100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 2017 жылы атқарған жұмыстарының есебі

    Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 2017 жылы атқарған жұмыстарының есебі

    2017 жылы  білім бөлімі және білім мекемелері ҚР «Білім туралы» Заңын және Қазақстан Республикасында білім беруді  және  ғылымды дамытудың  2016-2019 жылдарға  арналған  мемлекеттік бағдарламасын негізге ала отырып, өз қызметін жүзеге асырды.

    Аудан бойынша 58 білім беру мекемесі жұмыс атқаруда. Оның  38 күндізгі жалпы орта білім беретін мектептер (11-бастауыш, 1 негізгі, 26 орта),  М.Төлебаев атындағы музыка мектебі,16 мемлекеттік, 2 жекеменшік балабақша, педагогикалық – психологиялық түзету кабинеті.

    2016-2017 оқу жылын 14763 оқушы аяқтады. Ауданның білім сапасы 61,3 % құрады, үздік аяқтаған оқушылардың саны 2688, екпінді оқушылар саны 6369 болды, өткен оқу жылымен салыстырғанда білім сапасы 7,3 пайызға артты (өткен оқу жылында білім сапасы 54% болған) .

    Аудан мектептерінде 15254 оқушы білім алуда. М.Төлебаев атындағы музыка мектебіне 390 бала қамтылған ( жалпы оқушылардың 2,56 % құрайды)

    2017-2018 оқу жылының ІІ тоқсанының қорытындысы бойынша үздік оқушы саны 1941, екпінді оқитын оқушылардың саны 6413 болып, білім сапасы 62 пайызды құрады.

    2017 жылға бөлінген қаржы

             2017 жылға жалпы білім саласына нақтыланған жоспармен игерілген

    қаржы – 6 млрд. 002 млн. 250  мың теңге .  Оның ішінде: 84 пайызды құрайтын 5 млрд. 041 млн. 890 мың теңгесі еңбекақы, өтемақы және салықтық аударымдар болса, қалған 16 пайызы (960 млн.360 мың теңге)  қаражат коммуналдық қызметтер мен өзге де ағымдағы шығындар.

             Материалдық-техникалық базасын нығайтуға 51млн.572 мың теңге бөлінді. Оның ішінде 11 жиынтық  сынып жиһазын сатып алуға  3млн.740 мың теңге; 226 жиынтық  компьютер сатып алуға 26 орта мектепке – 41млн.262мың теңге; 75 жиынтық асхана жиһазын сатып алуға (26 орта мектепке) 3 млн.690 мың теңге,  асханаға морозильник, холодильник сатып алуға – 5млн.260мың теңге (Ә.Тарази, Қ.Сартбаев, Жеңістің 30 жылдығы, Б.Момышұлы, Б.Кейкиев, Б.Бесбаев,  Айша бибі, Амангелді, Әйтиев, Макаренко, Октябрь -Жеміс,  Бірлесу-Еңбек).19 шағын орталықтарға ыдысаяқ және төсек жабындыларын сатып алуға 2млн.880мың теңге  бөлініп толық игерілді.

    Жылыту маусымы бойынша:

    Мектептер бойынша жылу қазандықтары, пештері және пайдаланатын отын түрлері :

    Аудан бойынша жылу қазандықтар саны 33 ( ОМ -25, НМ-1, ББ-7 ), автаномды жылыту түрімен -21  (БМ-11, ББ-8, мектептен тыс мекеме-2), пеш арқылы жылытылатын -1 (Көлқайнар б/м).

    17 мектеп – газбен, 20 мектеп – көмірмен, 1 мектеп – сұйық отынмен (Қ.Сартбаев атындағы о/м) жылытылады.

    Балабақшалар бойынша:

    3- балабақша орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған, 7- балабақша  газбен, 6- балабақша көмірмен жылытылса, М.Төлебаев атындағы музыка мектебі және  психологиялық- педагогикалық түзету кабинеті газбен жылытылады.

     2017 жылғы  жылыту  маусымына  236 млн. 984 мың теңге  газ, көмір, дизель, электр жарығымен  қамтамасыз  етуге  бөлінді.

    Оның ішінде:  – электр энергияға – 38 млн.156 теңге; -табиғи газға – 9 млн. 548 мың теңге; -тас көмірге – 27 млн. 625 мың теңге; (2125 тонна) (Бүгінгі күнге 2125 тонна көмір мектептердің қоймаларында сақталуда 100% жеткізілді)  Көмірді сатып алуға бөлінген қаржыны  қазан айында игеріледі.

