100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Өрнек ауылдық округінің әкімі А.Мантеевтің 2018 жылғы атқарған жұмыстары туралы есепті баяндамасы

    Өрнек ауылы                                                                       30.01.2019 жыл

    сағ. 10.00

    Құрметті Бахыт Алпысбайұлы!

    Құрметті есепті жиынға қатысушылар! 

    Елбасының барлық деңгейіндегі әкімдердің халық алдындағы есеп беру кездесулерін өткізу жөніндегі 2016 жылғы 5 ақпанындағы №190 Жарлығына сәйкес, жыл басында өздеріңізбен кездесіп, ауылдық округ аумағындағы атқарылған жұмыстарды, ағымдағы жылы атқарылатын бірқатар міндеттерді Сіздердің назарларыңызға ұсынбақпын.

    Қазақстан Республикасы «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы мен басқа да жоғарғы мемлекеттік органдардың актілерін басшылыққа ала отырып,  есепті мерзімде «Өрнек ауылдық округі әкімі аппараты» КММ бекітілген жоспарға сәйкес төмендегідей жұмыстар атқарды.

    Ауылдық округке екі елді мекен Өрнек,  Жұма ауылдары кіреді. Округ бойынша халық саны – 2647 адамды құрайды. Аула саны – 470 . Өрнек ауылында 2357 адам, 420 аула .  Жұма станциясында  290 адам , 50 аула. Округте №17 Жамбыл колледжі, Жұма бастауыш  мектебі,  «Гүлдер» балалар бақшасы, Өрнек дәрігерлік амбулаториясы, Жұма фельдшерлік пункті, ауылдық клуб, ауылдық кітапхана, Жұма кітапханасы орналасқан.

    Ауылдық округте 6 дүкен,  1 дәріхана халыққа қызмет көрсетеді.

    Өрнек ауылдық округінің жалпы адам саны 2647 құраса соның ішінде  жастар саны 786 адамды құрайды. Оның ішінде ерлер саны-358, әйел адамдар саны-428 құрайды.

    Ауылдық округ әкімі аппаратында 7 штаттық қызметкер қаралған. Округ әкімі аппараты жанында ақсақалдар алқасы, әйелдер  кеңесі және түрлі бағытта жұмыс атқаратын комиссиялар құрылған.

    Есепті мерзімде округ әкімі аппаратына түскен құжаттар саны 794 (2017 жылы – 961), шығыс құжаттар саны – 1153 (2017 жылы -1035) ауылдық округ әкімінің шешімдері –44 (2017 жылы – 21), өкімдері –120 (2017 жылы- 101).

    Округ әкімінің жеке қабылдауында 17 азамат болып, барлығына өз уақытында тиісті жауаптар беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Округ әкімі аппаратында Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарының 8 қызмет түрінен  2 қызмет көрсетіледі, «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік қызмет стандарты бойынша 29 (2017 жылы -39) қызмет көрсетілді.

    «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін ) жастағы балаларға жолдама бойынша 52                   (2017 жылы -39)– қызмет көрсетілді.

    Ауылдық округ әкімдігіне шаруашылықтар бойынша кітабының электрондық нұсқасы «Е-халық» ақпараттық жүйесі енгізілген. Ақпараттық жүйеге халықтың саны мен құрамы, мәртебесі және мал саны кіргізілді. Қазіргі таңда үй шаруашылық кітабы толығымен деректер базасына енгізілді.

    Ауыл шаруашылығы саласы

    Округтегі жалпы жер көлемі –31281 га. Елді мекендер жері – 2006,13 га.  Ауылшаруашылық алқаптарының –3899 га. егістік. шабындық – 13690 га. жайылым – 13691 га.

    2018 жылы 70 га. күздік бидай, 500 га. жаздық арпа, 120 га. жүгері, 180 га. мақсары, 45 га. қант қызылшасы, 56 га. көкөніс-бақша дақылдары егілді. Қант қызылшасы 45 га. егіліп, оның 25 га шықпай қалуына байланысты акт жасалынды, 20 га қант қызылшасынан 133 тонна 538 килограм жиналды.

    Бүгінгі таңда 136 шаруа қожалық тұрақты жұмыс атқаруда. Зерделеу барысында округ аумағында 200 га егістік жер шаруа қожалықтар тарапынан игерілмей отыр. Өздеріңізге мәлім заң аясында игерілмей жатқан жерлердің салығы  10 есе мөлшерде төлеу көзделген. Округ тарапынан әзірге кірістер басқармасына тізім ұсынып отырған жоқпыз. Дегенмен биылғы жылы бұл жұмыс қатаң бақылауда болып, түгендеу жұмыстары басталып кетті.

    Электронды картаға енгізілген егістік жер көлемі- 3750 га құрап отыр.

    Жайылым жерлердің енгізілетін жер көлемі 11600 га. енгізілгені  4313 га.

