100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Жамбыл ауданының  әкімі Б.Қазанбасовтың  есептер барысында айтылған халықтың  ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі  іс-шаралар жоспары 2019 жылдың 1 қазанына орындалуы

    Жамбыл ауданы әкімдігінің

    2019 жылғы «24» қыркүйектегі

    № 452 қаулысымен бекітілген

     

    Айтылған ескертулер / ұсыныстар Ескертулерді/  ұсыныстарды іске асыру жөніндегі                         іс-шаралардың орындалу мерзімі Жауапты Орындалуы
    1 2 3 4

     

    5
    1 Аса ауылдық округі, Аса ауылы Қойгелді көшесі,                              2-Сейфуллин көшесі, Ш.Қалдаяқов көшесінің бұрылыстары, К.Шманов көшесінің соңына ауыз су құбырын жүргізу 2019 жыл

    III – тоқсан

    Б.Қалшымбетов

    М.Бұралқиев

     Аса ауылы Қойгелді,                              2-Сейфуллин көшелері, Ш.Қалдаяқов көшесінің бұрылыстары, К.Шманов көшесінің соңына ауыз су құбыры толығымен жүргізілді.                               Тапсырма орындалды.
    2 «Аса – Тараз» бағытындағы жүретін  автобустар 15-20 минут  аралық интервалмен жүруін қамтамасыз ету 2019 жыл

    I – тоқсан

    Қ.Шаимкулов Тараз-Аса бағытындағы жолаушыларды тасымалдау қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету өткізілген конкурс нәтижесі бойынша «Саяхат – 99» ЖШС айқындалады. Автобустардың жүру кестесі реттелді.

    Тапсырма орындалды.

    3 Ақбастау ауылдық округі, Шоқай ауылына демеушілер арқылы клуб құрылысын жүргізу 2019 жыл

    IV – тоқсан

    Н.Дүзеева Шоқай ауылынан демеушілер есебінен клуб құрылысын жүргізу үшін Д.Байғазиев көшесі №33 А мекенжайда орналасқан ҰОС ардагерлері ескерткіші жанындағы бос жерден ғимарат орналастыруға жер учаскесіне сызба жұмыстарын жүргізуге аудан әкімдігінің жер қатынастары бөліміне хат жолданды. Бүгінгі күнге аукцион арқылы ғимаратқа қызмет көрсету үшін берілетін жер учаскесінің жер таңдау актісі мен ситуациялық сызбасы дайындалды. Жер аукцион арқылы сатып алынып, құрылыс жұмыстары демеушілік есебінен жүргізілетін болады.

    Тапсырма орындалуда.

    4 Ақбұлым ауылына ауыз су құбырын жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттарын мемлекеттік сараптамадан өткізу 2019 жыл

    III – тоқсан

    С.Джанысбаев

    Қ.Тілеубаев

    Ақбұлым ауылына ауыз су құбырын жүргізу үшін жобалық -сметалық құжаттарын мемлекеттік сараптамадан өткізуге аудан бюджетінен 600,0 мың теңге қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, жеке сараптама мекемесіне тапсырылған. Алайда қарау барысында құрылыс санаты өзгеруіне байланысты кері қайтарылып, қазіргі таңда мемлекеттік сараптамаға еңгізілуде.

    Тапсырма орындалуда.

    5 Ақбұлым ауылындағы көшелерді жарықтандыру 2019 жыл

    III – тоқсан

    С.Джанысбаев

    Қ.Шаимкулов

    Ақбұлым ауылындағы Б.Бесбаев көшесінен көше жарықтандыру жүйесін жүргізу үшін жобалық – сметалық құжаттамалар әзірленіп, жергілікті бюджеттен 1,4. млн. теңге қаражат бөлу жоспарлануда.

    Тапсырма орындалуда.

    6 Айшабибі ауылында берілетін жер телімдеріне инфрақұрылым жүргізу үшін қаражат қарастыру 2019 жыл

    III – тоқсан

    Р.Сеитов

    Қ.Бүркіталиев

    Айшабибі ауылынан 322 жер телімдерін беру мақсатында жобалық сметалық құжаттары дайындалып, электр жүйелерін жүргізуге республикалық бюджетке, газбен жабдықтауға және қиыршық тастарға облыстық бюджетке өтінім берілді. Бүгінгі күнге қаражат қарастырылмағандықтан 2020-2021 жылдарға қаражат қарастыруға ұсыныс берілді.

