылыстарын қалпына келтіру;
    5. Елді мекендерді абаттандыру жөніндегі іс-шаралар. Бағдарламаны іске асыру мақсатында білім беру саласы бойынша мектептер мен бала-бақшаларға қысқа дайындық жұмыстарын жүргізуге және кіре беріс жолдарын жөндеу жұмыстарын жүргізуге болады.

     

    2.2 Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер

     

    Келесі мәселелерге қатысты болуы мүмкін проблемалар мен тәуекелдердің қысқаша сипаттамасы: Басты мәселе – бюджет тапшылығы.

    • Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру.

     

    III. БЕСАҒАШ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ БОЙЫНША ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

     

    Іс –шараның атауы Аяқтау нысаны Қаржыландыру көлемі (мың.теңге) Қаржыландыру көзі Іске асыру мерзімдері
    1 2 3 4 5 6

    І. БІЛІМ БЕРУ

    1.1
    1. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ
    2.1

    III. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

    3.1
    1. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОМУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ
    4.1.
    1. МӘДЕНИЕТ, СПОРТ, ТУРИЗМ
    5.1 Бесағаш ауылындағы балалар ойын алаңшасына  ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу Аудан әкімдігіне ақпарат 4 млн 934 мың рб 2020 жылдың мамыр айы

                                             VI.КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ

    6.1

    VII. БАСҚАЛАР

    7.1

     

    Ескертпе: Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыруға «Жамбыл ауданының Бесағаш ауылдық округі әкімі аппараты» КММ-сі жауапты болып табылады.

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района