100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    3.2. Негізгі бағыттар, мақсаттар, нысаналы индикаторлар және оларға қол жеткізу (31.01.2020ж)

     

    Бағыт: Экономика

    3.2.1. Мақсат: Өнеркәсіп пен инвестициялар

     

    р/н

    Нысаналы индикаторлар Өлшем бірлігі 2014 ж. нақты 2015 ж. нақты Жоспар Ақпарат көзі
    2016 ж. нақты 2017 ж. нақты 2018 ж.

    нақты

    2019 ж. 2020 ж.
    1 Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің нақты көлем индексі % 51,3 94,6 117,0 103,0 100,8 101,0 102,0 Ресми статистикалық деректер
    2 Негізгі капиталға салынған инвестициялар % 70,5 107,0 Ресми статистикалық деректер
    Қол жеткізуге жауапты: Жамбыл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі

     

    Қол жеткізу жолдары:

    1) Өңірлік деңгейде «ИИДМБ» Мемлекеттік бағдарламасы аясында инвестициялық жобаларды Индустрияландыру картасына енгізе отырып, жүзеге асырылуын қолдау.

    2016 жылы 5 млрд. теңгеге 3 инвестициялық жобаны іске асырылды:

    – Халал стандартына сай жоғары технологиялы ет өнімдер өндірісін құру («Оңтүстік Халал Тағамдары» ЖШС-гі), құны – 2 млрд. 450 млн. теңге, жылдық қуаты – 1757 тонна өнім өңдеу;

    – құс фабрикасының құрылысы («Аса-Damu» ЖШС-і), құны – 914 млн. теңге, қуаты – жылына 90 млн. дана жұмыртқа және 280 тоннаға дейін құс етін өндіру;

    – «КазУпакТрейд» ЖШС-нің гипс зауыты құрылысы индустриалдық жобасын жүзеге асырылды. Жобаның құны – 1 млрд. 725 млн. теңге. 70 жаңа жұмыс орны құрылатын болады. Жылдық қуаты 180 мың тонна немесе тәулігіне 450-500 тонна құрылыс гипсін және 100 мың текше метр гипсокартон өндіру.  

    2) Өнеркәсіп кәсіпорындарын іске асырылудағы бағдарламалар шеңберінде қолдау:

    – бағдарламаларға қатысу үшін жобаларды қаржыландыру тәртібі,  құжаттарды дайындау бойынша түсіндіру жұмысы;

    – бағдарламаларға қатысу үшін «әкімшілік» кедергілерді болдырмау.

    3) Кәсіпорындардың өз қаражаттары есебінен аудандық деңгейде іске асырылатын жобаларды қолдау:

    – 2017 жылы «Амангелді газ өңдеу зауыты» ЖШС мұнай өңдеу учаскесінің негізінде ЕВРО 4, 5 стандарттары сәйкес келетін бензин өндірісіне қажетті технологияларды ендіру арқылы өндірісті кеңейту жұмыстарын аяқтады. Жобаның қуаты жылына 100 мың тонна бензин, құны 2 млрд. теңге.

    4) 2018-2019 жылдарға кәсіпкерлікті дамыту картасына 1 жоба енгізілді:

    – «Супер-Фарм» ЖШС-нің бір реттік медициналық бұйымдар шығаратын зауыт өндірісін кеңейту, құны – 3,5 млрд. теңге. Құрылыс жұмыстары барысында 100 адам, зауыт іске қосылғаннан кейін 250 адам жұмыспен  қамтылады. Қазіргі жағдайы – құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілуде. Пайдалануға беруі мерзімі 2019 жылдың қараша айы.

    5) Ауданға инвестиция тартуға жәрдемдесу, оның ішінде ИИД МБ, «Агробизнес – 2020» 2013-2020 жылдарға агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы, «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020», «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамыту бірыңғай бағдарламасының тетіктерін іске асыру арқылы.

    – ауданның ауыл шаруашылық кешені мен өнеркәсіп саласын дамыту үшін стратегиялық инвесторлар тарту;

    – ауданның мал шаруашылығын дамыту үшін инвесторлар тарту (бордақылау алаңдары, сүтті-тауарлы фермалар, асыл тұқымды шаруашылық, т.б.);

    – ылғал, суүнемдеу технологияларын қолдану арқылы егістік алқаптарын ұлғайту үшін инвесторлар тарту;

    – семинарлар, кеңестер, форумдар шеңберінде, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қолданыстағы индустриалды-инновациялық қызметке мемлекеттік қолдау тетіктері туралы хабарлау.

