100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Жамбыл ауданы бойынша ауылдық округ әкімдері есебінің тезистері (2018 жылға)

    Аса ауылдық округі

    Аса ауылдық округінде екі елді мекен орналасқан. Округтің жер көлемі – 7481 гектар. Оның ішінде ауыл шаруашылығы алқаптары – 4831 гектар, елді мекендер жері – 2126 гектар.

    Ауылдық округ әкімінің аппараты есепті мерзімде 102 шешім, 219 өкім қабылдады. Жоғарғы органдардан 610 құжаттар түсіп, 1276 шығыс құжаты рәсімделді.

    Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша 387 қызмет көрсетілді. Есепті мерзімде тұрғын үй көмегі 77 отбасыға 2487,0 мың теңге көлемінде төленді. Үйде тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық жағдаймен қамтамасыз етуге 25 отбасындағы 29 балаға 1225,0 мың теңге берілді. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар – 219 отбасы, оның ішінде 211-і – шартты, 8-і – шартсыз.

    «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 12000,0 мың теңге жоспарланған. Бөлінген қаржының 10714,0 мың теңгесіне Абай көшесіндегі тротуарлар ағымды жөндеуден өткізілді, 1286,0 мың теңгесіне Аса ауылына балалар ойын алаңын әзірлеу және орнату жұмыстары жүргізілді.

    Аталған жобалар қоғамдастық мүшелерінің жалпы жиынында талқыланып, мақұлданған. Мердігерлер ашық конкурс тәсілімен анықталды.

    Елді мекендердегі көшелердің автокөлік жолдары орташа жөндеу бағдарламасы бойынша 24316,0 мың теңге қаржы қаралған. Бұл қаражатқа Аса ауылындағы С.Әлімқұлов көшесі (4480,0 мың теңге), Матросов көшесі (3696,0 мың теңге), Шманов көшесі (10304,0 мың теңге), М.Мәметова көшесі, Б.Қилыбаев көшесі орта жөндеуден (5488,0 мың теңге) өтті.

    Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша 500,0 мың теңгеге Аса және Рахат ауылдарының қоғамдық орындарының қоқыстары шығарылды, 200,0 мың теңгеге Аса ауылы Абай көшесіне қоғамдық қоқыс жәшігі орнатылды.

    Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру бағдарламасы бойынша 14758,0 мың теңге жоспарланып, қаржының 5150,0 мың теңгесіне Аса ауылы Абай көшесіндегі автотұрақтарға ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. 1000,0 мың теңге көріктендіру-көгеріштендіру жұмыстарына бөлінсе, 1000,0 мың теңгеге баннерлер, симаштар және кермелер дайындалды, 500,0 мың теңгеге көше аншлагтары әзірленді.

    Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру бағдарламасы бойынша 928,0 мың теңгеге Тараз-Аса-Қаратау тас жолының қиылысына күн сәулесінен қуат алатын жарықтандыру бағаналары орнатылды. 3303,0 мың теңгеге Аса ауылындағы Т.Рысқұлов көшесі электрлі бағаналармен жарықтандырылды.

    10200,0 мың теңгеге №1 орта мектебіне 25 орындық «ПАЗ-32053» автобус, 6966,0 мың теңгеге Аса ауылдық округінің ветеринарлық пунктіне ғимарат сатып алынды.

    Ауылдық округте 130 шаруа қожалық, 1 ауыл шаруашылығы кооперативі тіркелген. Өткен жылы 247 гектарға күздік бидай, 534 гектарға жаздық арпа, 130 гектарға жүгері, 70 гектарға мақсары, 221 гектарға көкөніс егілді. Қант қызылшасы 60 гектарға егіліп, 500 тонна қант қызылшасы жиналды.

    Айшабибі ауылдық округі

    Айшабибі ауылдық округі әкімінің аппараты ҚР «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы мен жоғары мемлекеттік органдардың актілерін басшылыққа ала отырып, есепті мерзімде бекітілген жоспарға сәйкес жұмыстар атқарды.

    Айшабибі ауылдық округі 3 елді мекеннен, атап айтқанда, Айшабибі, Қаратау, Әулиекөл ауылдарынан тұрады.

    Округ бойынша 800 аула, 5100 тұрғын бар. Атқарылған жұмыстар барысында Айшабибі ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы қаңтар мен қараша айлары аралығында 170 өкім, 77 шешім қабылданды. Өткен жылы әкімнің жеке қабылдауында 34 азамат болды. Жеке тұлғалардан 142 өтініш, заңды тұлғалардан 11 өтініш тіркелді. Түскен өтініштерге мерзімінде жауаптары берілді.

