100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Жамбыл ауданы  әкімінің  есептер барысында айтылған халықтың  ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі  іс-шаралар жоспарының орындалуы 2019 жылдың 31 желтоқсанына  

     

    Жамбыл ауданы әкімдігінің

    2019 жылғы «31» желтоқсандағы

    №      қаулысымен бекітілген

                                           

     

    Айтылған ескертулер / ұсыныстар Ескертулерді/  ұсыныстарды іске асыру жөніндегі                         іс-шаралардың орындалу мерзімі Жауапты Орындалуы
    1 2 3 4

     

    5
    1 Аса ауылдық округі, Аса ауылы Қойгелді көшесі,                              2-Сейфуллин көшесі, Ш.Қалдаяқов көшесінің бұрылыстары, К.Шманов көшесінің соңына ауыз су құбырын жүргізу 2019 жыл

    III – тоқсан

    Б.Қалшымбетов

    М.Бұралқиев

     Аса ауылы Қойгелді,                              2-Сейфуллин көшелері, Ш.Қалдаяқов көшесінің бұрылыстары, К.Шманов көшесінің соңына ауыз су құбыры толығымен жүргізілді.                               Тапсырма орындалды.
    2 «Аса – Тараз» бағытындағы жүретін  автобустарды 15-20 минут  аралық интервалмен жүруін қамтамасыз ету 2019 жыл

    I – тоқсан

    Қ.Шаимкулов Тараз-Аса бағытындағы жолаушыларды тасымалдау, қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету қызметін көрсетіп келген «Саяхат – 99» ЖШС келісім бұзылып, қазіргі уақытта ауызша келісімге сәйкес «Әулиеата Транс Пасс» ЖШС мекемесі тарапынан қоғамдық қатынас қызметі реттелген. 2020 жылдан жаңа талапқа сәйкес (Тараз қаласынан 50 шақырымды құрайтын аумақты) бастап бұл қызмет Тараз қаласы әкімдігінің жолаушылар тасымалы бөлімінің тарапынан ұйымдастырылатын болады.

    Тапсырма орындалды.

    3 Ақбастау ауылдық округі, Шоқай ауылына демеушілер арқылы клуб құрылысын жүргізу 2019 жыл

    IV – тоқсан

    Н.Дүзеева Шоқай ауылынан демеушілер есебінен клуб құрылысын жүргізу үшін Д.Байғазиев көшесі №33 А мекенжайда орналасқан ҰОС ардагерлері ескерткіші жанындағы бос жерден ғимарат орналастыруға жер учаскесіне сызба жұмыстарын жүргізуге аудан әкімдігінің жер қатынастары бөліміне хат жолданды. Бүгінгі күнге аукцион арқылы ғимаратқа қызмет көрсету үшін берілетін жер учаскесінің жер таңдау актісі мен ситуациялық сызбасы дайындалды. Жер аукцион арқылы сатып алынып, 2020 жылы демеушілер есебінен құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады.

    Тапсырма орындалуда.

    4 Ақбұлым ауылына ауыз су құбырын жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттарын мемлекеттік сараптамадан өткізу 2019 жыл

    III – тоқсан

    С.Джанысбаев

    Қ.Тілеубаев

    Жамбыл ауданы Ақбұлым  ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету жүйесінің құрылысын салу жобасы бойынша ашық конкурс қорытындысы негізінде «KMS Optima» ЖШС-і мердігер болып анықталды. ЖСҚ-ы әзірленіп, сараптамаға ұсыну үшін 28.01.2019 ж. ашық конкурс жарияланып, конкурс қорытындылары бойынша арыз-шағымдар түсуіне байланысты келісім-шарт 12.04.2019 ж. «Строй Продуктив» ЖШС-мен жасалынып, сараптамаға ұсынылды. Алайда сараптама барысында құрылыстың санаты өзгеруіне байланысты, кері қайтарылған, ескертулерді жою бойынша жұмыстар жүргізіліп, сараптамаға қайта ұсынылды. Сараптама қорытындысы жоспар бойынша  2020 жылдың қаңтар айында  алынады.