     

    3.2.2. Мақсат: Агроөнеркәсіптік кешен

     

    р/н

    Нысаналы индикаторлар Өлшем бірлігі 2014 ж. нақты 2015 ж. нақты Жоспар Ақпарат көзі
    2016 ж. нақты 2017 ж. нақты 2018 ж.

    нақты

    2019 ж. 2020 ж.
    1. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі % 113,1 98,0 107,7 101,1 107,8 103,5 103,8 Ресми статистикалық деректер
    2. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялардың нақты көлем индексі % 111,0 114,0 Ресми статистикалық деректер
     

    5

    Ұйымдасқан шаруашылықтар-дағы мүйізді ірі және ұсақ қара мал басының үлесі %

    ІҚМ

    22,5 25,2 34,8 38,5 40,8 35,9 36,9 Ведомстволық есептер
    %

    ҰҚМ

    41,9 40,2 42,1 51,8 50,5 49,4 51,8
    Қол жеткізуге жауапты: Жамбыл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі

     

     

    Қол жеткізу жолдары:

    Бағдарламаның 2-кезеңінде 2016-2020 жылдары «Агробизнес-2020» салалық бағдарламасын іске асыру шеңберінде – ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемін кеңейту, барлық негізгі тамақ өнімдері бойынша облыстың және жалпы республиканың импортқа тәуелділігін азайту, экспорттық әлеуетті жүзеге асыру, еңбек өнімділігін ұлғайту, АӨК-нің өндірістік және қайта өңдеу салаларының әлеуетін игеру.

    Көктемгі егіс және жинау жұмыстарын уақтылы жүргізу; егін егу кезеңінде іріктелген тұқымды пайдалану, минералды тыңайтқыштарды пайдаланатын егін алқаптарын кеңейту; «бос пайдаланбай жатқан» жерлер есебінен егіс алаңын кеңейту (ирригация, дренаж, мелиорация және басқа гидротехникалық іс-шаралар);  ылғалды  ресурсты үнемдеу технологиясын (оның ішінде тамшылатып суару, нөлдік технология және т.б.) пайдалану; көпжылдық көшеттерді тиімді пайдалану; көкөніс сақтау қоймасы және жылыжай құрылысы; ауыл шаруашылығында прогрессивті және тиімді ғылыми әзірлемелерді пайдалану; мал шаруашылығының жалпы көлеміндегі асыл тұқымды үйірдің үлесін арттыру (жыл сайын 0,1-1,5%); асыл тұқымды мал шаруашылықтарының санын арттыру (жыл сайын 1-2 бірлікке); қолдан ұрықтандыру пунктерін тиімді пайдалану; жеке сектордағы  МІҚ малды қолдан ұрықтандырумен қамту пайызын арттыру; биязы жүнді, майлы ет бағытындағы қой шаруашылығының сапасын арттыру жұмыстарын жүргізу; қой шаруашылығы; жылқы шаруашылығын дамыту,  бордақылау алаңдарын кеңейту және типтік мал сою пунктерінің құрылысын жүргізу; ветеринарлық алдын-алу жұмыстарын жүргізу; жемдік базаны жақсарту бойынша кешенді жұмыстар жүргізу; өңдеу өнеркәсібі цехтарының қуатын тиімді пайдалану, ауыл шаруашылығы құрылымдарына қызмет көрсетуде АТК және СДО тетіктерін тиімді пайдалану; ауыл тұрғындарына шағын несие беруді арттыру (жыл сайын 3-5%-ға дейін); ауыл шаруашылық емес бизнесті дамыту; мемлекеттік бағдарламаларды және ауыл шаруашылығын қолдау инструменттерін, сонымен бірге республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген субсидияны тиімді пайдалану.

    «Ұйымдасқан шаруашылықтардағы мүйізді ірі қара мал басының үлесі» нысаналы индикаторы майда шаруашылықтарды ірілендірудің арқасында орындалады. «Сыбаға» бағдарламасы шеңберінде шаруа қожалықтарындағы ірі қара мал басын арттыру бойынша жұмыстар жалғасатын болады.

     

    3.2.3. Мақсат: Шағын және орта бизнес, сауда

     

    р/н

    Нысаналы индикаторлар Өлшем бірлігі 2014 ж. нақты 2015 ж. нақты Жоспар Ақпарат көзі
    2016ж. нақты 2017 ж. нақты 2018 ж.

