100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімі мемлекеттік орта білім беру ұйымының басшысының бос лауазымына КОНКУРС жариялайды

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы             21 ақпандағы №57 бұйрығын  өзгерістер енгізу туралы 13.12.2017 жылғы                    № 619 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын  крнкурстық тағайындау қағидаларын  бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым  министірінің 2015 жылғы                       8 сәуірдегі  №173 Бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын негізге  ала отырып, «Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің  Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Байгелді Кейкиев атындағы  орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне конкурс  жариялайды.

    Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесі  Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Байгелді Кейкиев атындағы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік  мекемесінің директоры қызметіне конкурсқа қатысатын барлық үміткерлерге қойылатын жалпы біліктілік  талаптары:

    Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Бiлiм туралы», «Қазақстан Республикасындағы Тiл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңдарын және басқа да бiлiм берудi дамытудың бағыттары мен келешегiн айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлердi; педагогика мен психология негiздерiн; мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетiстiктерiн; экономика негiздерiн, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбектi қорғаудың, техника қауiпсiздiгi және өртке қарсы қорғанудың ережелерi мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды, дәрiгерге дейiнгi медициналық көмектiң негiздерiн,  осы мекеме қызметіне сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамалық және нормативтик актілерді білу. Осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін басқа да міндетті білім (мемлекеттік және ресми тілдерді жетік білуі, компьютерде жұмыс істей алуы)

    Мемлекеттік коммуналдық  мекеменің  директор қызметіне конкурсқа қатысу үшін:

    1) жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білімі;

    2) педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде басшылық лауазымдағыжұмыс өтілі кемінде бір жыл, шағын жинақты мектепте педагогикалық жұмыс өтілі кемінде үш жыл, басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі талап етілмейді;

    3) бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, ЖОО және әдістемелік қызмет қызметкерлерін қоспағанда);

    4) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

    Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесін ғылыми-әдістемелікжәне материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді. Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді. Білім беру құқығы лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді.

    Тәрбиеленушілер мен ілім алушыларды асырап бағу үшін белгіленген мөлшерден кем емес жағдаймен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды.Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына басшылық етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.

    Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитарлық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.

    Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлердіаттестаттауды жүргізеді. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзіретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзіретінің аясында жаза белгілейді.

    Лауазымдық жалақы мөлшері 89000-124000 теңге аралығында.

    Конкурс өткізу орны мен күні:  жарияланған  сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күн өткізіледі. Конкурс төрт кезеңде өткізіледі:

    1) конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау; 3  жұмыс күні ішінде

    2) мектептің Қамқоршылық кеңесімен (бұдан әрі – Қамқоршылық кеңес) кандидаттарды келісу; екі жұмыс күні ішінде

    3) облыстың (республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда) білім беруді басқару органымен кандидаттарды келісу; үш жұмыс күні ішінде

    4) білім беруді басқару органының Конкурстық комиссиясының отырысында әңгімелесу. үш жұмыс күні ішінде

    Конкурсқа қатысуға өтінімді беру мерзімі мен оны қабылдау орны Конкурсқа қатысу үшін  қажетті құжаттар осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күн ішінде  қабылданады.

    Қабылдау орны – Аса ауылы, Абай көшесі,127 үй, «Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Кадр бөлімшесі.

     

    Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

    1) білім беруді басқару органы басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш;

    2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;

    3) білім туралы құжаттың көшірмесі;

    4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

    5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;

    6) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

    7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі  (бар болса);

    8) медициналық куәландырудан өтуі туралы құжат;

    9) соттылығының жоқ екенін туралы анықтама;

    10) Мектепті дамытудың перспективалық жоспары.

    Конкурсқа қатысушы өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін қорытындылау, наградалары туралы қандайда болмасын деректі, расталған ақпаратты ұсынуға құқылы.

    Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері нотариалды немесе жұмыс орнының кадрлық қызметі тарапынан куәландырылады.

    Аталған құжаттардың бірінің болмауы кандидатты Конкурсқа қатыстырмауға негіз болуы мүмкін.

    Анықтама үшін байланыс телефондары: 2-20-08, факс: 2-11-54, индексі  080200, электрондық адресі: asa_raiono@mail.ru

     

    Жамбыл ауданы әкімдігінің

    білім бөлімі басшысының

     міндетін уақытша атқарушы                                                Д. Касымова

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    орынд: А.Бегалиева

    тел: 2-22-20

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района