    2018 жылы 200 гектар жерге күздік бидай, 450 гектар жерге жаздық арпа, 250 гектар жерге жүгері, 1000 гектарға пісте, 350 гектарға мақсары, 200 гектарға қант қызылшасы, 25 гектарға картоп, 400 гектарға көкөніс, 20 гектарға бақша, 224 гектарға жоңышқа егілді.

    Қазіргі таңда округ бойынша 4163 мүйізді ірі қара, 2732 жылқы, 29088 мыңнан астам қой-ешкі бар. Аулалардағы құс саны 6700 мыңнан асады.

    Егін шаруашылығы бойынша 3 шаруа қожалық 6 млн 659 мың теңге, мал шаруашылығы бойынша 4 шаруа қожалық 7 млн 250 мың теңге субсидия алды. Айжан Маткаримқызы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 12 млн теңгеге 372 бас мүйізді ірі қара мал сатып алды.

    Өткен жылы «Ақкөл» шаруа қожалығы 2 дана «МТЗ -100» тракторын сатып алса, 12 азамат 44 млн 200 мың теңге көлемінде микрокредитке қол жеткізді.

    2018 жылы ауылдық округтегі Төле би көшесі 9 млн 471 мың теңгеге орта жөндеуден өткізілді. Сонымен қатар С.Әбішұлы көшесінің 0,725 км ұзындығына 8 млн 571 мың теңгеге, С.Әбішұлы көшесінің 0,765 км ұзындығына 9 млн 027 мың теңгеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілді.

    «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде «Қарлығаш» бөбекжайына 6 млн 46 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

    Ауылдық округтегі 23 көшенің 12-не жаңа үлгідегі аншлагтар ілінді. Шалғайдағы балаларды білім беру ұйымына тасымалдау үшін 10 млн 297 мың теңгеге «ПАЗ-32053» автобусы сатып алынды.

    Қаратау ауылындағы тұрғын үйлерді жарықпен қамтамасыз ету үшін 1 млн 340 мың теңгеге қосымша 1 трансформатор қойылды.

    Ақбастау ауылдық округі

    2018 жылы мемлекеттік мекеменің қаржыландыру жоспарындағы мемлекеттік сатып алу бойынша бөлінген қаражаттар толық игерілді.

    «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Бірлесу-Еңбек ауылындағы ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткіш тақтаны ағымды жөндеуге 3 млн теңге бөлініп, толығымен игерілді. Бірлесу-Еңбек ауылындағы Сәтбаев көшесін орта жөндеуден өткізуге 6 млн 218 мың теңге, Есімов пен Абай көшесінің 220 метр бұрылысын орта жөндеуден өткізуге 2 млн 353 мың теңге бөлініп, қаражат толық игерілді. Бірлесу-Еңбек ауылындағы Жапарбеков көшесі №17/1 мекенжайдағы учаскелік полиция инспекторының және ветеринариялық пунктке 2 млн 300 мың теңге бөлініп, ағымды жөндеуден өтті. Ауылдық клубтың қазандығына 1 млн 333 мың теңге бөлініп, көгілдір отынға қосылды. Мемлекеттік органның күрделі шығыстары бойынша 3 млн 295 мың теңгеге қызметтік автокөлік сатып алынды.

    Ақбұлым ауылдық округі

    2018 жылы азаматтардан 290 өтініш, оның ішінде мемлекеттік қызмет қөрсету бойынша 115 өтініш түсті.

    Өткен жылы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасымен әлеуметтік жұмыс орнына 4 адам, кәсіптік оқуға 3 адам, ақылы қоғамдық жұмыс орнына 16 адам «Жастар тәжірибесі» бойынша 5 жас маман жұмысқа қабылданды.

    Жергілікті салықтар 8350,0 млн теңгені құрады.

    Округтің жер көлемі 2200 гектар. Оның 466,10 гектары суармалы жер болса, 843,42 гектары жайылымдық жер. Ал, 121 гектары алма бағы.

    Ауылдық округте 182 шаруа қожалығы тіркелген.

    Қосалқы шаруашылықтарда 15,0 тонна ет, 110 тонна сүт, 24,0 тонна нан, 6 тонна қымыз және 115 мың дана жұмыртқа өндірілді.

    Сонымен қатар ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына жергілікті кәсіпкерлер де өз үлестерін қосып келеді.

    Ауылдық округте 997 бас ірі қара, 2 400 бас қой-ешкі, 167 бас жылқы, 2400 бас үй құсы, 4 бас шошқа бар.

    Ветеринариялық індетке бөлінген 976,6 мың теңге толық игерілді. Яғни, 12 рет рейд ұйымдастырылып, нәтижесінде 95 қанғыбас ит, 1 мысық биотермиялық шұңқырда жойылды.

