100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Көлқайнар ауылдық округінің әкімі А.Сейсеновтың 2018 жылғы атқарған жұмыстары бойынша халық алдындағы есеп беру кездесуінің баяндамасы

    Көлқайнар ауылдық округінің әкімі

    А.Сейсеновтың 2018 жылғы

    атқарған жұмыстары бойынша

    халық алдындағы есеп беру

    кездесуінің баяндамасы

     

    Құрметті, Бақыт Алпысбайұлы

    және ауыл тұрғындары !

    №1 слайд.

    Елбасының барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы есеп беру кездесулерін өткізу жөніндегі 2018 жылғы 10 қаңтардағы №622 Жарлығына сәйкес, жыл басында өздеріңізбен кездесіп, ауылдық округ көлемінде атқарылған жұмыстарды, алдағы маңызды деген бірқатар міндеттерді Сіздердің назарларыңызға ұсынамын.

    Көлқайнар ауылдық округі аумағында Тастөбе, Еңбек, Жамбыл, Қостөбе, Көлқайнар және 27-разъезд елді мекендері орналасқан.

    Сондай-ақ, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, ауылшаруашылығы және басқа да әлеуметтік нысандар ауыл тұрғындарына үздіксіз қызмет көрсетуде.

    №2 слайд.

    Атап айтқанда, «Ә.Тарази» тірек (ресурстық орталық) мектебі, «Еңбек» орта мектебі, Жамбыл, Қостөбе бастауыш мектептері,  «Тастөбе» фельдшерлік амбулаториялық пункті, Еңбек, Жамбыл, Қостөбе медициналық пункті, пошта байланыс бөлімшесі, 2-кітапхана, 2-клуб және ауылшаруашылығы саласымен айналысатын «Қызыл Дихан» Ө/К мен 167 шаруа қожалықтары өз жұмыстарын жалғастыруда.

    №3 слайд.

    Ауылдық округтің жалпы жері -14 531 гектар.

    Ауылдық округ аумағында халық саны – 3089 адам.

    Аула саны – 522

    Зейнеткерлер саны – 276

    «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері -56

    Мүгедектер саны – 43

    Соғыс ардагерлері – жоқ

    Ауған соғысына қатысқандар – 2

    Семей полигонына қатысқандар саны – 1

     

    №4 слайд.

    Ауылдық округ бойынша барлық жер көлемі – 14531 га,                 егістік – 5227,47 га, (оның ішінде суармалы- 3674, тәлімді-1390 га) жайылым 3462 га және шабындық – 596гектарды құрайды.

     №5 слайд.

    2018 жылы Көлқайнар ауылдық округі әкімінің аппаратында барлығы 20 азамат қызмет атқарса, оның ішінде 7 мемлекеттік қызметкер және келісім шарт негізінде 13 азамат.

    Ауыл әкімі мен аппарат қызметкерлері Қазақстан Республикасы  Президентінің Жарлықтарын орындау мақсатында, саламатты өмір салтын қалыптастыруына және ауылдың өсіп-өркендеуіне, халықтың    әл-ауқатын арттыруына сондай-ақ, ауылды көріктендіру, көгеріштендіру және санитарлық тазалығын сақтауда тиісті жұмыстарды ұйымдастыруда.

    Ауылдық округ әкімі аппаратының мамандарына өздерінің атқаратын жұмыстары мен функцияналдық міндеттері бөлініп беріліп,  әр маман өздеріне берілген міндеттерді тиісті деңгейде атқаруда.

    Округ әкімі аппаратында жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарлар жасалып, бекітілген және олардың орындалуы бақылауға  алынған.

    №6 слайд.

    2018 жылы ауылдық округ әкімі аппаратында 171 өкім, 48 шешім шығарылып, жеке тұлғадан 78 және заңды тұлғадан 15 жазбаша өтініш түсіп, түскен өтініштерге өз мерзімінде тиісті жауаптары берілді.

    Сонымен қатар, жоғарғы органдардан – 697 кіріс хат кіріске алынып, 615- шығыс құжаттары рәсімделген, ауызша өтініштермен келген 497 азаматқа әртүрлі анықтамалар беріліп, барлығына өз уақытында тиісті жауаптар берілді.

    №7 слайд.

    Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 ж.ж арналған бағдарламасы бойынша.

