100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Жамбыл ауданының 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы ТЕЗИСІ

    Жамбыл ауданының 2018 жылғы

    әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы

    ТЕЗИСІ

    Өнеркәсіп саласы

    2018 жылы 11 млрд. 155,5 млн. теңгеге өнеркәсіп өнімдері өндірілді, немесе 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты индекс көлемі 101,0%-ды құрады.

    «Амангелді газ өңдеу зауыты» ЖШС-гі 7 млрд. 691,6 млн. теңгеге 134,2 мың тонна мұнай өнімдерін өңдесе, «КнауфГипсТараз» ЖШС-де 1 млрд. 300,3 млн. теңгеге 624,2 мың тонна гипс тасы  өндірілді,  «БиномСтройДеталь» ЖШС-де 328,9 млн. теңгеге 32,1 мың тонна темірбетон бұйымдарын,   «Суперфарм» ЖШС-гі 1 млрд. 187,6 млн. теңгеге 11 770 мың дана матадан жасалмайтын медициналық бұйымдар шығарды ал, «КазУпакТрейд» ЖШС-де 103,8 млн. теңгеге 10,3 мың тонна гипс өнімдерін өңдеді.

    Ауыл шаруашылығы саласы

    2018 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 29 млрд. 102,1 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 107,8%-ға жетті, оның ішінде:

    – өсімдік шаруашылығы бойынша 17 млрд. 528,2 млн. теңгенің өнімі өндірілді, немесе 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 107,6%-ға жетті.

    – мал шаруашылығында өндірілген өнім көлемі 11 млрд. 533,8 млн. теңгені құрады, немесе нақты көлем индексі 108,0%-ға жетті.

    Аудан бойынша 2018 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының жоспарлы егіс көлемі 54 657 гектарды құрап отыр. Оның ішінде, 3 400 га күздік бидай, 7 875 га жаздық арпа, 2 125 га дәндік жүгері, 5 540 га майлы дақылдар, 2 000 га қант қызылшасы, 400 га картоп, 6 120 га көкөніс, 531 га бақша, 26 666 га көпжылдық шөп.

    2018 жылдың өніміне арналып егілген дақылдар толық жиналды. Дақылдардың жалпы түсімі 9 022 тонна бидай, 16 580 тонна жаздық арпа, 11 931 тонна дәндік жүгері, 6 461 тонна майлы дақылдар, 9 023 тонна картоп, 215 105 тонна көкөніс, 14 375 тонна бақша өнімдері жиналып, 134 200 тонна мал азығы дайындалды. Әр гектардан түсім күздік бидай бойынша 26,5 центнерді, жаздық арпа 21,0 центнерді, дәндік жүгері 56,0 центнерді, майлы дақылдар 11,8 центнерді, қартоп 225 центнерді, көкөніс 323,7 центнерді, бақша өнімдері 267,7 центнерді және мал азығы 50,3 центнерді құрады. Нақты егілген 1500 гектар қант қызылшасы алқабынан 33 962 тонна  тәтті түбір жиналып, әр гектардың өнімділігі 226 центнерден айналды. 2019 жылдың өніміне арналып 2495 гектар алқапқа күздік бидай себілді.