    нақты

    2019 ж. 2020 ж.
    1 Жұмыс істеп тұрған ШОБ тіркелгендер санындағы үлесі % 89,1 89,3 Ресми статистикалық деректер
    2 Бөлшек сауданың нақты көлем индексі % 142,7 116,0 101,7 148,0 196,7 108,0 109,0 Ресми статистикалық деректер
    Қол жеткізуге жауапты: Жамбыл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі

     

    Қол жеткізу жолдары:        

    Жамбыл ауданында еркін бәсекені дамыту және нарыққа тауарлар мен қызметтерге бірдей қол жетімділікті қамтамасыз ету арқылы бизнестің экономикалық белсенділігін арттыру үшін жағдай жасалатын болады.

    Осы міндетті жүзеге асыру мақсатында:

    – кәсіпкерлермен түсіндіру семинарларын, тренингтер, «дөңгелек үстелдер» өткізу, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін буклеттер мен әдістемелік құралдар шығару;

    – «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғырту мен кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру;

    – «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» Бағдарламасы шеңберінде ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ету;

    – қаржылық даму институттарының қаражаты есебінен кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру;

    – әдістемелік, құқықтық, ақпараттық-консалтингтік және бухгалтерлік қолдау көрсету, консультациялар беру жоспарлануда.

    Сауда саласында:

    – заманауи сауда нысандары алаңдарының санын және олардың бөлшек сауданың жалпы айналымындағы үлесін ұлғайтуды ынталандыру;

    – базарларды техникалық жарақтандыру;

    – базарлардағы сауданың ашықтығын арттыру.

     

    Бағыт: Әлеуметтік сала

    3.2.4. Мақсат: Білім беру

     

    р/н

    Нысаналы индикаторлар Өлшем бірлігі 2014 ж. нақты 2015 ж. нақты Жоспар Ақпарат көзі
    2016 ж. нақты 2017 ж. нақты 2018 ж.

    нақты

    2019 ж. 2020 ж.
    1 Жұмыс істеп тұрған авариялық және үш ауысымды мектептер саны бірлік 1 0 0 0 0 0 0 Ведомстволық есептер
    2 Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту % 59,4 70,8 82,4 87,4 99,1 100,0 100,0 Ведомстволық есептер
    Қол жеткізуге жауапты:  Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімі

     

    Қол жеткізу жолдары:

    – апатты жағдайдағы мектептер, үш ауысымдық мектептер және орын тапшылығы бар мектептердің орнына  жаңа мектептер  салуды қамтамасыз ету;

    – мектепке дейінгі білім мекемелерінің желісін демографиялық жағдайды және көші-қон үдерісін ескере отырып ұлғайту;

    – мектепке дейінгі ұйымдардың педагог кадрларының сапалық құрамын жақсарту және педагог кәсібінің беделін көтеру;

    – жаңа форматтағы педагогтарды қалыптастыру үшін даярлау және қайта даярлаудың курстық жүйесі арқылы педагог мамандарының біліктілігін арттыру.

     

    3.2.5. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

     

    р/н

    Нысаналы индикаторлар Өлшем бірлігі 2014 ж. нақты 2015 ж. нақты Жоспар Ақпарат көзі
    2016 ж. нақты 2017 ж. нақты 2018 ж. нақты 2019 ж. 2020 ж.
    1 Атаулы әлеуметтік көмек (шартты ақшалай көмек) алушылардың ішіндегі жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылғандардың үлесі % 21,0 21,0 Ведомстволық есептер
    2 Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендердің ішінен жұмысқа орналасқан мүмкіндіктері шектеулі адамдардың үлесі % 85,0 87,0 Ведомстволық есептер
    3 Мүгедектерге қол жетімділік қамтамасыз етілген әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің үлесі % 10 48 50,0 91,1 80,7 90,0 100 Ведомстволық есептер
    Қол жеткізуге жауапты: Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

     

    Қол жеткізу жолдары:

    – жұмыспен қамтуға ықпал ету және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына қатысқан жағдайда жұмысқа жарамды табысы төмен азаматтарға  атаулы әлеуметтік көмек ұсыну;

    – кәсіби даярлауға және қайта даярлауға жолдау арқылы халықтың нысаналы топтарының  еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ету;

    – шартты ақшалай көмек бере отырып әлеуметтік қолдаудың белсенді түрлеріне тарту.

    – нысаналы топқа жататын азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар практикасына жұмысқа орналастыру.