    Ауылдық округ аумағындағы жұмыссыз азаматтарға өз кәсібін ашуға нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 ж.ж арналған бағдарламасының 2-ші бағыты бойынша биылғы жылы барлығы 6 азамат мемлекет тарапынан 17 млн. 740 мың теңге қаражат алған, оның ішінде (1млн. мен 4 млн. аралығында) 5 азамат 12 млн. теңге, (4млн. мен 12.млн аралығында)1 азамат 5 млн. 740 мың теңге несие алып, ауылшаруашылығы саласын дамыту мақсатында мал басын көбейту, мал бордақылау алаңдары мен сүт фермаларын құруға бет бұрып өз істерін жалғастыруда.

    №8 слайд. 

    Халықты әлеуметтік қорғау және қамсыздандыру шаралары бойынша округтегі халықты әлеуметтік қорғау, жұмыссыздық пен кедейшілікті төмендету мақсатында бірқатар жұмыстар жалғасын табуда.

    Ауылдық округтегі көп балалы отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген азаматтар мемлекет тарапынан тиісті жәрдемақыларды алды.

    Атап айтқанда, 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы 144 отбасыға, 735 балаға – 16 млн. 981 мың 291 теңге қаржылай көмек берілді.

    №9 слайд.

    Ауылдық округте кедейшілік пен жұмыссыздықты жою мақсатында аудандық халықты жұмыспен қамту орталығында ресми тіркелген 12 азаматтың 12 қоғамдық жұмыстарға тартылып, тиісті жалақылары төленді.

    №10 слайд.

    Ауылдық округтегі 6 елді мекенде 8 жеке меншік дүкен иелері өз істерін жалғастыруда. Олар ауыл тұрғындарын қажетті халық тұтынатын әртүрлі  тауарлармен, азық-түлікпен  қамтамасыз етуде.

    №11 слайд.

    Салықтық түсімдері бойынша.

    Ауылдық округ бойынша 2018 жылдың қорытындысымен салық төлеу жөніндегі мәліметтер төмендегіше:

     

    Салық түрлері Жоспар Нақты жиналғаны Орындалу пайызы
    1 Жеке табыс салығы 101202 1 935 000 1 961 300 101,35
    2 Мүлік салығы 104102 30 000 38 250 127,5
    3 Жер салығы 104302 265 000 330 600 124,7
    4 Заңды тұлға жер салығы 104309
    5 Заңды тұлға көлік салығы 104401 12 000 12 095 101
    6 Жеке тұлға көлік салығы 104402 4 500 000 5 394 000 119
      Барлығы:   6 742 000 7 736 245 114,7

     

    №12 слайд.

    Көктемгі, күзгі әскер қатарына шақырылатын азаматтар белгіленген кестеге сәйкес аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге уақытында жеткізіліп, арнайы дәрігерлік тексеруден өткізілді.

    2018 жылдың көктемгі әскер қатарына шақырылымына жоспар бойынша 6 азамат болса, 100 % орындалып 6 азамат әскерге жіберілсе, күзгі әскер қатарына шақырылымы бойынша жоспар 8 азамат болса, 137 % орындалып 11 азамат жалпы, барлығы 17 азамат әскер қатарына алынды.

    №15 слайд.

    Ауыл шаруашылығы бойынша.

    Конго-Қырым қанды безгегінің алдын алу мақсатында Еңбек, Жамбыл, Көлқайнар елдімекендерінде ауылындағы – 198 аулаға барлығы – 39600 шаршы метр жерге және ауыл тұрғындарының жеке малдарына 3 мәрте дизинсекция жұмыстары жүргізілді.

    Ауылдық округтегі ауыл тұрғындарының 2019 жылдың 1 қаңтарына мал басы бойынша мүйізді ірі қара – 4144 бас, жылқы – 1426 бас, қой-ешкі – 8668 бас және үй құстары – 325 150 (5150-жеке ауладағы құстар, 320 000-Аса Даму фабрикасындағы құстар) басты құрап отыр. 2018 жылы округ аумағындағы аталған барлық ауыл шаруашылық мал бастарынан түрлі ауруларды анықтау үшін қан алынып,қамтылуға қажетті мал бастарына бірдейлендіру жұмыстары жүргізілді.

     

    №16 слайд.

