100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Ерназар ауылдық округі әкімінің 2018 жылы атқарған жұмыстары туралы халық алдындағы есебі

     Жамбыл облысы Жамбыл ауданы

    Ерназар ауылдық округі әкімінің аппараты

    коммуналдық мемлекеттік мекесі

     

    Құрметті ауыл  тұрғындары!

    Құрметті Бақыт Алпысбайұлы!

    Елбасымыз Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес, барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы есепті кездесулері өтуде.

    Осы орайда сіздермен бүгінгі күні ауылдық округ аумағында 2018 жылы атқарылған жұмыстар және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар туралы есебімді бергелі отырмын.

    Бүгінгі күні ауылдық округ аумағында 1697 адам тұрады.  Округтегі жалпы жер көлемі 36682 гектар.  Оның ішінде әкімшіліктің жері 2426 гектар, шаруа қожалықтардың жері 24211 гектар.  Қазіргі уақытта егістік жердің көлемі 1860 гектар, суармалы 1042,66 гектар, шабындық 1447 гектарды құрайды. Округте  75 шаруа қожалығы тіркелген. Оның 14 шаруа қожалығы  мал шаруашылығымен қалған шаруа қожалығы егін шаруашылығымен айналысады.

    Қазіргі уақытта ауыл тұрғындарының  мал шаруашылығында 1386 бас мүйізді ірі қара, 19670 бас қой ешкі, 859 бас  жылқы, әр түрлі құстар 1046 және 31 түйе тіркелген.

    Егін шаруашылығы бойынша былтырғы жылға 5 гектар жерге бақша, 10 гектар жерге жүгері, 90 гектар жерге арпа, 90 гектар жерге жаңа жоңышқа егіліп жиналып алынды.

    2019-ға қазіргі уақытта 77 гектар күздік бидай егілді.  206 гектар жаздық арпа, 40 гектар жүгері, 30 гектар жаңа жоңышқа, 15 гектар бақша, 20 гектар  соя егеміз деп жоспарлап отырмыз.

    Биылғы жылы өздеріңіз көріп отырғандай Шиелі, Базарбай каналдары тазаланып, жұмыстар жүргізілді. Қазіргі уақытта каналдардың шлюздарына жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сол себепті ендігі мәселе шаруа қожалықтарының төрағаларына тек қана су алуға келісім-шартқа тұрып, егін егіп, тек жұмыс жасау керек болып отыр.

    2018 жылдың қортындысы бойынша  ауылдық округте     «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының» 2 бағыты бойынша ауыл тұрғыны Сулейменов Әсет 4 млн теңге, Ормахаев Қайсар 2 млн 700 мың теңге, Бердеш Дәулет 3 млн 400  тенге, Сапаров Байнұр 2 млн 500 мың теңге, Аяпбергенов Қайрат 2 млн 300 мың теңге несие алып оған малдар алып өз жұмыстарын бастап кетті.

    Жұмыссыздықты азайту мақсатында округ бойынша 13  азамат қоғамдық жұмыстарға, 1 замат   «Жастар тәжірибесіне» алынып, шаруа қожалықтарына 44 азамат мерзімдік жұмыстарға орналасты.

    2018 жылға   мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке  32 отбасына 146 адамға  1 млн 538 мың теңге жәрдемақы тағайындалды.

    Ерназар ауылдық округі аумағында Жасыл белдеулер құру іс-шаралар жоспарына сәйкес 2018 жылы  Ерназар әкімшілігінің жерінен 2 гектар жерге 3000 түп қара тал егілді.

    Көктемгі, күзгі тазалық жұмыстары ауылдық округі аумағында мекеме – ұйымдардың қызметшілері және ауыл тұрғындарының ат салысуымен  тазалық жұмыстары өз дәрежесінде қамтамасыз етіліп, 2018 жылы Жамбыл облысының қорытындысысы  бойынша облыс бойынша  таза ауылдан 3 орын алдық. Ауылымызды көріктендіру бұл наухандық жұмыс емес, жауапкершілігі жоғары шара. Сол себепті әр кім сенбілікке жоғары деңгейде ат салысуы керек және әр тұрғын өз ауласын таза ұстаса бұданда жақсы болар еді.

    Былтырғы  жылы округке   өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткішке 2 млн 892 мың теңгеге бөлініп, ағымды жөндеу жұмыстары  жүргізілді және 2 млн 800 мың теңгеге Поштабай көшесі №2 үйді ветеринариялық пунктке  арналған ғимарат сатып алдық.

    2018 жылы «Жәнібек» бөбекжайының шатырын және есік терезелеріне 8 млн 900 мың теңгеге  жөндеу жұмыстары жүргізілді.

    Өздеріңізге белгілі Ерназар мен Қойгелді  жолын аудан әкімі Қазанбасов Бақыт Алпысбайұлының қолдауымен жөндеу жұмыстары жүргізіліп,   қазіргі уақытта жол бұрығыдан көп есе  жақсы болып қалды.

