100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Қарой ауылдық округінің әкімі Т.Тапжановтың 2018 жылғы атқарған жұмыстары туралы есепті баяндамасы.

    Пригородное  ауылы                                                                           01.02.2019 жыл

    сағат 12.00

    Құрметті Бақыт Алпысбайұлы!!!

    Құрметті есепті жиынға қатысушылар!!!

     Елбасының барлық деңгейіндегі әкімдердің халық алдындағы есеп беру кездесулерін өткізу жөніндегі 2016 жылғы 5 ақпанындағы №190 Жарлығына сәйкес, жыл басында өздеріңізбен кездесіп, Сіздердің алдарыңызда ауылдық округ аумағында 2018 жылы атқарылған жұмыстардың есебін және ағымды жылы атқарылатын бірқатар міндеттерді Сіздердің назарларыңызға ұсынбақпын.

    Қазақстан Республикасы «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы мен басқа да жоғарғы мемлекеттік органдардың актілерін басшылыққа ала отырып,  есепті мерзімде әкімі аппараты бекітілген жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылды.

    Ауылдық округке елдімекендер Пригородное және Кемел ауылдары кіреді. Округте 1262 аула-6107 адамды құрайды. Оның ішінде, Пригородное ауылында 1214 аула-5840 адам, Кемел ауылында 48 аула- 267 адам.

    Округ аумағында Ә.Әйтиев атындағы орта мектебі, 2 емдеу амбулаториясы, почта байланыс торабы, сауықтыру орталығы «Нұр-Әлім» балабақшасы орналасқан.

    Округте 13 дүкен,  2 дәріхана, 1 ауылдық кітапхана, 1 шағын кондитерлік цех, 1 тұшпара цехы, 1 наубайхана, 1 тіс емханасы, «Сауле» және «Жансая» моншалары, 1 көлік жуу орталығы, 1 авто көлік жөндеу орталығы (СТО), 1 тігін шеберханасы, 1 инкубатор, мал сою алаңы халыққа қызмет көрсетеді.

    Округ әкімі аппараты жанында түрлі бағытта жұмыс атқаратын комиссиялар құрылған.

    Азаматтардың өтініш-талаптарымен, хаттармен жұмыс

    Есепті мерзімде округ әкімі аппаратына түскен құжаттар саны 910,шығыс құжаттар саны – 850, ауылдық округ әкімінің шешімдері –71, өкімдері –121.

    Ауыл әкімінің жеке қабылдауына әртүрлі әлеуметтік мәселелермен          65 азамат жеке қабылдауда болды. Олардың өтініш-тілектері негізінен материалдық көмек көрсету, қаңғыбас иттерді ату, үй құжаттарын заңдастыру, табиғи газ кіргізу болды. Олардың сұраныстары негізінен қанағаттандырылса, қалғандарына мән-жайға байланысты түсіндірілді.

    Жыл ішінде заңды тұлғалардан 11 өтініш, жеке тұлғалардан 136  өтініш тіркелді. Бұл өтініштердің барлығы заң аясында шешімін тауып, жауаптары берілді.

    Округ әкімі аппараты Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарының 8 түрінен қызмет көрсетеді, оның ішінде «Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» бойынша 1 өтініш, «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар жоқтығы туралы анықтама беру стандарты бойынша     151 өтініш.

    «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тасмалдауды ұсыну» мемлекеттік қызмет стандарты бойынша 27 қызмет көрсетілді. Кемел ауылынан Макаренко орта мектебіне 55 оқушы тасымалданады.

    Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау стандарты аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы рәсімделеді.

    Ауылдық округ әкімдігіне шаруашылықтар бойынша кітабының электрондық нұсқасы «Е-халық» ақпараттық жүйесі енгізілген. Қазір барлық мәліметтермен  анықтамаларды интернет арқылы ала беруге болады.

    «Мекен жай» тіркелімі  бойынша

    Қарой ауылдық округі бойынша Октябрь ауылы –Кемел ауылы болып  қайта аталса, 71 көшенің 22 көшесіне қайта атау берілді.