    Округте 1-ӨК «Қызыл Дихан қожалығы»,  167 ш/қ, барлығының  жер көлемі 7604 га, оның ішінде егістік жер көлемі 4862 га (суармалы -3562 га, тәлімі 1300 га), шабындық жер көлемі -474,2 га, жайлым жер көлемі 2137 га,

    2018 жылы округіміз бойынша себілген дақылдар көлемі; Күздік бидай 743 га x 15,7 = 1172 тонна, жаздық арпа 490 га x 13,3 = 651 тонна, жүгері 250 га x 14,8= 370 тонна, мақсары 207 га x  7,7 = 159 тонна, қант қызылшасы 100 га х250ц=2500 тонна,   жоңышқа 2330 га x 390 = 90870 тонна.

    2019 жылдын өніміне 640 га күздік бидай егіліп, қант қызылшасымен жаздық дақылдарға арналған сүдігер көтеру жұмыстары жүргізілуде 540 га жер қазіргі таңда дайын.

     

    №17 слайд.                    

    Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы  «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында алдағы жылдарда еліміздің одан ары өсіп, өркендеуіне нақты жоспарлар жасалып, оған жетудің жолдарын Үкімет мүшелері мен түрлі деңгейдегі әкімдерге қадап тапсырды.

    Елбасының жыл сайынғы Жолдаулары бір-бірімен байланысып жатады, ең бастысы елімізде тұрақтылықты сақтап, халықтың әл ауқатын одан ары жақсарту мақсатында жыл санап әлеуметтік жеңілдіктер артып келеді.

    №18 слайд.

    Сонымен қатар, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында а/о әкімі аппаратында арнайы тақтайша (стенд) орналастырылып, округ аумағындағы білім беру, мәдени мекемелер тарапынан түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып өтті.

    №19 слайд.

    Атап айтқанда, 2018 жылда «Әкім Тарази тірек мектебі», «Еңбек орта мектебі» ұжымдарының ұйымдастыруымен мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Туған жерге тағзым» тақырыбында Тастөбе ауылдық клубында салтанатты жиын ұйымдастырылып, оған осы білім ордасынан шыққан аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық дәрежеде түрлі салаларда қызмет жасап жүрген ауыл және мектеп түлектері шақырылды.

    №20 слайд.

    Білім беру саласы бойынша.

    Ауылдық округ аумағындағы «Әкім Тарази тірек мектебі», «Еңбек орта мектебі»және Қостөбе, Жамбыл бастауыш мектептері қазіргі таңда талапқа сай жабдықтармен толық қамтамасыз етілген, компьютерлер интернетке желісіне толығымен қосылған.

    Аталған мектептерде – 105 мұғалім жұмыс жасап, дәріс беруде.

    Әртүрлі жұмысшылар саны – 49

     

    2017-2018 жылғы оқу жылында – 517 оқушы білім алуда.

    Сондай-ақ, бастапқы сыныптағы және жағдайы төмен көпбалалы отбасыларынан шыққан оқушыларға бір мезгіл тегін ыстық тамақпен  қамтамасыз етілген.

    №21 слайд.

    Тастөбе ауылындағы «Әкім Тарази тірек мектебі»  жанынан ашылған «Балапан» шағын орталықта және Еңбек ауылындағы Еңбек орта мектебі жанынан ашылған «Талшын» шағын орталықта барлығы-  50 бүлдіршін тәрбиеленіп, 9 азамат жұмыс жасауда.

    «Қостөбе» және «Жамбыл» елді мекендерінен Аса ауылындағы Б.Момышұлы атындағы орта мектебіне 136 мектеп оқушысын тасмалдау үшін , арнайы екі автобус қызмет көрсетуде.

     

    №22 слайд.

    2018 жылдың тамыз айында «Нұр Отан» партиясы Жамбыл аудандық филиалының ұсынысымен округтегі барлық мектептерде жағдайы төмен отбасылардың балаларын мектепке арналған құрал-саймандарымен, киімдермен қамтамасыз ету мақсатында «Мектепке барар жол» атты қайырымдылық акциясы болып өтті. Бұл акцияға ауыл кәсіпкерлері мен ұжымдар бір кісідей ат салысып,қаржылай қаражаттар түсіп, жағдайлары төмен отбасылардың балаларына оқу құралдары мен киім-кешектер сатып алынып берілді.

     

    Сонымен қатар, өткен жылы «Қызыл Дихан қожалығы» Ө/К , «Аса Даму» ЖШС, басқа да кәсіпкерлері мен Ш/Қ басшылары тарапынан аз қамтамасыз етілген отбасыларына және басқа округте өткізілген іс-шараларға барлығы 350 мың теңгеге жуық демеушілік жасалды.

