100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты жалпыға бірдей білім беретін мектептерде 2018 жылдың 15 мамыр күні сағат 18.30-да бір мезетте өткізілген «Білімді ұлт – білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы» атты жалпыұлттық ата-аналар жиналыстары бойынша ақпарат

    Жамбыл ауданы  әкімдігінің  білім бөліміне  қарасты  жалпыға  бірдей  білім беретін  27 мектептің  базасында  2018 жылдың 15 мамыр күні сағат 18.30-да бір мезетте   «Білімді ұлт – білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы» атты жалпыұлттық ата-аналар жиналыстары өткізілді.

    Ал қалған 11 бастауыштың ата-аналары осы үлкен мектептердегі жиналыстарына  қатыстырылды

      Ата-аналар жиналысының мақсаты: «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру шеңберінің аясында ата-аналарды мемлекеттік білім беру саясатының бағыттары, орта білім беру жүйесінің жетістіктері туралы хабардар ету және мектепті басқаруда педагогтар мен ата-аналардың күш-жігерлерін біріктіру.

    15 мамыр Халықаралық отбасы күніне орай ата-ана жиналысы өткізілді.

    Бұл мереке қазіргі әлемде әрбір «қоғамның ұясы»маңызды екендігін еске салады.

    Отбасы қоғамның негізгі элементі ретінде тұрақтылық пен даму факторы болып қалып отыр. Отбасының арқасында мемлекет нығая түседі және дамиды, халықтың әл-ауқаты артады. Отбасының амандығы-елдің даму және ілгерілеу өлшемі.

    Өткізу форматы: жалпы мектептік ата-аналар жиналысы және білім деңгейлері бойынша ата-аналар жиналысы.

    Қатысушылар: ата-аналар саны-8300, шақырылған қонақтар саны-135. Олар:  аудандық, облыстық  депутаттар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, білім бөлімінің  мамандары мен әдіскерлері, аудандық  БАҚ-ның өкілдері, қомқоршылық  кеңестің  төрағасы мен төрайымдары, мектеп әкімшілігі                      қатысты.

    Ата-ана жиналысындағы күн тәртібінің  мәселелері:

    1) «Жыл табысы»: республиканың, өңірдің, мектептің білім беру жүйесінің жетістіктері»туралы мектеп директорларының әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары

    2) Мектеп оқушыларын тәрбиелеудің негізі ретінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары.

    3) 11 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау және оқу жылының қорытындылары бойынша мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары

    4)Мектептің қамқоршылық кеңестерінің қызметі және отбасы мен мектептің өзара іс-қимылын күшейту бойынша мектептің әлеуметтік педагогтары

    5) Оқушылардың жазғы қауіпсіздік міндеттері туралы мектеп  директорларының құқтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары

    6) Оқу процесін цифрландыру  мектептің  информатика пәндірінің  мұғалімдері баяндамалар дәлелді   слайдтары мен қысқа метражды   видеороликтерден материалдар  көрсетілді.

    Баяндама  барысында қазіргі таңдағы Қазақстанның мектептік білім беруі жаңа бастау алу сатысында инфрақұрылымдық дамыту  мен жаңартылған мазмұнға көшу басты басымдықтар болып тұрғандығын айтты.

    ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің стандарттары негізінде адам капиталының сапасын көтеруге бағытталған білім беру саласындағы 5 қадам жоспарланған. Оның 3-уі , яғни, 76,79,89 қадамдары жалпы орта білім беру жүйесіне қатысты. Олар:

    –         12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, фукциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту. Жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру;

    –         Білім беру жүйесінде – жоғары сыныптар мен ЖОО ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңімен көшу;

    –         «Нұрлы болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру. Мектептік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына «Мәңгілік Ел» құндылықтарын енгізу бойынша  аталып өтті.

    Сонымен қатар  биылғы 2017-2018 оқу жылы мектептерде 1,2,5,7 сыныптар жаңартылған білім мазмұнына көшіп,.жаңартылған білім мазмұнына көшу курсымен қамтылғаны. Химия, биология, физика, информатика  пәнінің   мұғалімдері  ағылшын тілінде оқыту курстарын аяқтап яғни осы жылдың қыркүйек айынан бастап ағылшын тілінде оқытуды басталатындығы айтылып өтті.

    Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің  « Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін  облыстық білім басқармасында 2017 жылдың 6 қазандағы жұмысшы топтың №07/1536  шығысын негізге ала отырып

    Мектептерде Қазақстанның эволюциялық дамуы; сананың ашықтығы) насихаттау мақсатында  ата-аналарға «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы туралы хабардар етілді.

    «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  «Тарбие және білім»кіші бағдарламасының базалық бағыттары («Отаным-тағдырым», «Өлкетану», «Саналы Азамат») бойынша іс-шара жоспары құрылып, Рухани жаңғыру кабинеті  ашылып және талаптарға сай безендірілгендігі айтылып өтті.