    Ауданның жалпы жер көлемі 430 954 гектарды құрайды. Оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 244 999 гектар. Елді мекен жерлері   28 258 гектар. Жалпы егістік жердің көлемі 64 189 гектар (32 974 гектар суармалы егістік, 31 215 гектар суарылмайтын егістік),  оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдалануға жарамды егістік көлемі 59 163 гектар (30 333 гектар суармалы егістік, 28 830 гектар суарылмайтын егістік),    1 638 гектар көп жылдық екпелер, 9 452 гектар шабындық, 339 315 гектар жайылымдық жерлер және 16 360 гектар бөгде жер учаскелері. Соңғы екі жыл көлемінде 2 844,17 гектар жер мемлекеттік жер қорына алынып, 5 589,20 гектар жер конкурс арқылы қайта айналымға қосылды. Аудан бойынша барлығы 1 094,7 га егіс алқаптары жаңа су үнемдеу технологиясымен суғарылады. Оның ішінде 230 га-ға жаңбырлатып, 864,7 га-ға тамшылатып суару әдісі енгізілген. Аудан бойынша 519,5 млн. теңгеге 54 дана ауыл шаруашылық техникалары сатып алынды. Оның ішінде, 79,1 млн. теңгеге лизинг жүйесі арқылы 14 дана техника алынса, шаруа қожалықтардың жеке қаражаттары есебінен 440,3 млн. теңгеге 40 дана техника сатып алынды.

    Ветеринариялық іс-шаралар

    Ауданда 2018 жылға арналған эпизоотияға қарсы атқарылатын іс-шаралар жоспарына сәйкес 101,7 млн. теңге бөлініп, толық игерілді. Бұл қаражаттарға төмендегідей егу-емдеу жұмыстары жүргізілді:

    – туберкулезге қарсы егу 66 000 бас мүйізді ірі қара, 2 600 бас шошқа, 100 бас түйе;

    – аусылға қарсы егу 90 200 бас мүйізді ірі қара, 440 000 бас қой-ешкі, 2 700 бас шошқа;

    – Сібір жарасына 42 150 бас мүйізді ірі қара, 218 400 бас қой-ешкі, 18 200 бас жылқы,  2 250 бас шошқа, 100 бас түйе.

    – Лептоспирозға қарсы 6 600 бас мүйізді ірі қара, 500 бас жылқы, 700 бас шошқа.

    – Эхинакоккозға қарсы 30 600 бас итке, құс тұмауына қарсы – 110 600 бас құстарға егу жұмыстары жүргізілді.

    – сарып (бруцеллез) ауруына аудан бойынша 52 302 бас ірі қарадан және  282 620 бас ұсақ малдан қан сынамалары алынып, 39 бас МІҚ мен 314 бас ұсақ малдан ауру анықталды. Сарып ауруы анықталған мүйізді ірі және ұсақ малдар  ветеринарлық талаптарға сай сойылып, қайта өңдеу цехтарына тапсырылды.

    2018 жылы Аса ауылдық округінен облыстық бюджет есебінен ауыл шаруашылығы малдарын ветеринарлық егу-емдеу жұмыстарына арналған арнайы алаң құрылысы салынып, бұдан басқа 10 ауылдық округте (Аса, Гродиково, Жамбыл, Ерназар, Ақбастау, Қаратөбе, Қаркемер, Өрнек, Пионер, Тоғызтарау) талапқа сай ветеринарлық пунттер іске қосылды.

    Ауданда ірі қара малының басы – 38 614,  қой-ешкі – 197 149,  жылқы –   17 542, түйе – 62, үй құстары – 377 700 басқа жетіп, шошқа малының саны 1 643 басты құрады.

    2018 жылы 39 947,2 тонна сүт, тірі салмақта 8 871,1 тонна және сойыс салмақта 5 401,2 тонна ет, 63 451,6 мың дана жұмыртқа өндірілді. 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда сүт 100,6%-ға, ет 105,1%-ға, жұмыртқа 2,3 есеге орындалды.

    Аудан көлемінде 6 370 басқа арналған 13 мал бордақылау алаңдары (МІҚ–5 390 бас, қой – 650 бас, жылқы – 330 бас) мен 14 тауарлы сүт фермалары (МІҚ-2 230 бас, оның ішінде 1 731 бас сиыр) жұмыс жасайдыбар.

    Құрылыс

    2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында жалпы көлемі 8 млрд. 094,3 млн. теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізіліп, нақты көлем индексі 151,6% құрады.