    Тапсырма орындалуда.

    7 Айшабибі ауылына жаңа мектеп құрылысын жүргізу 2019 жыл

    IV – тоқсан

    Р.Сеитов

    Қ.Тилеубаев

    Р.Қожамжарова

    Айшабибі ауылынан жаңа 300 орындық мектеп құрылысын салу үшін қазіргі таңда демографиялық өсіміне талдау жасалып, Жамбыл облысы әкімінің   2018 жылғы                             27  наурыздағы  №50  қаулысына сәйкес  «Бюджет заңнамасының орындалуының тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар» жоспарында көзделген шығындар  негізінде  2020-2022 жылдар арлығындағы жол картасына енгізу   және салалық қорытынды алу үшін облыстық білім басқармасына хат негізінде жолдануда.

    Тапсырма орындалуда.

    8 Бесағаш және Түрксіб ауылдарына  ауыз су жүйесін жүргізу 2019 жыл

    III – тоқсан

    Б.Нигматуллаев

    Қ.Тилеубаев

    Бесағаш – Түрксіб ауылдарына ауыз су жүйесін жүргізуге жобалалық – сметалық құжаттамалары дайындалып, қазіргі таңда кешенді ведомствадан тыс сараптама қарауында.

    Тапсырма орындалуда.

    9 Түрксіб ауылынан 300 орындық мектеп құрылысын жүргізу 2019 жыл

    IV – тоқсан

    Б.Нигматуллаев

    Қ.Тилеубаев

    Р.Қожамжарова

    Түрксіб ауылынан 300 орындық мектеп құрылысын салу мақсатында үстіміздегі жылы республикалық және облыстық бюджеттерден 555,0 млн теңге қаражат бөлініп, тамыз айында құрылыс-монтаж жұмыстары басталды.

    Тапсырма орындалуда.

    10 Бесағаш ауылындағы Абай көшесіне жолдарын жөндеу 2019 жыл

    III – тоқсан

    Б.Нигматуллаев

    Қ.Шаимкулов

    Аудандық бюджеттен 4 млн. 595 мың теңге қаржы бөлініп, мамыр айында ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

    Тапсырма орындалды.

    11 Бесағаш ауылынан спорт кешенін салу 2019 жыл

    III – тоқсан

    Б.Нигматуллаев Бесағаш ауылынан спорт кешенін салуға 0,50 га жер телімі бөлініп, мемлекеттік актісі әзірленді. Ағымдағы жылдың қазан айында спорт кешенінің құрылысы демеушілер есебінен жүргізілуі жоспарлануда.

    Тапсырма орындалуда.

    12 Гродеково ауылындағы көшелерге асфальт төсеу 2019 жыл

    III – тоқсан

    Б.Қожабеков

    Қ.Шаимкулов

    Гродеково ауылындағы екі көшеге асфальт төсеу үшін  жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, аудандық бюджеттен қаржыландыруға бюджеттік өтінім ұсынылды.

    Тапсырма орындалуда.

    13 Гродеково ауылындағы Арна көшесіне ауыз су кіргізу 2019 жыл

    III – тоқсан

    Б.Қожабеков

    Қ.Шаимкулов

    Гродеково ауылындағы Арна көшесіне ауыз су кіргізуге  аудандық бюджеттен қаржы қаралып, қыркүйек айында жұмыстар аяқталды.

    Тапсырма орындалды.

    14 Көлқайнар ауылдық округі, Жамбыл ауылындағы Б.Еспенбетов көшесіне ауыз су құбырын жүргізу 2019 жыл

    III – тоқсан

    А.Сейсенов

    Қ.Тилеубаев

    Көлқайнар ауылдық округі Жамбыл ауылындағы Б.Еспенбетов көшесіне ауыз су құбырын жүргізу жұмыстары жүргізіліп, толығымен аяқталды.

    Тапсырма орындалды.