    «Алғашқы қадам» және басқа да бағ­дарламалар жүзеге асырылып, балабақшаға бөлінген 26110,0 мың теңге игерілді.

    2018 жылы Б.Бесбаев атындағы мектеп-лицейін күрделі жөндеуге 93,0 млн теңге, Жібек жолы көшесінің электр жүйесіне 2,8 млн теңге бөлініп, жұмыстар толық аяқталды.

    Ауылдық округтен Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге өткен жылы 17 азамат аттанды.

    Бесағаш ауылдық округі

    Ауылдық округте 132 шаруа қожалығы тіркелген.

    Елді мекендерді абаттандыру және көгеріштендіруге, тұрмыстық қатты қалдықтарды қабылдау қызметіне, шаруашылық тауарларын сатып алуға, көктемгі және күзгі тазалық жұмыстарына 200000 теңге, Түрксіб ауылына 2 аялдама соғуға, Астана, Егесинов, Құлжанов, Асабаев көшелерін ағымды жөндеуге 4531000 теңге, банерлер дайындауға және жол сілтемелеріне 240000 теңге, ауылдық округтегі көшелердің аншлагтарын дайындауға 500000 теңге, өрт сөндірушілерге арналған арнайы киімдер жиынтығын сатып алуға 80000 теңге, жобалық сметалық құжат дайындау қызметіне 226000 теңге, компьютерлік жиынтық сатып алуға 560000 теңге жұмсалды.

    «Болашаққа қамқор» мүгедектер қоғамдық бірлестігімен және «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы шеңберінде 5 млн 22000 теңгеге Түрксіб ауылындағы А.Макаренко атындағы орта мектептің терезесі ауыстырылды. Бесағаш ауылдық клубына 4 млн 18 мың теңге, Түрксіб ауылындағы Қарасу, Арай көшелеріне 7 млн 995 мың теңге бөлініп, ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Түрксіб ауылындағы Рүстемов көшесіне 1 млн 736 мың теңге бөлініп, орта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бесағаш ауылындағы Сәбит баба көшесіне 3 млн 377 мың теңге бөлініп, ағымды жөндеуден өтті. 10 млн 237 мың теңгеге оқушылар тасымалдайтын «ПАЗ-32053» автобусы сатып алынды.

    Биылғы оқу жылында жалпыға міндетті білім беру қорынан А.Макаренко атындағы орта мектепте бір мезгіл ыстық тамақпен 60 оқушы, Абай орта мектебінде 55 оқушы қамтылған.

    Гродиково ауылдық округі

    Гродиково ауылдық округінде 2 елді мекен бар. Аула саны – 1270, тұрғындар саны – 6814.

    Атқарылған жұмыстар барысында әкімшілік аппаратында 2018 жылы 141 өкім, 52 шешім қабылданды.

    Өткен жылы жеке тұлғалардан – 144, заңды тұлғалардан 12 өтініш түсті. Түскен өтініштер бойынша ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес уақытысында жауаптар берілді. Сонымен қатар, ауыл әкімінің қабылдауында 24 азамат болды.

    Ауылдық округ бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушылар зерделеніп, жұмыстар жүргізілді. 58 отбасыдан өтініш қабылданып, 47 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Табысы кедейлік деңгейінен асып кетуіне байланысты 11 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмады.

    2018 жылы көлік салығы бойынша 11 млн 791 мың  теңге, мүлік, жер салығы бойынша  686 мың теңге өндірілді. Идеологиялық мағынасы ескірген 6 көшенің атауы өзгертіліп, облыстық әділет департаментінде тіркелді. Қазіргі таңда округтегі 28 көшенің 14 көшесіндегі 847 үйге жаңартылған аншлаг орнатылды. Жеке кәсіпкер Балхия Ибраева өз қаражаты есебінен 100 орындық «Нұр-мерей» бөбекжайын ел игілігіне берді.

    «Нұр-мерей» бөбекжайына баратын жол 2 млн 460 мың теңгеге, Гродеково орта мектебіне баратын жол 2 млн 698 мың  теңгеге  асфальтталды. Ауылдық Мәдениет үйінің шатыры 2 млн 435 мың теңгеге, Гродеково орта мектебі 137 млн теңгеге күрделі жөндеуден өтті. Гагарин және Жиделі көшелеріне 3 млн теңгеге 2 дана трансформатор сатып алынып, орнатылды. Үнемделген қаржыға Гагарин және Ақбұлақ көшелерінің қосылатын бұрылысына және Сардар көшесіне, Қызылдихан ауылындағы «Махат ата» мешітіне баратын жолға шағал төселді. Қызылдихан бастауыш мектебінің жылыту қазандығы демеушілердің көмегімен ауыстырылды.

