100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Қарасу ауылдық округінің әкімі С.Селеубаевтың 2018 жылғы атқарған жұмыстары бойынша халық алдындағы есеп беру кездесуінің баяндамасы

    Құрметті, Бақыт Алпысбайұлы

    және ауыл тұрғындары !

    №1-2 слайд.

    Елбасының барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы есеп беру кездесулерін өткізу жөніндегі 2016 жылғы 5 ақпандағы                          №199 Жарлығына сәйкес, жыл басында өздеріңізбен кездесіп, ауылдық округ көлемінде атқарылған жұмыстарды, алдағы маңызды деген бірқатар міндеттерді Сіздердің назарларыңызға ұсынамын.

    Қарасу ауылдық округінің аумағында Ащыбұлақ және Шайдана елді мекендері мен «Көделі», «Мойынқұм» мал жайылымдары орналасқан.

    Сондай-ақ, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, ауылшаруашылығы және басқа да әлеуметтік нысандар ауыл тұрғындарына үздіксіз қызмет көрсетуде.

    №3 слайд.

    Атап айтқанда, «Қ.Сартбаев» атындағы орта мектебі, «Шайдана» бастауыш мектебі, «Жауқазын» бөбек-жайы, «Ащыбұлақ» дәрігерлік амбулаториясы, пошта байланыс бөлімшесі, 2-кітапхана, 2-клуб және ауылшаруашылығы саласымен айналысатын «Пионер» Ө/К мен 67 шаруа қожалықтары өз жұмыстарын жалғастыруда.

    №4 слайд.

    Ауылдық округтің жалпы жері -2407 гектар.

    Ауылдық округ аумағында халық саны – 2220 адам.

    Аула саны – 347

    Зейнеткерлер саны – 165

    Мүгедектер саны – 56

    Соғыс ардагерлері – жоқ

    Ауған соғысына қатысқандар – 3

    Семей полигонына қатысқандар саны – 3

    №5-6 слайд.

    Жалпы, ауылдық округте – 89 «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері бар. Оның ішінде «Алтын алқа» белгісімен марапатталған        60 ана болса, «Күміс алқа» белгісімен марапатталған – 29 ана.

    №7 слайд.

    Ауылдық округ бойынша барлық жер көлемі – 31116 га,                 егістік – 2135 га, (оның ішінде суармалы-1704, тәлімдік-431 га) жайылым 25260 га және шабындық – 1314 гектарды құрайды.

     №8 слайд.

    2018 жылы Қарасу ауылдық округі әкімінің аппаратында барлығы      23 азамат қызмет атқарса, оның ішінде 6 мемлекеттік қызметкер және келісім-шарт негізінде 17 азамат.

    Ауыл әкімі мен аппарат қызметкерлері Қазақстан Республикасы  Президентінің Жарлықтарын орындау мақсатында, салауатты өмір салтын қалыптастыруына және ауылдың өсіп-өркендеуіне, халықтың    әл-ауқатын арттыруына сондай-ақ, ауылды көріктендіру, көгеріштендіру және санитарлық тазалығын сақтауда тиісті жұмыстарды ұйымдастыруда.

    Ауылдық округ әкімі аппаратының мамандарына өздерінің атқаратын жұмыстары мен функцияналдық міндеттері бөлініп беріліп,  әр маман өздеріне берілген міндеттерді тиісті деңгейде атқаруда.

    Округ әкімі аппаратында жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарлар жасалып, бекітілген және олардың орындалуы қатаң бақылауға  алынған.

    №9-10 слайд.

    2018 жылы ауылдық округ әкімі аппаратында 172 өкім, 41 шешім шығарылып, жеке тұлғадан 34 және заңды тұлғадан 1 жазбаша өтініш түсіп, түскен өтініштерге өз мерзімінде тиісті жауаптары берілді.

    Сонымен қатар, жоғарғы органдардан – 962 кіріс хат кіріске алынып, 1110 шығыс құжаттары рәсімделген, ауызша өтініштермен келген                   298 азаматқа әртүрлі анықтамалар беріліп, барлығына өз уақытында тиісті жауаптар берілді.

