100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Жамбыл ауданы Тоғызтарау ауылдық округінде атқарылған жұмыстар және алдағы уақыттағы перспективалық жоспарлар туралы ауылдық округ әкімінің Е С Е Б І

    Елбасымыз Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес, Сіздердің  алдарыңызда 2018 жылы атқарылған жұмыстар жайлы есебімді ұсынып отырмын.

    Міне, бір жылды артқа тастап, жаңа жылға қадам бастық. Жалпы алғанда, өткен жыл қазақ елі үшін қоғамдық-саяси маңызды оқиғаларға толы болды. Біздің ауданымызда да 2018 жылдың күнтізбелік тарихына енетін бірқатар жұмыстар атқарылды.

    Мемлекетіміз қол жеткізген бүгінгі жетістіктердің қайнар көзі – ол Ел Президентінің әр жылы халыққа арнаған Жолдауы.  Барша қазақ елі үмітпен күтетін Жолдаудан бастау алған игі істердің жемісін біз көріп келеміз.

    Елдікті, бірлікті, өркениетті ту еткен халқын ерен еңбектерге жетелеген кемеңгер Көшбасшының 2018 жылғы 05 қазандағы «Қазақстанның әл ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы ауқымды істерге бастаған кезекті қадам деп білген жөн. Осылай, алысты жақын ету – бүгінгі Жолдаудың ең басты түйіні болмақ. Осы бағытта Елбасымен жаңа межелерді бағындыруға бет алдық.

    Ауылдық округі әкімінің іс әрекеттері мен жасаған жұмыстары Қазақстан Республикасының заңдарын, Республика Президенті мен Қазақстан республикасы Үкіметінің қабылданған Қаулылары негізінде және елімізді дамытудың кешенді бағдарламасы аясында жұмыстар жүргізілуде.

    Енді, 2018 жылы ауылдық округте атқарылған жұмыстар туралы қысқаша тоқтала өтейін.

    Жалпы ауылдық округке қарасты үш елді мекендегі 188 аулада                 837 адам тұрады.  Олардың 364/44% сайлаушылар. Ұлттық құрам бойынша 718 немесе 86% қазақтар, 117 немесе 14% орыстар. 2017  жылы    11 нәресте дүниеге келсе,  ал 2018 жылы  16 нәресте дүниеге келіп,   5 балаға өсті. 2017 жылы 2 адам қайтыс болған. 2018 жылдың қаңтар-қараша айларында қайтыс болғандардың жалпы саны 4 адам.

    Ауылдық округте 67 адам «Нұр Отан» париясының мүшесі. Олардың 24 ер, 43 әйел адам.

    Сондай-ақ, 152 жастар бар, олардың 85 ұл, 67 қыз бала. Бұл жастарды жалпы ауыл тұрғындарына шаққандағы үлес салмағы 18,13% құрайды.

    Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 7 584 гектар, оның 1166 га. ауылдық округке тиесі, 5 884,5 га. шаруа қожалықтарына тиесілі, осының ішінде 793 га тәлімді егістікті құрайды, 483,6 га. жер қорына тиесі.

    2018 жылы ауылдық округі әкімінің аппаратында іс қағаздар жүргізу жыл басында бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес атқарылуда. Жеке тұлғалардан 5 өтініш түссе, заңды тұлғалардан 4өтініш түсті.Ауылдық округ әкімінің жеке қабылдауына 3 азамат келіп, сұрақтарының жауаптарын алды.

    Мерзімінен асып немесе қаралмай қалған өтініштер жоқ.

    «Әдеп» Кодексін сақтау және сенім телефоны туралы стенді  көрнекі жерге ілініп, журнал ашылған.

    Тұрғындардың ұсыныс пікірлерін және ескертпелеріне арналған жәшік қабылдау бөліміне қойылған. Жәшікке жыл ішінде хат түскен жоқ.

    «Тоғызтарау ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2018 жылға 78 өкім, 5 шешім шығарылды.

    Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында заңды және жеке тұлғалардың округте көрсетілетін, мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарының  4-түрі бойынша  2018  жылы  барлығы  28 өтініш  түскен.  Мемлекеттік  қызмет  көрсету  және  ауыл  округ  әкімдерінің  функционалдық  міндеттері  бойынша  арнайы  стенділер дайындалып, ауылдық  округі  әкімі  аппараты  ғимаратының  көрнекі   жеріне   ілінген.

