100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Айшабибі  ауылдық  округі  әкімі Сеитов  Раимбек  Сияқұлұлының 2018  жылы  атқарылған  жұмыстар  туралы  есепті БАЯНДАМАСЫ  

    Құрметті  Бақыт Алпысбайұлы, ауыл  тұрғындары   мен  жиналысқа қатысушылар!

    Елбасымыз Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес, барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдында есеп беруде.

    Бүгін  Сіздердің  алдарыңызда 2018 жылы атқарылған жұмыстар жайлы есебімді ұсынып отырмын.

    Айшабибі ауылдық округінде Айшабибі, Қаратау және Қызылтаң елді мекендері орналасқан. Осы округте -927 аулада 5100 адам тұрады. Оның ішінде зейнеткер-448, «Алтын алқа» иегерлері-33, «Күміс алқа» иегерлері-109, Ұлы Отан соғыс ардагері-1, ауған  соғысы  ардагерлері-7, Чернобыльға қатысқан 1 азамат тұрады. «Ынтымақ бар жерде-ырыс бар» деген халық  даналығын   есте ұстаған ауыл тұрғындары   тату тәтті   өмір  сүруде. Округте   тұрып жатқан 8 ұлт   өкілдері   әрбір  атаулы   мерекелерді   бірге қарсы алып, бірліктерін ілгерілете   түсуде.

    Құрметті  ауыл  тұрғындары!

    Есепті 2018  жылы  атқарылған   жұмыстарда   қол  жеткізген   жетістіктерді   және 2019   жылға  жоспарлаған   жұмыстарды   Сіздердің   назарларыңызға  ұсынуға  рұқсат   етсеңіздер. Жыл  қорытындысы   көңілге  қонарлықтай  болды. Округ тұрғындары  негізі мал шаруашылығы және егістікпен айналысады. Округтің жалпы  жер  көлемі 65852 га, оның ішінде шаруақожалықтар  жері 41479 га, әкімшіліктің жері 24373 га. Округ аумағында 278 шаруа қожалық бар, оның ішінде «Ақкөл» шаруа қожалығы іріленген, 43 шаруақожалық мал бағумен айналысса, 235 шаруақожалық егін баптауды қолға алған. 2018 жылы 200 га күздік бидай алқабының әр гектардан орта есеппен 26,4 центнерден дән  бастырылса, 450 гектар арпаның   әр гектарынан 19,3 центнерден түсім алынды. 2018 жылдың қант қызылшасының егілгені 180 гектар, шыққаны 140 гектар. Толығымен  тапсырылған қызылша 660 тн құрайды. 2019 жылға қант қызылшасын егуге берілген жоспар – 150 гектар.

    Жалпы мал басы:

    2019 жыл 1 қаңтарына                       

    МІҚ – 3540 бас

    Қой-ешкі – 26772

    Жылқы – 1980

    Құс – 6450

    Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларын дамыту бойынша әзірленген іс шаралар жоспарына сәйкес атқарылып жатқан іс шаралар туралы  мәлімет жолдаймын.

    Ауылдық округте «Алтын алма» шаруа қожалығы 7,6 га жер алқабына алма бағын отырғызды. Шырын шығаратын цех құрылысын іске қосып пайдалануда.  Құны 58 млн теңге тұратын құнарландырылған шырын шығаратын қондырғысын орнатып, пайдалануда.

    «ABB feedlot» (АББ фидлот) жеке шаруашылық серіктестігі 1000 басқа арналған мал бордақылау алаңында бүгінгі  күні 400 бас мүйізді ірі қара малы бордақылап, ет өнімін өткізді. Жоспарға сәйкес мал бордақылауға тағы да мүйізді ірі қара малы жеткізілу үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде.

    «Жиделі» шаруа қожалығы 400 басқа арналған мал бордақылау алаңында 200 бас мүйізді ірі қара малын бордақылауда.