    Облыс әкімінің 2018 жылғы 25 сәуірдегі № 50 хаттамалық тапсырмасына сәйкес, бюджеттен 600 мың теңге қарастырылып, игерілді. Округ бойынша      71 көшенің 38 көшесіне (53,5 %) жаңа үлгідегі аншлактар ілініп, жұмыстары аяқталды.

    Әскери қызмет

    Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына сәйкес 2002-2003  жылдары туылған  68 жасөспірім диспанцерлік сараптамадан өтіп, 2001 жылғы 36 азамат есепке алынды, 1991-2000 жылы туылған 80 азамат дәрігерлік сараптамадан  өткізілді. Олардың ішінен 16 азамат әскерге жарамды болып,  әскер қатарына алынды. Жылдық жасақ –16, жоспар 100%-ға орындалды.

    Тұрғын үй құрылысы

    Округ бойынша өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін 270 азамат  жер кезегінде тұр. Келешекте бас жоспарға сәйкес жер телімдері кезектілік арқылы берілетін болады.

    Ауылдық округ тұрғындары электр қуатымен, табиғи газбен толық қамтылған. Кемел ауылына газ тарту 2015-2030 жылдарға бас жоспарға енгізілген.

    «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында орталықтандырылған ауыз су жүйесі 2018 жылы пайдалануға берілді. Пригородное ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету жүйесін қалпына келтіруге жалпы сметалық құны 2 179 585 мың теңге, Республикалық бюджеттен 1 280 208 теңге бөлінді. Қазіргі таңда 403 аула Жамбыл ауданы әкімдігінің «Аса-су» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен келісім-шартқа тұрды.

    Сот шешімімен коммуналдық меншікке берілген округ аумағына қарасты ұзындығы «Бортөбе»-5,4 шақырым, «Байбатыр-1»-3,4 шақырым, «Байбатыр-2»-4,6 шақырым каналдардың құжаттары рәсімделіп, толықтай аяқталды.

    Округте қысқы жылыту маусымы қалыпты жағдайда өткерілуде, әлеуметтік нысандардың қазандықтары табиғи газға көшірілген, балама отын көздерімен қамтылған. Қазандықтарға «Жамбыл-Жылу» МКК қызмет көрсетеді.

    Округтегі почта байланыс торабына жылу жүйесі жүргізілмеген. Бұл туралы аудандық почта байланыс торабының басшысына бірнеше рет хат жолданды.

    «Жасыл-аймақ» көркейту көгалдандыру іс-шарасының орындалуы 

    Санитарлық тазалық жұмыстары өз деңгейінде жүргізілуде. Ауылдық округі бойынша 2018 жылы 7 жиын өткізіліп, 19 сенбілік ұйымдастырылып, 637 адам қатысты. Ауылдың ішкі көшелерінде тазалықты қамтамасыз ету мақсатында «Тазалық» ЖШС-мен тұрмыстық қатты қалдықтарды тасмалдауға келісім-шартқа тұрып, аптасына 3 рет үй-үйден көшеге шығарылған қоқыстарды шығару ұйымдастырылған. Қамтылған  аулалардың саны 700.

    Тасымалдау тарифі әр аулаға айына 400 теңгеден белгіленді.

    Ауыл бәрімізге ортақ, тазалық-денсаулық кепілі деп, ауылды таза ұстауға тырысайық. Сіздер ауыл тұрғындары осыған бірауыздан атсалыссаңыздар.

    Қоғамдық көлік қозғалысы туралы

    Ауылдық округ пен Тараз қаласына  №16, 20  маршрутты автобус қатынайды. №16 маршрутты автобусы биыл Абай көшесінің бойындағы темір жолға дейін ұзартылған болатын. № 16 маршрутты автобустың жүру интервалы 7-8 минут, № 20 автобус сирек жүруіне байланысты «Сапар-Транс 2012»     ЖШС-нің басшысы Б.Адиловқа хат жолданды.

