100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Жамбыл ауданының 2019 жылдың І-ші жартыжылдығына әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша Жамбыл ауданы әкімі Б.Қазанбасовтың аудандық мәслихат депутаттарының алдындағы есебінің                                                       Т Е З И C І       

     

    Өнеркәсіп саласы

    2019 жылдың І-ші жартыжылдығында өнеркәсіп саласында 9 млрд. 936,1 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты индекс көлемі 102,1 %-ды құрады.

    Атап айтар болсақ, «Амангелді газ өңдеу зауыты» ЖШС-де 6  млрд 398,3 млн. теңгеге 49,9 мың тонна өнім өндірілді, «КнауфГипсТараз» ЖШС-де 619,4 млн. теңгеге (294 мың тонна) гипс тасы, «БиномСтройДеталь» ЖШС-де 119,7 млн. теңгеге (10,9 мың тонна) темірбетон бұйымдары, «Суперфарм» ЖШС-де 376,3 млн. теңгеге       (2 730 мың дана) матадан жасалмайтын медициналық бұйымдар, «КазУпакТрейд» ЖШС-де 44,2 млн. теңгеге (4,4 мың тонна) гипс өнімдері шығарылды.

    2015-2019 жылдарға арналған Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы бойынша

    Айшабибі ауылдық округінен «Супер Фарм» ЖШС-нің «Бір реттік медицинаға бұйымдар шығаратын зауыттың көлемін кеңейту» құрылысы іске асырылуда. Жоба құны шамамен 3,5 млрд. теңге. Жер көлемі – 1,5 га. Қосымша 100 адам жұмыспен қамтылатын болады. Қазіргі жағдайы құрылыс монтаж жұмыстары толығымен аяқталған. Негізгі құрылғылардың іске қосу тексеру жұмыстары жүргізулуде. Толығымен іске қосылуы  2019 жылдың қазан айына жоспарлануда.

    Ауыл шаруашылығы саласы

    2019 жылдың қаңтар-маусым айларында жалпы көлемі 7 млрд.               033,4 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 103,4%-ға жетті.

    Оның ішінде өсімдік шаруашылығы бойынша 310,6 млн. теңгеге өнім өндірілді немесе нақты көлем индексі 100%-ды құрады, ал                                                                                                                    мал шаруашылығында өндірілген өнім көлемі 6 млрд. 713,2 млн. теңгені құрады немесе 103,5%-ға орындалды.

    Есепті кезеңде 21 495 тонна сүт, ет тірі салмақта 4 362,2 тонна және сойыс салмақта 2 399,5 тонна ет, 33 681,6 мың дана жұмыртқа өндірілді.  2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда сүт 101,8%-ға, ет  104,7%-ға, жұмыртқа 115,9 %-ға орындалды.

    Ауданда ірі қара малының басы – 44 404, қой-ешкі – 250 787, жылқы –19 251, түйе – 118, үй құстары – 393 109 басқа жетіп, шошқа малының саны   1 967 басты құрады.

    Жалпы аудан бойынша 2019 жылдың өніміне арналып 2 026 га. күздік бидай, 11 310 га. жаздық арпа, 1 626 га. дәндік жүгері, 3 150,7 га. майлы дақылдар, 605 га. қант қызылшасы, 465 га. картоп, 7 381 га. көкөніс, 740,5 га. бақша, 26 839 га. көпжылдық шөп егілді.

    Аудан бойынша барлығы 1 094,76 га егіс алқаптары жаңа су үнемдеу технологиясымен суғарылады. Оның ішінде 230 га жаңбырлатып, 864,76 га тамшылатып суару енгізілген.

    2019 жылдың қаңтар-маусым айларында өз қаражаттар есебінен   12 млн. 350 мың теңгеге 5 техника сатып алынды (Қаракемер а/о – «Ғалымжан» ШҚ).