    «Аман-ата» шаруа қожалығы өз қаражаты есебінен жылына 400 тонна өнім шығаратын кондитерлік цех құрылысын жүргізіп жатыр. Нысанның аяқталу мерзімі 2019 жылдың 2 тоқсаны.

    Округ аумағындағы ауылшаруашылық техникалар саны

    Атауы 2017 жыл 2018 жыл
    1 Трактор 43 43
    2 К-700 3 3
    3 зерноуборщ.комбайн 3 3
    4 жүк тиейтін автокөліктер 15 15
    5 сеялки 5 7
    6 пресс подборщик 5 7
    7 опрыскователь 2 2
    8 культиватор 4 6
    9 Сенокасилка 7 10
    Барлығы: 87 96

    Субсидия алғандар

    Егін шаруашылығы бойынша 4 шаруа қожалығы 6 млн 659 мың теңге көлемінде субсидия алды.

    Шаруа қожалық атауы Басшысы Көлемі
    ЖК Истамбеков Истамбеков Р 6 млн 200 мың
    Амирова Л Амирова Л 227 мың
    Елімай Кенесариев С 232 мың
    Барлығы 6 млн 659 мың

    Арзандатылған дизель отынын 10 тн көлемінде Керимкулов А «Ақкөл» шаруа қожалығы алды.

    Минералды тыңайтқышты ауылдық округте 16 шаруа қожалығы пайдалануда. жалпы көлемі 335 тн алынды.

    Техника бойынша:

    2018 жылы «Ақкөл» шқ-ғы  2 дана  МТЗ  -100 тракторын алып пайдалануда

    Жеке кәсіпкерлер бойынша 15 жеке кәсіпкер 64 млн теңге несие алып бүгінгі күні мал шаруашылығын дамытуға өз үлестерін қосуда.

    №   Полное наименование Программа кредитования выданная сумма Целевое назначение Кол-во МРС Кол-во КРС Кол-во лощади
    1 ИП Айжан, Копжасарова Айжан Агабековна Игілік 4 000 000 Лошади (конематки), Зерновой корм 10
    2 КХ «Еркебулан», Кудайбергенов Есембай Абитович Игілік 3 600 000 МРС (овцематки),
    МРС (баран-производитель), Зерновой корм
    124
    3 ИП Ерлан, Досалы Ерлан Досалыулы Игілік 4 000 000 Лошади (конематки), Зерновой корм 10
    4 ИП Жақаш, Жақаш Аяулым Асқарбекқызы Игілік 2 900 000 Лошади (конематки), Зерновой корм 7
    5 ИП Ақылжан, Жамбыл Ақылжан Мұстаханұлы Игілік 4 000 000 Лошади (конематки), Зерновой корм 10
    6 ИП Наурызбек, Мейірхан Наурызбек Мейірханұлы Игілік 4 000 000 Лошади (конематки), Зерновой корм 10
    7 КХ Айдана, Еламанов Алтынхан Нурпеисович Игілік 4 000 000 МРС (овцематки),
    МРС (баран-производитель), Зерновой корм
    140
    8 КХ Жаңа Тілек Қалдар, Сауеев Жайлаубай Калдарович Игілік 2 900 000 МРС (овцематки),
    МРС (баран-производитель), Зерновой корм
    79
    9 КХ Хаджимурат, Мисиров Мухажир Хаджимуратович Игілік 4 000 000 МРС (овцематки),
    МРС (баран-производитель), Зерновой корм
    124
    10 ИП Даулет, Кудайбергенов Даулет Турсынбаевич Игілік 4 000 000 КРС (коровы),
    Зерновой корм
    14
    11 КХ Айжан, Онласынова Айжан Маткаримовна Сыбага 12 000 000 МРС (овцематка -360),
    МРС (баран- 12),
    Зерновой корм – 12 тн.,
    сено – 2160 тюк
    372
    12 ИП «Алтынхан» Жолдасова меруерт Болатбековна ПЗ – Игілік 2 800 000 животноводство  
    13 ИП «Сапа» Байдосов Медет Мусаханович ПЗ – Игілік 4 000 000 животноводство  
    14 ИП «Ерке» в лице Джетписбаев Данияр Орынбасарович Игілік 3 800 000 МРС (овцы)
    Не племенные бараны-производители
    Корм, сено
    112
    15 ИП Сыдыкова А.Б., Сыдыкова Акжунис Бактыбековна Игілік 4 000 000 КРС (маточное поголовье)
    Племенной бык производитель
    Зерновой корм
    Сено
    12
    ВСЕГО   64 000 000   951 26 47

