100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Жамбыл ауданы  Бесағаш ауылдық округіне қарасты Бесағаш, Түрксіб  ауылдары  тұрғындары жиналысының хаттамасы  

    Түрксіб ауылы                                                                    17 қаңтар 2019 жыл   сағ. 10-00

    Қатысқандар:  Бесағаш ауылдық округінің әкімі – Нигматуллаев Бейбіт Сұңғатұлы,  Жамбыл ауданы әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы – Бүркітәлиев Қуаныш Қалмаханұлы, Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Келесов Еркін Егембердіұлы,  мекеме, ұжым басшылары, ауыл тұрғындары, барлығы – 117 адам.

    Күн тәртібінде: Бесағаш  ауылдық округі әкімінің 2018 жылы атқарған жұмыстарының есебі.

    Жиналыс төрағасы:       Б.Нигматуллаев

    Хатшысы:                        Қ.Тұңғышева

     Тыңдалды: Б.Нигматуллаев – ауылдық округ әкімі. Ол, жиынға қатысушыларды келіп жеткен  2018 жаңа жылмен құттықтап, мықты денсаулық, отбасы берекесін, бақыт пен игілік, еңбекте табысқа жетулеріне тілектестігін білдірді.

    Ары қарай әкім 2018 жылы атқарылған жұмыстардың есебін берді. (Баяндама қоса тігілді).

    Жамбыл ауданы әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы – Бүркітәлиев Қуаныш Қалмаханұлы ауылдық округі әкімінің жұмысына ауыл тұрғындарының ұсыныстары, ескертулері мен пікірлерін жинау үшін арнайы қойылған жәшікке ешқандай өтініш, арыз- шағым, ұсыныстар түспегенін айтты.

     Сөйлегендер:

    Байғабылов Шәбден – Түрксіб ауылының тұрғыны, Жамбыл ауданының құрметті ардагері. Ол, ауылдық округ әкімі Б.Нигматуллаевтың атқарған жұмысына оң баға беріп, 2018 жылы ауылды көркейту бағытында біршама тың жұмыстар атқарылғанын айта кетті, халық атынан ризашылығын білдірді.

    Олжабаева Нағима  –  А.Макаренко мектебінің мұғалімі: Ол, әкімнің бір жылда атқарған жұмыстарына жақсы баға беріп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.    А.Макаренко мектебінің 240 балаға арналып соғылғанын, онда қазіргі уақытта 975 бала оқып жатқанын айтып, жаңа мектеп құрылысының қашан басталатынын сұрады.

    Сұраққа Жамбыл ауданы әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы – Бүркітәлиев Қуаныш Қалмаханұлы жауап беріп, қазіргі таңда мектептің жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, республикалық бюджеттен 500 млн теңге, аудандық бюджеттен 55 млн теңге қаржы бөлініп, биыл мектеп құрылысын бастау жоспарланып отырғанын айта кетті.

    Сапиев Асетулла – Бесағаш ауылының тұрғыны, мешіт алқасының мүшесі.  Ол, ауыл әкімінің атқарған жұмысын оң баға беріп, мешіт алқасының жастар тәрбиелеу барысында атқарып жатқан жұмысы туралы әңгімеледі. Сонымен қатар, Бесағаш ауылдық округіне ауыз су кіргізу мәселесін көтерді.

    Сұраққа Жамбыл ауданы әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы – Бүркітәлиев Қуаныш Қалмаханұлы жауап беріп, қазіргі таңда мектептің жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, үстіміздегі жылы «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша Бесағаш ауылдық округіне ауыз су кіргізу жоспарланып отырғанын айтты.

    Бесағаш ауылдық округі тұрғындарының  жиналысы шешім етті:

    1. Бесағаш ауылдық округінің әкімінің 2018 жылы атқарған жұмыстары туралы тұрғындар алдындағы есебі назарға алынсын.
    2. Бесағаш ауылдық округі әкімінің жұмысына берілген тұрғындардың ұсыныстары, ескертпелері мен пікірлері ауылдық округтегі жасалған іс-шаралар жоспарына енгізілсін.

    Жиналыс төрағасы:                                        Б.Нигматуллаев

    Жиналыс хатшысы:                                        Қ.Тұңғышева

    dav
    sdr

     

     

     

     

     

     

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района