    Ауданның жалпы жер көлемі 430 954 гектарды құрайды. Оның ішінде ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер 244 999 гектар. Елді мекен жері  28 258 гектар. Жалпы егістік жердің көлемі 64 189 гектар (32 974 гектар суармалы егістік, 31 215 гектар суарылмайтын егістік),  оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдалануға жарамды егістік көлемі 59 163 гектар (30 333 гектар суармалы егістік, 28 830 гектар суарылмайтын егістік), 1 638 гектар көп жылдық екпелер, 9452 гектар шабындық, 339 315 гектар жайылымдық, 16 360 гектар бөгде жер учаскелері.

    Соңғы екі жыл көлемінде 8 805,05 гектар жер мемлекеттік жер қорына алынып, 7 866,5 гектар жер конкурс арқылы қайта айналымға қосылды.

    Ауданда 2019 жылға арналған эпизоотияға қарсы атқарылатын іс-шаралар жоспары жасалып, осы шараларды жүргізуге 105 млн. теңге бөлінді. Есепті кезеңде туберкулезге 32 500 бас МІҚ, 40 бас түйе, аусылға 55 000 бас МІҚ, 228 800 бас қой-ешкі, 1 800 бас шошқа, сібір жарасына 36 000 бас МІҚ, 130 000 бас қой-ешкі, 10 000 бас жылқы, 30 бас түйе, 1 650 бас шошқа егілді.

    2019 жылдың 6 айында аудан елді мекендерінен 1 090 бас ит-мысық ауланып жойылды.

    2019 жылы сарып (бруцеллез) ауруына аудан бойынша  есепті кезеңде 27 164 бас ірі қарадан және 113 301 бас ұсақ малдан қан сынамалары алынып, 40 бас МІҚ мен 213 бас ұсақ мал оң нәтиже көрсетті.

    Кәсіпкерлік саласы

    2019 жылдың І-ші жартыжылдығына аудан бойынша жалпы тіркелген 4 800 кәсіпкерлік нысандарында 7 534 адам жұмыспен қамтылды. Барлық шағын кәсіпкерлік саласы бойынша есепті кезеңде 8 млрд. 027,5 млн. теңгенің өнімі өндірілді.

    «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Пайыздық ставканы субсидиялау» шарты бойынша 210,0 млн. теңгеге 1 жоба іске асырылды.

    Сауда

    Алдын-ала деректер бойынша 2019 жылдың І-ші жартыжылдығында бөлшек сауда тауар айналымы 2 млрд. 750 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 103%-ға құрайды.

    Негізгі капиталға салынған инвестиция

    2019 жылдың қаңтар-маусым айларында негізгі капиталға салынған инвестицияның жалпы көлемі   17 млрд. 135,7 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 106,5%-ды құрады.

    Құрылыс

    2019 жылдың қаңтар-маусым айларында жалпы көлемі 2 млрд. 744,8 млн. теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізіліп, нақты көлем индексі 132,7%-ды құрап отыр.

    2019 жылы бюджет қаражаттары есебінен 1 млрд 135,0 млн. теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Осы қаржының есепті кезеңде 356,1 млн. теңгесі игерілді. Атап айтқанда:

    – Аса ауылындағы «Байтерек» массивіне инженерлік инфрақұрылымы және абаттандыру құрылысына аудандық бюджеттен 27,5 млн теңге бөлініп, есепті кезеңде 19,9 млн. теңгесі игерілді;

    – Түрксіб ауылынан 140 орындық мектеп құрылысы республикалық бюджеттен 500,0 млн.теңге, облыстық бюджеттен 55,5 млн. теңге бөлінді;

    – Бірлесу-Еңбек ауылынан 140 орындық мектеп құрылысына облыстық бюджеттен 363,4 млн. теңге бөлініп, есепті кезеңде 323,2 млн. теңгесі игерілді;

    – Айшабибі ауылының купка құрылысын салу үшін аудандық бюджеттен 7,3 млн. теңге бөлініп, есепті кезеңде 4,3 млн. теңгесі игерілді;

    – Қаракемер ауылының купка құрылысын салу үшін аудандық бюджеттен 7,3 млн. теңге бөлініп, есепті кееңде 4,3 млн. теңгесі игерілді;

    – Қарасу ауылының купка құрылысын салу үшін аудандық бюджеттен 7,3 млн. теңге бөлініп, есепті кезеңде 4,4 млн. теңгесі игерілді;

    – Аса ауылы Абай көшесінен әмбебап залы бар спорт кешені құрылысына «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы аясында республикалық бюджеттен 150,0 млн.теңге, облыстық бюджеттен 16,7 млн. теңге бөлінді.