    ВЕТЕРИНАРИЯ  САЛАСЫ

    Шаруа қожалықтары мен тұрғындардың малдарын  эпидемиялық  жұқпалы 12-түрлі   аурулардан сақтандыру  мақсатында Үкімет тарпынан   тегін  егілетін  вакциналар  (дәрі-дәрмектер) беріледі. 2018 жылы қараусыз қалған  иттерді  жою  бойынша,  ауданда бекітілген  кестеге  сәйкес  рейд жүргізіліп, барлығы 114-бас қараусыз қалған  иттер жойылды.  Бұл  мәселе  алдағы  уақыттада  жалғасын  таба береді.

    ИНЖЕНЕРЛІК-ИНФРАҚҰРЫЛЫМ  ЖҰМЫСТАРЫ  БОЙЫНША

    Ауылдық округтегі Төле би көшесі 9 млн 471 мың теңгеге орта жөндеуден өткізілді. Сонымен қатар С.Әбішұлы көшесінің 0,725 км ұзындығына 8 млн 571 мың теңгеге, С.Әбішұлы көшесінің 0,765 км  ұзындығына 9 млн 027 мың теңгеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Өңірлерді дамыту 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде «Қарлығаш» бөбекжайына 6 млн 46 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

    Ауылдық округтегі барлығы 23 көшенің 12 көшесіне жаңа үлгідегі аншлагтар жасалынып ілініп  52,2 пайызды қамтыды.

    Шалғайдағы балаларды білім беру ұйымына және кері қарай үйіне тегін тасымалдау үшін 1 дана Автобус ПАЗ 32053 10млн 297 мың тг сатып алынды.

    Қаратау ауылындағы тұрғын үйлерді  жарықпен қамтамасыз ету үшін 1 млн 340 мың тг 1 дана қосымша трансформатор алынды.

    Азаматтарға  өзіндік  қосалқы  шаруашылық  жүргізу  үшін кезекте тұрған азаматтардың өтінішін  қанағаттандыру мақсатында  округтегі  3 елді-мекенге  оңтайландырылған бас жоспар жасалды. Қазіргі  уақытта  көшелерге  инфрақұрылым  жүргізуге   қаражат  бөлінгеннен  кейін  кезек  бойынша   жер  телімдері  берілуі жоспарлануда. Өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізуге өтініш білдірген барлығы 670  адам, кезек бойынша 380 азаматқа жер телімі беріледі.

    2019 жылға жоспарланып отырған жұмыстар

    1. Қ.Бүрлібаев көшесіне 8млн 997 мың теңгеге орта жөндеуден өткізу
    2. Ш.Аманжолов көшесіне 17млн 132 мың теңгеге орта жөндеуден өткізу
    3. Т.Рысқұлов көшесіне 5млн 950 мың теңгеге орта жөндеу жүргізіледі.
    4. Қаратау ауылына 3млн 649 мың теңге трансформатор орнатылады
    5. «Қарлығаш» бөбекжайына пандус орнату үшін 767 мың теңгеге ағымды жөндеу жұмысы жүргізілді
    6. Ауылдық округтегі 11 көшенің ауласына жаңа талапқа сәйкес аншлагтарды ауыстыру үшін 280мың теңге қаражат бөлініп, бүгінгі күні тапсырыс беріліп тиісті жұмыстар атқарылуда.