    Жұмыспен қамтуға ықпал етудің әдістері мен тәсілдерін дамыту, оның ішінде еңбек нарығына бейімдеудің арнайы шараларын қажет ететін азаматтардың жеке санаттары үшін (жастар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар (мүгедектер) және басқалар үшін):

    – аудан кәсіпорындары мен ұйымдарында жастар практикасы бағдарламасын ұйымдастыру мен кеңейту;

    – халықты жұмыспен қамтуға ықпал етудің кешенді жоспарының орындалуын қамтамасыз ету;

    – еңбек нарығы сұранысына сәйкес біліктілігін өзгерту жұмыстарын жүргізу;

    – нәтижесіз өз бетімен жұмыспен қамтылған халықты нәтижелі өз бетімен қамтылғандар санатына ауыстыру;

    – бос орындар жәрмеңкесін тұрақты түрде өткізу;

    – халықты еңбек нарығы жағдайы туралы хабардар ету;

    – еңбек нарығында ақпараттық технологияларды дамыту;

    – жеке кәсіпорындар, инвестициялық жобалар, салалар деңгейінде кадрлармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша ведомствоаралық қатынасты ұйымдастыру;

    – мүмкіндігі және физикалық қозғалысы шектеулі тұлғаларды еңбек әрекетіне, оның ішінде жұмыспен қамтудың икемді түрлерін дамыту есебінен  интеграциялау.

    – уәкiлеттi орган бекiткен тiзiмге сәйкес өңiрлiк еңбек нарығында сұранысқа ие техникалық және кәсiби бiлiм мамандықтары бойынша азаматтарды кәсiптiк даярлау, қайта даярлау, бiлiктiлiгiн арттыру;

    – қосымша жұмыс орындарын құру.

    – әлеуметтік-маңызды нысандарды толығымен бейімдеуге бөлінетін қаражатты  ұлғайту;

    – мүмкіндігі  шектеулі жандарға қажетті әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарын бейімдеу.

     

    3.2.6. Мақсат: Мәдениет, спорт және туризм

     

    р/н

    Нысаналы индикаторлар Өлшем бірлігі 2014 ж. нақты 2015 ж. нақты Жоспар Ақпарат көзі
    2016 ж. нақты 2017 ж. нақты 2018 ж.

    нақты

    2019 ж. 2020 ж.
    1. 1000 адамға шаққандағы мәдениет ұйымдарына келушілердің орташа саны: адам               Ресми статистикалық деректер
    кітапханаларға 218,8 225,5 226,7 227,5 228,9 229,5 230,5
    мұражайларға 17,1 18,4
    2. Халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілуі 1000 адамға арналған спорттық алаңдар саны 23,4 41,2 Ведомстволық есептер
    3. Өткен жылмен салыстырғанда өңірдегі орналастыру орындары қызмет көрсеткен келушілер санының ұлғаюы % 111,0 112,0 Ресми статистикалық деректер
    Қол жеткізуге жауаптылар: Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Жамбыл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі, Жамбыл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі

     

    Қол жеткізу жолдары:        

    – жаңа кітапханалар ашу, кітапхана жүйесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу, электронды мәліметтер базасын құру, компьютермен қамтамасыз ету, ауылдық кітапханаларды Интернет желісіне қосу, танымдық және шығармашылық мақсаттарда электрондық құралдарды пайдалану, кітап қорын толықтыру,  жаңа кітапханалық жобаларға жастарды тарту, конференциялар, дөңгелек үстелдер, әдеби кештер және т.б. іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;

    – мәдениет мекемелерінің аясын кеңейту және материалдық-техникалық базасын күшейту;

    – ауылды жерлерге мәдениет саласының білікті мамандарын тарту;

    – спорт және дене шынықтыру-сауықтыру, кешендер, жасанды төсеніштері бар шағын футбол, баскетбол, волейбол алаңшаларының құрылыстары.

    – дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатындар санын өсіру;

    – халықтың барлық жастағы топтар арасында өткізілген түрлі бұқаралық-спорт шараларының санын арттыру;

    –  халықтың дене шынықтыру мен спортқа қызығушылығын арттыру;

    – жоғары кәсіби кадрлар мен жоғары класстағы спортшыларды спорт резервіне лайықты тәрбиелеу;

    – ауылдық инфрақұрылымдарда спортпен айналысуға мүмкіндік жасау:  тұрғын үйлердің аулаларында, демалыс  саябақтарында және т.б. жалпы қолданыстағы қоғамдық орындарда қарапайым спорт нысандарының құрылысы;

    – аудан көлемінде орналасқан тарихи ескерткіштер облыстық туристтік кластерге кіреді. Қазіргі таңда ауданда тіркелген қонақ үйлер, демалыс үйлері мен санаторлық-курорттық мекемелер жоқ. Алдағы жылдары бұл саланы дамытуға қажетті инвесторлар іздестіру бойынша жұмыстар атқарылатын болады.