    Тұрғын үй құрылысы

    2019 жылдың қаңтар-маусым айларында пайдалануға берілетін жеке меншік тұрғын үй көлемі 34 681 шаршы метрді немесе 135,1 пайызды құрап отыр

    Салықтық түсімдер

    2019 жылдың І-ші жартыжылдығына аудан бойынша салықтар мен міндетті төлемдер 2 млрд 695,1 млн. теңгеге жоспарланып, нақты 2 млрд. 834,4 млн. теңгеге орындалды немесе жоспар 105,2%-ға орындалды.

    Оның ішінде, аудандық бюджетке түсетін түсімдер бойынша жоспар 1419,1 млн. теңге, орындалуы 1499,6 млн. теңгені құраған, орындалуы 105,7% құрап отыр.

    Бюджеттің игерілуі

    Есепті кезеңде аудан бюджетінің шығыстары 7 млрд. 034,5 млн. теңге көлемінде жоспарланып, нақты 7 млрд. 030,4 млн. теңгесі игеріліп, 99,9 %-ды құрады.

    Автомобиль жолдары

    2019 жылы аудан бойынша автомобиль жолдарын ұстауға 39,9 млн. теңге және аудандық мәндегі автомобиль жолдарын жөндеуге 128,9 млн. теңге бөлінді. Бұл қаражаттарға аудандық маңызы бар 5 жол (Аса-Мырзатай, Айшабибі-Қаратау, Пионер-Сеңгірбай, Құмтиын-Өрнек-Ерназар жолдары) орташа жөндеуден өткізілді.

    Сонымен қатар, ауыл ішілік жолдарды жөндеуге 212,9 млн. теңге бөлініп, бұл қаражаттарға 11 ауылдың 24 көше жолдары жөндеуден өткізілуде.

    2019 жылы жалпы аудан бойынша автомобиль жолдарын жөндеуге және ұстауға 381,7 млн. теңге бөлініп, тиісті жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

     «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы

    «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 2019 жылға жалпы сомасы 73 млн. 705 мың теңге бөлініп, 37 млн. 444,9 мың теңгесі игерілді. Бұл қаражаттарға 17 ауылдық округке 8 ауыл ішілік жолдары, 2 көшенің тротуарларын жөндеу, 1 спорт алаңын және          3 шағын футбол алаңын орнату, 2 шағын футбол алаңын ағымды жөндеу, 1 балалар ойын  алаңын орнату, 1 ҰОС ескерткіштерін жөндеу және 3 ауылды жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі.

    Елбасының арнайы ұсынысымен «Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасы шеңберінде аудан орталығы Аса ауылынан жалпы құны 726 млн. 870 мың теңгені құрайтын  35 жоба ұсынылып енгізілген болатын (республикалық бюджеттен 654 млн. 181 мың теңге, облыстық бюджеттен 72 млн. 689 мың теңге). Қазіргі таңда мемлекеттік атып алу конкурстары аяқталып, тиісті жұмыстар басталуда.

    Оның ішінде: электрмен жабдықтауға 8 жобаға 86 млн. 005 мың теңге, сумен жабдықтауға 1 жобаға 14 млн. 757 мың теңге, білім нысандарын жөндеуге 3 жобаға 149 млн. 533 мың теңге, спорт нысандарын жөндеуге 2 жобаға 175 млн. 809 мың теңге, жол жөндеу жұмыстарына 21 жобаға 300 млн. 766 мың теңге.

    Халықты әлеуметтік қорғау

    Жұмыссыздық деңгейі 4,5%-ға жетті (2018 жылдың 6 айы – 4,5%). Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы халықтың орта есеппен жан басына шаққанда 26 315 теңгені құрады  (2018 жылдың 6 айы – 26 315 теңге).