    Әлеуметтік көмектер

    2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап енгізілетін жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақы тағайындау рәсімін едәуір жеңілдетіп, оны алушыларды барынша қамтуға мүмкіндік берді.

    Мемлекеттік көмекті алуға мұқтаж және жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу қағидалары туралы ақпарат алғысы келетін азаматтардың негізгі бөлігі аудандық «Жұмыспен қамту» орталығына  жүгінеді.

    • Атаулы әлеуметтік көмек 129 отбасыға тағайындалып, жалпы сомасы мемлекет тарапынан 21 949 572 теңге қаражат бөлінді.

    Есепті мерзімде тұрмысы төмен отбасыларына, жалғыз ілікті қарттарға, көп балалы отбасыларына округтегі азаматтардың қолдауымен көмектер көрсетілуде.

    Атап айтсақ, жыл аяғында 5 отбасының әрқайсысына 2 тонна көмірден және азық-түлікпен қамтамасыз етілді, 10 отбасына азық-түлікпен көмек берілді. Сонымен бірге «Жансая» балалар үйіне азық-түлікпен көмек көрсетілді. Осы орайда шаруа қожалық басшылары А.Мадалиевке, К.Алтаевқа, ақсақалдар алқасының төрағасы М.Баталовқа және округ аумағында орналасқан көмір базасының басшысы, жеке кәсіпкер М.Иманалиевке алғыс айтамыз.

    Тәртіп пен реттілік

    Ауыл әкімдеріне жаңадан берілген құзірет бойынша  қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұратын адамдары жүмысқа орналастыру, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету, сондай-ақ, кәсіпқой емес медиаторлар тізімін жүргізу жүктелген.

    Қарой ауылдық округінде Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің 2 учаскелік полиция инспекторлары және бір ювеналдық полиция тобының учаскелік  полиция  инспекторы  қызмет көрсетеді. Уческелік полиция пункті компьютермен, интернетпен, телефонмен, қажетті құрал-жабдықтармен және бір қызметтік көлікпен қамтамасыз етілген.

    2018 жылғы ауылдық округ бойынша жалпы тіркелген қылмыс саны 30, ашылған қылмыс 14, ашылмаған қылмыс – 16. Бөтеннің мүлкін ұрлау-26. Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 263 азаматқа учаскелік полиция инспекторларымен әкімшілік хаттама толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ауылдық округте құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында Пригородное ауылдың кіреберісі мен орталық алаңына аудандық бюджеттен    2 300 000 теңгеге 2 (екі) бейнебақылау қондырғылары орнатылды.

    Ауыл шаруашылығы саласы

    Округтегі жалпы жер көлемі –5791,4 га. Елді мекендер жері –501,4 га. құраса ауыл шаруашылық алқаптары – 4926, 4 га, 363,6 га өзге жерлерді құрайды.

    Ауылшаруашылық алқаптары егістік-1626,33 га, оның ішінде – суармалы-945 га, тәлім-681,1 га. Шабындық – 283 га. жайылымдық – 3017 га.

    Нақты егілген дақылдар көлемі 2018 жылы 30 га күздік бидай, 100 га арпа,       48 га картоп, 10 га бақша, 897 га мал азықтық дақылдары, 33 га сүр, 80 га жүгері, 492 га көкөніс егілді. Қант қызылшасы 5,0 га егіліп, қант қызылшасынан           76 тонна жиналды.

    Бүгінгі таңда 120 шаруа қожалықтары тұрақты жұмыс атқаруда.

    Зерделеу барысында округ аумағында 6 га егістік жер шаруа қожалықтар тарапынан игерілмей отыр. Өздеріңізге мәлім заң аясында игерілмей жатқан жерлердің салығы  10 есе мөлшерде төлеу көзделген.  Биылғы жылы бұл жұмыс қатаң бақылауда болып, түгендеу жұмыстары жүргізілуде.