    .

    №23 слайд.

    Денсаулық сақтау саласы бойынша.

    Ауылдық округ аумағында Тастөбе ауылында -20 келушіге, Еңбек ауылында -10 келушіге, Жамбыл ауылында-10 келушіге арналған жаңа типтік медициналық пунктер және Қостөбе ауылында- 10 келушіге  арналған ескі типтік медициналық пункт жұмыстарын жүргізіп, барлығы 11 азамат халыққа қызмет көрсетуде, оның ішінде 5 мейрбике, 4 санитарка, 6 әлеуметтік қызметкер.

    Одан басқа округте жедел жәрдем қызметі көрсетіледі.

    2018 жылы 29 сәби дүниеге келген, 2018 жылы 8 азамат дүниеден өтті.

     

    №24 слайд.

    Жастар мәселесі бойынша.

     

    Көлқайнар ауылдық округінің халық саны – 3089. Оның ішінде 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың саны –894. Жас ерекшеліктеріне қарай 14-19 жас аралығындағылар 396, 19-29 жас аралығындағылар -498.

    Жамбыл аудандық «Жастар орталығы» КММ есебінен Көлқайнар ауылдық жастар ісі жөніндегі кеңесші маманы 2016 жылдың 6 қазанынан бастап жұмыс жүргізіп келеді. Ауылдық Клуб ғимаратынан 1 кабинет берілген. Толығымен жұмыс жасау үшін компьютер және басқа да құрал-жабдықпен қамтылған.

    Жұмыстары Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының ІІ кезеңін іске асыру мақсатында жастармен жұмыс жасаудың негізгі бағыттарына негізделген.

    Ауыл жастарының бос уақытын тиімді пайдалану мақсаттарында Аула клубының үйірмелер ойындары жүргізілуде, яғни дойбы, устел тенисі және тоғызқұмалақ, шахмат, би, күрес, қолөнер, ағылшын курсы ойындары мен үйірмелі  жұмыс жасайды.

    Тағы бір айта кететін жайт округ жастары кешкі уақытта кіші футбол алаңында жиналып, футбол, воллейбол ойындарын ойнайды. Бұл да болса, жастардың салауатты өмір салтын ұстануы және бос уақыттарын тиімді пайдалану деп есептейміз.  Ал, жастардың қауіпсіздігін бақылау да назардан қалған емес. Ол үшін аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп  «Түнгі рейд» және тағы басқа біршама іс-шаралар атқарылды.

    Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының ІІ кезеңін іске асыру мақсатында 2018 жылы  ауылдық округте көптеген іс- шаралар өткізілді. Атап айтқанда: Сауалнама – 3, дөңгелек үстел-16, кездесу-31, түнгі рейд-4, мерекелік іс-шара -6 (358адам қамтылды), акция -4, сенбілік -5 спорттық ойындар -9. Іс-шараға  қатысқандар саны – 440.

    Ауылдық округте нашақорлық, есірткіге бейімділік, маскүнемдік бойынша тіркелген жас жоқ.

    Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында белсенді жас Мейірханов Жансейт «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқыту жобасы бойынша оқып сертификат алды. Қазіргі таңда төменгі пайызбен несие алып, мал шаруашылығын дамыту үстінде.

    Құрметті ауыл тұрғындары!

    Ауыл әкімінің жанынан құрылған ақсақалдар алқасы мүшелерінің араласуымен ауыл тұрғындарының жеке меншік малдарын сыртқа (жайлауға) шығарып бағу, өріске шыққан малға бақташы сайлап, әр бас малға төленетін ақысын белгілеу, ауылды көріктендіру, көгеріштендіру және санитарлық тазалығын сақтауға, түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алуға өз үлестерін  қосуда.

    №25 слайд.

    Ауылдық округтегі «Тастөбе», «Әлқадр», «Ақтөбе», «Үшкемпір қажы» мешіттері ауыл тұрғындарын имамдыққа баулу бойынша өз жұмыстарын жүргізіп,ауылдық имамдар ауыл тұрғындары мен жас ұрпақты әлемде және мемлекет аумағында орын алып жатқан діни экстримизмдер мен терроризмдердің алдын алу мақсатында имандылыққа, адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында, түрлі тақырыптарда ауыл тұрғындарына уағыздар айтуда.

