100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Ақбұлым ауылдық округінің әкімі С.Джанысбаевтың 2018 жылғы атқарған жұмыстарының қорытынды есебі

    Құрметті  Ақбұлым ауылының тұрғындары.

    Құрметті  Бақыт Алпысбайұлы, құрметті Рүстем Әлішұлы.

    Ақбұлым  ауылы – көпұлтты  мекен, тұрғындардың 30%  түрік,  күрді, орыс  басқа  ұлт  өкілдерінің мұқтажын   Латипов  Нафис, Эйдарова Шафхиназ, Железнова Татьяна ауыл  әкімдігімен    туындаған  мәселелерді   шешуде.

    Ауылдың халық саны 3798 адам. Жұмысқа белсендісі 1738, зейнеткерлер 336,  оқушылар – 839, оқуға дейінгі балалар – 483 бала. Жұмыссыздар  ресми тіркелгендері – 16 адам.

     «Рухани  жаңғыру»  бағдарламасы аясында  – «Туған жерге туыңды тік», «Рухы мықты еңсесі биік ел»,  атты іс-шаралар  өтті.

    Келушілерге  интернеттік «Қоғамдық  бұрыш»  жұмыс атқаруда.

    Азаматтардан  290 өтініш түсті, о.і.  мемлекеттік қызмет қөрсетуі 115.

    Аз қамтылған отбасыға атаулы әлеуметтік көмегін 80  отбасы алды.

    «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту»  бағдарламасымен   29  адам, әлеуметтік жұмыс орнына 4 адам, кәсіптік оқуға 3 адам, ақылы қоғамдық жұмысқа 16 адам, жастар практикасына                      5 жас маман жұмысқа қабылданды.

    Аскери  қатарына 17 азамат  борышын  өтеуге  аттандырылды.

    Жергілікті  салықтар 9,0 млн тг  жиналды.     .

    Барлық жер көлемі 2200 га. Суғармалысы  – 512  га, жайымдылық-843,42 га, алма  бағы -157 га  /68шқ/, жүгері-40 га, арпа -50 га, сафлор-20га.183 шаруақожалығы  тіркелген,    513 жұмысшының  табысы    2 235, 6 мың тг. орташа бір айлық табысы 59,2 мың тг.Өндірілген өнім                       62 765,0  мың тенге.

    Қосалқы  шаруашылықтарда  15,0 тн  ет, 110 тн сүт, 24,0 тн нан, 6 – тн  қымыз  және 115 мың дана жұмыртқа өндірілді.

    Ауылдың  экономикалық, әлеуметтік  жағдайларын  жақсартуда  жергілікті  кәсіпкерлер  өз  үлестерін  қосуда.

    ЖК Бағдагул Абдиева  50  орындық  жеке  «Зерде» бөбекжайын ашты, 14 адам қызмет  атқаруда.

    Мемлекеттік «Балауса» б/б 4 топта 116 баланы 11 педагог тәрбелеуде.

    ЖК Ержан Амалбаев өз қаражатына /60,0 млн тг./ сусындар  құятын  цех  соғуда.

    Өміралі ШалабаевШҚ   «Жеті  төбе»  аймағында 5 га алма отырғы-зып, қызанақ, қияр  егіп,  табысты  болды, 100 бас МІҚ бордақылау  пунктін іске қосты, әрі  қарай кеңейту  жұмыстарын жүргізуде.

    ЖК«Мурагер»   өз  қаражатына  соғылған 0,4 га  жылыжайын  жаңғыртып,  жергілікті  12  адамды  жұмыспен  қамтуда.

    «Анвар Мурадов» ШҚ жаңадан еккен  5 га   алма бағын күтуде.

    Халықтың  наразылығын  тудырған «Базарбай  каналы»  «Кирпичный» аймағынан бастап қауіпсіздік қоршау орнату басталып кетті.

    Бүгінге  ауылда 8 дүкен, 1 дәріхана, 1 наубайхана, 1 монша, 1 ТЖО,                     1 шаштараз, ЛПМУ-да 1 асхана  халыққа  қызмет  атқаруда.

    Ауылдың барлық санаттағы малы: 850 ірі қара малы,  қой-ешкі   2 470 бас,  150 жылқы, 2400 құс.

    «Ветеринария  қызметі»  індеттерге қарсы 976 м.тг  игерді. 17  рейдте  95  қанғыбас  ит  биотермиялық  шұңқырда  жойылды.

    Көше  тазалығына 48 сенбілікке  мекемелер, ақсақалдар  кесте  бойынша  қатысты. Тұрғындардың  тұрмыстық  қалдықтарын  «Махмудов» ЖШС шығаруда.