    Жайылым жерлері бола тұра жерлерін геопорталға енгізбеген шаруа қожалықтары енгізілген өзгерістерге сәйкес, субсидия алуға өтінім бере алмайды.

    Округте барлығы 1698 (2017 жыл 1696 + 2)  мүйізді ірі қара,14601 (2017 жыл 15000 – 399) бас қой-ешкі,852  (2017 жыл 850 +2) бас жылқы, 2527 (2017 жыл 2500 + 27) дана үй құсы тіркелген.

    Қозы етін экспортқа өткізу бойынша 450 бас қозы өткізіліп, салмағы 9,5 тоннаны құрады,  жоспар 980 бас қозы яғни, 14,7 тонна, орындалуы 64,6 %.

    Инвестициялық жобалар бойынша 3 шаруа қожалықтар бойынша құдық қаққызуға,  генератор, күн панельін қондыруға, қойшы киіз үйі, су сақтау бөшкесіне 22 250 000 мың теңге субсидия берілді.

              Округ бойынша инвестициялық жобалар бойынша «Алты қара» ш/қ 148 метр құдық қазуға 7 400 000 теңгеге, «Балтабай» ш/қ күн панель қондырғысын орнатуға құны 3 100 000 теңгеге, «KAZFROFIT»  160 метр құдық қазуға, насос, генератор, күн панель қондырғысын орнатуға 11 750 000 тегеге субсидияланып отыр.

     

    Округ бойынша қысқы мерзімге  13700 тонна жем-шөп және пішендеме дайындалды.

    Қазіргі таңда округтегі барлық мал басы ауылшаруашылық жануарларын бірдейлендіру деректер базасына енгізіліп, үй шаруашылықтар кітабымен сәйкестендірілуде.

    Округ аумағындағы барлық мал басы мемлекет тарапынан емдеу-егу (вакцинация) жұмыстарымен қамтылған.

    6 млн 894 мың теңгеге Өрнек ауылдық округінің ветеринариялық пункітіне жер учаскесімен бірге ғимарат сатып алынды.

    2017 жылы  Өрнек ауылдық округінде «Парымбек» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі мүйізді уақ мал бағытында құрылды. 2018 жылы кооперативтегі уақ мал басы (қой) 700 басты құрап отыр.

    Салық төлемдердің орындалуы

    Құрметті ауыл тұрғындары! 2018 жылдың 01 қаңтарынан бастап 4-ші деңгейдегі бюджет бекітіліп, өз жұмысын бастады. Бұл дегеніміз ауылдық округ әкімдерінің дербес бюджетін жасақтау. Округ әкімдерінің дербес бюджеті Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы №148 Заңының 3-бабында көрсетілген «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару қызметінің экономикалық және қаржылық негізін» құрайтын алымдардан бөлек;

              – Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы

               – Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық

               – Елді мекендер жерлеріне жеке тұлғалардан алынатын  жер салығы

               – Елді мекендер жерлеріне  заңды тұлғалардан , жеке кәсіпкерлерден, жеке нотариустар мен адвокаттардан алынатын жер салығы

               – Заңды тұлғалардан  көлік құралдарына салынатын  салық

               – Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын  салық түрлерінен түсетін алымдар құрайтын болады.

               Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 391 және 409 баптарына өзгерістер енгізілген. Соған сәйкес жеке тұлғалардың мүлік және жер салықтарының есептелінуі салық органдарымен есепті кезеңінен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей жүргізіледі делінген. Сонымен қоса, салықтардың төленуі есепті  салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірмей жүргізілді.

    2018 жылы Көлік салығының  жоспарланған 2 млн 500  мың теңге. орындалғаны 3 млн 379 178 теңге жиналып, жоспар 135% орындалды.

    Жер салығының есепті жыл жоспарланған 390 000 мың теңге. орындалғаны 393 041 теңге жиналып, жоспар 100,7% орындалды.

    Мүлік салығының есепті жыл жоспарланған 24 000 мың теңге. орындалғаны 24 967 мың теңге жиналып, жоспар 100,9% орындалды.

    Кәсіпкерлер және табыс салығының есепті жылы жоспарланған 885 000  мың теңге. орындалғаны 919 433 теңге жиналып, жоспар 103,8% орындалды.

    Мүліктерді заңдастыру бойынша тиісті органдарға хат жолданып, зерделеу жұмыстары жүргізіліп, 44 жер телімдері иесіз ретінде тіркелді.

    Әлеуметтік көмектер

    • Үйде тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге 2 отбасындағы 2 балаға  66 мың 464 теңге жәрдемақы тағайындалып, толық төленді.
    • Атаулы әлеуметтік көмек алушылар –43 отбасы, оның ішінде –40 шартты, 3- шартсыз. Жалпы сомасы 8 652 667 теңге жәрдемақы тағайындалып, толық төленді.