    Тапсырма орындалуда.

    5 Ақбұлым ауылындағы көшелерді жарықтандыру 2019 жыл

    III – тоқсан

    С.Джанысбаев

    Қ.Шаимкулов

    Ақбұлым ауылындағы Б.Бесбаев көшесіне көше жарықтандыру жүйесін жүргізу үшін жобалық – сметалық құжаттамалар әзірленіп, жергілікті бюджеттен 1,4. млн. теңге қаражат бөлініп, көшелер жарықтандырылды.

    Тапсырма орындалды.

    6 Айшабибі ауылында берілетін жер телімдеріне инфрақұрылым жүргізу үшін қаражат қарастыру 2019 жыл

    III – тоқсан

    Р.Сеитов

    Қ.Бүркіталиев

    Айшабибі ауылынан 382 жер телімдерін беру мақсатында жобалық сметалық құжаттары дайындалып, электр жүйелерін жүргізуге республикалық бюджетке, газбен жабдықтауға және қиыршық тастарға облыстық бюджетке өтінім берілді. Бүгінгі күнге қаражат қарастырылмағандықтан 2020 жылғы республикалық бюджеттің нақтылануына қайта ұсынылады.

    Тапсырма орындалуда.

    7 Айшабибі ауылына жаңа мектеп құрылысын жүргізу 2019 жыл

    IV – тоқсан

    Р.Сеитов

    Қ.Тилеубаев

    Р.Қожамжарова

    Айшабибі ауылы, жаңа тұрғын алқабынан 300 орындық мектеп құрылысын салу үшін ЖСҚ және мемлекеттік сараптамадан өткізуге аудандық бюджеттен 9 млн. 500 мың теңге қаржы қарастырылды.

    Тапсырма орындалуда.

    8 Бесағаш және Түрксіб ауылдарына  ауыз су жүйесін жүргізу 2019 жыл

    III – тоқсан

    Б.Нигматуллаев

    Қ.Тилеубаев

    Бесағаш – Түрксіб ауылдарына ауыз су жүйесін жүргізуге жобалалық – сметалық құжаттамалары дайындалып, қазіргі таңда кешенді ведомствадан тыс сараптамада қаралуда. Қоғамдық тыңдау ережесінің өзгеруіне байланысты сарапшы мекеме тарапынан ескертулер берілді. Осы ескерту негізінде қоғамдық тыңдау қайта өткізіліп, сараптамаға ұсынылды. Сараптама қорытындысы жоспар бойынша  2020 жылдың қаңтар айында  алынады.

    Тапсырма орындалуда.

    9 Түрксіб ауылынан 300 орындық мектеп құрылысын жүргізу 2019 жыл

    IV – тоқсан

    Қ.Тилеубаев

    Р.Қожамжарова

    Түрксіб ауылынан 300 орындық мектеп құрылысын салу мақсатында үстіміздегі жылы республикалық және облыстық бюджеттерден 555,0 млн теңге қаражат бөлініп, тамыз айында құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Нормативтік құрылыс мерзімі 13 айды құрайды. Құрылыс монтаж жұмыстарды 2020 жылы аяқтау жоспарлануда.

    Тапсырма орындалды.

    10 Бесағаш ауылындағы Абай көшесінің жолын жөндеу 2019 жыл

    III – тоқсан

    Б.Нигматуллаев

    Қ.Шаимкулов

    Аудандық бюджеттен 4 млн. 595 мың теңге қаржы бөлініп, мамыр айында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

    Тапсырма орындалды.

    11 Бесағаш ауылынан спорт кешенін салу 2019 жыл

    III – тоқсан

    Б.Нигматуллаев Бесағаш ауылынан спорт кешенін салуға 0,50 га жер телімі бөлініп, мемлекеттік актісі әзірленді. Спорт кешенінің құрылысын 2020 жылы демеушілер есебінен жүргізу жоспарлануда.

    Тапсырма орындалуда.