    «Б.Бесбаев  о/м»  91,0 млн тг күрделі  жөндеу өтіп, 839 оқушыға, мектепалды дайындық тобындағы  99 бүлдіршінге 90 мұғалім дәріс береді. 26 оқушы мектепті аяқтап, 24-і  «ҰБТ»  қатысып, 14-і жоғарғы оқу орнының Грантына иеленді.Орташа бал 85,3 % құрады. «Алтын белгісін» екеуі дәлелдеді. Оқулықпен қамтылуы                                         99 %. Оқушыларды  арнайы  автобус тасымалдайды.

    «Жібек жолы» \шығыс жағы\, Абай көшелерінің  электржүйесіне  \2,8  млн тг\  ағымдағы жөндеу  жүргізілді.

    «Дүйсенбаев»  көшесіне \5,5 млн.  тг.\ ағымдағы  жөндеу жүргізілді

    4 көшенің атауы өзгертіліп, аншлагтар 75% жаңартылды,қалғаны биыл қамтылады.

    Ауылға кіріберісіндегі арка, паспорт  жаңартылды.

    Стадион, парк  Әдлет басқармасында «иесіз деп» тіркелген, жақында  сот   арқылы «иесі  анықталып»  жөндеу жұмыстарын  жүргізуге  мүмкіншілік  туады.

    Жаңа соғылған «Жанұялық  дәрігерлік амбулаторияда» тегін және жеңілдік бағамен  дәрі дәрмек – 298,4 мың тг толық  игерілді. Портал арқылы  – 21 адам, жедел жәрдем арқылы -2 адам  ауруханада емделді. Мүгедектер: 1 топ – 11 адам, 2 топ – 44 адам, 3  топ – 12 адам.

    «22-Наурыз», «Жеңіс  күні»,  «Тәуелсіздік күні»,  «Жаңа жыл» мерекелері  аталынды.

    «Нұртай ата» мешітінде имам Б.Шаңлыбаев жұмыс атқаруда.

    № 42 маршрутағы 4 автобустың графигін «Аулие ата-транспасс»  ЖШС спутникалық GPRS жүйесімен қадағалайды, графиктері  аялдамада  ілінген.

    Алайда, маршрутты  микрорайондарға ұзарту  туралы  тұрғындардың сұранысын басшылары қарастыруға  уәде  берді.

    14 қылмыс іс қозғалып, 7-ы ашылып, 7-і тергеу амалдарында.                          130 азаматқа  әкімшілік хаттама  толтырылып, 40-на ескерту жарияланып,   90-на 185 м.тг айыппұл салынып, 120 м.тг өндірілді.

    Жыл аяғында  шаруақожалықтар  еккен  дақылдарынан ойдағыдай  өнім алды.

    Ауылдың «бас  жоспары»  бойынша,  инфраструктура   жүргізуге  жоғары  жақтан  қаражат  бөлінсе,  кезек -кезегімен 2020-2030  жылдар  арасында  жеке  үй  соғуға  325 жер  телімдері  бөліну  жоспарланған.  230- орындық  клуб,  280 орындық  балабақша,                                50 орындық  спорткешені  қарастырылған.

    2019 ж. «Жібек жолы»  көшесінің  батыс жағы  электржүйесін                                 2 888,4 млн тг  ағымдағы жөндеу  жоспарлануда.

    Жаңа ветеринария пунктін соғуға  жер телімі белгіленді.

    Ең  өзекті  мәселе  «Ауыз  сумен»  қамытуға  2019  жылы  су  құбырларын  жүргізу  жоспарлануда.

    Сондықтан ағымдағы  жылы  ауылдың  ішкі  көшелеріне  жөндеу  жұмыстары жоспарланбай  отыр.

    Ауыл ақсақалдарының еренді  еңбектерін ескеріп аудан  әкімі Бақыт Алпысбайұлы, маслихат төрағасы Рүстем Әлішұлы ағаларымыздың  бастамасымен Бесбаев  Жамбыл «Құрметті ардагер», Тоқбаев Сайлау, Ниязов Қалдыбек, Туктукуртов Серік  ағаларымыз «Жамбыл облысына  еңбегі  сіңген» төсбелгілерімен марапаттанғандарын  айта кету керек. Алдағы уақытта басқа  ағаларымыздың да  еңбектері  ескеріледі  деген  сенім бар.

    Тозығы  жеткен Дербіс болыс, Бесбаев, Абай көшелерінің  электржүйелерін  жөндеуге  аудан  «Электр желісі» мекемесімен бірлесіп смета жасалынып жаңа   4 трансформаторға  өтінім беріледі.

    Көше жарығын  түн  мезгілінде жағу  мерзімі- бюджеттен  бөлінген  «лимитке»  байланысты  шектеулі  екенін айта  кету керек.

    Басқада шешімін  талап  ететін  мәселерді шешуге жоспарларлар  белгіленген.

    Дана халқымыз «Игілік басы – ынтымақ» деген қанатты сөз бар. Ендеше, ағайындар тәуелсіздігіміз баянды,  елдігіміз мәңгі болсын!

    Назарларыңызға рахмет!

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района