    №11 слайд.

    Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 ж.ж арналған бағдарламасы бойынша.

    Ауылдық округ аумағындағы жұмыссыз азаматтарға өз кәсібін ашуға нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың                2017-2021 ж.ж арналған бағдарламасының 2-ші бағыты бойынша биылғы жылы барлығы 13 азамат мемлекет тарапынан 63 млн. 300 мың теңге қаражат алған, оның ішінде (1млн. мен 4 млн. аралығында) 10 азамат            34 млн. 300 мың теңге, (4млн. мен 12.млн аралығында) 3 азамат 29 млн. теңге несие алып, ауылшаруашылығы саласын дамыту мақсатында мал басын көбейту, мал бордақылау алаңдары мен сүт фермаларын құруға бет бұрып өз істерін жалғастыруда.

    №12 слайд.

    Халықты әлеуметтік қорғау және қамсыздандыру шаралары бойынша округтегі халықты әлеуметтік қорғау, жұмыссыздық пен кедейшілікті төмендету мақсатында бірқатар жұмыстар жалғасын табуда.

    Ауылдық округтегі көп балалы отбасыларына берілетін жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген азаматтар мемлекет тарапынан тиісті жәрдемақыларды алды.

    Атап айтқанда, 2018 жылы 41 отбасыға, 9 млн. 532 мың 908 теңге жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек берілді.

    №13 слайд.

    Ауылдық округте бойынша қысқа мерзімдік кәсіптік оқу курсынан             15 азамат, жастар практикасынан 12 азамат өтсе, ақылы қоғамдық жұмыстарға 10 азамат алынып, бастау бизнес кәсіпкерлік негіздері бойынша 12 азамат, 2 азамат әлеуметтік жұмыс орындарымен, 55 азамат тұрақты жұмысқа орналасты.

    №14 слайд.

    Ауылдық округтегі 2 елді мекенде 5 жеке меншік дүкен иелері өз істерін жалғастыруда. Олар ауыл тұрғындарын қажетті халық тұтынатын әртүрлі  тауарлармен, азық-түлікпен  қамтамасыз етуде.

    №15 слайд.

    Салықтық түсімдері бойынша.

    Ауылдық округ бойынша 2018 жылдың қорытындысымен салық төлеу жөніндегі мәліметтер төмендегіше:

     

    Салық түрлері Жоспар Нақты жиналғаны Орындалу пайызы
    1 Жеке табыс салығы 101202 115 000 148 022 128,7
    2 Мүлік салығы 104102 20 000 28 830 144,1
    3 Жер салығы 104302 185 000 187 245 101,2
    4 Заңды тұлға жер салығы 104309 0 8 889
    5 Заңды тұлға көлік салығы 104401 0
    6 Жеке тұлға көлік салығы 104402 3 500 000 4 202 531 120,1
      Барлығы:   3 820 000 4 575 517 119,7

     

    №16 слайд.

    Көктемгі, күзгі әскер қатарына шақырылатын азаматтар белгіленген кестеге сәйкес аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге уақытында жеткізіліп, арнайы дәрігерлік тексеруден өткізілді.

    2018 жылдың көктемгі әскер қатарына шақырылымына жоспар бойынша 5 азамат берілді. Нәтижесінде жоспар 120 % орындалып                         6 азамат әскер қатарына жіберілді. Ал, күзгі әскер қатарына шақырылымы бойынша берілген 5 жасақ 100 % ға орындалып, жалпы жыл бойына барлығы 11 азамат әскер қатарына алынды.

    Ауыл шаруашылығы бойынша.

    №17 слайд.

    Конго-Қырым қанды безгегінің алдын алу мақсатында Шайдана ауылындағы – 136 аулаға барлығы – 95200 шаршы метр жерге және ауыл тұрғындарының жеке малдарына (мүйізді ірі қара 330 бас, уақ мал           1983 бас, 15 бас жылқы) 3 мәрте дизинсекция жұмыстары жүргізілді.

    №18 слайд.