     

    3.2.7. Мақсат: Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп 

    р/н

    Нысаналы индикаторлар Өлшем бірлігі 2014 ж. нақты 2015 ж. нақты Жоспар Ақпарат көзі
    2016 ж. нақты 2017 ж. нақты 2018 ж.

    нақты

    2019 ж. 2020 ж.
    1 10 000 тұрғынға шаққандағы қылмыстың деңгейі % Ведомстволық есептер
    2 Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы % 6,0 5,0 4,6 7,8 7,2 8,0 7,5 Ведомстволық есептер
    3 Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі % 35,0 37,0 39,0 50,0 41,0 41,6 42,3 Ведомстволық есептер
    Қол жеткізуге жауапты: Жамбыл ІІБ жергілікті полиция қызметі және төтенше жағдайлар бөлімі

     

    Қол жеткізу жолдары:

    – көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда құқық тәртібін қорғау тетіктерін жетілдіру;

    – құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдар желісін жетілдіру;

    Төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою бойынша:

    Сейсмикалық тұрақты ғимараттар салу, қолданыстағы ғимараттарды күшейту арқылы жер сілкіністері салдарынан туындауы мүмкін шығындарды азайту бойынша кешенді іс-шаралар жүзеге асырылады. Гидротехникалық қорғайтын ғиммараттардың тұрақтылығын асыру, өзендер, су айдындар, тоғандардың су тасу қауіпі бар жер телімдерінде тасқын суға қарсы, жағалауды күшейту және түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу.

    Аудан орталығынан 50 шақырым алыста орналасқан елді мекендерде ерікті өртке қарсы жасақтарды (ЕӨҚЖ) құру және жеке құрамды жеткізу үшін жүріп өту мүмкіндігі жоғары автокөліктермен, суды тасымалдау техникасымен (су шашатын машина, әмбебап өрт тіркемелері және т.б.), арнайы жабдықтармен және құралдармен жасақтау.

    Алыстағы елді мекендерде кезең-кезеңмен өрт сөндіру бекеттерін құру, оның ішінде шығарылатын өрт техникасын және жабдықтарын, тұрмыстық және орманды дала өрттерді сөндіру үшін арнайы жауынгерлік киімдер мен құралдарды және  сатып алу, апаттан құтқару жұмыстарын жүргізу.

    Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері үшін өрт сөндіру және апаттан құтқару техникасын және жабдықтарды сатып алу.

     

     

     

    Бағыт: Инфрақұрылым

    3.2.8. Мақсат: Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

    р/н

    Нысаналы индикаторлар Өлшем бірлігі 2014 ж. нақты 2015 ж. нақты Жоспар Ақпарат көзі
    2016 ж. нақты 2017 ж. нақты 2018 ж.

    нақты

    2019 ж. 2020 ж.
    1 Бір адамға шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз ету бір адамға шаққандағы ш.м. Ресми статистикалық деректер
    2 Орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілу: ауылдық елді мекендерде % 35,1 37,5 39,5 41,0 45,2 45,2 59,5 Ведомстволық есептер
    3 Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі % 62,0 66,0 71,7 74,4 83,0 90,2 94,6 Ведомстволық есептер
    Қол жеткізуге жауапты: Жамбыл ауданы әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

     

    Қол жеткізу жолдары:

    – кезекте тұрғандарға және жас отбасыларға арналған жалға берілетін тұрғын үй құрылысы;

    – инженерлік–коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру;

    – республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын сумен қамтамасыз ету және су бұру нысандарын салу бойынша инвестициялық жобаларды іске асыруға жүйелі түрде мониторинг жүргізу;

    – облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу;

    – аудандағы елді мекендер көшелерін күрделі және орташа жөндеу.

     

    3.2.9. Мақсат: Экология және жер ресурстары

    р/н

    Нысаналы индикаторлар Өлшем бірлігі 2014 ж. нақты 2015 ж. нақты Жоспар Ақпарат көзі
    2016 ж. нақты 2017 ж. нақты 2018 ж.

    нақты

    2019 ж. 2020 ж.
    1 Тұрмыстық қатты қалдықтардың түзілуіне байланысты оларды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі % 10 10,2 10,5 Ведомстволық есептер
    2 Экологиялық талаптар мен санитарлық қағидаларға сәйкес келетін тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру объектілерінің үлесі (оларды орналастыру орындарының жалпы санынан), % % 100 100 100 100 100 Ведомстволық есептер
    Қол жеткізуге жауапты:  Жамбыл ауданы әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

    Қол жеткізу жолдары:

    – қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыру үшін полигондар құрылысы;

    – қоқыс өңдейтін зауыт құрылысы;

    – тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және қайта өңдеу орталығы құрылысы.

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района