    САЛЫҚ  ТӨЛЕМДЕРІ  БОЙЫНША

    Ауылдық  округ  бойынша  2018 жылға салық  төлемдерін  6 түрінен болжам бойынша 13 млн 368 мың теңге болса, осы салық түрін 14 млн 558 835 теңгеге орындалды, ол дегеніміз 108,9 % құрайды.

    Салық түрлері Жоспары Орындалғаны %
    1 Төлем көзінен салық салынбайтын кірістерден алынатын жеке  табыс салығы 1 млн 568 мың 3 млн 958 мың 102%
    2 Жеке тұлғалардың жер салығы 390 мың 424  499 108,8%
    3 Жеке тұлғалардың мүлік салығы 108 мың 122 627 113,5%
    4 Жеке тұлғалардын көлік салығы 9 млн 10 млн 053 833 111,7%
    5 Жеке тұлғалардан өзге заңды жене жеке кәсіпкерлердің жер салығы
    6 Заңды тұлғалардың көлік салығы
    БАРЛЫҒЫ 13 млн 368 мың 14 млн 558 835 108,9%

    ОРТА  ЖӘНЕ  ШАҒЫН  БИЗНЕС

    Ауылдық   округі  аумағында төмендегі орта,  шағын   бизнеспен   айналысатын   15  сауда   нүктелері   бар, барлығы   патентпен жұмыс атқарады және салық басқармасынан, статистика бөліміне толығымен құжаттарын тіркеген.

    «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында округ бойынша 2018 жылы  ақылы қоғамдық жұмысқа  24 жұмыссыз жұмысқа тартылды.

    АЗАМАТТАРДЫ  ӘСКЕРИ  ҚЫЗМЕТКЕ  ШАҚЫРУ БОЙЫНША

    2018 жылға Жамбыл ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде Айшабибі ауылдық округі бойынша әскери есепте 27 жасқа дейінгі тұрған азаматтардың саны- 317. Әскери билеттері бар, әскери есепте тұрғандардың  саны-553. 2018 жылдың көктемгі және күзгі мерзімде, Отан алдындағы борышын өтеп жатқандардың саны-25 азамат. 2018 жылы. Айшабибі ауылдық округі аумағындағы 2018-жылдың жаз айларында табиғи дала өрттерін және қыс мезгілінде апатты жағдай орын алған кезде қатысатын ерікті 15-жасақшы бар,сондай-ақ 2-автотехникамен келісім шарт жасалып бекітілген.

    БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ.

    Қазіргі заман  талабына сай  сапалы білім,саналы тәрбие беруде округ бойынша 2 орта мектеп,1 бастауыш мектеп және 1 балабақша мекемелері жұмыс атқаруда.  Осы   білім    беру мекемелерінің материалдық техникалық базаларын    жақсартуға  жыл сайын   қомақты  қаражат  бөлінуде.

    Ауылымызда мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеуде «Қарлығаш» бөбекжайы жұмыс атқаруда. Бөбекжайда 6 топтан құралған, 140 бүлдршіндер тәрбиеленуде. Бөбекжай ғимаратының материалдық-техникалық базасы талапқа сай.  Мектеп жасына дейінгі балалардың бөбекжайға қамтылуы кезекке сәйкес жүргізілуде.  2019 жылдың 1-қаңтарына осыуақыт аралығында  кезекке тұрған  балалар   саны -20.

    МЕДИЦИНА САЛАСЫ

    Халықтың денсаулығын жақсарту бірден-бір өзекті мәселе болып табылады. Денсаулық сақтау саласын жақсарту мәселесі Елбасының назарына тұрақты алынып, жылдан-жылға материалдық-техникалық жағдайларын талапқа сай келтіруге қаражат бөлініп отырады. Ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсартуға округте бір дәрігерлік амбулаториясы, бір фельдшерлік пункті және  жедел жәрдем көрсету пункті  жұмыс атқаруда. Қажетті медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтылған .

    КӨПШІЛІК  МӘДЕНИ  ЖӘНЕ  СПОРТТЫҚ  САЛА БОЙЫНША

    Жыл ішіндегі іс – шаралардың  барлығы аталынып  өткізіліп отырады. 2018 жылы округте  әртүрлі 43 мәдени көпшілік іс-шаралар өткізілді.Оның ішінде көпшілікке арналған-17, жастарға арналғаны-26 іс-шаралар. Аудандық түрлі байқауларға ауыл жастары  белсене ат салысады. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауылдық округтің барлық мекемелерінде бұрыш жасалған және осы бағдарлама аясында түсіндіру және талқылау жұмыстары үнемі жүргізілуде. Ауыл кітапханасында «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» және «Латын әліпбиінің құңдылықтары» атты кітап көрмелері ашылған. Ауылдық кітапханада кітап қоры-8652 дана. Биылғы жаңа түскен кітаптар саны-238 дана. Мемлекеттік тілдегі кітаптар саны-4029 дана. 2018 жылғы  оқырман саны-605 адам.

    Ауылдық округте 2018 жылғы 25 тамызда «Коворкинг» орталығы ашылды. Орталық «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан кітапханалары» жобасы аясында жүзеге асырылып отыр. Бұл білім орталағы ауыл жастары игілігіне беріліп отырған орталық, мұнда жастар шығармашылық жұмыспен шұғылданады, ғаламтор желісін пайдаланады және жастар арасында түрлі іс шаралар өткізеді. Сонымен қатар ағылшын тілін үйрету орталығы, құрақ көрпе тігу, тоқыма үйірмесі, домбыра үйірмесі, ақындыққа баулу өнерін үйрету қамтамасыз етілген. Цифраландыру ақпарат орталығында халыққа қызмет көрсету үшін егов сайтынан алынатын анықтамалар, атап айтсақ мекен жай анықтамасы, соттылығы бар жоғы жөніндегі және т.б.  анықтамалар беріледі.

    ТАЗАЛЫҚ  ЖҰМЫСТАРЫ  БОЙЫНША

    Айшабибі ауылдық округінің қоғамдық орындарды абаттандыру, көгалдандыру, сыртқы безендіру және тазалық жұмыстары әрдайым назарымызда. Айшабибі   ауылдық округіне қарасты көшелердің барлығына жауапты мамандар  бекітілген. Осы бекітілген мамандар көше тұрғындарына  үйлердің айналасына қоқыс жинамау, талдар мен бағандарды әктеу жөнінде  түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бақылауда  ұстап  отырады. Ауылда тұрмыстағы  қатты қалдықтарды, күл-қоқысты жинау үшін жеке кәсіпкер «Махмудов»-пен келісім-шарт жасалып, әр аптаның жұма және сенбі күндері арнайы көлікпен шығарылады.

    Округтегі жұмыстың алға басуына  округ әкімі жанынан құрылған Ардагерлер және Әйелдер кеңесі, төтенше жағдайлардың алдын-алу комиссиялардың жұмысы ықпалын тигізуде. Ауыл іші шешілетін  мәселелерді назарынан  тыс  қалдырмауда. Ауылдық округте қандайда бір мерекелік іс-шара  әлеуметтік жағдай төмен отбасыларға ақшалай, азық-түлікпен қамтып, киім-кешек беретін кәсіпкер азаматтар ауылға өз үлестерін қосуда.

    Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Айшабибі ауылында газ желісіне қосылмаған 41 үйдің  24 үйіне «Жамбыл жылу» мекемесімен бірлесе отырып жеңілдетілген бағдарлама бойынша газ желісі тартылып қосылды.

    Ынтымақ көшесіндегі  ауыл тұрғындарының жағдайын ескере отырып «Энергостроитель» ЖШС 125 ауланың 83 ауласына және Майское саяжайының 120 ауласының 51 ауласына газ желісі тартылды. Бұл жұмыстар әлі де жалғасуда.