    Ауылдық округтегі ауыл тұрғындарының 2019 жылдың 1 қаңтарына мал басы бойынша мүйізді ірі қара – 2095 бас, жылқы – 2046 бас,                қой-ешкі – 19928 бас және үй құстары – 904 басты құрап отыр.

    №19 слайд.

    2018 жылы округ аумағындағы барлығы – 3388 бас мүйізді ірі қарадан, – 32958 бас уақ малдан, – 15 бас жылқыдан және – 30 бас иттен түрлі ауруларды анықтау үшін қан алынды. Нәтижесінде – 45 бас уақ малдардан және 1 бас мүйізді ірі қарадан сарып ауруының сынамалары табылып, Тараз қаласындағы арнайы орындарда сойылды. Мал иелеріне мемлекеттің белгілеуі бойынша қаржы берілді және осы ауру бойынша             14 нысанға 4000 мың шаршы метр аумаққа дизинфекция жұмыстары жүргізілді.

    Сондай-ақ, – 16500 бас уақ малға, – 1200 бас мүйізді ірі қара және              17 жылқы малдарына бірдейлендіру жұмыстары жүргізілді.

    Ауылдық аумақты дамыту барысында ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттыру мақсатында ауылдық округтегі «Пионер» Ө/К-і мен 67 шаруа қожалықтардың тарапынан төмендегіше жұмыстар атқарылды.

     №20 слайд.

     «Пионер» Ө/К-де бүгінгі таңда, 50 азамат жұмыс жасап, 2018 жылы мына төмендегі көрсеткіштермен аяқтады.

    Қазіргі таңда, «Пионер» Ө/К-де барлығы – 16032 га. жерді құрайды.Оның ішінде егістік жері – 1100 га. Өткен жылы – 485 га жерге ақ егіс егіп, әр гектардан – 12,0 цн. өнім алды.

    №21 слайд.

    Атап айтсақ, – 220 га жерге бидай егіліп, әр гектардан -13,1 цн, 265 га. жерге арпа егіліп, әр гектардан – 10,8 цн, – 177 га жерге мақсары егіліп, әр гектардан – 2,3 цн. және – 40 га. жерге қант қызылшасы егіліп, оның ішінде шығымдылығы 22 га әр гектарынан 200 цн. өнім жиналды.

    №22 слайд.

    2019 жылы ақ егіс егу үшін – 60 тонна арпа тұқымы және – 2,7 тонна мақсары тұқымы дайындалды. Өткен күз айында – 250 га жерге күздік бидай егілді. Оның ішінде 40 га «Атамұра» ш/қ үлесінде.

    №23 слайд.                    

    2018 жылдың қорытындысы бойынша мал азығын дайындау мақсатында – 80 га жерге жоңышқа егіліп, – 150 тонна жоңышқа,  780 тонна табиғи шөп дайындалды.

     №24слайд.                                   

     «Пионер» ӨК-де – 2481 бас қой, – 18 бас жылқы сақталып, қазіргі таңда «Мойынқұм» мал жайылымында қыстатылуда.

    №25 слайд.

    2018 жылы – 9 тонна 100 кг жүн қырқылып, әр бас қойға шаққанда                3,5 кг биязы жүн алынды, мемлекет тарапынан биязы жүн үшін 1 млн.                  200 мың теңге субсидия  берілді.

    «Пионер» Ө/К-і жалпы мемлекет тарапынан 6 млн 222 мың 500 теңге көлемінде субсидия алды.

    №26 слайд.

    Округтегі орналасқан 67 шаруа қожалық басшылары өз шаруашылықтарында еңбек етуде.Олар егін және мал шаруашылығымен айналысуда.

    Қазіргі таңда, барлық шаруа қожалықтардың жалпы жер көлемі            14 мың 812 гектарды құрайды.

    Оның ішінде егістік жері – 2059 гектар. Егілген көп жылдық жоңышқа – 352 га, -186 га жерге арпа егіліп, әр гектардан – 11 цн, -30 га жерге бидай егіліп әр гектардан – 13,1 цн, – 145,3 га жерге мақсары егіліп әр гектардан – 9,1 цн, – 6,5 га жерге «Бірлік» Ш/Қ қант қызылшасын егіп, әр гектардан             290 цн өнім алды. 2 га жерге «Бек» Ш/Қ қант қызылшасын егіп, әр гектардан 200,8 цн өнім алды. 1,5 га жерге «Әсем» Ш/Қ қант қызылшасын егіп, әр гектардан 480,6 цн өнім алды.