    2019 жылдың 6 айында кешенді жоспар бойынша 1 216 адам жұмыспен қамтылды (жоспар – 2 763 адам). Жоспар 44%-ға орындалды. Оның ішінде: 227 адам қысқа мерзімдік кәсіптік оқытуға, 123 адам кәсіпкерлік негіздерін оқытуға жолданды және 22 адамға шағын несие берілді, 376 адам тұрақты жұмысқа, 107 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 168 адам жастар тәжірибесі бойынша, 193 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды.

    2019 жылдың 6 айында жұмыспен қамту бөліміне 1 340 адам жұмысқа орналасуға өтініш білдіріп, оның 844-і қамтылды. Уәкілетті органдар арқылы жұмыспен қамтылу деңгейі – 62,9%-ды құрады.

    2019 жылдың 6 айында 2 476 отбасының 12 457 мүшесіне 597 077,3 мың теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды және 2018 жылдан өтпелі соманы қоса алғанда 688 982 мың теңге төленді, 447 отбасының 2 498 мүшесіне 10 978 мың теңге тұрғын үй жәрдемақысы төленді, 103 отбасыдағы 108 үйде оқытылып жатқан мүгедек балаларға 2 850,0 мың теңге жәрдемақы тағайындалып, төленді. Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына бір реттік әлеуметтік көмек 544 адамға 27 911 мың теңге тағайындалып, толық төленді.

    Аудан бойынша 2019 жылдың 6 айында 2 605 мүгедектер тіркелген, оның 1 топтағысы 193 адам, 2 топтағысы 758 адам, 3 топтағысы 1 166 адам, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны 488 адам.

    Жалпы  2019  жылға  мүмкіндігі шектеулі  41  азаматты жұмыспен қамту жоспарланған. Қазіргі таңда 37 азамат жұмыспен қамтылды. Оның ішінде «Жастар практикасы» арқылы 1 адам, 4 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 3 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 5 адам қысқа мерзімдік кәсіптік оқытуға және  9 адам кәсіпкерлік негіздерін оқытуға жолдама алды, 5 азаматқа шағын несие берілді, 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

    Аудандық мекемелерге мүгедектердің кіріп-шығуына жағдай жасау мақсатында 2019 жылға 10 нысанды бейімдеуге 4 146,0 мың теңге бөлінді.

    «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 2019 жылы 1 054 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, есепті кезеңде 840 адам жұмыспен қамтылып, жоспар 79,7%-ға орындалды.

    Бағдарламаның 1 бағыты қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету бойынша республикалық бюджеттен 41 млн. 905 мың теңге бөлініп, 220 адамды оқыту жоспарланды.  Қысқа мерзімді курстарға 1 кезең бойынша 227 азамат оқуға жолданды.

    Бағдарламаның 2 бағыты жаппай кәсіпкерлікті дамыту аясында                     2019 жылға 120 адамды кәсіпкерлік негіздерін оқытуға, 140 жұмыссыз азаматтарға несие беру және 74 адамға жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант беру жоспарланып отыр.

    Есепті кезеңде «Атамекен кәсіпкерлік палатасы» арқылы 1-2 кезең бойынша  123 адам оқуға жолданды. 22 адамға 81,1 млн. теңге көлемінде шағын несие берілді

    Бағдарламаның 3 бағыты халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту бойынша азаматтарды мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламалар аясында жүргізілетін құрылыс және жөндеу жұмыстарына тарту мақсатында 2019 жылы 182,5 млн. теңге бөлініп, бұл қаражаттарға 500 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, есепті кезеңде нақты 468 адам орналасты.

    Денсаулық сақтау саласында 35 мекеме мен ұйымдар халыққа қызмет көрсетеді, онда барлығында 104 дәрігерлер мен 459 орта буындағы медицина қызметкерлері жұмыс атқарады.

    Аудан бойынша 7 жедел жәрдем көрсету бригадасы қызмет көрсетеді (Аса ауылында-2, Өрнек, Шайқорық, Пригородное, Айшабибі және Гродиково ауылдарында бір бригададан). 2019 жылдың 6 айында 1000 адамға шаққанда туу көрсеткіші 18,67 промильді құрады (2018 жылдың  6 айы – 21,44 промиль). 1000 адамға шаққанда өлім көрсеткіші 5,46 промильді құрады (2018 жылдың 6 айы –  5,74 промиль).