    12 Гродеково ауылындағы көшелерге асфальт төсеу 2019 жыл

    III – тоқсан

    Б.Қожабеков

    Қ.Шаимкулов

    Гродеково ауылындағы екі көшеге асфальт төсеу үшін  жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына  облыстық және аудандық бюджеттен (50/50) қаржыландыруға бюджеттік өтінім ұсынылды. 2020 жылға жоспарлануда.

    Тапсырма орындалуда.

    13 Гродеково ауылындағы Арна көшесіне ауыз су кіргізу 2019 жыл

    III – тоқсан

    Б.Қожабеков

    Қ.Шаимкулов

    Гродеково ауылындағы Арна көшесіне ауыз су кіргізуге  аудандық бюджеттен қаржы қаралып, қыркүйек айында жұмыстар аяқталды.

    Тапсырма орындалды.

    14 Көлқайнар ауылдық округі, Жамбыл ауылындағы Б.Еспенбетов көшесіне ауыз су құбырын жүргізу 2019 жыл

    III – тоқсан

    А.Сейсенов

    Қ.Тилеубаев

    Көлқайнар ауылдық округі Жамбыл ауылындағы Б.Еспенбетов көшесіне ауыз су құбырын жүргізу жұмыстары жүргізіліп, толығымен аяқталды.

    Тапсырма орындалды.

    15 Қызылқайнар ауылдық округі, Жасөркен ауылынан Қырғызстан Республикасы шекарасынан заңсыз өткен малдарды уақытша ұстау орнының құрылысын жүргізу 2019 жыл

    IV – тоқсан

    К.Амирбеков

    Қ.Тилеубаев

    Жасөркен ауылынан контрабандалық ауыл шаруашылығы малдарын ұстау алаңының құрылысын жүргізу мақсатында жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалып, үстіміздегі жылдың ақпан айында облыстық бюджеттен қаражат бөлуге бюджеттік өтінім тапсырылған. Алайда бюджеттік өтінім комиссия отырысында қолдау таппады. 2020 жылы орындалады

    Тапсырма орындалуда.

    16 Қызылқайнар ауылдық округіне ауыз су жүйесін жүргізу 2019 жыл

    III – тоқсан

    К.Амирбеков

    К.Шаимкулов

    1. Жамбыл ауданы, Қызылқайнар ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету жүйесінің құрылысын салу жобасы бойынша ашық конкурс қорытындысы негізінде                          «KMS Optima» ЖШС мердігер болып анықталды. ЖСҚ-сы әзірленіп, сараптамаға ұсынылды. Нәтижесінде теріс сараптама қорытындысы  алынған. Берген ескертулерді жою бойынша жұмыстар жүргізіліп, сараптамаға қайта ұсынылды. Бөлім тарапынан жобалаушы мекемеге шара колдану мақсатында сот органдарына 12.09.2019 жылғы шығыс №636 талап-арыз жолданды. Сараптама қорытындысын 2020 жылдың қаңтар айында алу жоспарлануда.

    2. Жамбыл ауданы Жасөркен  ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету жүйесінің құрылысын салу жобасы бойынша ашық конкурс қорытындысы негізінде «KMS Optima» ЖШС мердігер болып анықталды. ЖСҚ-сы әзірленіп, сараптамаға ұсынылды. Нәтижесінде теріс сараптама қорытындысы  алынған. Берген ескертулерді жою бойынша жұмыстар жүргізіліп, сараптамаға қайта ұсынылды. Бөлім тарапынан жобалаушы мекемеге шара колдану мақсатында сот органдарына 12.09.2019 жылғы шығыс №636 талап-арыз жолданды. Сараптама қорытындысын 2020 жылдың қаңтар айында алу жоспарлануда.

    Тапсырма орындалуда.

    17 Жасөркен ауылындағы «Ақжар» каналын тазалау үшін ЖСҚ дайындау 2019 жыл

    III – тоқсан

    К.Амирбеков Жасөркен ауылындағы «Ақжар» каналын тазалау үшін ЖСҚ дайындалып, «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасына енгізіліп, облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына ұсынылып, «Ақжар» каналын тазалау жұмыстары мерзімінде орындалды.