    2018 жылы бюджет қаражаттары есебінен 1 млрд. 823,9 млн. теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілді, атап айтқанда:

    – Аса ауылындағы «Байтерек» тұрғын алқабында үш қабатты тұрғын үйдің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту және абаттандыру құрылысына облыстық бюджеттен 91,0 млн теңге бөлініп, толық игерілді;

    – Жалпақтөбе ауылы Я.Шывазы көшесі №1 мекенжайдағы балабақша қазандыған газбен жабдықтауға облыстық бюджеттен 34,2 млн. теңге бөлініп, толық игерілді;

    – Бірлесу-Еңбек ауылындағы 140 орындық мектеп құрылысына облыстық бюджеттен 250 млн. теңге бөлініп, толық игерілді;

    – Пригородное ауылының ауыз сумен қамтамасыз ету жүйесін қалпына келтіру үшін республикалық бюджеттен 1 млрд. 280,2 млн. теңге бөлініп, толық игерілді;

    Тоғызтарау ауылын сумен қамтамасыз ету жүйелерінің құрылысына            141,3 млн. теңге (республикалық бюджеттен 127,1 млн. теңге, облыстық бюджеттен 14,2 млн. теңге) бөлініп, толық игерілді;

    – Аса ауылынан ауыл шаруашылығы малдарын ветеринарлық егу-емдеу жұмыстарына арналған арнайы алаң құрылысын салуға облыстық бюджеттен  бөлінген 27,2 млн. теңге толық игерілді.

    Негізгі капиталға салынған инвестиция

    2018 жылы негізгі капиталға салынған инвестицияның жалпы көлемі               24 млрд. 777,8 млн. теңгені құрап, 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 127,1%-ға жетті.

    Жан басына шаққанда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі   299 022 теңгені құрады.

    Сауда

    2018 жылы бөлшек сауда тауар айналымы 5 млрд. 722 млн. теңгені құрап,  нақты көлем индексі 196,7%-ды құрады.

    Сонымен қатар, көтерме сауда айналымының көлемі 15 млрд. 900,5 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 10,5%-ды құрады.

    Орташа айлық жалақы көлемі 117 015 теңгеге жетіп, 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 125%-ды құрады.

    Тұрғын үй құрылысы

    2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айыларында жалпы алаңы 51 190 шаршы метрді құрайтын 426 жеке меншік тұрғын үй қабылданды, бұл 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 126,2%-ға орындалды.

    Аса ауылы Бәйтерек тұрғын үй  массивінде аудандық бюджет қаржысы есебінен 145,1 млн. теңгеге 3 қабатты 18 пәтерлі тұрғын үй салынды.

    Салықтар мен міндетті төлемдердің орындалуы

    Аудан бойынша салықтық түсімдердің орындалуы 108,9%-ды құрады (жоспар 4 769,3 млн. теңге; нақты 5 195,0  млн. теңге). Оның ішінде, аудандық бюджет 254,9 млн. теңгеге немесе 8,9 пайызға артық орындалды (жоспар 2 млрд. 856,4 млн. теңге; нақты 3 млрд. 111,3 млн. теңге).

    Бюджет шығыстарының игерілуі

    2018 жылдың қаңтар-желтоқсанында аудан бюджеті толығымен 100%-ға игерілді (жоспар   13 388,7 млн. теңге; нақты 13 388,6 млн. теңге).

    Кәсіпкерлік саласы

    2018 жылдың қаңтар-желтоқсанында аудан бойынша жалпы тіркелген           4 918 кәсіпкерлік нысандарында 7 456 адам жұмыспен қамтылды. Барлық шағын кәсіпкерлік саласы бойынша есепті кезеңде 32 млрд. 594,1 млн. теңгенің өнімі өндірілген.

    «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы

    2018 жылдың қаңтар-желтоқсанында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 100,1 млн. теңгеге 7 жобаның құжаттары аймақтық үйлестіру кеңесінде қаралуда. Жоба іске асырылған жағдайда 35 адам жұмыспен қамтылатын болады.