    Ауыл шаруашылық кооперативтерін құру бойынша округ аумағында «НҰРАЛҒА-2017» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі құрылды, басшысы Ж.Турегелдиев, негізгі бағыты егін шаруашылығы. Сонымен қатар, «БекАйдар» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі құрылды, басшысы Б.Молдабеков. Негізгі бағыты егін шаруашылығы және болашақта мал шаруашылығымен айналысу жоспарлануда.Алайда жалпы  шаруа үшін несие алу  қиындықтар туғызуда, кооператив жұмысын жандандыру қажет.

    Округтегі мал шаруашылығын өркендетудегі де табыстарымыз жаман емес. Бұл жерде әр үйдің жекеше малы туралы айтып отырмыз. Жасыратыны жоқ, округ төңірегі негізінен егістік жер болғандықтан мал ұстауға қолайлы емес, жайылым аз. Соған қарамастан, ел иелігіндегі мал басы жылдан жылға өсе түсуде.

    Округте барлығы 1588 мүйізді ірі қара, 2648 бас қой-ешкі, 332 бас жылқы, 3086 дана үй құсы тіркелген.

    Осы жұмыстарды орындау, атқару  мал дәрігерлерінің еңбегі. Бұл салада басты бағыт халыққа мал аурулары туралы үнемі түсінік беріп, аурудың алдын алу жолдарын насихаттау болып саналады.  Округ аумағындағы барлық мал басы мемлекет тарапынан емдеу-егу (вакцинация) жұмыстары жүргізіледі.

    Қазіргі таңда округтегі барлық мал басы ауылшаруашылық жануарларын бірдейлендіру деректер базасына енгізіліп, үй шаруашылықтар кітабымен сәйкестендірілуде.

    Қозы етін экспортқа өткізу жоспар бойынша 1,5 тонна болған. 427 бас қозы етінен 7 тонна 686 кг қозы еті Меркі ет зауытына өткізіліп, жоспардан       5 есеге артық орындалды.

    Жамбыл ауданы әкімі мен Қарой ауылдық округінің әкімі арасындағы 2018 жылға арналған негізгі индикаторлық көрсеткіштердің толығымен орындалды. Яғни:

    1. Егістік жерлерді игеру жоспарға сәйкес толығымен 100 %-ға орындалды.
    2. Бюджеттің кіріс және шығыс бөліктеріне күнделікті зерделеу жұмыстары жүргізіліп, тұрақты бақылауда болды.

    Салық төлемдердің орындалуы

    2018 жылдың 01 қаңтарынан бастап 4-ші деңгейдегі бюджет бекітіліп, өз жұмысын бастады. Бұл дегеніміз ауылдық округ әкімдерінің дербес бюджетін жасақтау.

    Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің кейбір баптарына өзгерістер енгізілген. Соған сәйкес жеке тұлғалардың мүлік және жер салықтарының есептелінуі салық органдарымен есепті кезеңінен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей жүргізіледі делінген. Сонымен қоса, салықтардың төленуі есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірмей жүргізілді.

    Салықтық түсімдер (жер, мүлік, көлік) аудандық кірістер басқармасымен салыстырылып, салық жинау жұмыстары жүргізілуде.

    Ауылдық округке түсетін салықтық және салықтық емес түсімдердің бекітілген бюджетінің өсімі – көрсеткішке сәйкес 111 пайызға орындалды. Жоспар – 10 млн. 880 мың теңге, орындалғаны – 12 млн. 043 мың теңге.

    1. Ауылдық округінің бюджетінің игерілуі көрсеткіші – 100%.
    2. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының орындалуы бойынша 101 азамат жұмыспен қамтылды. Оның ішінде, 34 азамат қысқа мерзімдік оқудан өтті, 8 азамат бастау бизнесін оқығандар және 4 азамат шағын несие алғандар, 2 азамат жастар тәжірбиесімен өткендер, 8 азамат ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылғандар, 45 азамат тұрақты жұмыс орындарына орналасты.