    Енді  биылғы жылы Ақшуақ ана көшесін асфальттауға, Поштабай көшесін орта жөндеу жұмыстарына және  Ерназар-Қаратау бағытындағы Әбдіхайым көшесінің екінші жартысындағы жолды жарықтандыру жұмыстарына сметалық құжаты  жасалынып,  аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөліміне өткізіліп қойды.  Биылғы жылы осы жұмыстар атқарылатын болады.

    Ауылдық округі әкімі аппаратының жұмысына тоқталатын болсақ 2018 жылы жылдық жоспарлар мен тоқсандық жоспарлар бойынша өз жұмысын жүргізеді.

    Әкім аппаратында азаматтардан түскен өтініштерге жауап, әр кез мерзімінде беріліп отырады.

    Атқарылып отырған жұмыстар барысында  әкімшілік аппаратында 2018 жылға 9 шешім, 104 өкім шығарылып,  жеке тұлғалардың  өтініші бойынша  16 өтініш, заңды тұлғалардың өтініші бойынша 1 өтініш, мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары  бойынша 33 өтініш тіркеліп, толық қанағаттандырылды.

    Күзгі мерзімді әскери қызметке шақырылушыларды зерделеу толығымен жүргізіліп, дәрігерлік тексеруден толығымен өтті.

    Мерзімді әскери қызметке 11 әскерге шақырылушы шығарып салынып, бөлінген жасақ артығымен орындалды.

    Округ әкімі жанында Төтенше жағдайлар жөніндегі  комиссия,  Ақсақалдар алқасы жөніндегі комиссия, Әйелдер кеңесі жұмыстарын өз деңгейінде   әр кез мерекелі күндері ақсақалдар алқасының мүшелері және әйелдер кеңесі мүшелерінің және әкімшілік, мекеме –ұйым басшыларының көмегімен мерекелік дастархан, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, іс шаралар бойынша жұмыстар жүргізіліп отырады.

    Ауылдық округ бойынша салықтық және салықтық емес түсімдер және автокөлік салығы  бойынша салық түсімдеріне

    2 млн 125 теңге түсіп,  жоспар толығымен орындалды.

    Округ аумағында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің, құқық бұзушылықтың профилактикасы, нашақорлық есірткі бизнесіне қарсы күрес  бойынша 2018 жылға арналған іс шаралар жоспары жасалып, тоқсан сайын іс шаралар және мақалалар жарияланып жұмыстар атқарылып отыр.

    Атқарылып отырған жұмыстар барысында  әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған жоқ.

    Ерназар ауылдық округіне қатысты мекемелердің жұмысына тоқталатын болсақ

    Ауылымызда  «Б.Кейкиев» атындағы орта мектепте 47 мұғалім 316 оқушыға дәріс береді.

    Мектептің жетістіктеріне келетін болсақ былтырғы жылы Мейірбекова Жазира Республикалық Пед фестивал сертификатын,  Күзембердиева Айгуль ПедСТАРТ- 3 дәрежелі дипломмен және Қадыров Ғалымжан аудандық математика олимпиадасынан бас жүлдеге ие болды.

    Облыстық , аудандық әртүрлі  білім, спорт  іс- шаралары бойынша мектеп оқушылары әр түрлі  жетістіктермен көрінуде.

    Әрбір демалыс күндері оқушылардың қауіпсіздігін ата-аналарының жауапкершілікке алуы туралы ескертулер жасалып, үнемі назардан тыс қалдырмауға жұмыс жасайды.

    2018 жылы  мектепке 3 млн 250 мың теңгеге 13 компьютер және 1 млн 572 мың теңгеге класс комплект алынды.

    2018 жылы  11 сыныпта 10 оқушы бітіріп,  6 оқушы ҰБТ-ға қатысып орта бал 85,9  пайызды көрсетті. ҰБТ нәтижесі бойынша 4 оқушы грантқа түсті.

    Жәнібек бөбекжайында қазіргі таңда 52  бала тәрбиеленуде. 12 педагог  бала тәрбиесімен айналысады.

    2018 жылы бөбекжайға  1 млн 950 мың теңге қаржы қарастырылып, ғимараттың электр құрылғылары түгел ауыстырылды.

    Клуб қызметкерлері, кітапхана, аула клубы, жастар ісі кеңесшісінің жұмыстарына келер болсақ   мереке  күндерінде  мәдени – көпшілік  іс – шаралар  мен концертттік  және спорттық іс- шаралар  өткізіп,  аудан көлемінде өткізілген  байқауларда  ауылымыздың  өнерпаздары  өз өнерлерін  көрсетіп  жүлделі  орындардан көрініп отыр.

    Ерназар  ауылына былтырғы жылы жап-жаңа  фельдшерлік –пункт соғылып, қазіргі таңда жаңа ғимаратта жұмыс жасап жатыр.

    2018 жылы  38 әйел тіркеліп 25 бала дүниеге келген.  Үлкендер және балалар арасында науқастар медециналық сараптамадан уақытылы өткізілуде.

    2018  жылы  осындай жұмыстар атқарылды, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар жетерлік.

    Ал енді ұсыныс пікірлеріңіз  болса сұрақ қоюларыңызға болады.

    Тыңдағандарыңызға рахмет.  

     

     

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района