    -дизельдік отынға – 6 млн. 655 мың теңге, (Қ.Сартбаев о/м- 56 тонна  мемлекеттік сатып алу порталына хабарлама беріліп жеңімпаз анықталды «МузТауКН» ЖШС).

     орталықтандырылған жылу жүйесіне – 155 млн. теңге бөлінді.

    Білім бөліміне қарасты 15 мектептің жылу қазандықтары «Жамбыл Жылу» мекемесінің теңгеріміне берілген (Абай, Әйтиев, Айша бибі, Амангелді, Б.Бесбаев, Бірлесу-Еңбек, Гродеково, Жасөркен, Б.Момышұлы,  Жеңістің 30 жылдығы,  В.П.Чкалов,  А.С.Макаренко, Шайқорық, Ә.Ысмайылұлы, М.Ауезов орта мектептері),

    Электр жарығы сөніп қалған жағдайда пайдалану үшін  28 мектеп яғни 74%. (ОМ-26, НМ-1, БМ-1) электрогенератор қондырғысымен қамтамасыз етілген. Оның ішінде қуаты бойынша: 1 генератор – 16 квт, 12 генератор -30 квт, 1 генератор – 20 квт, 14 генератор – 5 квт (қуаттылығы бойынша жылу қазандықтарындағы нассотарына жеткілікті куат күшін береді).

    10-бастауыш мектепке электрогенератор қажет етпейді, себебі жылыту жүйелері автономды, секциялық жылу жүйесі, электр жарығы сөнген жағдайда кедергісіз ғимаратты жылытады.

    2017 жылдың қаңтар  айында  жергілікті бюджеттен 1млн.950 мың теңге 3 білім беру мекемесіне (Қоныртобе б/м, Балапан,Нұршуақ балабақша   қазандықтарына қосалқы тоқ беретін генератор  сатып алынды.

    Білім беру ұйымдарының жылу жүйелерінің гидравликалық тығыздығын сынаудан өткізу және нысандардың күзгі қысқы мезгілде дайындығының паспортын әзірлеу үшін 3 млн.664 мың теңге оның ішінде: (опресовкаға -1 млн.900 мың теңге, мектептерге паспорт дайындауға – 1 млн.200мың теңге, балабақшаларға паспорт дайындауға 960,0 мың теңге бөлініп толығымен игерілді).

             От жағушы 53 операторлар оқу курстарынан өткізілу бойынша:  оператор-13, истопник -24, кочегар-16, қыркүйек айының 21,22 күндері  Жамбыл-Жылу мекемесінде біліктілігін арттыру бойынша оқу курсынан өткізілді.

              Күрделі жөндеу:

              2017 жылға «Жұмыспен  қамту 2020 жол картасы»  негізінде Жеңістің 30 жылдығы атындағы орта мектеп ғимаратын күрделі жөндеуге   160 млн.075 теңге  облыстық бюджеттен бөлінді.

             Мердігер «Сафиянұр» ЖШС анықталып, (келісім  шарт 14.04.2017 жыл №15)   жалпы  соммасы 154млн 476 мың 856 теңге құрайды.

    Күрделі жөндеу жұмыстары 3 ай мерзімде  (басталуы 01.06.2017жыл,  аяқталуы 30.08.2017жыл) жүргізілді.

    Жобалық сметалық құжаттама бойынша атқарылатын жұмыс түрлері: ғимараттардың терезе, есіктерін ауыстыру. Ішкі әрлеу (левкастау), ғимараттың сыртқы қабырғаларын сылау (дождик) әрлеу жұмыстары. Еден төсеніштерін, дәліздердің едендерін керамикалық плитка төсеу, спортзалдын еден ағаштарын жаңалау жұмыстары енгізілген.

    Ағымдағы жөндеу:

    2017 жылға мектептерді ағымды жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат- 172 млн. 265 мың теңге. Оның ішінде;

    Амангелді о/м ғимаратының терезелерін ағымды жөндеу-9800,0 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді.  Шайқорық о/м абаттандыру,асфальттауға – 8700,0 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді. Исмайлов о/м ғимарат қоршауын ағымды жөндеу-7800,0 мың теңге толығымен игерілді.  Исмайлов о/м абаттандыру,асфальттауға – 4900,0 мың теңге толығымен игерілді. Ильич о/м шатырын ағымды жөндеу- 9290,0 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді.