    «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Ақжол көшесінің бойындағы тротуар 4 млн 500 мың теңгеге ағымды жөндеуден өткізілді.

    Ауылдық округте 141 шаруа қожалығы тіркелген. Округте 3506 бас ірі қара, 201 бас жылқы, 7748 бас қой-ешкі, 1663 шошқа, 5097 үй құсы бар.

    Ауылдық округте егілген егістік көлемі – 8583 гектар. Оның ішінде, бидай – 950 гектар, жаздық арпа – 2250, жүгері – 285, майлы дақылдар – 1473, қызылша – 195, картоп – 45, көкөніс – 1760 гектар.

    Өткен жылы округте әлеуметтік жұмыс орындарына 3 адам, «Жастар тәжірибесіне» 1 адам, ақылы қоғамдық жұмысқа 22 адам тартылды. Ал, 49 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Кәсіптік оқуға 8 адам жіберілсе, 1 азамат несие алды.

    Өткен жылы Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге округтен 13 бала аттанды.

    Ерназар ауылдық округі

    Ауылдық округте 1697 тұрғын бар. Округтің жалпы жер көлемі – 36682 гектар. Оның ішінде әкімшіліктің жері – 2426 гектар, шаруа қожалықтардың жері – 24211 гектар. Ал, егістік жердің көлемі – 1860 гектар. Суармалы жер – 1042,66 гектар, шабындық – 1447 гектар, жайылым 22065 гектарды құрайды. Округте 75 шаруа қожалығы тіркелген. Оның 14-і мал өсірумен, қалғаны егіншілікпен айналысады.

    Ауыл тұрғындарының қолында 1386 бас мүйізді ірі қара, 19670 қой-ешкі, 859 жылқы, 31 түйе, 1046 үй құсы бар.

    Егін шаруашылығы бойынша өткен жылы 5 гектар жерге бақша өнімдері, 10 гектар жерге жүгері, 90 гектар жерге арпа, 90 гектар жерге жаңа жоңышқа егілді.

    2018 жылға бөлінген 27 млн 232 мың теңге толық игерілді.

    «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткішке 2 млн 892 мың теңге бөлініп, ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

    Өткен жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 32 отбасындағы 146 адамға 1 млн 538 мың теңге жәрдемақы тағайындалды.

    Ауылдық округ әкімі аппаратында 2018 жылы 9 шешім, 91 өкім шығарылып, жеке тұлғалардың 15 өтініші, заңды тұлғалардың 1 өтініші, мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары бойынша 32 өтініш тіркелді.

    2018 жылдың қорытындысы бойынша ауылдық округте «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасының 2-бағыты бойынша ауыл тұрғыны Әсет Сүлейменов 4 млн теңге, Қайсар Ормахаев 2 млн 700 мың теңге, Дәулет Бердеш 3 млн 400 мың теңге, Байнұр Сапаров 2 млн 500 мың теңге, Қайрат Аяпбергенов 2 млн 300 мың теңге несие алды. «Жастар тәжірибесі» бағдарламасымен 1 адам, қоғамдық жұмысқа 12 адам тартылды.

    Өткен жылы әскери борышын өтеуге 11 азамат аттанды.

    Жамбыл ауылдық округі

    Жамбыл ауылдық округі 6 елді мекеннен тұрады. Аула саны  – 1293, тұрғындар саны – 7280 адам.

    2018 жылы нормативтік-құқықтық акт бойынша 110 өкім, 94 шешім қабылданды. Жыл басынан ауыл әкімінің және ауыл әкімі орынбасарының жеке қабылдауына 53 азамат келді.

    Жеке тұлғалардан – 164, заңды тұлғалардан 7 өтініш түсіп, мерзімдерінде заң шеңберінде жауаптары берілді.

    Округ әкімінің 2018 жылғы 30 қарашадағы №88 шешімімен Шайқорық ауылы бойынша мағынасы ескірген 6 көшенің атауы өзгертіліп, шешімі жоқ 5 көшенің атауы нақтыланды. Қапал ауылы бойынша 1 көшенің атауы ауыстырылып, 1 көше атауы нақтыланса, Шайқорық стансасы бойынша 4 көше атауы ауысты және Танта ауылы бойынша 3 көше атауы нақтыланды. Ал, онамастиканың талабына сәйкес шешімі бекітілмеген көшелерге қайта топонимикалық атау беруге байланысты жұмыстар жүргізілуде.

    Тұрмыс жағдайы төмен азаматтардың, мүгедектердің, көпбалалы отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы тағайындау бойынша 2018 жылға 123 отбасындағы 670 адамға 25 млн 458 мың 673 теңге көлемінде көмек көрсетілді.