    Үкіметтің нормативтік құқылық актілерін және облыс, аудан әкідерінң қаулыларын басшылыққа ала отырып және олардың осы округ көлемінде орындалу барысын қадағалау негізделді. Ауылдық округ әкімі аппаратының жылдық жоспарға сәйкес, 9 өкілдер жиналысы және әкім жанынан құрылған комиссиялардың 12 отырысы болып өтті. Тиісті қаулы, шешімдер қабылданды. Бұлардың ішінде тұрмысы төмен, жалғызбасты қарайласатыны жоқ азаматтардың тізімін жасап, назарда ұстап, қайырымдылық қорлары арқылы  көмектер беру, көктемгі жайылымға мал шығару, бақташысын және төлем ақысын бекіту, оның жыл аяғына дейін орындалуын қадағалау, округ аумағындағы мал дәрігерлері қызметкерлерінің жұмыстарын бақылау, жергілікті салық түсімдерін қамтамасыз ету, ақсақалдар алқасында, әйелдер кеңесі  мен төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялары қаралып, көптеген жұмыстар атқарылды.

    Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 05 қазандағы «Қазақстанның әл ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру »атты Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауын насихаттау мен түсіндіру бойынша үгіт керуеннің ауыл тұрғындарымен ауылдық округте 3 кездесулер өткізіліп, хаттамаланды.

    Жамбыл ауданы бойынша 2017 – 2018 жылдарына арналған білім беру мекемелерін материалдық техникалық базасын жабдықтау, білім беру сапасын дамыту үшін тиісті шаралар жасалынған.

    Ауылдық округтегі 2 білім беру ұйымдарындағы 21 сынып комплектінде 186 балаға 47 ұстаз білім беруде.

    Атап айтар болсақ Т.Тоқтаров орта мектебіндегі 11 сынып комплектінде 131 балаға 31 ұстаз білім берсе. А.Матросов негізгі мектебінде 10 сынып комплектінде 55 балаға 16 ұстаз дәріс береді.

    Әлеуметтік көмек алатын және көп балалы отбасыларының                           2-9 сыныптың 32 оқушысы бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.

    Т.Тоқтаров орта мектебіне Құмсуат ауылынан екі ауысымда 31 бала тасымалданып оқытылады.

    Білім беру саласының негізгі көрсеткіші ҰБТ қорытындысы болып табылады. Алдағы оқу жылында білім беру сапасын жақсарту және ҰБТ қорытындысын жоғарылату міндеті тұр.

    Төлеген Тоқтаров орта мектебінің 2017 жылы 7 оқушыҰлттық бірыңғай тестілеуге қатысып 88,43% көрсетсе, ал   2018 жылы 8 оқушы бірдей Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, орташа балллы  орташа баллы 92,8% болды. Осы жылы оқу сапасының артқандығы көрінуде.

    Қаржы игеру және салық түсімдері.

    2018 жылы округтің жұмысын қамтамасыз ету үшін бөлінген қаражаттар 24, 643  теңге толығымен игерілді. Игеру көрсеткіші 100 пайызды құрады. Жалпы жергілікті салық түрлері бойынша жоспарланған2017 жылға салық  түсімдері   322 000 теңге болса, артығымен  593 290 теңгеге өндірілді, ал 2018 жылы  351 000 теңге болатын, ал жиналғаны644 288 теңге  салықтық төлемдер түсті.  Округ бойынша салық төлемінен босатылғандар 22 азамат, жалпы сомасы 8349 теңге.

    Жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма – қол ақшаны бақылау шоттарына түскен қаражаттар бойынша 2018 жылдың 1 қаңтарына                    49,9 теңге қалдығы, 2018 жылы түскен сомасы 412,5 теңге, осының ішінен жалпы игерілгені 341,0 теңге, 2019 жылдың 1 қаңтарына қалғаны 135,4 теңге.

    Әлеуметтік қорғау және қамсыздандыру көрсеткіштері бойынша

    Ауылдық округ әкімі аппаратының ұйымдастыруымен және демеушілік еткен азаматтардың арқасында жағдайы төмен отбасыларға және көпбалалы аналарға жәрдем көрсетілді. 2018 жылы 18 жасқа дейінгі балаларға төленетін жәрдемақы 3 отбасынан 14 балаға    төленуде.

    Ауылдық округте жалпы 63 зейнеткер бар, олардың 21 ер, 42 әйел адамдар. Жалпы ауылдық округ бойынша 27 алтын алқа, 16 күміс алқа иегерлері бар.