    Ауылдық округ бойынша мемлекет тарапынан асыл тұқымды мал сатып алғаны, селекцияның асылдандыру жұмыстары және т.б бойынша қаржылай көмектер алған шаруа қожалықтар:

    ШҚ атауы Селекцияның асылдандыру жұмыстары үшін
    1 «Пионер» ӨК – 2009 бас МУМ 2500 теңге
    2 «Шынғыс» ЖК – 700 бас МУМ 1500 теңге, 29 бас МУМ 8000 теңге, 62 бас МІҚ 10 000 теңге
    3 «Әлібек» ЖК – 30 бас МУМ 2500 теңге, 8 бас МІҚ 10 000 теңге
    4 «Әсем» ШҚ – 300 бас МУМ 1500 теңге, 14 бас МУМ (қошқар) 8000 теңге
    5 «Нүркен» ШҚ – 6 бас МІҚ 30 000 теңге

     

    Қазіргі таңда, «Нүркен» Ш/Қ әр бас мүйізді ірі қарадан алынған сүт өнімін тиісті орындарға өткізуде.

    2018 жылы «Оңтүстік Халал Тағамдары» ЖШС ет комбинатына қозы етін өткізу бойынша белгіленген жоспарға сәйкес округ аумағынан 153 бас қозы өткізіліп, әр басына мемлекет тарапынан 3000 теңгеден субсидия берілді.

    Ауылдық округ аумағынан 4 азамат біріге отырып, «БББ» көкөніс сақтау мақсатындағы ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі құрылған.

    Алдағы уақытта адамзат баласына деген қамқорлық пен қарапайым халықтың игілігі жолындағы сан-саналы іс-шаралардың саны да, сапасы да арта түспек.

    Өздеріңізге белгілі, әр өңірдің экономикалық даму басымдықтары Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың дәстүрлі Жолдауларында қойылған міндеттер мен қабылданған бағдарламаларға сай айқындалады.

    №27 слайд.

    Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы  «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында алдағы жылдарда еліміздің одан ары өсіп, өркендеуіне нақты жоспарлар жасалып, оған жетудің жолдарын Үкімет мүшелері мен түрлі деңгейдегі әкімдерге қадап тапсырды.

    Елбасының жыл сайынғы Жолдаулары бір-бірімен байланысып жатады, ең бастысы елімізде тұрақтылықты сақтап, халықтың әл ауқатын одан ары жақсарту мақсатында жыл санап әлеуметтік жеңілдіктер артып келеді.

    №28 слайд.

    Сонымен қатар, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында а/о әкімі аппаратында арнайы тақтайша (стенд) орналастырылып, округ аумағындағы білім беру, мәдени мекемелер тарапынан түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.

     

     

    №29 слайд.

    Білім беру саласы бойынша.

    Ауылдық округ аумағындағы «Қ.Сартбаев» атындағы орта мектеп қазіргі таңда талапқа сай жабдықтармен толық қамтамасыз етілген, компьютерлер интернетке желісіне толығымен қосылған.

    №30 слайд.

    Аталған мектепте – 55 мұғалім жұмыс  жасап, дәріс беруде.

    Әртүрлі жұмысшылар саны – 35

    №31 слайд.

    2017-2018 жылғы оқу жылында – 375 оқушы білім алса,                  2018-2019 жылы – 364 (даярлық-28) оқушы білім алуда.

    Сондай-ақ, 1 сыныптағы -32 оқушыға және жағдайы төмен көпбалалы отбасыларынан шыққан -35 оқушыға, жалпы барлығы – 67 оқушы бір мезгіл тегін ыстық тамақпен  қамтамасыз етілген.

    №32 слайд.