    «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының орындалуы бойынша – жастар практикасына – 18, ақылы қоғамдық жұмыс орындарына –11, кәсіптік оқу курстары бойынша – 36, несие алғандар – 16, тұрақты жұмыспен 64 адам қамтылды.

    Округте 3342 бас мүйізді ірі қара, 638 бас жылқы, 11330  уақ мал, 5510 үй құсы бар.

    Округ аумағында “Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған” бағдарламасының ІІ бағыты бойынша жалпы сомасы 70 млн 800 мың теңгеге 16 азамат әртүрлі бағытта несие алды.

    2018 жылы ауылдық округте жеке кәсіпкер Мадияр Отыншиевтің бастамасымен Шайқорық ауылынан 200 орындық мейрамхана және астыңғы қабатынан шағын маркет ашылды. Алматы-Ташкент республикалық тас жолының бойынан ауыл тұрғыны Саид Бегманов сыйымдылығы 1000 тонна болатын көкөніс қоймасын салуда.

    Өткен жылы демеушілер тарапынан 4 тұрғын үйге көгілдір отын кіргізілді.

    Шайқорық ауылындағы «Байдібек» мешітінде ауыл жамағатының бастамасымен мұқтаж жандарға тегін азық-түлік таратылды.

    Көлқайнар ауылдық округі

    Округтегі бес елді мекенде 3089 тұрғын бар. Тұрғындардың 47 пайызы немесе 1451 адам экомикалық белсенділер қатарында.

    Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі 2018 жылдың жоспарында бекітілген 76 млн 133 мың теңге толық игерілді. Жалпы жергілікті салықтар бойынша жоспарланған қаражат 6742 мың теңге. Ауылдық округте барлығы 167 шаруа қожалық, 1 өндірістік кооператив бар. Оның 10-ы мал өсірумен, қалғаны егіншілікпен айналысады.

    «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша ауылдық округке қарасты Жамбыл, Енбек, Шоқпар, Айкүміс каналдарына мем.акті және техпаспортын жасатуға бөлінген 1 млн 937 мың теңге, елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз етуге бөлінген 250 мың теңге, елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға бөлінген 950 мың теңге, көше аншлагтарын дайындатуға бөлінген 200 мың теңге, баннерлер жасатуға бөлінген 300 мың теңге, ауылдық округтегі автомобиль жолдарын қардан тазартуға бөлінген 150 мың теңге, Тастөбе ауылындағы Т.Рысқұлов көшесінің қилысын орташа жөндеуге бөлінген 4 млн 284 мың теңге, Қостөбе ауылындағы Жаңа көшесін орта жөндеуге бөлінген 2 млн 871 мың теңге толық игерілді. Сонымен қатар, Еңбек ауылындағы «Аса ДАМУ» құс фабрикасына барар жолды орта жөндеуден өткізуге бөлінген 9 млн 895 мың теңге, Қостөбе ауылы Жаңа көшесін орта жөндеу жұмыстарына асфальт төсеуге бөлінген 2 млн 208 мың теңге, оқушыларды тасымалдайтын Паз автобусын сатып алуға бөлінген 10 млн 237 мың теңге мен Уаз автобусын сатып алуға бөлінген 5 млн 960 мың теңге, қызметтік автокөлік сатып алуға бөлінген 3 млн 267 мың теңге және ноутбук, компьютер, принтер сатып алуға бөлінген 555 мың теңге толығымен игерілді.

    Қарасу ауылдық округі

    2018 жылы ауылдық округ әкімінің аппаратына жеке тұлғалардан 34, заңды тұлғалардан 1 жазбаша өтініш түсіп, өтініштерге мерзімінде тиісті жауаптары берілді. 2 азамат ауылдық округ әкімінің жеке қабылдауында болды.

    Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының 2-ші бағыты бойынша биылғы жылы барлығы 13 азамат мемлекет тарапынан 63 млн 300 мың теңге қаражат алды. Ауылдық округ аумағында 1 өндірістік кооператив және 74 шаруа қожалығы тіркелген.

    «Пионер» ӨК 220 гектарға бидай, 265 гектарға арпа, 178 гектарға мақсары, 22 гектарға қант қызылшасын екті.

    «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Қ.Сартбаев атындағы орта мектептің терезесін ауыстыруға 2 млн 941 мың теңге және шатырын ауыстыруға 18 млн теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды.

    Аудандық бюджеттен Сеңгірбай, Шайдана елді мекендерінен Ащыбұлақ ауылындағы Қ.Сартбаев атындағы орта мектепке оқушыларды тасымалдау үшін 10 млн 500 мың теңгеге жаңа автобус сатып алынды.