              –    Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж

    азаматтардың жекелеген топтарына бір реттік  әлеуметтік

    көмек алушы  4 азаматқа  96 200 теңге    жәрдемақы

    тағайындалып, толық төленді.

    (Рыскулбекова, Қаспақова, Сулейманов, Ш.Молдақұлова)

    Есепті мерзімде тұрмысы төмен отбасыларына, жалғыз ілікті қарттарға, көпбалалы отбасыларына округтегі ілкімді азаматтардың қолдауымен көмектер көрсетілуде.

    Атап айтқанда             Өрнек  ауылдық округ аумағында аз қамтылған отбасылар     мен     тұрмысы  төмен көпбалалы отбасылырына   «Құрбан айт» мерекесіне «Рәпілбек» мешітінде  екі бас қой сойылып – жеті от басына үлестіріп берді, Ұлтық мереке Тәуелсіздік күніне орай  аз қамтылған екі от басыларына 5000 теңге көлемінде жеке -жеке азық түліктер берілді,  «Мектепке жол» акциясы аясында аз қамтылған 20 оқушыға 100  000 мың теңгеге  мектеп формаларын, костюм, сумкалар және  оқу жабдықтарын  үлестірді, «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұнғыш Президенті күні мерекесіне  ауылдық  округінің ақсақалдар  кеңесі «Гүлдер» балалар бақшасының балаларына  киімдер үлестірді.                      27 желтоқсан күні   «Қош келдің -Жаңа Жыл»  атты тақырыпта ауыл әкімінің   шыршасы болып, ауыл кәсіпкерлері мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған отбасылар мен тұрмысы  төмен  көпбалалы  40 отбасыларына  сыйлықтар таратылды.

    Әскери қызмет.                                                                                     

    Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына сәйкес 2002-2003  жылдары туылған  46 жас өспірім есепке алынып,1991-2000 жылы туылған, әскерге жарамды  92 азаматтың 38-ы дәрігерлік тексеруден  өткізілді). Олардың ішінен 10 азамат әскерге жарамды болып  ,  әскер қатарына алынды. Жылдық жасақ –10. Жоспар 100%  орындалды.

    Санитарлық тазалық жұмыстары

    Санитарлық тазалық жұмыстары өз деңгейінде жүргізілуде. Округ аумағында «Мирас» шаруа қожалығы тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдаумен айналысады. Округте 370 аула қамтылып отыр.Осы жөніндегі келісім шарт 2018 жылдың 20 қаңтарындағы аудандық «Шұғыла-Радуга» газетінің №6 санында жарияланды. Тасымалдау тарифі өткен жылғыдан азайтылып, әр аулаға айына 250 теңгеден белгіленді. Ауылымыздың тазалығына ат салысады деп сенемін.

    Ономастика

    Өрнек ауылында 15,  Жұма ауылында 1 көше бар. Барлық көшелердің атаулары қойылған. Облыс әкімінің 2018 жылғы                   25 сәуірдегі №50 хаттамалық тапсырмасына сәйкес ауыл ішіндегі көшелерді жаңа үлгідегі аншагтармен кемінде 50 пайыз қамту үшін                 10 көше атауына өтінім беріліп, жаңа үлгідегі аншлагтар орнатылды. Тапсырма 62%- орындалды.

             Құқық бұзушылық саласы

    Өрнек ауылдық округінде Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің 1 учаскелік полиция инспекторы қызмет көрсетеді.

    Уческелік полиция пункті компьютермен, интернетпен, телефонмен, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

    2018 жылға ауылдық округ бойынша барлығы 3 қылмыс тіркелген,  жедел іздестіру шаралары нәтижесінде дер кезінде ашылған.

    Жамбыл ауданы әкімі мен Өрнек ауылдық округінің әкімі арасындағы 2018 жылға арналған негізгі индикаторлық көрсеткіштердің толығымен орындалды. Яғни:

    1. Егістік жерлерді игеру 3750 гектарға жоспарланып, толығымен 100 % орындалды.
    2. Ауылдық округке түсетін салықтық және салықтық емес түсімдердің бекітілген бюджетінің өсімі – көрсеткішке сәйкес 152,0 пайызға орындалды. Жоспар – 3 316,0 мың теңге, орындалғаны – 5 034,590 мың теңге.
    3. Ауылдық округінің бюджетінің игерілуі көрсеткіші – 100%.
    4. Шағын және орта бизнес субьектілер санын арттыру 9 бірлікке орындалды, жоспар – 7 бірлік. (101%)
    5. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының аясында мал шарушылығын дамыту мақсатында 2 жеке кәсіпкер жалпы сомасы 7 000 000 млн  теңге несие алды.