    Ильич о/м ғимаратының терезелерін және жылу жүйесін ағымды жөндеу – 290,0 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді.Ильич о/м асхана,спорт зал  ғимаратының ішкі жылу жүйесін және ғимаратының сыртын ағымды жөндеу – 9000,0 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді.Макаренко о/м мектеп ғимаратын  ағымды жөндеу – 700,0 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді. Енбек о/м шағын орталығының кір жуу бөлмесін бөлу- 700,0 мың теңге бөлініп,толығымен игерілді. Матросов  н/м еденін ағымды жөндеуге- 3129,0 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді. Шайдана б/м мектеп шатырын ағымды жөндеу1680,0 мың теңге толығымен игерілді.Сәуле б/б ғимаратын ағымды жөндеуге- 9000,0 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді.Сәуле б/б асхана ғимаратын ағымды жөндеу,есік, ішкі әрлеуге –    9000,0 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді.Т.Рысқұлов о/м қазандығына ағымды жөндеуге-5 800,0 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді.Чкалов о/м шатырына ағымды жөндеуге-8 900,0 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді. Чкалов о/м электр жүйесіне ағымды жөндеуге-5 800,0 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді. Жеңістің 30 жылдығы электр жүйесіне ағымды жөндеуге-6 100,0 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді.Жеңістің 30 жылдығы шатырына ағымды жөндеуге-3 800,0 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді. Жеңістің 30 жылдығы шағын орталығына ағымды жөндеуге-7 900,0 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді.Макаренко о/м шатырына ағымды жөндеуге-7 600,0 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді.Айша бибі о/м шатырына ағымды жөндеуге-6 600,0 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді.Айша бибі о/м спорт алаңын орнатуға-8 800,0 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді.Айша бибі о/м акт залына ағымды жөндеуге-5 300,0 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді.Абай о/м әжетхана орнатуға-1 190,0 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді.Шайқорық о/м шағын орталығына ағымды жөндеуге-5 300,0 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді.

    Енбек, Айшабибі, Исмаилов, Абай ,А.Тарази, Жасөркен, Б.Кеикиев, Т.Токтаров орта мектептеріне сымсыз интернет желісін орнатуға –16млн.186мың теңге бөлініп толығымен иегерілді.

    Бейнебақылау камералары 56 білім беру мекемесінде (ОМ -26,НМ-1,БМ-11,ББ-16, ППТК-1, Муз.мек-1) орнатылған 100% құрайды .

    Өртке қарсы шараларға:  Жергілікті бюджет есебінен -11 млн.050 мың теңге бөлінді. Оның ішінде: Алғашқы өрт сөндіру құралдарын қайта толтыруға- 978 мың теңге, өрт сөндыру құралын сатыпалуға – 1млн. теңге,  26 орнат 11бастауыш 1 негізігі мектептердің дабыл қаққыш жүйесіне қызмет көрсетуге -1 млн.250мың теңге,   өрт сөндіру қалқанын сатып алуға – 750,0мың теңге бөлініп толығымен игерілді. (мердігер «Жамбыл добровальное пажарное общество»  ЖШС анықталып келісім- шарт бойынша   жөндеу  жұмыстары  басталуы 01 тамыздан , аяқталуы  30 тамыз,  бөлінген қаржы тамыз  айында игерілді).  9 мектепке  (Амангелді, Б.Кеикиев, А.Макаренко, Жасөркен, Төле би, Жеңістің 30 жылдығы, Ә.Тарази о/м Костөбе, Колқайнар бастауыш мектептері)  өртке қарсы дабылқаққыш орнатуға -7 млн.072 мың теңге бөлініп толық игерілді.

    Ыстық тамақ беру жұмыстарының  ұйымдастырылуы    

             Оқушыларды бір мезгіл ыстық тамақпен қамтуда Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуіріндегі №198 бұйрығымен бекітілген «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты басшылыққа алынып, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы төмен отбасы балаларын бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамту  27 (71,1%)  мектепте ұйымдастырылып,   14336 бала  қамтылды (97% ыстық тамақпен қамтылған, облыстық көрсеткіш 90,3%). 14336 баланың 1164-і (100%) аз қамсыздандырылған отбасы балалары жергілікті бюджет есебінен бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр, оның ішінде 1-4 сынып бойынша әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы төмен отбасы балалар саны 740 (61,8%), ал 5-11 сынып бойынша балалар саны 424 (36,4%).