    Шайдана ауылындағы Ә.Нұрбаев көшесінен үлкен жолдың бойындағы аялдамаға дейінгі аралыққа жаяу жүргіншілері жолын (тротуар) салу үшін ауылдық округтен 2 млн 770 мың теңге бөлініп, ұзындығы 235 метр жаяу жүргіншілер жолы салынды.

    Шайдана ауылдық клубына 2018 жылдың салық түсімдерінен үнемделген қаражат есебінен 1 млн 037 мың теңгеге ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

    Ауылдық округ аумағында қылмыстың алдын алу мақсатында Ащыбұлақ ауылының кіреберісі мен Шайдана ауылының шығаберісіне бейнебақылау қондырғыларын орнатуға 2 млн 050 мың теңге бөлініп, орналастырылды.

    Қарасу ауылдық округі тұрғындарының жеке малын емдеу профилактикалық шараларын жүргізу үшін аудандық бюджеттен 6 млн 966 мың теңге бөлініп, ветеринарлық пункт ғимаратының құрылысы жүргізіліп, толығымен аяқталды.

    Қаракемер ауылдық округі

    2018 жылы Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппаратына жеке тұлғалардан – 31, заңды тұлғалардан 16 өтініш түсіп, тиісті жауаптары берілді. Ауылдық округ әкімінің жеке қабылдауына 89 азамат тіркелді.

    18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы 65 отбасындағы 260 балаға 650000 теңге, «Өрлеу» бағдарламасы бойынша 26 отбасыға 702831 теңге қаржылай көмек берілді.

    Ауылдық округ бойынша кедейшілік пен жұмыссыздықты жою мақсатында округ аумағындағы қоғамдық, маусымдық жұмыстарға аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде ресми тіркелген 6 азамат жұмысқа тартылды.

    Ауылдық округте барлығы 1 өндірістік кооператив, 100 шаруа қожалығы бар. «Данияр», «Тоқберген», «Ақниет» шаруа қожалықтары өткен жылы 45 гектар жерге қант қызылшасын екті.

    Округте 31258 бас қой-ешкі, 1854 ірі қара, 1420 жылқы бар. Өткен жылы 3000 тонна жоңышқа, 970 тонна табиғи шөп дайындалды.

    2017 жылға жоспар бойынша жеке табыс салығы 380000 теңге, көлік салығы 1477000 теңге толық игерілді.

    Құмтиын ауылындағы Ильич атындағы орта мектепті ағымды жөндеуге 18,0 млн теңге бөлініп, қаржы толығымен игерілді. Қаракемер ауылындағы Байтелі, Әжібай көшелерін орта жөндеуден өткізуге 6262365 теңге бөлініп, бөлінген қаржы толығымен игерілді. Құмтиын ауылына 2800, 0 теңгеге кіші футбол алаңы салынды.

    «Жұлдыз» балабақшасын орта жөндеуден өткізуге бөлінген 2 млн теңге толығымен игерілді. Қаракемер ауылының Тараз-Саудакент трассасына тұрғындар өтетін жолаяқ (пешеход) орнатылды.

    2018 жылы ауылдық округ аумағындағы каналдар тазаланды.

    Қарой ауылдық округі

    Қарой ауылдық округінде екі елді мекен орналасқан. Ауылдық округ әкімінің аппараты есепті мерзімде 70 шешім, 117 өкім қабылдады.  Жоғарғы органдардан 910 құжат түсіп, 850 шығыс құжаты рәсімделді.

    Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша 240 қызмет көрсетілді. Жыл ішінде заңды тұлғалардан – 11, жеке тұлғалардан 136 өтініш түсті.

    Ауыл әкімінің жеке қабылдауына әртүрлі әлеуметтік мәселелермен 65 азамат келді.

    Егін шаруашылығы бойынша бақша 10 гектар жерге, жүгері 80 гектар жерге, арпа 100 гектар жерге, күздік бидай 30 гектар жерге, қант қызылшасы 55 гектар жерге, картоп 48 гектар жерге, көкөніс дақылдары 492 гектар жерге, сүр 33 гектар жерге егілді. 897 гектар жерге көпжылдық мал азығы орналастырылған.

    Ауылдық округ бойынша ауыл тұрғындарының шаруашылығында 1588 бас мүйізді ірі қара, 2648 бас қой-ешкі, 332 бас жылқы, 3086 үй құсы бар.

    ҚР «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабы негізінде Пригородное ауылындағы Абай көшесіне ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмысын мердігер «Нұрлы жол» ЖК жүргізді, бөлінген қаржы көлемі 1 млн 159 мың теңге.

    «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша көшелер жарықтандырылды, бөлінген қаржы көлемі 2 млн 999 мың теңге. Жөндеу жұмысын мердігер «РПТ Тараз» ЖШС жүргізді. Б.Бекназаров көшесіне 1 млн 438 мың теңгеге және О.Тәттібаев көшесіне 1 млн 130 мың теңгеге электр трансформаторы алынды.

