100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Айшабибі ауылдық округі әкімі аппараты

    Айшабибі ауылдық округі бойынша жергілікті

    қоғамдыстық кеңесінің

    18.01.2019ж №1 хаттамасымен бекітілген

     

     

    Келісілді          Айшабибі ауылдық округінің

                                                                                                 жергілікті қоғамдастық

    кеңесінің төрағасы

                      Р.Мусатаев                 _________

                                                                                                                                                                                                                                                                     Бекітемін Айша бибі ауылдық округә әкімі

    Р.Сеитов_______________________

     

     

     

     

     

    ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

                     « Айшабибі ауылдық округі әкімі аппараты »КММ-сі

     (аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың,кенттің, ауылдық округтің атауы)

    Жамбыл ауданы Жамбыл облысы

      (аудан және облыс атауы)

    2019-2021 жылдарға

     

     

     

    Әзірлеуші: «Айшабибі ауылдық

    округі әкімі аппараты» КММ-сі

    ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

    Бағдарламаның атауы

     

     

    2019 жылға арналған Жамбыл облысы,Жамбыл ауданы,Айшабибі ауылдық округін 2019-2021 жылдарға дамыту бағдарламасы.

     

    Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың,кенттің ауылдық оругтің негізгі сипаттамалары

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    ауылдық округтің құрылу кезеңі- 1998 жыл.

    -халық саны – 5303.

    -ауылдық округтің құрамына кіретін ауылдардың саны 3:

    Айшабибі, Қаратау, Әулиекөл

    -аумағы- 65852 га.

    – жергілікті қоғамдастық жиналысының құрылған күні- 03.09.2013 жылы тағайындалды.

    -жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің саны-7.

     

     

    ІІ. Ағымдағы жағдайды талдау

     

    2.1 Айшабибі ауылдық округін 2019 жылы дамыту

    2019-2021 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы ( бұдан әрі  – Бағдарлама) ауыл  халқы мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін көзделген.

    2019 жылғы 1 қаңтардағы халық саны 5303 адамды құрайды, отбасы саны. Зейнеткерлер саны – 464 , оқушылар саны-1216 , жұмыс істейтіндер саны- 1785 , өз бетінше жұмыс істейтіндер-884адам.

    3 ауылда да орталық су жүйесімен қамтамасыз етілген. Айшабибі ауылында аудандық пошта бөлімшесі орналасқан. Окург телефон байланысымен қамтамасыз етілген . Ауыл  ішіндегі жолдардың ұзындығы -, оның ішінде асфальттанған – км. Окург аумағындағы 3 ауылға электр жүйелері таратылған.  Айшабибі ауылына газ желісі жүргізілген, Қаратау, Әулиекөл елді мекеніне з желісін тарту жұмыстары жүргізілуде.

    Ауылдық округ аумағында  2 орта мектеп, 1 бастауыш мектеп, 1 бала-бақша, 1 емхана, 1 мәдениет үйі,  1 ауылдық кітапхана бар.

    Мал шаруашылығы –  шаруа қожалықтары қызметінің негізгі түрі.

    2019 жылдың басында мал саны:  іріқара-  4209, жылқы – 2768 бас, 27747 қой, 1629 бас ешкі, 6918 бас құс тіркелген.

    Ағымдағы жағдайды талдай келе 2019 жылы Қаратөбе ауылдық округі аумағында жасалуы тиіс жұмыстар:

    • Айшабибі ауылын абаттандыру мен көгалдандыру мақсатында тарихи орынды қоршау жұмыстары;
    • Адам өміріне қауіпті талдарды қырқу;
    • Уйлерге, ғимараттарға аншлаг, нөмірлер ілу;
    • Тал- дарақтарды суғару;
    • 18 дана ТҚҚ тастау үшін жәшіктердің жанына щит орнату;
    • «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы аясында қолданыстағы ТҚҚ полигонын жайластыру жұмыстары;
    • Айшабибі ауылының көшелеріне көше жарығын орнату;
    • Елді – мекеннің санитариясын қамтамасыз ету мақсатында күнделікті көше тазалау жұмыстары және полигонға жеткізу.

    2020 жылы  келесідей жұмыстар жасалады деп болжануда;

    • Спорт алаңдарын және жаттығу алаңдарын орнату;
    • Ойын алаңдарына шағын сәулет пішіндерін орнату
    • Уйлер мен ғимараттарға тақтайшалар мен ангшлагтар ілу;
    • Тал-дарақтарды суғару;
    • Ауылдық округ аумағындағы жаңадан салынып жатқан тұрғын алқабының инженерлік- коммуникациялық инфрақұрылымдарын дамыту, газбен және электрмен қамту, жол құрылысы жұмыстары.

    2021 жылы келесідей жұмыстар жасалуы тиіс:

    • Адам өміріне қауіпті талдрды кесу;

     

    2.2 Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер

    Келесі мәселелерге қатысты болуы мүмкін проблемалар мен тәуекелдердің қысқаша сипаттамасы: Басты мәселе-бюджет тапшылығы.

    • Көшелерді жарықтандыру – сапасыз электролампалар, жиі-жиі лампаны ауыстыруға тура келеді;
    • Абаттандыру жерлерде балаларды мектепке дейін тегін алып баруды және кері алып келуді ұйымдастыру;
    • Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету- халықтың экологиялық сауаттылығынның жоқтығы, тұрғындар жиі рұқсат етілмеген жерлерге қоқыстар тастауы, дренаж каналдарының қоқыспен бітелуі;
    • Елді мекендері сумен жабдықтауды ұйымдастыру;

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района