    Автомобиль жолдары

    Аудан бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы                         752,7 шақырымды құрайды. Атап айтқанда:

    – республикалық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 108 шақырым, оның 58 шақырымы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолы;

    – облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 85,7 шақырым;

    – аудандық маңызы бар жолдардың жалпы саны 35, ұзындығы   163 шақырым;

    – елді мекендердегі көшелер саны – 475, ұзындығы – 396 шақырым. Оның   157 шқ. асфальтті төсем, 239 шқ. шағалды төсем.

    2018 жылы жалпы аудан бойынша автомобиль жолдарын жөндеуге және ұстауға 652,2 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде, аудан бойынша автомобиль жолдарын ұстауға 38,1 млн. теңге және аудандық мәндегі автомобиль жолдарын жөндеуге бөлінген 411 млн. теңгеге  9 жол орташа жөндеуден өткізілді (Бесжылдық ауылына кіреберіс, Бірлесу-Еңбек – Гипсовый – Казфосфат, Өрнек-Тоғызтарау-Жаңаөткел, Ерназар-Қойгелді, Құмтиын-Өрнек-Ерназар, Танта ауылына кіреберіс, Қоңыртөбе ауылына кіреберіс, Әулие-Бастау туристік қалашығына кіреберіс, Гродиково – Үшқорған  жолдары). Ал, ауыл ішілік жолдарды жөндеуге 203,1 млн. теңге бөлініп, бұл қаражаттарға  19 ауылдың  36 көше жолдары жөндеуден өткізілді.

    Абаттандыру, көгалдандыру, көшелерді жарықтандыру

    Елді мекендердің санитариясын камтамасыз ету мақсатында 44 млн. 899 мың теңге, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына    54 млн. 777 мың теңге бөлініп игерілді.    

    Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыруға, атап айтқанда, электр желісінің және трансформаторлардың техникалық қызметі мен  тұтынылған электр энергиясы үшін коммуналдық ақы төлеуге 76 млн. 905 мың теңге бөлініп, игерілді.

    Сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету

    Аудандағы 42 елді мекеннің 19-да орталықтандырылған ауыз су жүйесі бар немесе ол жалпы ауыз сумен қамтылғандардың 45,2%-ын құрайды.

    Атап айтар болсақ, есепті жылы Пригородное және Тоғызтарау елді мекендерінің ауыз сумен қамтамасыз ету жүйесін қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Ал, Шайқорық, Танта, Қоңыртөбе, Қапал елді мекендері мен Шайқорық стансасын ауыз сумен қамту бойынша құрылыс жұмыстары басталды. Аталған жобаны қаржыландыру Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің су ресурстары комитеті арқылы жүргізіледі. Құрылыс жұмыстарын 2019 жылдың аяғында аяқтау жоспарлануда.

    Бәйтерек, Қаратау елді мекендерін және Аса, Бесжылдық ауылдарының жаңа тұрғын алқаптарын ауыз сумен қамтамасыз ету құрылысы жобаларының жобалық сметалық құжаттарын әзірлеуге және кешенді сараптамадан өткізуге облыстық бюджеттен 19 980 мың теңге бөлінді.

    2019 жылы Ақбұлым, Қызылқайнар, Жасөркен, Бесағаш-Түрксіб, Қаракемер, Бектөбе-Қызылшарық, Айшабибі, Бірлесу-Еңбек елді мекендерін сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға әзірленген  жобалық сметалық құжаттарын кешенді сараптамадан өткізуге аудандық бюджеттін                14 066 мың теңге қаржы қаралып отыр.