    Ауылдық округте 17 мүгедектер тіркелген, олардың 3-уі бірінші топтағы, 9-ы екінші топтағы, 5-уі үшінші топтағы. Олардың ішінде екінші топтағы 3 адам жұмыспен қамтылған. 2018 жылы ақылы қоғамдық жұмысқа 5 адам жұмыспен қамтылды. Жастар практикасы аясында                        6 айлық мерзімге  2 жас мамандар  жұмыспен қамтылды.

     «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік дамытудың    2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы шеңберінде 2018 жылы шағын несие алу үшін 2 азамат аудандық жұмыспен қамту орталығына  құжаттарын өткізіп, «Қоңырбек» ш/қ-ның басшысы Құлжанов Талғат Қоңырбекұлы  «Игілік» бағдарламасы аясында 3 млн 300 мың теңге, ал «Нұрғасыр» ш/қ-ның басшысы Нұрлыбекова Бибигүл «Сыбаға» бағдарламасы аясында 11 млн теңге несие алды. Жалпы сомасы14 млн 300 мың теңге алды.

    Тоғызтарау ауылдық округі әкімі аппаратының жылдық жоспары бойынша әскери есепте 27 жасқа дейінгі тұрған азаматтардың саны- 22 азамат.

    2017 жылы әскер қатарына 4 азамат жіберілсе, 2018 жылдың көктемгі және күзгі мерзімдерінде Отан алдындағы борышын өтеп жатқандардың саны-3 азамат.

    Тоғызтарау ауылдық округі аумағындағы 2018-жылдың жаз айларында табиғи дала өрттерін және қыс мезгілінде апатты жағдай орын алған кезде қатысатын ерікті 12-жасақшы бар, сондай ақ 1-ауыл шаруашылық техникасымен келісім шарт жасап бекітілген.

    Денсаулық сақтау саласындаОкругтегі басты шаралардың бірі тұрғындардың денсаулығын қорғау және оны қадағалауда ұстау біздің басты назарымызда. Ана мен бала денсаулығын қадағалауда  да , барлық жүкті әйелдер мен жаңа босанған ана мен оның нәрестелерін бір жасқа және үш жас қа дейін арнайы бақылауға алынып, ауруларға қарсы егу толық қамтылған.0-5 жас аралығындағы балалар тегін дәрі-дәрмектермен қамтылған. Медициналық пункте денсаулығына байланысты 47 адам есепте тұр 2 медициналық пункті ауыл халқына қызмет көрсетуде. Есепті жылы ана мен 1 жасқа дейінгі  бала өлімі тіркелмеді. Ауруды алдын алу мақсатында ауыл, көше, есіктің алды тазалығы, өзіміздің көрік ажарымыз екендігін ескерсек, мұндай келеңсіз жағдай жеке бастың абыройы екендігін айтқым келеді. Аудан әкімдігі 2018ж 15 ақпан №69 және 2018ж 28 тамыз №654  Қаулыларын негізге ала отырып Көктемгі, күзгі көріктендіру, көгеріштендіру және санитарлық тазалық жұмыстары бойынша жұмыс жоспары бекітіліп, осы бағытта біршама іс-шаралар атқарылды. Атап айтсақ елді мекен тұрғындарымен тазалық денсаулық кепілі жөнінде түсінік жұмыстары жүргізіліп, тазалықты ұстауға көше комитеті сайланған. Көше бойына және қоғамдық орындарды ластамауға барлық елдімекен тұрғындарына ескерту қағаздары таратылған.

    Ауыл халқына 1 клуб, 1 кітапхана, мәдениет ошақтары қызмет көрсетуде.      Ауыл жастарының уақыттарын бос өткізбеу үшін және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында әдіскер спорт маманы, мәдени ұйымдастырушы  және  жастар ісі жөніндегі мамандардың құрған жылдық жоспарына сәйкес, дөңгелек столдар ұйымдастырылып, түрлі спорттық ойын жарыстары өткізілді.  Тәуелсіздігіміздің мерейтойлары және даталы мерекелері округ әкімі аппараты ұйымдастыруымен, қожалық басшылары және кәсіпкерлер қолдауымен жоғары деңгейде ұйымдастырылып аталып өтті.

    2018 жыл жалпы әр түрлі даталы мерекелік күндері, Наурыз және Жаңа жыл мерекелік іс-шаралар өткізілді.

    Ауылдық округтегі кітапханада кітап қоры6226 дананы құрайды. Оның ішінде, мемлекеттік тілде  4291 дана. Рабис бағдарламасына енгізілгені 3243 дана енгізілді оның 2863 қазақ тілінде, 380 данасы орыс тілінде.