    2018 жылдың 6 айында ана өлімі тіркелмеген. Ал 1 жасқа дейінгі сәбилер өлімі көрсеткіші 10,8 промильді құрады (2018 жылдың 6 айы – 13,4). Нәресте өлімі бойынша 5 жағдай орын алған.

    Білім беру саласы

    Аудандағы жалпы 37 білім беру ұйымдарының (26 орта, 10 бастауыш, 1 негізгі мектеп) 872 сынып комплектісінде 15 767 балаға 1 899 ұстаз білім беруде. Сонымен қатар, мектепалды дайындық бойынша 93 сынып комплектісінде 1 544 бала білім алуда.

    2018-2019 оқу жылында 600 мектеп бітірушінің 407-і ҰБТ қатысып, оның нәтижесінде 16 оқушы «Алтын белгі»,  және 9 оқушы «Үздік аттестат» алды.

    Аудандағы мектепке дейінгі білім беретін 22 балабақшада (2 698 бала) және 20 мектеп базасындағы шағын орталықтарда (1025 бала) барлығы 3723 бүлдіршіндер тәрбиеленуде. Ауданда 1 мен 6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші 86,7 пайызды (облыстық көрсеткіш 84,0%) құрады. 3 пен 6 жас аралығындағы тәрбиемен қамту көрсеткіші – 99,1 пайызды (облыстық көрсеткіш 98,0%) құрайды.

    Мәдениет және спорт саласы

    Аудан халқына 19 клуб, 29 кітапхана, 1 жылжымалы «Зерде» бейнемобиль  мәдениет ошақтары қызмет көрсетуде. 2019 жылдың           6 айында аудан көлемінде жалпы әр түрлі 361 мәдени көпшілік іс-шаралар өткізіліп, оған 51 500 адам қатысты.

    Мүгедектердің кіріп-шығуына жағдай жасау мақсатында 2019 жылға 3 мәдениет үйіне және 5 ауылдық клубына бейімдеуге 5 млн. 415 мың теңге бөлініп, есепті кезеңде 1 млн. 605,4 мың теңгесі игерілді.

    Аудандағы кітап қоры 212 мың 898 дананы құрайды. Оның ішінде, мемлекеттік тілдегісі 132 мың 197 дана немесе 62,1%. 2019 жылға кітап қорын ұлғайту үшін 1,2 млн. теңге қаралды.

    Қазіргі уақытта ауданда 153 спорт нысандары бар, атап айтқанда: 1 орталық стадион, 1 спорт кешені, 1 ипподром, 79 спорт алаңшалары, 29 футбол алаңдары, 8 атқыштар тирі, 33 спорт залдары мен 1 дене тәрбиесі және спортпен шұғылданатын бөлмелер.

    Аудан бойынша 24 500 адам немесе 29,4%-ы спортпен тұрақты айналысады. Аудандағы 7 мен 18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдердің жалпы санынан (14 675 адам) спорт мектептері (1 552 адам) мен аула клубтарында (200 адам) дене шынықтырумен және спортпен айналысатындардың үлесі  11,9%-ды құрайды.

    Аса және Түрксіб ауылдарындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде 1 488 бала спорттың 18 түрімен жаттығуда.

    2019 жылға жалпы 5,5 млн теңге бөлінді, оның ішінде ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамытуға – 1,5 млн. теңге, әртүрлi спорт түрлерi бойынша аудан құрама командаларының мүшелерiн дайындау және оларды облыстық спорт жарыстарына қатыстыруға – 2,5 млн. теңге бөлінді.

    Бұл бағдарламалар аясында 2019 жылдың 6 айында 195 іс-шара өткізіліп, 20 345 адам қамтылды.

    Құқық қорғау

    2019 жылдың І-ші жартыжылдығына аудан көлемінде жалпы 179 қылмыстық істер тіркеліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 22,8%-ға төмендеген.   

    Есепті кезеңде аудан көлемінде 31 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 2 адам қаза тауып, 57 адам әртүрлі дене жарақатын алған.

     

     

     

     

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района