100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Аса ауылдық округі әкімі аппараты

    Аса ауылдық округі бойынша

    жергілікті қоғамдастық кеңесінің

    23.08.2019 ж. №5 хаттамасымен

    бекітілген

     

            Келісілді

    Аса ауылдық округінің

    жергілікті қоғамдастық кеңесінің төрағасы

    Р.Жапаров___________

            Бекітемін

    Аса ауылдық округінің

    әкімі

    Б.Калшымбетов __________

     

    ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

    «Аса ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-сі

    (аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің атауы) 

    «Жамбыл ауданы Жамбыл облысы»

    (аудан және облыс атауы) 

    2019-2021 жылдарға

     

    Әзірлеуші: «Аса ауылдық

    округі әкімінің аппараты» КММ-сі

    ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

    Бағдарламаның атауы 2019 жылға арналған Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылдық округін 2019-2021 жылдарға дамыту бағдарламасы.
    Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары –       ауылдық округтің құрылу кезеңі – 1992 жыл;

    –       халық саны – 12806;

    –       ауылдық округтің құрамына кіретін ауылдардың саны – 2, Аса, Рахат;

    –       аумағы – 7481 га;

    –       жергілікті қоғамдастық жиналысының құрылған күні 06.01.2014 жыл

    –       жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің саны-10:

     ІІ. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

    2.1 Аса ауылдық округін 2019 жылы дамыту

              2019-2021 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) ауыл халқы мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін көзделген.

    2019 жылғы 1 қаңтардағы халық саны 12806 адамды құрайды, отбасы саны 3891. Зейнеткерлер саны – 2293, оқушылар саны – 2601, жұмыс істейтіндер саны – 2931, өз бетінше жұмыс істейтіндер саны – 3264.

    Округтегі 2 ауыл да орталық су жүйесімен қамтамасыз етілген. Аса ауылында аудандық пошта бөлімшесі орналасқан. Округ телефон байланысымен және мобильдік те кабельдік де ғаламтор желісімен қамтамасыз етілген. Ауыл ішіндегі жолдардың ұзындығы 47,944 км, оның ішінде асфальтті төсемдісі 33,677 км, шағал төсемді 14,267 км. Округтегі 2 ауыл да электр жүйелерімен қамтылған, Аса ауылы табиғи газбен және кәріз жүйесі мен ағынды суды биологиялық тазарту жүйесімен қамтылған.

    Ауылдық округ аумағында 4 орта мектеп, 3 негізгі мектеп және 1 бастауыш мектебі, 1 мини центр, 2 мемлекеттік бала бақша, 1 жеке бала бақша, 1 аудандық аурухана, емхана, аудандық мәдениет үйі, 1 спорт мектебі, 1 музыка мектебі, 1 аудандық кітапхана, 1 мал дәрігерлік пункт, 2 мешіт, 1 стадион, 2 кіші футбол алаңы және 1 аллея бар.

    Жұмыссыздықты азайту және мал шаруашылығын дамыту барысында «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында 2018 жылы 17 адамға 62300,0 мың тенге көлемінде несие берілді. 2019 жылы аудандық жұмыспен қамту бөліміне 491 отбасының атаулы әлеуметтік көмек алуға құжаттары тапсырылып, әлеуметтік көмекпен қамтылуда. Үстіміздегі 123 жұмыссыз адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

    Ауылдық округ бойынша 22-ЖШС, 133-ШҚ, 116- жеке кәсіпкер тіркелген. Ауылдық округте ауыл шаруашылығына арналған жердің көлемі 4831 га, оның ішінде егістік алқаптары – 3359,9 га, шабындық – 123 га, жайылымдық жерлер 1582 га. Егілген дақылдардың көлемі, арпа – 900 га, мақсары – 20 га, бақша 55 га, мал азықтық дақылдар 13120 тонна, көкөніс – 190 га, қант қызылшасы 20 га.

    Мал шаруашылығы – шаруа қожалықтары қызметінің негізгі түрі.

    2019 жылдың басындағы жағдай бойынша мал саны, мүйізді ірі қара – 1880 бас, жылқы – 1041 бас, қой-ешкі – 7902 бас, үй құстары – 1920 бас.