    15 Қызылқайнар ауылдық округі, Жасөркен ауылынан Қырғызстан Республикасы шекарасынан заңсыз өткен малдарды уақытша ұстау орнының құрылысын жүргізу 2019 жыл

    IV – тоқсан

    К.Амирбеков

    Қ.Тилеубаев

    Жасөркен ауылынан контрабандалық ауыл шаруашылығы малдарын ұстау алаңының құрылысын жүргізу мақсатында жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалып, үстіміздегі жылдың ақпан айында облыстық бюджеттен қаражат бөлуге бюджеттік өтінім тапсырылған. Алайда бюджеттік өтінім комиссия отырысында өтінім қолдау таппады.

    Тапсырма орындалуда.

    16 Қызылқайнар ауылдық округіне ауыз су жүйесін жүргізу 2019 жыл

    III – тоқсан

    К.Амирбеков

    К.Шаимкулов

    Қызылқайнар ауылдық округіне қарасты Қызылқайнар және Жасөркен ауылдарын сумен қамтамасыз ету мақсатында, 2018 жылы жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалып, үстіміздегі жылдың қаңтар айында сараптамадан өткізуге мемлекеттік конкурс жарияланып, қазіргі таңда конкур натижелері бойынша арыз шағымдар қаралуда. Арыз шағымдарды қарау мерзімі аяқталып, жеңімпаз анықталған жағдайда сараптама қаралуына ұсынылады.

    Тапсырма орындалуда.

    17 Жасөркен ауылындағы «Ақжар» каналын тазалау үшін ЖСҚ дайындау 2019 жыл

    III – тоқсан

    К.Амирбеков Жасөркен ауылындағы «Ақжар» каналын тазалау үшін ЖСҚ дайындалып, «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасына енгізіліп, облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына ұсынылып, «Ақжар» каналын тазалау жұмыстары мерзімінде орындалды.

    Тапсырма орындалды.

    18 Жамбыл ауылдық округі «Алматы-Ташкент» тас жолы бойына жол белгілерін орнату 2019 жыл

    II – тоқсан

    Б.Садырбаев

    Қ.Шаимкулов

    Жамбыл ауылдық окургі «Алматы -Ташкент» тас жолы бойына жол белгілерін орнатуға облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына ұсыныс хат жолданып, жол белгілері орнатылды.

    Тапсырма орындалды.

    19 Қаратөбе ауылдық округіне ауыз су кіргізу 2019 жыл

    III – тоқсан

    Қ.Жатқанбаев

    Қ.Тилеубаев

    Қаратөбе ауылдық округіне қарасты Бектөбе және Қызылшарық ауылдарын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, 2018 жылы жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалып, сараптама қарауына тапсырылған, алайда жер асты су қорлары бойынша берілген хаттамалар мен қорытындылар бойынша сарапшы мекеме тарапынан ескертулер берілген. Осыған байланысты ұңғыманың орны ауыстырылып, қазіргі таңда ұңғыманың құжаттары толығымен дайындалып, жобалық-сметалық құжаттамаларға тиісті өзгерістер еңгізілуде. Сарапшы мекеменің тарапынан сараптама жұмыстары жалғастырылатын болады.

    Тапсырма орындалуда.

    20 Қаратөбе ауылындағы жарық қуаттылығы төмен көшеге  трансформатор орнату 2019 жыл

    III – тоқсан

    Қ.Жатқанбаев

     

    Бектөбе ауылындағы Жамбыл көшесінің бас жағына трансформатор орнатылып, жұмыстар толығымен аяқталды.

    Тапсырма орындалды.

    21 Қарой ауылдық округі, Пригородное ауылы Таусамалы көшесінде орналасқан «Хаджи Тамаль Мадина» мешітіне барар жолды жөндеу 2019 жыл

    III – тоқсан

    Т.Тапжанов

    Қ.Шаимкулов

    Пригородное ауылы Таусамалы көшесінде орналасқан «Хаджи Тамаль Мадина» мешітіне барар жолды жөндеуге жобалық сметалық құжаттары дайындалып, қыркүйек айында асфальт төсеу жұмыстары аяқталды.

    Тапсырма орындалды.

    22 Қарой ауылындағы Мыңбұлақ көшесінің жолын жөндеу 2019 жыл

    III – тоқсан

    Т.Тапжанов

     

    Ауылдық округтегі Ақсақалдар кеңесінде мүлдем жөндеу көрмеген О.Тәттібаев, Д.Алимбетов, Е.Келдіғұлұлы, Абай көшесінің жалғасы, Мерей көшелерін жөндеу туралы талқыланып, бірауыздан ұсыныс қолдау тауып, осы көшелерді жөндеуге аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне 2020 жылға ұсыныс берілді.