    Газбен қамтамасыз ету

    Аудан бойынша 42 елді-мекеннің 24-і немесе 57,1% газбен қамтылған.  2019 жылы 13 елді мекеннің 5-не газ құбыры магистралін салуға (Рахат, Еңбек, Тастөбе, Ащыбұлақ, Қаркемер) республикалық және облыстық бюджеттен жалпы 333,3 млн. теңге қаржы бөлінді. Аталған 5 елді мекеннің ауыл ішілік газ тарату желісі құрылысының жобалық сметалық құжаттарын әзірлеу және кешенді сараптамадан өткізуге облыстық бюджеттен 40,5 млн. теңге бөлінді.

    «2020 жылға дейін Өңірлерді дамыту» бағдарламасының жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылық қолдау бағытын іске асыру аясында 2018 жылы жалпы сомасы 72 млн. 592 мың теңгеге 17 ауылдық округте 19 жоба іске асырылды оның ішінде 5 ауыл ішілік көше жолдары жөнделіп, 2 көшенің тротуарларын жөндеу, 2 көшені жарықтандыру, 5 білім беру нысандары           (3 мектеп, 2 балабақша) және 1 ауылдық клуб ғимаратына ағымды жөндеу жұмыстары, 1 шағын футбол алаңының қоршауын жөндеу, 2 ҰОС ескерткіштерін жөндеу және 1 ауылды абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

    Ал, 2019 жылы осы бағдарлама шеңберінде жалпы сомасы 72 млн. 887 мың теңгеге 21 жоба іске асырылады. Бұл қаржыға Аса, Ақбастау, Жамбыл, Қызылқайнар, Қаратөбе, Қаракемер ауылдық округтерінде түрлі спорт алаңдарын салу, Гродиково ауылында Ақжол көшесінің жаяу жүргіншілер жолын жөндеу, Ащыбұлақ ауылындағы «Белгісіз солдат» ескерткішін жөндеу, Ақбұлым, ауылында Жібек-жолы көшесін жарықтандыру, Пригородное ауылындағы Келдіғұлұлы көшесін жарықтандыру үшін трансформатор орнату және Айшабибі ауылының Рысқұлов көшесін, Бесағаш ауылының Абай көшесін, Пригородное ауылының Бекназаров көшесінің  1 және 2 бұрылыстарын, Тастөбе ауылының Мыхаев көшесін, Орнек ауылының С.Мұқанов, М.Нарқұлов көшелерін және Жалпақтөбе ауылының Ванахун көшесі  жөндеуден өткізілетін болады.

    Халықты әлеуметтік қорғау және қамсыздандыру шаралары

    Жұмыссыздық деңгейі 4,5%-ға жетті (2017 жылы – 4,5%). Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы халықтың орта есеппен жан басына шаққанда            23 296 теңгені құрады.

    2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында кешенді жоспар бойынша 3 028 адам жұмыспен қамтылып, жоспар 296 адамға немесе 10,8%-ға артық орындалды. Оның ішінде, қысқа мерзімді кәсіптік оқуға – 364 адам, техникалық және кәсіптік біліммен – 63 адам, кәсіпкерлік негіздерін оқытуға 1-2-3 кезең бойынша – 211 адам, грантқа – 3 адам жолданса,  133 азаматқа шағын несие берілді және 1 467 адам тұрақты жұмысқа, 82 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 351 адам жастар тәжірибесі бойынша, 354 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды.

    Жұмыспен қамту бөліміне 2 643 адам жұмысқа орналасуға өтініш білдіріп, оның 2 254-і жұмыспен қамтылды, немесе қамтылу деңгейі 85,3%-ды құрады.

    Есепті жылы 1 580 отбасының 7 964 мүшесіне 268 млн. 127,5 мың теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 228 млн. 626 мың теңге төленді, 721 отбасының 4 208 мүшесіне 16 402 мың теңге тұрғын үй жәрдемақысы  тағайындалып, толық төленді, 191 отбасындағы 197 үйден оқытылатын мүгедек балаларға 5 млн. 274 мың теңге жәрдемақы толық төленді. Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына бір реттік әлеуметтік көмекке жүгінген 654 адамға              17 млн. 702 мың теңге тағайындалып, толық төленді.