    Ә.Әйтиев атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын «Таужар құрылыс» ЖК жүргізді, оған 103 млн теңге облыстық бюджеттен бөлінді.

    Өткен жылы округте дәрігерлік амбулатория мен таза ауызсу жүйесі іске қосылды.

    Бюджеттің кіріс және шығыс бөліктеріне күнделікті зерделеу жұмыстары жүргізіліп, тұрақты бақылауда. 2018 жылғы жоспар бойынша бюджеттің кіріс бөлігі 10895 мың теңгенің 12231 мың теңгесі жинақталып, 112 пайызға орындалды. Ал, шығыс бөлігіндегі 44554 теңге толық игерілді.

    Қаратөбе ауылдық округі

    Ауылдық округте 171 шаруа қожалық, 1 өндірістік кооператив және 10 ірі жауапкершілігі шектеулі серіктестік тіркелген.

    2018 жылға есептелген өзіндік кірістердің нақты көлемі, оның ішінде төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы – 3 млн 535 мың теңге, жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық – 334 мың теңге, елді мекендер жерлеріне жеке тұлғалардан алынатын жер салығы – 688 мың теңге, жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық – 7 млн 700 мың теңге. Барлығы 12 млн 295 мың теңгені құрайды.

    «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Д.Райымбеков көшесіне 3 млн 158000 теңгеге ағымды, Х.Ерғалиев пен Б.Момышұлы көшелеріне 21 млн 313000 теңгеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілді. 9 млн 311000 мың теңгеге Атшабар көшесі жарықтандырылса, 300000 теңгеге пандус орнатылды. 9 млн 932 мың теңгеге дренаж каналдар тазаланды. 3 млн 265 мың теңгеге ауылдық округ әкімі аппаратына «Авто Ваз-21214» көлігіне сатып алынды.

    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні 15 орындық амбулатория мен Амангелді атындағы орта мектептің ауласынан шағын футбол алаңы пайдалануға берілді.

    Қызылқайнар ауылдық округі

    Ауылдық округте тіркелген 51 шаруа қожалықтың екеуі мал өсірумен, қалғандары егіншілікпен айналысады. Тұрғындардың қолында 2384 бас мүйізді ірі қара, 8116 қой-ешкі, 755 жылқы, 4134 үй құстары бар. Егін шаруашылығы бойынша биылғы жылы «Эреке» фермерлік шаруа қожалығы 1045 гектар жерге майлы дақыл (софлор) егіп, гектарынан 9 центнерден өнім алды.

    Округ аумағында Жасыл белдеулер құру іс-шаралар жоспарына сәйкес әкімшілік жерінен 0,5 гектар жерге 110 түп сәндік ағаштар мен қаратал-теректер егілді.

    2018 жылы округке 81 млн 247 мың теңге бөлініп, қаржы толық игерілді.

    «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Қызылқайнар ауылындағы ұзындығы 1 км Бәйдібек ата көшесі 13182 мың теңгеге орта жөндеуден өткізілді. 2 млн теңгеге ауылдық округтегі көше жарығына қажетті трансформатор сатып алынды. Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратына 1 млн теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

    2018 жылдың қорытындысы бойынша ауылдық округте «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасының 2-бағыты бойынша 15 азамат несие алып, мал шаруашылығымен айналысуда. «Жастар тәжірибесі» бағдарламасымен 1 адам, қоғамдық жұмысқа 17 адам тартылды.

    Отан алдындағы әскери борышын өтеуге 13 азамат аттанды.

    Өрнек ауылдық округі

    Өрнек ауылдық округінде екі елді мекен орналасқан. Округтегі 470 аулада 2647 адам тұрады. Округтің жер көлемі – 2006,13 гектар.

    Ауылдық округ әкімі аппаратында 43 шешім, 114 өкім қабылданып, жоғарғы органдардан 794 құжат келіп, 1205 құжат шыққан.

    Өткен жылы мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша 124 қызмет көрсетілген.

    Округ бойынша тұрмысы төмен 60 отбасыға үкімет тарапынан 10351962 теңге берілді. 2018 жылы Өрнек ауылындағы Cарыбай көшесін жөндеуге 16700000 теңгеге, Бекбенбет көшесінің қиылысынан балабақшаға дейінгі жолды асфальттауға 4000000 теңге, Өрнек ауылының бейітіне дейінгі жолға шағал төсеуге 4550000 теңге, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында ескерткішті жөндеуге 2650000 теңге бөлініп, қаржы толығымен игерілді.