    11 бастауыш мектепте ыңғайластырылған ғимаратта орналасуына байланысты ыстық тамақ ұйымдастырылмаған.

    Ас мәзірінде ыстық тамақтың сапасын арттыру мақсатында ет, көкеністер, түрлі жармалар, алма, ірімшік, шырын, балық, сүт өнімдері (қаймақ) және БиО-С айраны қарастырылған.  Бір балаға шаққандағы тамақтың бағасы 449,37 теңгеден айналып отыр (2016 жылы 450 теңге болған).

    Оқулықтар бойынша

    2016-2017 оқу жылына оқулықтармен және оқу әдістемелік құралдармен қамту үшін аудандық бюджеттен 77 млн 947 мың теңге бөлінді. Оқулықтарды тасымалдауға 361мың теңге қарастырылды. Берілген қаражатқа 1, 8 сынып оқушыларына толық комплектімен оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдары, 4 сыныпқа  ағылшын тілі, 9 сыныпқа  зайырлық дінтану негіздері және «Өзін-өзі тану» оқу әдебиеттері сатып алынды.

    Жаңа  2017-2018 оқу жылына  2,5,7 сыныптарға жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқулықтар, оқу-әдістемелік  кешендер  және 1 сынып  оқушыларына оқу дәптерлерін сатып алуға  143 млн 794 мың теңге бөлініп отыр, оның ішінде аудандық бюджеттен 103 млн 794 мың тенге, облыстық бюджет есебінен  40 млн. тенге. Оқулықтарды тасымалдауға  бөлек  900 мың  тенге  қарастырылды. 2017-2018 оқу жылында 1 -11 сынып оқушылары 100 пайыз оқулықтармен қамтамасыз етілді.

    Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

    Жамбыл ауданына қарасты елді мекендерде 1-6 жас аралығында барлығы 5898 бала бар. 3471 бала мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне қамтылған. Атап айтқанда, 16 балабақшада 2146 бүлдіршін,  жекеменшік «Сұлтан» балабақшасында 20 бала, «НұрӘлім»  жекеменшік санаторлық балабақшасында 280 бала, 20 шағын орталықта 1025 бала тәрбиеленуде. Қамту үлесі 1-6 жас аралығында  58,9%,  облыс  бойынша  бұл көрсеткіш  61,4%, 3-6 жас аралығында аудан бойынша 87,4%, облыс бойынша бұл көрсеткіш 90,2% құрайды.  Аудан бойынша мектепке дейінгі мекемелеріне кезекте тұрған бала саны 1388 бала, оның ішінде 1-3 жас аралығында 1090 бала, 3-6 жас аралығында 298 бала.

    Сонымен қатар, аудандағы 37 мектептің 93даярлық сыныбында 1544 бала тәрбиеленді.

    Білім бөлімінің жылдық жоспары негізінде мектепке дейінгі мекемелерінің әдіскерлері  мен тәрбиешілері үшін семинарлар, байқаулар өткізіліп, балабақшаларда ата-аналарға арналған кеңес беру пункті жұмыс атқарады. Мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерінде 312 педагог бар, олардың 203 жоғары білімді, 109 арнаулы орта білім мамандар. Тәрбиешілердің 121-сы ғана мектепке дейінгі мекеме мамандары, ал қалған 191-і педагог мамандар. Олардың 14 –і жоғары және 32 –і бірінші санатты, педагогтардың сапалық құрамы 14,8% құрап отыр. Тәрбиешілердің сапалық құрамы әлі де төмен. Мектепке дейінгі мекеме мамандарының сапалық құрамын көтеру мақсатында биылғы жылы 141 тәрбиеші, 5 балабақша меңгерушісі  біліктілік арттыру курстарынан өтті. 2016-2017 жылы 18 тәрбиеші мектепке дейінгі мекеме маманының дипломын алса, 38 тәрбиеші осы мамандық бойынша жоғары оқу орындарында оқып жатыр.   Мектепке   дейінгі   мекемелерде    тәрбиемен    қамтылған   балалардың   үлесін     арттыру    бойынша   қадамдық   іс-жоспарына  сәйкес  2018  жылы  Аса ауылында 75 орындық жекеменшік балабақша (жеке кәсіпкер «Дармағанбетова»), Ақбұлым ауылында 50 орындық жекеменшік балабақша (жеке кәсіпкер «Дидар»), Гродеково ауылынан  ( жеке кәсіпкер «Ақерке»  кәсіпкер Ибраева  Балхия  Абрашевна)  100 орындық,  Жасоркен  ауылынана (жеке кәсіпкер «Раева» кәсіпкер Раева Айсулу Сакеновна) 100 орындық  жекеменшік  балабақашаларын  ашу  жоспарлануда.