    Округтегі елді мекендерді көріктендіру, көгеріштендіру және санитарлық тазалығын сақтауға аса мән берілген. Мекеме аулаларына егілген әртүрлі тал тарақтарды, гүлзарларды күтіп-баптау округтегі орналасқан мекеме басшыларына жүктелген.

    №26 слайд.

    Ауылдық округте «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асырылуын және Елбасының Жолдауын насихаттау жөнінде кеңсе, көшенің кіре беріс басында және көрнекі жерлерде дәйекті сөздер жазылған, олардың бояулары қайта жаңартылып, сөздері өзгертіліп тұрады.

    №27слайд.

    Жамбыл облысы әкімдігінің 2010 жылғы 24 маусымдағы №192 қаулысын орындау мақсатында округтегі елдімекендердегі 23 көшедегі әрбір үйге анықтағыш (аншлаг) тақталары дайындалып, ілінген.Қамтылғаны 98% құрайды.

    Мәдениет саласы бойынша Тастөбе және Еңбек елді мекендеріндегі ауылдық клубтар және ондағы ауылдық кітапханалар мерекелік кештер, әртүрлі іс-шараларды бекітілген жоспарға сәйкес жүргізуде.

    №28слайд.

    Көлқайнар ауылдық округі аумағында 2018 жылы атқарылған жұмыстарға тоқтала кетсем

    1.Ауылдық округке қарасты Жамбыл, Енбек, Шокпар, Айкуміс  каналдарына гос акті және тех.паспорт жасатқанға -1 млн 937 мың теңге толығымен игерілді.

    1. Елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз етуге -250 мың теңге толығымен игерілді.
    2. Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға -950 мың теңге толығымен игерілді.
    3. Көше аншлагтарын дайындатуға – 399 мың теңге толығымен игерілді.
    4. Баннерлер жасатуға (бильборд) -300 мың теңге толығымен игерілді.
    5. Ауылдық округтегі автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қардан тазалауға -150 мың теңге толығымен игерілді.
    6. Тастөбе ауылы Т.Рысқұлов көшесінің қилысын орташа жөндеу жұмыстарына -4 млн 284 мың теңге қаралып толығымен игерілді.
    7. Қостөбе ауылы Жаңа көшесін орта жөндеу жұмыстарына – 2 млн 871 мың теңге Өңірлерді дамыту бойынша берілген қаражат толығымен игерілді.
    8. Еңбек ауылындағы құс фабрикасына барар жолды орта жөндеу жұмыстарына 9 млн 895 мың теңге  қаралып толығымен игерілді.
    9. Қостөбе ауылы Жаңа көшесін орта жөндеу жұмыстарына асфальт төсеуге 2 млн 208 мың теңге қаралып толығымен игерілді.
    10. Мемлекеттік органның күрделі шығыстарынан Жамбыл аулының оқушы балаларын тасымалдауға Паз автобусын сатып алуға- 10 млн 237 мың теңге, қызметтік автокөлік Нива сатып алуға-3 млн 267 мың теңге, Көлқайнар ауылының оқушы балаларын тасмалдауға Уаз автобусын сатып алуға- 5 млн 960 мың теңге, және ноутбук, компьютер,принтер, Қ.Р туын сатып алуға-555 мың теңге қаралып толығымен игерілді.

    Көлқайнар ауылдық округі бойынша 2019 жылға жоспарланған жұмыстар:

    1. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында бекітілген талапқа сай шатырымен пандус орнатуға ауылдық округ әкімшілік ғимаратына – 503 мың тенге, Тастөбе ауылдық клубына- 1 млн 021 мың тенге, Еңбек ауылдық клубқа- 596 мың тенге;
    2. Ауылдық округ әкімшілік ғимаратының шатырын ағымды жөндеуге- 2 млн 506 мың тенге;
    3. Тастөбе ауылы, Тұрар Рысқұлов көшесін жарықтандыруға- 9 млн  182 мың тенге;
    4. Жол бойы қураған бұтақтарды кесу және кездейсоқ қоқыс орындарын тазалау жұмыстарына – 250 мың тенге;
    5. Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға жалпы- 650 мың тенге;
    6. Қыз мезгілінде қар тазалау жұмыстарына- 100 мың тенге;
    7. Тастөбе ауылы, Қали Мыхаев көшесін орта жөндеуден өткізуге –2 млн 957 мың тенге;                                             Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

     

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района