    2017-2018 оқу жылында барлығы – 20 мектеп бітірушілердің Ұлттық біріңғай тестілеуге -14 қатысып, яғни 70% -1 оқушы «Алтын белгіге» ұсынылып, қорғап шықса, -3 оқушы қызыл аттестат алды.                       Оның ішінде -11 оқушы мемлекеттік грант бойынша оқуға түскен. Жалпы ҰБТ қорытындысы орташа балы – 105,8 пайызды құрап, аудан көлемінде             7 орынға тұрақтады.

    №33 слайд.

    2018 жылдың тамыз айында «Нұр Отан» партиясы Жамбыл аудандық филиалының ұсынысымен «Қ.Сартбаев» атындағы орта мектепте жағдайы төмен отбасылардың балаларын мектепке арналған құрал-саймандарымен, киімдермен қамтамасыз ету мақсатында «Мектепке барар жол» атты қайырымдылық акциясы болып өтті.

    №34-35 слайд.

    Аталған акцияға ауылдың ілкімді азаматтарының демеушілігімен қаржылай қаражаттар түсіп, жағдайлары төмен отбасылардың балаларына оқу құралдары мен киім-кешектер сатып алынып берілді.

    Сонымен қатар, өткен жылы «Пионер» Ө/К мен түрлі Ш/Қ басшыларының демеушілігімен аз қамтамасыз етілген отбасылары мен жартылай жетім, жалғыз басты аналардың балаларына, мүгедек жандарға барлығы 48 азаматқа 139 мың теңгеге (азық-түлік, шай, мақсары майы, ұн, қант, макарон т.б) заттай қайырымдылық көрсетілді.

    Аталған мектепке «Сеңгірбай» және «Шайдана» елді мекендерінен 122 мектеп оқушысын тасымалдау үшін, арнайы екі автобус қызмет көрсетуде.

    №36 слайд.

     2018-2019 жылғы қысқы жылыту маусымында «Қ.Сартбаев» атындағы орта мектептің жылу жүйесін дизель отынынан, қатты отын түріне көшіріліп, барлығы – 250 тонна қатты отын (көмір) түрімен қамтамасыз етілді.

    №37 слайд.

    Ауылдық округтегі «Шайдана» Б/М-де 11 мұғалім, 11 жұмысшы еңбек етуде.

    2017-2018 оқу жылында «Шайдана» Б/М-де 54 оқушы (даярлық сыныпта-16) білім алса, 2018-2019 оқу жылында 52 оқушы (даярлық сыныпта-18) білім алуда.

    №38 слайд.

     «Шайдана» Б/М-нің жанынан «Балапан» бағдарламасының аясында ашылған шағын орталықта 25 бүлдіршін тәрбиеленіп, 7 азаматша жұмыс жасауда.

    Білім беру мекемесін жылытуға 50 тонна көмір отынымен қамтамасыз етілді.

    №39 слайд

    Ащыбұлақ ауылындағы 85 орындық «Жауқазын» Б/Ж қазіргі таңда,               78  бүлдіршін тәрбиеленуде.

    Сонымен қатар, барлығы 37 қызметкер жұмыс атқаруда.Оның ішінде 16 педагог, 21 әр түрлі жұмысшылар.

    Қысқы жылыту маусымында ғимаратты жылыту мақсатында 50 тонна көмір отынымен қамтылды.

    №40 слайд.

    Денсаулық сақтау саласы бойынша.

    Ауылдық округ аумағында «Ащыбұлақ» дәрігерлік амбулаториясында барлығы 11 азамат халыққа қызмет көрсетуде.

    Оның ішінде, 1 аға дәрігер, 3 мейрбике, 2 санитарка, 1 әлеуметтік қызметкер, 1 жедел жәрдем көлігін жүргізуші және 3 күзетші жұмыс жасауда.

    Ауыл тұрғындарымен тоқсан сайын шалғайдағы «Көделі» мен «Мойынқұм» өңіріндегі шопандардың жанұяларын аралап, емдеу және тексеру жұмыстарын жүргізіп отырады.

    Елді мекендердегі аяғы ауыр әйелдер есепке алынып, дәрігерлік тексеруден уақытылы өткізіліп келеді.