    Тапсырма орындалды.

    18 Жамбыл ауылдық округі «Алматы-Ташкент» тас жолы бойына жол белгілерін орнату 2019 жыл

    II – тоқсан

    Б.Садырбаев

    Қ.Шаимкулов

    Жамбыл ауылдық округі «Алматы -Ташкент» тас жолы бойына жол белгілерін орнатуға облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына ұсыныс хат жолданып, жол белгілері орнатылды.

    Тапсырма орындалды.

    19 Қаратөбе ауылдық округіне ауыз су кіргізу 2019 жыл

    III – тоқсан

    Қ.Жатқанбаев

    Қ.Тилеубаев

    Жамбыл ауданы Бектөбе-Қызылшарық елді мекендерін сумен қамтамасыз ету жұмыс жобасы бойынша «ЛидерПроектДизайн» ЖШС-і мердігер болып анықталып, ЖСҚ дайындалды. Аталған жоба «Экспертиза PRO»                   ЖШС-не сарапшы мекемеге ұсынылды. Алайда, тапсырыс беруші берген тапсырмасы бойынша I-ші кезеңде берілетін 142 жер теліміне ауыз су жүйесін жобаға қосымша кіргізу және сарапшы мекеменің берген ескертулері бойынша су насос станциясының (водозабор) орналасқан жері ауысуына байланысты ЖСҚ түзетілді. Жаңа жер телімінде  радиология-дозиметриялық өлшемдер және жерге орналастыру жобасы жасалынды. Болжамды сметалық құны 996 700,0 мың теңге, сараптама қорытындысын 2020 жылдың I-ші тоқсанында алу жоспарлануда.

    Тапсырма орындалуда.

    20 Бектөбе ауылындағы жарық қуаттылығы төмен көшеге  трансформатор орнату 2019 жыл

    III – тоқсан

    Қ.Жатқанбаев

     

    Бектөбе ауылындағы Жамбыл көшесінің бойына трансформатор орнатылып, жұмыстар толығымен аяқталды.

    Тапсырма орындалды.

    21 Қарой ауылдық округі, Пригородное ауылы Таусамалы көшесінде орналасқан «Хаджи Тамаль Мадина» мешітіне барар жолды жөндеу 2019 жыл

    III – тоқсан

    Т.Тапжанов

    Қ.Шаимкулов

    Пригородное ауылы Таусамалы көшесінде орналасқан «Хаджи Тамаль Мадина» мешітіне барар жолды жөндеуге жобалық сметалық құжаттары дайындалып, қыркүйек айында асфальт төсеу жұмыстары аяқталды.

    Тапсырма орындалды.

    22 Қарой ауылындағы Мыңбұлақ көшесінің жолын жөндеу 2019 жыл

    III – тоқсан

    Т.Тапжанов

     

    Мыңбұлақ көшесін жөндеу жұмыстарына ЖСҚ әзірленіп, дайындалған. 2020 жылы «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында қаражат қарастырылып іске асыру жоспарлануда.

    Тапсырма орындалуда.

    23 Өрнек ауылдық округіне газ кіргізу мәселесі 2019 жыл

    IV – тоқсан

    А.Мантеев

    Қ.Шаимкулов

    Биылғы жылы, республикалық бюджеттен 333,0 млн. теңге қаражат бөлініп, Әулиекөл, Қаратау және Қаракемер елді мекендеріне магистралдық газ құбыры тартылды. 2020 жылға қалған 10 елді мекенге  магистралдық газ құбырын тарту жұмыстары жоспарлануда. Себебі қаражат республикалық және облыстық бюджеттен қарастырылады. Сонымен қатар, 5 елді мекенге (Көлқайнар,Шайдана,Өрнек, Жұма және Ерназар) ауыл ішілік газ құбырын жүргізу үшін 2020 жылы аудандық бюджеттен қаржы қарастырылатын болады.

    Тапсырма орындалуда.