    «Өрлеу» жобасы шеңберінде 136 отбасыдағы 958 азаматқа 11 млн. 043 мың теңге тағайындалып, толық төленді.

    Аудан бойынша 2 606 мүгедектер тіркелген, оның  1 топтағысы 193 адам, 2 топтағысы 758 адам, 3 топтағысы 1 166 адам, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны 489 адам.

    «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 1 335 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, нақты 1 498 адам жұмыспен қамтылып, жоспар 12,2%-ға артық орындалды.

    Денсаулық сақтау саласы

    Денсаулық сақтау саласында 35 мекеме мен ұйымдар халыққа қызмет көрсетеді, онда барлығы 111 дәрігерлер мен 484 орта буындағы медицина қызметкерлері бар. Жалпы аудан бойынша 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігерлермен қамтылу көрсеткіші 22,2 промильді құрайды. Есепті жылы 1 000 адамға шаққанда туу көрсеткіші 23,23 промильді құраса, 1 000 адамға шаққанда өлім көрсеткіші 5,54 промильді құрады. 2018 жылы ауданды ана өлімі орын алған жоқ, ал 1 жасқа дейінгі сәбилер өлімі көрсеткіші 6,7 промильді құрап, нәресте өлімі бойынша 12 жағдай орын алған. Оның ішінде, 7 жағдай облыстық перинаталдық орталықта, 1 облыстық балалар ауруханасында, 1 ғылыми клиникалық кардиохирургия орталығында және 3 жағдай 3 аудандық орталық ауруханада тіркелген. Есепті жылы 31 адамнан туберкулез ауруы анықталды. 100 мың адамға шаққанда туберкулезбен ауырғандар көрсеткішінің коэффиценті 37,6 промильді құрады. Сонымен қатар, 2018 жылы 100 мың адамға шаққанда қант диабетімен науқастанғандар коэффициенті 117,7-ні, қан қысымымен науқастанғандар коэффициенті 3 024,6-ны, жаңадан пайда болған қатерлі ісік аурулары 116,5-ті, наркологиялық тәуелділікке душар болғандар көрсеткіші 152,9-ді құрап, жүйкесі сыр бергендер көрсеткіші 24,3-ке жетті. 2018 жылы аудандағы  6 елді мекеннен (Ақбұлым, Гродиково, Бесағаш, Түрксіб, Ерназар, Пригородное,) мемлекеттік жекешелік әріптестік шеңберінде медициналық пункттер ашылды. Ал, Бектөбе ауылынан құрылысы облыстық бюджет қаржысы есебінен жүргізіліп, 15 келушіге арналған медициналық пункт пайдалануға берілді.

    Білім саласы

    Аудандағы жалпы 37 білім беру ұйымдарының (26 орта, 10 бастауыш,   1 негізгі мектеп) 872 сынып комплектісінде 15 767 балаға 1 899 ұстаз білім беруде. Сонымен қатар, мектепалды дайындық бойынша 89 сынып комплектісінде 1 484 бала білім алуда.

    Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі 1 компьютерге орташа есеппен 8 оқушыны құрайды. Жалпы ауданның барлық мектептері интернет желісіне қосылған. Оның ішіңде 25 мектепте 60 химия, физика, биология кабинеттері, 22 мектептің 30 кабинеті лингофон және мультимедиялық құралдармен жабдықталған, 32 мектепте 110 интерактивтік тақталар бар. Барлық мектептерге  бейнебақылау орнатылған. Білім саласы жалпы 147 млн. 051 мың теңгеге сандық білім беру инфрақұрылымын құру мақсатында оқу үрдісіне қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Оның ішінде, интерактивті тақта (проектор, компьютор) алуға 19 млн. 840 мың теңге, жаңа модификациялы кабинеттермен қамтуға 26 млн. 024 мың теңге (химия-2, физика-1, биология -1), компьютерлік паркті жаңартуға 45 млн. 410 мың теңге, мектептерге алғашқы әскери дайындық жихаздарын  алуға 1 млн 118 мың теңге.