    Сонымен қатар, осы бағдарламаға сәйкес округ бойынша 2018 жылы жастар тәжірибесіне  – 5 азамат өтіп, ақылы қоғамдық жұмысқа – 13 азамат, тұрақты жұмысқа – 74 азамат тартылды, кәсіптік оқудан                    22 азамат өтті.

    Бағдарлама аясында барлығы: 124 адам қамтылып, индикаторлық көрсеткіші 102,4% орындалып отыр.

    1. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту 28,8 % жоспарланып, 28,8 %-ға орындалып 749 адамға жетті.

    8.Ауылдық округте тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және тасымалдаумен қамтылған аулалардың саны 370.

    Құрметті есепті жиынға қатысушылар!

    Ауылдық округтерде автомобиль жолдарын күрделі және орта жөндеу бағдарламасы бойынша Өрнек ауылында 2018 жылы  Cарыбай көшесіне  16 759 318  теңгеге асфальт, Бекбенбет көшесінің қиылысынан бала-бақшаға дейінгі жолды  асфальттауға 4 000 000 теңге, Өрнек ауылының бейітіне дейінгі жолға тас төсеуге  4 551 000  теңге,  «Өңірлерді  дамыту» бағдарламасы аясында ескерткішті жөндеуге 2 650 000  теңге бөлініп жөндеуден өткізілді. Қаражат толығымен игерілді.

    Ауылдық округте құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында темір жол кіреберісі мен орталыққа 2 053 000 теңгеге бейнебақылау камералары орнатылды, Жұма станциясынан оқушыларды тасымалдау үшін 1 желтоқсан Қазақстан Республикасы Президенті күні қарсаңында 10 900 000 теңгеге автобус алынды. Қазақстан Республикасы Тәелсіздік күніне орай Өрнек ауылдық амбулаториясының жедел жәрдем бригадасына жаңа жедел жәрдем автокөлігі алынды.

    Ауылдық округтегі әлеуметтік нысандарға ауылдық округі әкімшілігіне, Б.Тайшапұлы орта мектебіне, ауылдық амбулатория ғимараттарына жоғары жылдамдықтағы интернет желісі тартылды, басқа да барлық нысандарға интернет желісі тарту жұмыстары жалғастырылады.

    Сонымен қатар тұрғындардың ұсынысы бойынша мешіт құрылысын салу жұмысына демеушілер тартылып, жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.

    Ендігі кезекте 2019 жылға жоспарланған қаржы жоспары бойынша тоқталып өтпекшімін.

    Өрнек ауылдық округі әкімі аппаратының 2019 жылға  жоспарланған шығыстары 109 млн. 707 мың теңгені құрайды.

    Өзіндік кірістер 3млн  583 мың теңге.

    Жалпы  трансферттер 106 млн 124 мың теңге

    оның ішінде облыстық 56 млн 204 мың теңге

    аудандық 49 млн 920 мың теңге

    Оның ішінде, округ аппаратының қызметін қамтамасыз етуге 38 млн. 964 мың теңге.

    Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға:

    26 млн 229 мың теңге бөлінді.

    Аудандық жерлерде оқушыларды жқын жрдегі мектепке дейін тегін алып барудыжәне алып қайтуды ұйымдастыру:

    990 мың теңге.

    Елді мекендерде көшелерді жарықтандыру бойынша 410 мың теңге электр қуатына бөлінді.

    Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету үшін 150 мың теңге қаражат бөлінді.

    Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру бойынша:

    600 мың теңге.

    «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыру бойынша С.Мұханов көшеснің бұрылысын орташа жөндеуге-                            1 млн 614 мың теңге, М.Нарқұлов көшеснің бұрылысын жөндеуге-              1 млн 285 мың теңге қаралған. Аталған жобалар қоғамдастық мүшелерінің жалпы жиынында талқыланып, мақұлданған. Мердігерлер мемлекеттік сатып алудың ашық конкурс тәсілімен анықталатын болады.

    Облыс және аудандық бюджеттен 50/50 қаржыландыру бойынша  Байкеев көшесін орта жөндеуге 20 млн 923 мың теңге, (10462 млн теңге), Жеңістің 30 жылдығы көшесін орта жөндеуге 18 млн 577 мың теңге (9 млн 288 мың теңге) қаралып отыр.

    Құрметті қауым!

    Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында алдағы жылдарда еліміздің одан ары өсіп, өркендеуіне нақты жоспарлар жасалып, оған жетудің жолдарын Үкімет мүшелері мен түрлі деңгейдегі әкімдерге тапсырды.

    Жолдауда жүктеген міндеттерді, Елбасының ой-тұжырымдарынан туындаған тапсырмаларды абыроймен, береке-бірлікпен орындауға атсалысайық, ағайын. Көш-керуенімізді әлемдегі дамыған елдерден қалдырмай «Мәңгілік елге» батыл қадам басайық.

    Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района