    №41-42 слайд.

    2017 жылы 39 сәби дүниеге келсе, 2018 жылы 50 сәби дүниеге есігін ашқан ал, 2017 жылы 14 азамат дүниеден өтсе, 2018 жылы 6 азамат дүниеден өтті. 2017 жылы 1 азамат сарып ауруымын ауырса, 2018 жылы             1 азамат ауырған, ал туберкулезбен 2017-2018 жылдары ауырған азаматтар тіркелген жоқ.

    Осы ауруларды болдырмау мақсатында, алдын алу жұмыстары жалғасын табуда.

    «Ащыбұлақ» дәрігерлік амбулаториясына 2018-2019 қысқы жылыту маусымына қажетті 23 тонна көмір отынымен қамтамасыз етілді.

    №43 слайд.

    Жастар мәселесі бойынша.

    Бүгінгі таңда ауылдық округ бойынша жалпы халық саны 2220 адамды құраса, 14 жас пен 29 жас аралығындағы жастар саны 507 жас яғни, 23,10 % құрайды, оның ішінде Ащыбұлақ ауылында 303 жас болса, Шайдана ауылында 204 жас.

    №44 слайд.

    Жынысына қарай 269 ер бала болса, 238 қыз бала. Мектеп жасындағы оқушылар саны барлығы 364 оқушы, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны 261 оқушы, 14 жас пен 18 жас аралығындағы оқушылар саны 103 және 14 білімгерді құрайды.

    №45 слайд.

     «Серпін» бағдарламасы аясында Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс облыстарында жоғарғы оқу орындарында округ аумағынан   білімгерлер білім алуда.

    №46 слайд.

    2018 жылдың ауылдық округ бойынша некеде тұрғандар саны барлығы 6 отбасы. Неке бұзғандар жоқ.

    2018 жылы округ бойынша тіркелген жұмыссыз жастар жоқ –  азамат.

    №47-48 слайд.

    Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына сәйкес, халықты саламатты өмірге баулу, бұқаралық спортты дамытуға , ауыл тұрғындарының спортпен жүйелі түрде айналысуына жағдай жасау мақсатында округ көлемінде түрлі спорттық іс-шаралар өтті.

    Ауыл жастарын спортқа тарту мақсатында әр аптаның дүйсенбі, сәрсенбі, және жұма күндері «Қ.Сартбаев» атындағы орта мектептің спорт залында волейбол және футболдан ойындар өткізіліп тұрады.

    Қазақстан халқын салауатты өмірге баулу, бұқаралық спортты одан әрі дамыту мақсатында 2018 жылы ауылдық округ аумағында 8 (сегіз) спорттық іс-шаралар өткізілді.

    Аталған спорт ойын түрлері кіші футбол, волейбол, арқан тарту, асық ату, қазақша күрес және т.б спорттық жарыстар өткізілді.

    Қазіргі таңда, ауылдық округ аумағындағы халықтың 28,5 пайызы спортпен шұғылдануда.

    №49 слайд

    Сондай-ақ, байланыс жүйесі бойынша Ащыбұлақ және Шайдана ауылдарында жаңа электрондық аппарат қойылған, қазіргі кезде Ащыбұлақ, Шайдана ауылдары тұрғындарының үйлеріне интернет жүйесі (мегалайн) желісіне қосылып, халық игілігіне тұрақты түрде жұмыс жасауда.

    Құрметті ауыл тұрғындары!

    Ауыл әкімінің жанынан құрылған ақсақалдар алқасы мүшелерінің араласуымен ауыл тұрғындарының жеке меншік малдарын сыртқа (жайлауға) шығарып бағу, өріске шыққан малға бақташы сайлап, әр бас малға төленетін ақысын белгілеу, ауылды көріктендіру, көгеріштендіру және санитарлық тазалығын сақтауға, түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алуға өз үлестерін  қосуда.

    №50 слайд.