    Ауыл шаруашылық саласы:

    2018 жылы егіс алқаптарына отырызылған егіс түрлері:

    Күздік бидай 100 га,жаздық арпа 150га, мақсары 50 га, көкөніс түрлері 18 га, бақша 5 га. Ауыл тұрғындарының әл-ауқатының артып келе жатқанының көрінісі, бұл өз иеліктеріндегі мал бастарының ұлғаюы, жеке сектормен қатар, малмен айналысатын шаруа қожалықтарындағы мал бастары жыл санап 3-5 пайызға өсіп келеді.

    Ауылдық округте 16 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Оның ішінде                     6 шаруашылық егін шаруашылғымен, қалған 10 шаруа қожалық мал шаруашылығымен айналысады.

     

    Ауылдық округте жалпы 2018 жылы 1127 ірі қара -2017 жылы 1030 өсім 96 бас. 2018 жылы 13021 қой-ешкі – 2017 жылы 10818, өсім 2203 бас. 2018 жылы  26 түйе – 2017 жылы 20, өсім 6 бас.2018 жылы 769 жылқы – 2017 жылы 598, өсім 171 бас.2018 жылы 1015 – 2017 жылы 1001, өсім 14 бас. 2018 жылы 27 бас-  2017 жылы 25 бас өсім 2 бас. Ауылдық округтің шаруашылық кітабына тіркелген.

    Малға қысқы азық дайындау барысында 207 тонна жем, 5775 тонна шөп дайындалды.

    Ауылдық округтегі малдарға эпизоотияға қарсы іс-шара жұмыстары жүргізілді.

    Тоғызтарау ауылдық округінде малдәрігерлік қызмет көрсететін үш лицензиялы малдәрігері бар. Нива автокөлігімен қамтамасыз етілген.

    Сарып ауруына тексеруге түскен 1020 бас  ірі қара мен  10716 бас ұсақ малдардан алынған қан сынамаларының қорытындысымен МІҚ- 4 бас малдан және 24 ұсақ малдан  сарып ауруы анықталды. Сарып ауруы шыққан  аулалардың қора жайларына залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді және аурулары шыққан уақ малдар иелерінен алынып, жойылды.

    Елді мекенде 27 қаңғыбас иттер ауланып, жойылды.

    Қылмыстың алдын алу

    Жамбыл ауданы әкімі аппаратының Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресті жүзеге асыру және сыбайлас жемқорлықты болдырмау, қылмыстың алдын алу шараларын жүзеге асыру мақсатында округ әкімі аппараты қызметкерлері мен басқада мекемелер және ауыл тұрғындары арасында жоғарыда көрсетілген іс-шараларды атқару үшін, бас қосу жиындары сонымен қатар мектеп жоғары сынып оқушыларымен дөңгелек столдар өткізіліп хаттамалар толтырылып тоқсан сайын жоғары органдарға мәліметтер уақытылы берілуде.

    Округте қылмыстық істер бойынша 2017 жылы 4 қылмыстық істер тіркеліп,    4 де ашылды. Оның екеуі мал ұрлығы және бұзақылық болатын. 2018 жылы      2 қылмыстық іс тіркелген болатын. Жаңа өткел ауылындағы Ж.Ожаубаевтың хабарламасы бойынша Ерназар ауылының тұрғынының жылқы малын ұрлағандығы туралы және Жаңа өткел ауылы Садыков көшесі №51 үйге ұрлыққа түсіп, ақша ұрланғандығы айтылып, екі қылмыста ашылды.

    Тоғызтарау ауылдық округі аумағында 2018 жылы атқарылған жұмыстар

    Жаңа өткел ауылындағы Ж.Садықов көш. Орташа жөндеуге 2.774 аудандық бөджет

    Тоғызтарау ауылдық клубын ағымды жөндеуге 2.000 аудандық бюджет Өңірлерді дамыту аясында

    Мал дәрігерлік пункті арналған үйді  сатып алуға 7.200 ауданыдық бюджет

    Өрнек – Тоғызтарау бағытындағы жолды орташа жөндеуге 93.141 Облыстық бюджет

    Тоғызтарау ауылының сумен қамтамасыз ету жүйелерінің құрылысын салу 174.398 Рес б

    мердігер компания «Сұңқар 2020» жетекшісі Жумабеков Данабек.

    Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!!!!

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района