    Ағымдағы жағдайды талдай келе 2019 жылы Аса ауылдық округі аумағында жасалуы тиіс жұмыстар:

    • Аса ауылы Мырхалыков көшесін жарықтандыру;
    • Аса ауылындағы мал дәрігерлік пункт ғимаратына трансформатор орнату;
    • Аса ауылындағы көше жарықтандыру нысандарына қызмет көрсету;
    • Қураған және құлауы ықтимал тал дарақтарды, бұтақтарды қырқу;
    • Жабайы қоқыс орындарын тазалау;
    • Ауылдық округті абаттандыру мақсатында әк, бояу сатып алу;
    • Көше аншлагтарын әзірлеу, орнату;
    • Автокөлік жолдардың қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында қыс мезгілінде қардан тазарту, жаз мезгілінде жолдарды жуу жұмыстары;
    • Аса ауылы Ш.Қалдаяқов көшесіне балалар ойын алаңдары мен спортпен шұғылдануға арналған жаттығу нысандарын орнату;
    • Бұқаралық спортты дамыту мақсатында Аса ауылы Ш.Қалдаяқов көшесіне кіші футбол алаңын орнату;
    • Аса ауылы Көкой көшесінің автокөлік жолын орташа жөндеу;
    • Аса ауылы С.Махашев көшесінің автокөлік жолын орташа жөндеу;
    • Аса ауылы Теміржол көшесінің автокөлік жолын орташа жөндеу;
    • Аса ауылы Жамбыл көшесінің автокөлік жолын орташа жөндеу;

    «Ауыл ел бесігі» республикалық бағдарламасы аясында:

    • Аса ауылы Алтынсарин көшесінің автокөлік жолын орташа жөндеу;
    • Аса ауылы Алтынсарин көшесінің бұрылысын автокөлік жолын орташа жөндеу;
    • Аса ауылындағы бұрылыстардың автокөлік жолын орташа жөндеу;
    • Аса ауылындағы автокөлік жолдарды ағымды жөндеу;
    • Аса ауылы Абай көшесінің автокөлік жолын орташа жөндеу;
    • Аса ауылы Алтынсарин көшесінің 1-бұрылысын автокөлік жолын орташа жөндеу;
    • Аса ауылы Алтынсарин көшесінің 2-бұрылысын автокөлік жолын орташа жөндеу;
    • Аса ауылы Ғ.Мұратбаев көшесінің автокөлік жолын орташа жөндеу;
    • Аса ауылы Абай көшесінің 5-бұрылысын автокөлік жолын орташа жөндеу;
    • Аса ауылындағы ішкі істер бөліміне кіре беріс жолды орташа жөндеу;
    • Аса ауылындағы халықты жұмыспен қамту орталығы ғимаратына кіре беріс жолды орташа жөндеу;
    • Аса ауылы Д.Қонаев көшесінің автокөлік жолын орташа жөндеу;
    • Аса ауылы Ш.Уәлиханов көшесінің автокөлік жолын орташа жөндеу;
    • Аса ауылы Жеті төбе көшесінен Төле би көшесіне дейінгі бұрылыстың автокөлік жолын орташа жөндеу;
    • Аса ауылы Қойгелді көшесінің автокөлік жолын орташа жөндеу;
    • Аса ауылы Абай көшесінің 1,2,3 бұрылыстарының автокөлік жолын орташа жөндеу;
    • Аса ауылы К.Шманов көшесінің автокөлік жолын орташа жөндеу;
    • Аса ауылындағы Жастар орталығы ғимаратынан Төле би көшесіне дейінгі бұрылыстың автокөлік жолын орташа жөндеу;
    • Аса ауылы Гагарин көшесінің 1-бұрылысының автокөлік жолын орташа жөндеу;
    • Аса ауылындағы Абай, Қаратау, Ш.Қалдаяқов, М.Әуезов, Жамбыл, С.Махашев, М.Мәметова, Қилыбаев, Қойгелді көшелерін және Абай көшесінің 6-бұрылысын жарықтандыру жұмыстары;
    • Аса ауылындағы «Сәуле» бөбек жайының ағымды жөндеу;

    2020 жылы келесідей жұмыстар жүргізіледі деп болжануда:

    • Аса ауылына балалар ойын алаңын орнату;
    • Аса ауылына кіші футбол алаңын орнату;
    • Аса ауылындағы автокөлік жолдарды ағымды жөндеу;
    • Аса ауылы Абай көшесін абаттандыру жұмыстары;
    • Қоқыстарды тазалау;
    • Аса және Рахат ауылдарына спорт алаңдарын және жаттығу алаңдарын орнату;
    • Аса ауылындағы бұрынғы қоқыс полигонының орнын абаттандыру;
    • Аса ауылындағы ауған соғысы ардагерлері аллеясын абаттандыру жұмыстары;
    • Қоғамдық қоқыс урналарын көбейту;

    2021 жылы келесідей жұмыстар жасалуы тиіс:

    • Көшелерді жарықтандыру жұмыстары;
    • Аса және Рахат ауылдарын абаттандыру және көгалдандыру;

     

    2.2 Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер

     Рахат ауылын газдандыру мәселесі;

    • Аса ауылдық округі бойынша өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу (жеке тұрғын үй құрылысы) үшін кезекте тұрған азаматтарға жер телімін беру мәселелері;

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района