    2018 жылы 5 шаруа қожалық мемлекет тарапынан басым бағыттағы несие бойынша 2018 жылы ЖШС «Дихан» бойынша ЖК «Әліби» М.Оспан 4 млн. теңге, «Игілік» бойынша ЖК «Капашов» Б.Капашов 4млн. теңге, ЖК «Абылайхан» Б.Заурбеков  4млн. теңге, ЖК «Зет» З.Сапаров 4млн. теңге, ЖК «Меллиса» Н.Халидова 4млн. теңге көлемінде  жеңілдетілген несие алды.

    Денсаулық саласы 

    Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың  Қазақстан халқына арналған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен Тұрмыс сапасын арттыру»  Жолдауында медициналық қызметтің сапасы халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің аса маңызды компоненті болып саналатынын және ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігі туралы атап өтілген.

    Медициналық қызмет сапасын арттыру бойынша инновациялық әдіс-тәсілдері енгізілуде, жаңа ғимараттар мен нысандар ашылуда.

    2018 жылғы 30 қарашада денсаулық сақтау нысанының бірі Пригородное дәрігерлік амбулаториясының ашылуы.

    Мектеп және мектепке дейінгі тәрбие 

    Ауылдық округте А.Әйтиев атындағы орта мектептегі оқушылар саны- 960.      0-сыныптағы оқушылар-46. Қызметкерлер мен мұғалімдер саны-103. Мектепте тұрмысы төмен және көпбалалы от бастарының балаларына бір мезгіл ыстық тамақ беріледі. Мектептегі ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін балалар саны – 75, оларға 675 000 теңге және 1-ші сынып оқушылары 100, оларға 837 000 теңге көлемінде қаражат бөлінді.

    Ә.Айтиев атындағы орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, облыстық бюджеттен 104 167 теңге қаражат бөлінді. Сонымен қатар,  Ә.Айтиев атындағы орта мектебінің ішкі жылу жүйесін ағымды жөндеуге    8 990 мың теңге, әжетханасын ағымды жөндеуге 1 631 мың теңге аудандық бюджеттен бөлініп, жұмыстар толықтай аяқталды.

    «Ә.Әйтиев» атындағы орта мектебінің жанынан ашылған шағын орталықта 75 бала, сондай-ақ 2016 жылы ашылған сауықтыру орталығы «Нұр Әлім» бала бақшасында 280 бүлдіршін тәрбиеленуде. 2018 жылы «Нұр Әлім» мектеп-бала бақшасында 50 балаға арналған 2 сыныптық қазақша-орысша бастауыш мектебі ашылды.

    Әлеуметтік  сала.

    Ауылдық округтегі мәдениет қызметкері, ауыл кітапханашысы, мәдени ұйымдастырушы, әдіскер және жастар ісі жөніндегі кеңесші маман ауыл жастарымен әртүрлі ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуде. Жалпы ауылдық кітапхананың кітап қоры  8601 болса оның ішінде 3665 қазақ тілінде. Пригородное ауылдық кітапхананың оқырмандар саны -620 адам. Интернет оқырман саны 57. Келушілер саны 4245, кітап берілімі 10762.

    Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау, ынталандыру  мақсатында кітапаханада 2017 жылдан бері «Жанашыр» жобасы жұмыс атқарады.

    Сондай ақ «Кітапқұмарлар» қызығушылық клубы 2017 жылдан бері жұмыс жасайды. Ауыл арасында өткізілген жалпы мәдени ірілі- кішілі 28 іс-шаралар өтті, жалпы іс-шараға қатысқан адам саны 638, оның ішінде жастар мен өткен іс-шараларға қатысқан адам саны 405, көпшілік ауыл тұрғындары мен өткізілген іс-шараға қатысқан адам саны 233. Қазіргі таңда «Жас ақын, жаңа ғасыр, жаңа жыр» жас ақындар, «Алтын оймақ» қолөнер үйірмелері жұмыс атқарады.