    24 Өрнек ауылынан  «Тараз – Жаңатас» бағытында өтетін автобус мәселесін шешу 2019 жыл

    II – тоқсан

    А.Мантеев

    Қ.Шаимкулов

    Өрнек ауылынан «Тараз-Жанатас» бағытында өтетін автобус мәселесі Ерназар-Қойгелді автомобиль жолының 9 шақырымында орналасқан Талас ауданына қарасты бөлігіндегі апатты көпірдің қалпына келтірілмеуіне байланысты жолаушылар тасымалын ұйымдастыру мүмкіндігі жоқ. Аталған апатты көпір қалпына келтірілген жағдайда облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан ұйымдастырылады.

    Тапсырма орындалуда.

    25 Өрнек ауылындағы Ә.Молдағұлова, Кемелбай, А.Омаров, Ю.Гагарин, Ғ.Мұратбаев көшелеріне ауыз су жүйесін жүргізу 2019 жыл

    III – тоқсан

    А.Мантеев

    Қ.Тилеубаев

    Өрнек ауылдық округіне қарасты Өрнек ауылы мен Жұма станцасына қосарланған ауыз су жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарына  жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеу үшін қаражат қарастыруға облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасына сұраныс хат ұсынылды. 2020 жылы ЖСҚ әзірленетін болады.

    Тапсырма орындалуда.

    26 Ерназар ауылындағы фельдшерлік пунктегі дәрігер тапшылығын жою 2019 жыл

    I -тоқсан

    А.Сауруков

    М.Абдикулов

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің  «Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгілік штаттары мен штат нормативтерін бекіту» туралы  №238 бұйрығына сәйкес Дәрігерлік амбулатория   2000-10000 халық санына  байланысты  ашылуы  тиіс. Қазіргі  таңда  Ерназар ауылында халық саны – 1500 болғандықтан  дәрігерлік  амбулатория  ашуға  сай  емес.  Ерназар  ауылындағы фельдшерлік  акушерлік  пункт жұмыс істейтіндіктен, ауыл тұрғындарына «Өрнек»  дәрігерлік  амбулаториясының  дәрігерлері  қызмет  көрсетеді.

    Тапсырма орындалды.

    27 Ерназар ауылдық округіндегі Ерназар-Қойгелді жолындағы көпірді жөндеу 2019 жыл

    III – тоқсан

    М.Абдикулов

    Қ.Шаимкулов

    Ерназар-  Қойгелді автожолының  9 шақырымындағы көпір Талас ауданының шекарасында орналасқан. Жөндеу жұмыстары Талас ауданының есебінен  жүргізіледі.

    Тапсырма орындалды.

    28 Қарасу ауылдық округі, Шайдана ауылындағы медициналық пунктке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу 2019 жыл

    III – тоқсан

    С.Селеубаев

    А.Сауруков

    2019 жылға жоспарланған кесте бойынша Шайдана  ауылына медициналық пунктінің жаңа ғимаратының құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілген.

    Тапсырма орындалды.

    29 Ащыбұлақ ауылындағы Ә.Үкібаев, Т.Жапаров және Қапал көшелеріне трансформатор орнату 2019 жыл

    III – тоқсан

    С.Селеубаев

    Қ.Шаимкулов

    Ащыбұлақ ауылындағы Ә.Үкібаев, Т.Жапаров және Қапал көшелеріне жаңа бөлек трансформатор орнату үшін  бюджеттен 9,2 млн. теңге қаражат қарастырылып мәселе толығымен шешімін тапты.

    Тапсырма  орындалды

    30 Тоғызтарау –Жаңа өткел бағытындағы ауданаралық жолға асфальт төсеу 2019 жыл

    III – тоқсан

    М.Шайдаев

    Қ.Шаимкулов

    Тоғызтарау-Жанаөткел аудандық маңызы бар автомобиль жолын орта жөндеуге облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына 74 млн. теңгеге бюджеттік өтінім берілді. 2020 жылы республикалық және облыстық бюджеттен қаржы қарастырылып, жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

    Тапсырма орындалуда.

     

     Жамбыл ауданы әкімінің аппарат басшысы                                                                                                                         Ж.Телеуов

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района