    Жалпы орта білім

    Ауданда 2017 -2018 оқу жылында педагогтардың жалпы саны 1875 болды. Жоғары санаттысы-319, І  санаттысы – 611, жалпы мұғалімдердің сапалық құрамы 49,6 пайызды құрайды.

    Республикалық педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін  арттыру институтында 13 мұғалім, екі апталық пәндік курстан 20, орта білім беру мазмұнын жаңарту бойынша өткен курстан 358 педагог, мектеп басшыларына арналған курстан 32, деңгейлік курстан 15 педагог қызметкер біліктілігін арттырды.

    Педагог кадрлардың кәсіби деңгейін көтеріп отыру, олардың теориялық білімі мен әдістемелік білігін үздіксіз жетілдіру мақсатында 72 семинар – практикум, 4 ғылыми – практикалық конференция, 8 мектепте және 4 балабақшада  әдістемелік күн өткізілді.

    Білім   бөлімінің  жылдық жоспарына сәйкес 5 алқа мәжілісі өтіп, қаралған сұрақтар бойынша тиісті шаралар қабылданып, жұмыстар жүргізілуде.

    ҰБТ қорытындысы

    2016-2017 оқу жылында мектеп бітірушілер қорытынды аттестаттаудан өтіп,  ұлттық бірыңғай тестілеуді жаңа форматта тапсырды.

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  2017 жылғы 24 наурыздағы «2016-2017 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу» туралы № 128 бұйрығына сәйкес 574 мектеп бітірушінің 569 –і қорытынды аттесттаудан өтті, олардың 483-і қазақ тілінде, 86 -ы  орыс тілінде емтихан тапсырды. Емтихандардың қорытындысы бойынша 13 оқушы «Алтын белгі» (Жеңістің 30 жылдығы орта мектебінен -3, В.Чкалов -1, Б.Тайшапов-3, А.Макаренко-1, Шайқорық-3,Б.Бесбаев-2), 2 оқушы (Ю.Гагарин, А.Макаренко)Үздік аттестат иеленді.

    2017 жылы  өткізілген ұлттық бірыңғай тестілеуге аудан бойынша  574  мектеп бітірушінің 399-і қатысты. Қатысу  пайызы  69,51 %  құрап,  өткен оқу жылымен салыстырғанда 9,9  %-ға  кеміді.  (2016 ж мектеп бітірушілер саны 571, ҰБТ-ға қатысқаны- 454, қатысу пайызы 79,50%).

    Жалпы ауданымыздың орташа балы – 79,4 балды көрсетіп, өткен оқу жылымен салыстырғанда  (2016 жылғы орташа балл 72,896,51 балға артты.

    ҰБТ тапсырған  399 мектеп бітірушілердің 56-і  50 балл шекті деңгейге қол жеткізе алмады , үлесі 14 % құрады, (2016 жылы бұл көрсеткіш 14,53% болған  66 бітіруші).

             ҰБТ қорытындысы бойынша  орташа балы жоғары болған мектептер:   А.Макаренко орта мектебі – 99,88, Гродеково орта мектебі-91,47, Т.Тоқтаров орта мектебі-88,43, Ә.Әйтиев орта мектебі-88,12, Ә.Ысмайылұлы орта мектебі-84,25.

    Аудан бойынша  төмен  деңгейде білім сапасын  көрсеткен: Т.Рысқұлов орта мектебі-60, Жасөркен орта мектебі-63,38, М.Әуезов орта мектебі-66,86,  Октябрь-Жеміс орта мектебі-68,57, Ә.Тарази орта мектебі-70,83 болды.  (2016 жылғы төмен көрсеткіш көрсеткен мектептер Т.Рысқұлов орта мектебі -60,33, Абай орта мектебі-63,68, Айша-бибі  орта мектебі-64,08,Гродеково орта мектебі-65, Б.Кейкиев орта мектебі-66,27)

    Т.Рысқұлов орта мектебі үш жыл қатарынан төмен орташа балын көрсетуде. Осы төмен көрсеткіштен аталған мектептің басшысы мен ұстаздары қорытынды шығарулары тиіс.  100 – ден жоғары балл жинаған оқушылардың үлесі 20,3 пайызды құрады (81 оқушы), өткен жылы бұл көрсеткіш 8,8 пайызды құраған болатын (40 оқушы).  Ең жоғары 134 балды  Абай орта мектебінің оқушысы Шадыхан Ақбота иеленді (2016 жылы ең жоғары 123 балды  Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің оқушысы, «Алтын белгі» иегері Жанболат Ақнұр иеленген  болатын).