    Тапсырма орындалуда.

    23 Өрнек ауылдық округіне газ кіргізу мәселесі 2019 жыл

    IV – тоқсан

    А.Мантеев

    Қ.Шаимкулов

    Өрнек ауылына газ кіргізу мәселесі Аудандағы 13 елді мекенді магистралдық газ құбырын жүргізу мақсатында облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан жобалау сметалық құжаттамасы әзірленген, жобаның құны 89 026,6 мың теңге.

    Тапсырма орындалуда.

    24 Өрнек ауылынан  «Тараз – Жаңатас» бағытында өтетін автобус мәселесін шешу 2019 жыл

    II – тоқсан

    А.Мантеев

    Қ.Шаимкулов

    Өрнек ауылынан «Тараз-Жанатас» бағытында өтетін автобус мәселесі бойынша облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына ұсыныс хат жолданды.

    Тапсырма орындалуда.

    25 Өрнек ауылындағы Ә.Молдағұлова, Кемелбай, А.Омаров, Ю.Гагарин, Ғ.Мұратбаев көшелеріне ауыз су жүйесін жүргізу 2019 жыл

    III – тоқсан

    А.Мантеев

    Қ.Тилеубаев

    Өрнек ауылдық округі Өрнек ауылындағы Ә.Молдағұлова, Кемелбай, Омаров, Ю.Гагарин, Мұратбаев көшелеріне ауыз су жүйесіне қайта жөндеу жаңғырту жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда.

    Тапсырма орындалуда.

    26 Ерназар ауылындағы фельдшерлік пунктегі дәрігер тапшылығын жою 2019 жыл

    I -тоқсан

    А.Сауруков

    М.Абдикулов

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің  «Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгілік штаттары мен штат нормативтерін бекіту» туралы  №238 бұйрығына сәйкес Дәрігерлік амбулатория   2000-10000 халық санына  байланысты  ашылуы  тиіс. Қазіргі  таңда  Ерназар ауылында халық саны – 1500 болғандықтан  дәрігерлік  амбулатория  ашуға  сай  емес.  Ерназар  ауылындағы фельдшерлік  акушерлік  пункт жұмыс істейтіндіктен, ауыл тұрғындарына «Өрнек»  дәрігерлік  амбулаториясының  дәрігерлері  қызмет  көрсетеді.
    27 Ерназар ауылдық округіндегі Ерназар мен Қойгелді жолындағы көпірді жөндеу 2019 жыл

    III – тоқсан

    М.Абдикулов

    Қ.Шаимкулов

    Ерназар-  Қойгелді автожолының  9+100 шақырымындағы көпір Талас ауданының шекарасында. Жөндеу жұмыстары Талас ауданы арқылы жүргізіледі.

    Тапсырма орындалуда.

    28 Қарасу ауылдық округі, Шайдана ауылындағы медициналық пунктке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу 2019 жыл

    III – тоқсан

    С.Селеубаев

    А.Сауруков

    2019 жылға жоспарланған кесте бойынша Шайдана  ауылына медициналық пунктінің жаңа ғимаратының құрылысы жүргіліп, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

    Тапсырма орындалды.

    29 Ащыбұлақ ауылындағы Ә.Үкібаев, Т.Жапаров және Қапал көшелеріне трансформатор орнату 2019 жыл

    III – тоқсан

    С.Селеубаев

    Қ.Шаимкулов

    Ащыбұлақ ауылындағы Ә.Үкібаев, Т.Жапаров және Қапал көшелеріне жаңа бөлек трансформатор орнату үшін  жобалық сметалық құжаттамалары әзірленіп, аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөліміне бюджеттік өтінім ұсынылды.

    Тапсырма орындалуда.

    30 Тоғызтарау –Жаңа өткел бағытындағы ауданаралық жолға асфальт төсеу 2019 жыл

    III – тоқсан

    М.Шайдаев

    Қ.Шаимкулов

    Тоғызтарау-Жанаөткел аудандық маңызы бар автомобиль жолын орта жөндеуге облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына 74 млн. теңгеге бюджеттік өтінім берілді.

    Тапсырма орындалуда.

     

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района