    Құрметті есепті жиынға қатысушылар!

    Қарой ауылдық округі әкімі аппаратының 2018 жылға арналған шығыстары 44 млн. 554,0 мың теңге көлемінде жоспарланып, толықтай игерілді;

    Сондай-ақ «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға              аудандық бюджеттен 4 млн. 299 мың теңге қаралған.

    «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша әлеуметтік нысандардың алды жарықтандырылды, Жұмсалған қаржы  көлемі 2 млн. 999 мың теңге, жөндеу жұмысын мердігер «РПТ Тараз» ЖШС жүргізді.

    Үнемделген қаражат 1 159 821 теңге  қауымдастық мүшелерінің жалпы жиынында мақұлданған. Пригородное ауылының 3 Абай көшесіне ағымды жол жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмысын мердігер «Нұрлы жол» ЖК жүргізді.

    Жалпы қаражаттан үнемделген  140 000 теңге көлеміндегі қаржы бюджетке  кері қайтарылды.

    «Мемлекеттің күрделі шығыстары» бағдарламасы есебінен Б.Бекназаров көшесіне              1 млн.438 мың теңгеге ЖК «Сұлтанғали» және О.Тәттібаев көшесіне 1 млн. 130 мың теңгеге ЖК «Балнұр» электр трансформаторы алынды.

    Құрметті есепті жиынға қатысушылар!

    Өткен жылға атқарылған жұмыстар шамамен осындай. Бірақ әлі де атқарылыр істер көп.

    Ендігі кезекте 2019 жылға жоспарланған қаржы жоспары бойынша тоқталып өтпекшімін.

    1. «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша Кемел ауылынан оқушыларды мектепке тасмалдауға яғни, автобус сатып алуға 11 млн. 200 мың теңге қаражат қаралып отыр.
    2. Е.Келдіғұлұлы көшесінің екі бұрылысына «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында ЛЭП-0,4кВ, ЛЭП-10кВ трансформаторларды орнатып бағаналар мен электр желілерін жүргізуге 4 млн теңге қаралды.
    3. Әкімшілік ғимаратының пандусын ағымды жөндеуге 329 мың теңге көлемінде қаражат қаралды.
    4. Көше жарықтандыруға техникалық қызмет көрсетуге 751 мың теңге қаралды.
    5. Округке қарасты Пригородное ауылы бойынша 2019 жылға 5 көшеге ағымды жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, бюджетке ұсынылды. Барлығы 7 377 000 теңге көлемінде қаражат қаралған. Атап айтар болсақ,
    • 2-ші Абай көшесіне-1 652 000 теңге;
    • Е.Келдіғұлұлы көшесіне-1 697 000 теңге;
    • А.Қожамқұлов көшесінің 1 бұрылысына-1 987 000 теңге;
    • Б.Бекназаров көшесінің 1 бұрылысы-910 000 теңге;
    • Б.Бекназаров көшесінің 2 бұрылысы-1 131 000 теңге.

    Округке қарасты көшелерді жөндеу жұмыстарын жүргізу алдағы уақытта кезең-кезеңімен жүргізілетін болады. Бұл жоғарыдағы 2019 жылға жоспарланған қаржылар аудандық бюжеттен қаржыландырылатын болады.

    Құрметті қауым!

    Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы  «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында алдағы жылдарда еліміздің одан ары өсіп, өркендеуіне нақты жоспарлар жасалып, оған жетудің жолдарын Үкімет мүшелері мен түрлі деңгейдегі әкімдерге тапсырды.

    Жолдауда жүктеген міндеттерді, Елбасының ой-тұжырымдарынан туындаған тапсырмаларды абыроймен, береке-бірлікпен орындауға атсалысайық, ағайын. Көш-керуенімізді әлемдегі дамыған елдерден қалдырмай «Мәңгілік елге» батыл қадам басайық.

     

    Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района