    2018 жылға «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 319,1 млн. теңгеге 3 орта мектеп күрделі жөндеуден өткізілді. Атап айтқанда, Бесбаев орта мектебіне 90,0 млн. теңге, Әйтиев орта мектебі 103,7 млн. теңге, Гродеково орта мектебіне 125,3 млн. теңге бөлінді.

    Сондай-ақ, аудандық бюджеттен ағымды жөндеу жұмыстарына бөлінген 64 млн 276 мың теңгеге  8 орта мектептің (Қ. Сартбаев о/м (шатыры мен ғимараты, Гродеково о/м (жылу құбыры), Еңбек о/м (жылу қазандығы ғимаратының шатыры және жылу қазандығы), Б. Кейкиев о/м (жылу құбыры), Төле би о/м (терезелері), Ильич о/м (трансформатор және әжетханасы), Т. Тоқтаров о/м (әжетханасы), Б.Тайшапұлы о/м (жылу қазандығы ғимараты), Жәнібек балабақшасы (шатыры) жөндеуге жұмсалды.

    Оқу жылында аудан көлемінде 21 елді-мекеннен 12 мектепке 997 оқушы тасымалданып оқытылуда. Балаларды мектепке тасымалдауды сапалы ұйымдасытру үшін 6 ауылдық округке (Аса, Айшабибі, Бесағаш, Көлқайнар, Қарасу, Өрнек).  60 млн. 172 мың теңгеге автобус алынып, пайдалануда.

    Жалпыға бірдей міндетті орта білім қорының шығындарына 182,3 млн. теңге бөлініп, игерілі. Оның ішінде  аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан  1 300  оқушыны тамақтандыруға 94,7 млн. теңге және 1-ші сынып оқушыларан ыстық тамақпен қамтуға 60,5 млн. теңге бөлінді.

    2017-2018 оқу жылына 638 мектеп бітірушілердің 401 оқушысы Ұлттық біріңғай тестілеуге  қытысып, нәтижесінде орташа балл 99,1%-ды құрап,  өткен оқу жылымен салыстырғанда 19,7 балға өсті, және 10 оқушы «Алтын белгі»,    7 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды.

    Ал, 2018-2019 оқу жылына 607 мектеп бітірушілердің Ұлттық біріңғай тестілеуге қатысуға 463 оқушысы өтініш білдіріп отыр.

    Аудандағы мектепке дейінгі білім беретін 22 балабақшаларда (2 698 бала) және 20 мектеп базасындағы шағын орталықтарда (1 025 бала) барлығы   3 723 бүлдіршіндер тәрбиеленуде. Ауданда 1 мен 6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші 86,7 пайызды (облыстық көрсеткіш 84,0%) құрады. 3 пен 6 жас аралығындағы тәрбиемен қамту көрсеткіші – 99,1 пайызды (облыстық көрсеткіш 98%) құрайды.

    Мәдениет және спорт

    Аудан халқына 1 аудандық, 3 ауылдық мәдениет үйі, 15 ауылдық клуб,    29 кітапхана, 1 жылжымалы «Зерде» бейнемобиль мәдениет ошақтары қызмет көрсетуде. 2018 жылы аудан көлемінде 651 мәдени көпшілік іс-шаралар өткізіліп, оған 90 000 адам қатысты. Айшабибі ауылдық мәдениет үйі  4 млн. 300 мың теңгеге ағымды жөндеуден өткізілді. Аудандағы кітап қоры 210 мың 844 дананы құрайды. Оның ішінде, мемлекеттік тілдегісі 130 мың 321 дана немесе 61,8%. 2018 жылы кітап қорын ұлғайту үшін 1,2 млн. теңге бөлінді.