    Ауылдық округтегі «Тоқберген ата» мен «Сәтпай ата» мешіттерінің имамдары ауыл тұрғындары мен жас ұрпақты әлемде және мемлекет аумағында орын алып жатқан діни экстримизмдер мен терроризмдердің алдын алу мақсатында имандалыққа, адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында, түрлі тақырыптарда ауыл тұрғындарына уағыздар айтуда.

    Осы аталған, «Тоқберген ата» және «Сәтпай ата» мешіттеріне құрылысын жүргізген азаматтар жыл сайын өз қаржыларынан жөндеу жұмыстарын жүргізіп келеді.

    Округтегі елді мекендерді көріктендіру, көгеріштендіру және санитарлық тазалығын сақтауға аса мән берілген. Мекеме аулаларына егілген әртүрлі тал тарақтарды, гүлзарларды күтіп-баптау әрбір мекеме басшыларына тапсырылған.

    №51 слайд.

    Ауылдық округтегі  Ащыбұлақ және Шайдана ауылдарында орналасқан 11 көшенің 7 көшесіндегі тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға жаңа үлгідегі анықтағыш (аншлаг) тақталары жасалып, яғни 63,6% ілінді.

    №52 слайд.

    Мәдениет саласы бойынша Ащыбұлақ және Шайдана елді мекендеріндегі ауылдық клубтарда бекітілген жоспарға сәйкес, мерекелік кештер, әртүрлі іс-шаралар өткізіліп тұрады.

    Атап айтқанда, 8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай округтегі «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлеріне арналған дастархан жайылып, сый-сияпат жасалды. Мерекелік іс-шара соңы ауыл өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен ұласты.

    №53 слайд.

    Сондай-ақ, 9 мамыр – ҰОС аяқталғанына 73 жыл толуына байланысты ҰОС ардагерлерін еске алу мақсатында, үлкен іс-шара болып өтті. Оған ауылдан шыққан азаматтар демеушілік жасап, тыл еңбеккерлері мен ауыл қариялары шақырылып, мал сойылып, құран бағышталып тамақ берілді. Іс-шара соңы спорттық ойындармен және концерттік бағдарламалармен жалғасты.

    №54 слайд.

    Ащыбұлақ және Шайдана ауылдық кітапханалары, өз оқырмандарына мәдени қызмет көрсетуде.Шайдана ауылдық кітапханасында қазіргі таңда  – 1630 кітап қоры бар.

    №55 слайд.

    Ал, Ащыбұлақ ауылдық кітапханасында жалпы – 7680 кітап қоры бар.Оқырмандар ауыл тұрғындары мен мектеп оқушылары. Атаулы мереке күндері жоспар бойынша іс-шаралар өтіп, тұрақты түрде кітап көрмелері ұйымдастырылып отырады.

    Округтегі 2 ауылдық кітапхана мен клуб мекемелеріне қажетті қысқы жылыту маусымына 30 тн көмір отындарымен қамтамасыз етілген.

    №56 слайд.

    Мал ұрлығы бойынша.

    Округ бойынша қылмыстың алдын-алу оған қарсы жұмыстар жүргізу мақсатында ауылдық округке бекітілген учаскелік полиция инспекторы жұмыс атқарып келеді. Ауыл арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу және мал ұрлығы мен қоғамдық тәртіпті сақтау үшін арнайы ерікті халық жасақшылар тобы жасақталған.

    Қазіргі таңда, учаскелік полиция инспекторымен бірлесе түнгі рейдттік кезекшіліктер ұйымдастырылып келеді.

    2017 жылы барлығы 8 қылмыс түрі тіркеліп, қазіргі таңда аталған мал ұрлықтарының 2-уі ашылған. Ал, 2018 жылы 6 қылмыс тіркеліп, оның             4-уі ашылып, 2-не іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

    №57 слайд.

    Қаржы игеру бойынша.

    Қарасу ауылдық округі әкімінің аппаратына мемлекет тарапынан  2018 жылға бөлінген қаражаттар толығымен игеріліп, төмендегіше жұмыстар атқарылды:

    Аудан және ауыл әкімдерінің өткен жылдардағы есеп беру жиналыстарында ауыл тұрғындарынан түскен ұсыныс-пікірлердің орындалуына келер болсақ:

    1. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға Ащыбұлақ ауылындағы «Қ.Сартбаев» атындағы о/м 41 терезесін ауыстыруға 2 млн 941 мың теңге және шатырын ауыстыруға 18 млн. теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды.