    ҰБТ -ға қатысқан 399 түлектің  196-і  мемлекеттік гранттарға ие болды, бұл көрсеткіш жалпы тест тапсырған оқушылардың 49,12% құрап, өткен жылмен салыстарғанда 24 % (82 оқушыға) артқан. (2016 жылы 454 оқушының 114 –і грантқа ие болды, пайыздық көрсеткіш 25,11 құрады). 49 түлек «Серпін-2050» мемлекеттік әлеуметтік жобасының грантына ие болды (2016 жылы  30 болған).  Қорғаншылық және қамқоршылық жұмыстары

    2017 жыл басында Жамбыл ауданы әкімдігінің қаулысымен жетім және ата-анысының қамқорлығынсыз қалған қорғаншылық, қамқоршылықта                     81 бала тіркелген болатын. Оның ішінде туған отбасына 3 бала қайтарылды, 1 бала асырап алынды, жасөспірімдер үйіне 2 бала орналастырылды, 1 бала қалаға көшіп кетті, 18 жасқа толуына байланысты 10 бала шегерілді. Жыл басынан 25 бала қосылып, 2017 жылдың аяғында 89 бала қорғаншылық, қамқоршылыққа берілді.

    Ай сайын қорғаншылық, қамқоршылықтағы балаларға 10 МРП (22690 теңге) жәрдемақы төленді.

    Жалпы патронаттық тәрбиеде жыл басында 34 бала болып, 1 бала Қарағанды облысына көшіп кетіп 33 баланы құраған болатын. Балалар үйінен 1 бала алынып, жыл қорытындысымен патронаттық тәрбиеде 34 бала болды.

    Ай сайын патронаттық тәрбиедегі балаларға 7 жасқа дейін 9 МРП (20421 теңге), 7 жастан жоғары 10 МРП (22690 теңге) жәрдемақы және патронаттық тәрбиешілерге еңбек өтіліне қарай айлық ақылары төленіп тұрды.

    Отбасы үлгісіндегі балалар үйінде жыл басында 7 бала («Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 118, 122-баптарына, «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалғанбалаларға арналған білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 18.06.2013 жылғы №229 бұйрығына сәйкес) тәрбиеленді. Балалар үйінен 4 бала алынып, жыл қорытындысымен отбасы үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиесіне 11 бала берілді.

    Ай сайын балаларға 7 жасқа дейін 39 мың 50 теңге, 7 жастан жоғары 43мың 832 теңге жәрдемақы және тәрбиешілерге еңбек өтіліне қарай айлық ақылары төленіп тұрды.

    Жыл ішінде аудан аумағына Тараз қаласынан бала қабылдаушы отбасы 4 баламен көшіп келді.

    Жоғарыда жазылғанға сәйкес, 2017 жылдың қорытындысымен Жамбыл ауданы аумағында тіркеуде тұрған 138 жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар бар.

    2017 жылы Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 4 ата-ана балаларын қараусыз-қадағалаусыз тастап кеткені үшін мәселелері қаралып, 3 ата-ана құқығынан айырылды, 1 ата-ана құқығынан шектелді.

    (Байконурова Алтынай Укеналиевна, 14 сәуірінде соттың №2-92/2017 шешімімен, Дауылбаева Арай Есеналиевна 19 мамырында №2-124/2017 шешімімен, Үмбетова Минархан Тенизбаевна 15 маусымдағы №2-221/2017 шешімімен ата-аналық құқықтарынан айырылды.

     Сүгірбаев Руслан Казбекович 18 сәуірдегі  №2-77/2017 шешімімен ата-ана құқығынан шектелді).

    Сот шешімімен «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №380 қаулысына сәйкес 10 бала асырап алынған. Оның 3-уі туысынан асырап алса, 6-уі өгей балаларын, 1 балалар үйінен асырап алған.

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района