    Ауылдық округте құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында темір жол кіреберісі мен орталыққа 2053000 теңгеге бейнебақылау камералары орнатылды, Жұма елді мекенінен оқушыларды тасымалдау үшін 10900000 теңгеге автобус сатып алынды.

    Ауылдық округте 136 шаруа қожалық, 1 ауыл шаруашылығы кооперативі тіркелген.

    Өткен жылы жаздық арпа 500 гектарға, күздік бидай 70 гектарға, дәндік жүгері 120 гектарға, қант қызылшасы 20 гектарға, майлы дақылдар 180 гектарға егілді.

    Полатқосшы ауылдық округі

    Ауылдық округ бойынша бір ауылдық орта мектеп, 100 келушіге арналған емхана, 280 орындық «Болашақ» бөбекжайы, 180 орындық «Балдәурен» балабақшасы, ауылдық округ әкімі аппараты мемлекеттік мекемелері жұмыс атқарады. Округте 1624 аула, 9470 тұрғын бар.

    Жеке тұлғалардан – 94, заңды тұлғалардан – 6, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша: 7 жасқа дейінгі балаларды балабақшаға кезекке қою үшін – 225, шағын орталыққа жолдама беру үшін – 43, «Сұлтан» жеке меншік балабақшасына жолдама беру үшін 31 өтініш түсті. Түскен өтініштерге уақытында жауаптары берілді. 45 азамат әкімнің жеке қабылдауында болды. 12 айда барлығы 75 шешім және 141 өкім қабылданды.

    2018 жылғы жалпы салықтардың түсімі бойынша 33 млн 914 мың теңге өндіріліп, жоспар артығымен орындалды.

    Әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген 323 отбасыға көмек көрсетілді.

    Ауылдық округте «Юнчи» өндірістік кооперативі және 105 шаруа қожалығы жұмыс жүргізуде. Негізгі егілетін дақыл – көкөніс. Ауылда көкөніс және картоп қоймаларының саны – 117, олардың сыйымдылығы 7000 тоннадан асады.

    «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде Ақбұлақ көшесіне – 1439000 теңге, Я.Шывазы көшесіне – 1118000 теңге, «Балдәурен» балабақшасының ауласын абаттандыруға 2557000 теңге бөлініп, ағымды жөндеуден өткізілді. Жергілікті бюджет есебінен Д.Абдуллаев көшесіне – 930000 теңге, Ш.Қалдаяқов көшесіне – 1750669 теңге, Нұрлыжол көшесіне – 1750669 теңге, М.Масанчи көшесіне – 6212000 теңге, И.Сулейманов көшесінің 1, 2, 3-бұрылыстарына трансформатор мен электр бағаналарын орнатуға – 4400000 теңге, ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратына 4309000 теңге бөлініп, ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

    Тоғызтарау ауылдық округі

    Ауылдық округке қарасты үш елді мекенде 188 аула, 837 адам бар. Округтің жер көлемі 7584 гектар.

    Ауылдық округ әкімі аппаратында өткен жылы 78 өкім, 5 шешім шығарылды.

    Ауылдық округте 14 шаруа қожалығы жұмыс істейді. 1127 ірі қара, 13021 қой-ешкі, 26 түйе, 769 жылқы, 1359 үй құстары ауылдық округтің шаруашылық кітабына тіркелген.

    Малға қысқы азық дайындау барысында 207 тонна жем, 5775 тонна шөп дайындалды.

    Эпизоотияға қарсы іс-шаралар барысында сарып ауруына тексеруге түскен 1020 бас ірі қара мен 10716 бас ұсақ малдан алынған қан сынамаларының қорытындысында 22 ұсақ малдан сарып ауруы анықталды. Сарып ауруы шыққан аулалардың қора-жайларына залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді және ауру шыққан уақ мал иелерінен алынып, жойылды. Елді мекендерде 32 қаңғыбас ит ауланды.

    Әлеуметтік қорғау және қамсыздандыру көрсеткіштері бойынша 2018 жылы 11 нәресте дүниеге келді.

    «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 2018 жылы шағын несие алу үшін 2 азамат аудан әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығына құжаттарын өткізіп, 14 млн 300 мың теңге алды.

    Өткен жылы көктемгі және күзгі мерзімде әскер қатарына 4 адам жіберілді.

    «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Өрнек-Тоғызтарау ауыларалық жолға 94000000 теңге бөлініп, 86000000 теңгеге асфальт төселді. Ауылдық клубқа кіреберіс бөлме соғуға 2000000 теңге бөлініп, қаржы толығымен игерілді. Өткен жылы «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша ауыл тұрғындары таза ауызсуға қол жеткізді. Жаңаөткел ауылындағы Ж.Садыков көшесі 2774000 теңгеге орта жөндеуден өтті.

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района