    Ауданда 153 спорт нысандары бар, атап айтқанда: 1 орталық стадион,    1 спорт кешені, 1 ипподром, 79 спорт алаңшалары, 29 футбол алаңдары,   8 атқыштар тирі, 33 спорт залдары мен 1 дене тәрбиесі және спортпен шұғылданатын бөлме. Аудан бойынша 24 085 адам немесе аудан халқының 29,0%-ы спортпен тұрақты айналысады. Аудандағы 7 мен 18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдердің жалпы санынан (14 675 адам) спорт мектептері (1 488 адам) мен аула клубтарында (200 адам) дене шынықтырумен және спортпен айналысатындардың үлесі  11,5%-ды құрайды. Аса және Түрксіб ауылдарындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде 1 488 бала спорттың 18 түрімен жаттығып машықтануда.

    2018 жылы спорт саласына жалпы 14,4 мың теңге бөлінді, оның ішінде ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамытуға 2,9 млн. теңге, аудандық деңгейде спорттық жарыстар өткiзуге 2,5 млн. теңге, әртүрлi спорт түрлерi бойынша аудан құрама командаларының мүшелерiн дайындау және оларды облыстық спорт жарыстарына қатыстыруға 8,9 млн. теңге.

    Бұл бағдарламалар аясында 2018 жылдың 12 айында 286 іс-шара өткізіліп,     32 312 адам қамтылды.

    Жастар

    Бүгінгі таңда аудандағы жастар саны 19 485 адамға жетіп, жалпы халық санының 23,7%-ын құрап отыр.

    Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған жастар саны бойынша жылдық жоспар 1173 адам (оның ішінде ваканттық бос жұмыс орындарына – 470 адам, жастар тәжірибесіне – 335 адам, әлеуметтік бос жұмыс орындарына – 10 адам, кәсіби оқудан өтетіндер – 212 адам, кәсіпкерлік бастамаларын оқу  – 128 адам, несе алатындар – 18 адам). Жыл қорытындысымен 1 234 адам қамтылып жоспар 103,0%-ға орындалды (оның ішінде жастарды ваканттық бос жұмыс орындарына – 504 адам, жастар тәжірибесі – 351 адам, әлеуметтік бос жұмыс орындарына – 10 адам, кәсіби оқудан өтетіндер – 212 адам, кәсіпкерлік бастамаларын оқу  – 137 адам, несие алатындар – 20 адам).

    Есепті жылы жасөспірімдер мен жастардың бос уақытын тиімді өткізу бағытында 823 іс-шара өткізілді. Басылым беттерінде, мемлекеттік жастар саясатына қатысты осы күнге дейін барлығы 40 мақала жарияланса, оның ішінде 10-ы облыстық, 30-ы аудандық газетте жарияланды. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде 519-ға жуық материалдар шығарылды. «Жастар ресурстық орталығында»  2 100-ге  жуық жастарға түрлі кеңестер берілді.

    Қоғамдық тәртіп, жол қозғалысы қауіпсіздігі

    2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында аудан көлемінде жалпы    443 қылмыстық істер тіркеліп, 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 23,1%-ға төмендеген. Оның ішінде 21 ауыр және аса ауыр қылмыстық істер тіркеліп, 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 66,7%-ға азайып отыр.

    Сондай-ақ, көшеде жасалған қылмыстар саны 32-ге жетіп, 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 28,9%-ға азайған. Қылмыстық істердің жалпы санындағы көшеде жасалған қылмыстардың үлесі 7,2%-ды құрайды. Ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің мәліметіне сәйкес, 2018 жылдың 12 айында аудан көлемінде 106 жол-көлік оқиғасы тіркеліп,  12 адам қаза тауып, 64 адам әр түрлі дене жарақатын алған. 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жол-көлік оқиғаларының саны 17,8%-ға, дене жарақатын алғандар саны 36,4%-ға, қаза тапқандар саны 17,8%-ға төмендеп отыр.

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района