    Негізгі оқиғалар: «Кәсіптер әлемі» форумы, кәсіптік бағдарланған интерактивті зертханалар; көркемдік – эстетикалық бағыттағы конкурстар;  бизнес пен отбасылық клубтарды құру.

    11 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау және оқу жылының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Білім және  ғылым  Министірлігінің «Орта білім беру ұйымдарында 2017-2018 оқу жылын аяқтау туралы» бұйрығын негізге ала отырып

    1)    5 және 7 сыныптар жаңартылған білім мазмұнына байланысты емтиханнан босатылатындығы;

    2)    6,8,10 сыныптардағы білім алушылар аралық сыныптан – сыныпқа көшу емтихандары 26 мамырдан басталатындығы;

    3)    9 сыныптардағы мемлекеттік емтихандар 28 мамырдан

    4)    11 сыныптардағы қорытынды аттестаттау 29 мамырдан басталады.

    Биылғы оқу жылында  аудан  бойынша  11 сыныпты 638 оқушы аяқтайды. Оның 633-і қорытынды аттестаттауға қатыса, ал 5 оқушы  денсаулығына байланысты босатылады. 638 оқушының  ҮБТ-ге 402 оқушы өз өтінішін  беріп отыр. Мектеп түлектерінің 63 пайызын құрап отыр.  Сонымен қатар  қортынды аттестаттаудың мазмұны  және  қандай  пәндерден  мемлекеттік  емтихан  тапсыратындығы  айтылып өтті.

    Сонымен қатар мектептің қамқоршылық кеңестерінің қызметі және отбасы мен мектептің өзара іс-қимылын күшейту мақсатында  құрылған қамқоршылық  кеңестің    Ережесіне  тоқталып өтті.

    Отбасылық дәстүрлердің қайта өркендеуі – жалпыұлттық идеясы және отбасы – баланың жеке тұлғасын әлеуметтендірудің алғашқы институты, оның үлкен ересек әлеміне кіруі бойынша алғашқы қадамы болып  табылатындығы айтылса, білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесі:

    – білім беру мекемелерінің шоттарына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына, білім алушылар құқықтарының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыратындығын;

    – білім беру ұйымының жарғысына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстарды әзірлейтіндігін;

    – білім беру ұйымдарын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдар әзірлейді және білім беру ұйымы басшысының есептерін тыңдайтындығын;

    – білім беру ұйымдарының қызмет мәселелері және т.б. бойынша конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатыса алатындығын айтып өтті.

    Оқушылардың жазғы қауіпсіздік міндеттері туралы баса айтылды..

    Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету, білім алушылар арасындағы  құқық бұзушылықтың алдын алу  қауіпсіздік шараларды жетілдіру мақсатында өткізілген  іс-шаралар айтылды. Жазғы  мезгілде  оқушылардың су, өрт қауіпсіздігінен  сақтану ережелері айтылып, ата-аналарға  ескертілді.
    Оқушылардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында АІІБ-нің ЮПБ-нің инспекторлары тарапынан ата-аналарға   оқушылардың  соңғы қоңырау  мерекелік шараларға       қымбат көлік  жалдап,  қоғамдық ортада өздерін  дұрыс ұстай алмай  келеңсіздікке ұшырайтындығы, қымбат  мейрамханаларға  барып,  артынан  шиеленіске  тап болып жататындығы және  жағдайдан соң  балалардың  ішкі істер  бөлімінің есебіне алынып, болашақтағы  өміріне  нұсқан келіп жатаындығыда  айтылып өтті.

    Жамбыл ауданына  қарасты  білім беру  мекемелерінде оқу процесін цифрландыру  2016 жылдан бастап, kundelik.kz жобасына-12 мектеп  көшсе, қазіргі таңда  қалған 26 мектеп  толық енгізілді.  Оқушының  біліміне қойылған  бағалары, үй тапсырмаларын  сіздер  осы kundelik.kz жобасы арқылы  бақылай аласыздар.  Сонымен қатар, Bilimland  сайтынан  оқушылар, мұғалімдер оқу процесіне  қажетті  материалдарын және E-gov электронды порталдан  құжаттарды алу  мүмкіндіктері мен  оны  қалай  алу жолдары  түсіндірілді.

    Жиын соңында  ата-аналарға  мектеп психологтары  тарапынан  жадынамалар берілді.

    Жиын соңында ата-аналар  комиттетің төрағасы мен төрайымдары  өз ойларын айтып,  мектеппен  тығыз байланысты  болып отыратындығын, балалардың білімімен тәрбиесіне  назар аударып отыратындығын айтты.

    Қосымша  суреттермен

     

    Жамбыл ауданы әкімдігінің

    білім бөлімінің басшысының

    міндетін уақытша  атқарушы                                                           Д. Қасымова

     

     

     

     

     

     

     

    Орын: А. Омарова

    Тел: 2-14-75

     

     

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района