    №58 слайд.

    1. Аудандық бюджеттен Сеңгірбай, Шайдана елдімекендерінен Ащыбұлақ ауылындағы «Қ.Сартбаев» атындағы о/м оқушыларды тасмалдау үшін 10 млн. 500 мың теңгеге жаңа автобус сатып алынды.

    №59 слайд.

    1. Шайдана ауылындағы Ә.Нұрбаев көшесінен үлкен жолдың бойындағы аялдамаға дейін жаяу жүргіншілері жолын (тратуар) салу үшін ауылдық округке жергілікті салық түсімдерінен түскен қаражаттан 2 млн 770 мың теңге бөлініп, ұзындығы 235 метр жаяу жүргіншілер жолы (тратуар) салынды.

    №60 слайд.

    1. Шайдана ауылдық клубына 2017 жылдың салық түсімдерінен үнемделген қаражат есебінен 1 млн. 037 мың теңгеге (жылу жүйесі, төсеніштер, электр желілері, күзетшілер отыратын орын-жай, әктеу, сырлау) жұмыстар жүргізілді.

    №61 слайд.

    1. Ауылдық округ аумағында қылмыстың алдын алу мақсатында Ащыбұлақ ауылының кіре берісі мен Шайдана ауылының шыға берісіне бейне бақылау камераларын орнатуға 2 млн. 050 мың теңге бөлініп, орналастырылды.

    №62 слайд.

    1. Қарасу ауылдық округі тұрғындарының жеке малдарын емдеу профилактикалық шараларын жүргізу үшін аудандық бюджеттен 6 млн. 966 мың теңге бөлініп, ветеринарлық пункт ғимаратының құрылысы жүргізіліп, толығымен аяқталды.
    2. Шайдана ауылының тұрғыны азамат А.Қоңырбаев Шайдана ауылынан көлемі – 0,2000 гектар аумаққа көкөніс сақтайтын қойма құрылысын жүргізуді және ауыл әкімінің демеушілігімен Ащыбұлақ ауылының кіре берісіне арка тұрғызу жұмыстары жүргізілуде.

    №63 слайд.

    Сөз соңында айтарым, 2019 жылы ауылдық округ аумағында атқарылуға тиіс жоспарланған жұмыстар:

    1. Қарасу ауылдық округі әкімі аппаратын ғимаратын ағымды жөндеуден өткізу үшін аудандық бюджеттен 12 млн 585 мың теңге бөлінді.
    2.   Шайдана ауылынан балалар ойын алаңын салу үшін                               2 млн. 922 мың теңге бөлінді.
    3. Ащыбұлақ ауылында орналасқан ҰОС ардагерлеріне арналған  «Белгісіз солдат» ескерткішін ағымды жөндеуден өткізу үшін                           3 млн. 130 мың теңге бөлінді.
    4. Ащыбұлақ ауылындағы И.Елубаев көшесінің бұрылысынан (Т.Жапаров көшесіне дейінгі аралыққа), Ә.Әлімбаев көшесінің бұрылысынан (Қапал көшесіне дейінгі аралыққа)  және Қапал көшесіне Шайдана ауылындағы С.Көпбергенов, Абай көшелеріне шағал төсемін төсеу және Ащыбұлақ ауылы Ә.Үкібаев, Т.Жапаров және Қапал көшелеріне бөлек тансформатор орнату, сонымен қатар, Ащыбұлақ, Шайдана елдімекендеріндегі кіші доп алаңдарына жасанды төсеніш (газон) төсеу үшін ЖСҚ дайын, алдағы бюджетті нақтылау барысында ұсынылатын болады.

    №64 слайд.

    Құрметті, ауыл тұрғындары! Сіздерді келіп жеткен, жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, елімізге тыныштық, бақ-береке, бірлікпен, молшылық, әр отбасына жақсылық тілеймін.

    Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района