    Ел қалаулысы Сматов Нұрсұлтан ауылдық округтегі жағдайы төмен отбасы Таспауова Салтанатқа өз демеушілігі тарапынан газ желісін қосуға көмек берді. Сонымен қатар газ желісін қосуға  «Азиатский газопровод» ЖШС бас директорының орынбасары Сағынтаев Ғалымжан Таймасұлының ауылдық округтегі жағдайы төмен Дүйсенова Шолпанның отбасына өз демеушілігі тарапынан ықпал етті. Жамбыл ауданы әкімі Бақыт Алпысбайұлы Қазанбасов пен ауылдық округ әкімінің демеушілігімен жағдайы төмен отбасыға газ кіргізу жұмыстары жүргізілді.

    2018 жылдың 8 наурыз мерекесіне, желтоқсан айындағы мерекелік іс – шаралар жоспарына сәйкес  көп балалы ана 10 азаматшаға Асанбеков Талғаттың демеушілігімен әр азаматқа 40 мың теңгелік сырт киім,  ауыл тұрғыны Асанбеков Нұрбай отбасы жағыдайы төмен  мүшелеріне 13 сырт киімдер куртка және Асанбеков Асхат 27 пар аяқ киім беріп, елді қуанышқа бөледі.

    9 мамыр жеңіс күніне орай барлық мекеме ұйымдардың қатысуымен мерекелік іс шара ұйымдастырылып,ауылымыздағы Ұлы Отан Соғыс ардагері Шамбаев Қасен атаға сыйлық табысталды.

    Алдағы уақытта бұндай көмектер өз жалғасын табады.

    БАЙЛАНЫС  САЛАСЫ

    Ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағынан  қолдаудағы маңызды мәселелердің бірі ол телефон байланысы мен баспасөзбен қызметімен қамтамасыз ету болып табылады.Ауыл округінде  почта және байланыс телефондары  халыққа қызмет етеді.Телефон байланысы бойынша 296 номер бар, оның ішінде 280 жеке тұлғаларда, 16 номер заңды тұлғаларда.

    ІС ҚАҒАЗДАР ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ БОЙЫНША

    2018 жылы ауылдық округі әкімінің аппаратында іс қағаздар жүргізу жыл басында бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес атқарылуда. Жеке тұлғалардан 142 өтініш түссе, заңды тұлғалардан 11 өтініш түскен. Әкімнің және әкім орынбасарының жеке қабылдауында 38 қабылдау жүргізілді.

    Мерзімінен асып немесе қаралмай қалған өтініштер жоқ.

    «Әдеп» Кодексін сақтау және сенім телефоны туралы стенді  көрнекі жерге ілініп, журнал ашылған.

    Тұрғындардың ұсыныс пікірін және ескертпелеріне арналған жәшік қабылдау бөліміне қойылған. Жәшікке жыл ішінде хат түскен жоқ.

    Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында заңды және жеке тұлғалардың округте көрсетілетін, мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарының  8-түрі бойынша  2018  жылы  барлығы  292  өтініш  түскен.  Мемлекеттік  қызмет  көрсету  және  ауыл  округ  әкімдерінің  функционалдық  міндеттері  бойынша  арнайы  стенділер дайындалып, ауылдық  округі  әкімі  аппараты  ғимаратының  көрнекі   жеріне   ілінген.

    Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы заң талаптарын  жүзеге асыру мақсатында 4-рет халықпен  кездесулер өткізіліп, оған аудандық  құқық қорғау органдары, аудан әкімдігінің бөлім басшылары қатысты. Кездесу аудандық «Шұғыла-Радуга» газетінде жарияланып тұрады.

    Құрметті ауылдастар!

    Ауылымыздың көркейіп жаңарып дамуы  үшін осы алға қойған жоспардағы жұмыстарды ұйымшылдықпен жүргізсек, әлі де талай игі істердің куәсі болатынымызға  сенім білдіремін.

    Зейін қойып  тыңдағандарыңызға  РАХМЕТ

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района