100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Аудан әкімі есебінің тезисі

    Жамбыл ауданының 2017 жылға әлеуметтік-экономикалық

    даму көрсеткіштерінің

    ТЕЗИСІ

     

    2017 жылы ауданның  жалпы шығарылған өнім  көлемі 58 млрд.              885,9 млн. теңгені құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 98,5%-ды құрады            (2016 жыл –   59 млрд. 805,9 млн. теңге).

     

    Өнеркәсіп саласы

    2017 жылы өнеркәсіп саласында 8 млрд. 744,3 млн. теңгеге өнім өндірілді. Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 114,2%-ды құрады            (2016 жылы  – 7 млрд. 659,3 млн. теңге). Нақты индекс көлемі 100% болды.

     

    Өнеркәсіп саласы бойынша ірі және орта кәсіпорындар

    2017 жылы «Амангелді газ өңдеу зауыты» ЖШС-гі 4 млрд. 238,5 млн. теңгеге 143,1 мың тонна өнім өндірді. Зауытта шикізат тапшылығына байланысты өнім көлемі заттай мәнде жалпы 102 мың тоннаға, оның ішінде мазут 12,1 мың тоннаға және дизель отыны 99,6 мың тоннаға, пеш отыны               8,9 мың тоннаға төмендеді. Соған қарамастан конденсаттарды өңдеу арқылы бензин өнімдерін өндіруіне және оның сатылым бағасының жоғары болуына байланысты қаржылай мәнде өнім көлемі 1 млрд. 388,4 млн. теңгеге немесе 48,7 пайызға артып отыр (2016 жылы – 2 млрд. 850,1 млн. теңгеге 245,1 мың тонна).

    Өнім түрлерін көбейту мақсатында 40 мың тонна жоғары октанды бензин өндіретін тұрақтандыру блогы және сыйымдылығы 4 160 тонналық қысымдалған газ сақтау қоймасының құрылысы аяқталады.

    2017 жылы «КнауфГипсТараз» ЖШС-де 1 млрд. 352,3 млн. теңгеге (646,1 мың тонна) гипс өнімдері өндірілді немесе 108,5%-ды құрады                 (2016 жылы – 1 246,6 млн. теңгеге 593,6 мың тонна).

    «БиномСтройДеталь» ЖШС-гі 495,8 млн. теңгеге (29,3 мың тонна) темірбетон бұйымдарын шығарды немесе өткен жылғыдан 109,3%-ға орындалды (2016 жылы – 453,6 млн. теңгеге 25,1 мың тонна).

    «Суперфарм» ЖШС-гі  1 млрд. 233,4 млн. теңгеге (17 186 мың дана) матадан жасалмайтын медициналық бұйымдар шығарды немесе 176,8%-ды құрады (2016 жылы – 697,4 млн. теңгеге 12 959 мың тонна).

     

    Ауыл шаруашылық саласы

    Ауданда барлығы 2 545 агроқұрылымдар жұмыс жүргізуде, оның ішінде                 1 мемлекеттік мекеме, 4 өндірістік кооператив, 175 жауапкершілігі шектеулі серіктестік және 2 365 шаруа қожалықтары бар.

    Шығарылған өнім көлемі

    2017 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 26 млрд.              700 млн. теңгені немесе 2016 жылмен салыстырғанда 105,5%-ды құрады                (2016 жылы – 25 млрд. 116,2 млн. теңге). Ал, нақты көлем индексі 101,2%-ға жетті.

    – Егін шаруашылығы бойынша 16 млрд. 612 млн. теңгеге өнім өндірілді немесе 2016 жылмен салыстырғанда 110,3%-ды құрады (2016 жылы – 15 млрд. 063,8 млн.теңге). Нақты көлем индексі 101%-ға жетті.

    – Мал шаруашылығында өндірілген өнім көлемі 10 млрд. 088 млн. теңгені құрады немесе 101,3%-ға орындалды (2016 жылы – 9 млрд. 953 млн. теңге). Нақты көлем индексі 101,5%-ға жетті.

    Көктемгі дала жұмыстары

    Аудан бойынша 2017 жылға ауыл шаруашылығы дақылдарының жоспарлы егіс көлемі 51 900 гектарды құрап отыр. Оның ішінде, 3 500 га күздік бидай,   7 500 га жаздық арпа, 2 025 га дәндік жүгері, 5 397 га майлы дақылдар, 2 000 га қант қызылшасы, 775 га картоп, 5 626 га көкөніс, 506 га бақша,                     25 298 га көпжылдық шөп.

    Бүгінгі күнге дақылдардың барлығы толығымен орылды. Дақылдардың жалпы түсімі 7 980 тонна бидай (22,8 центнер), 17 210 тонна жаздық арпа                   (22,9 центнер), 11 218 тонна дәндік жүгері (55,4 центнер), 6 335 тонна майлы дақылдар (11,7 центнер), 42 064 тонна қант қызылшасы (210,3 центнер),                           16 740 тонна картоп (216 центнер), 151 796 га көкөніс (269,8 центнер),                   13 055 тонна бақша (258 центнер) жиналып, 149 455 тонна мал азығы                            (38 центнер) дайындалды.

    Жер игеру

    Ауданның жалпы жер көлемі 431 318 гектарды құрайды. Оның ішінде ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер 247 692 гектар. Елді мекен жері                      27 370 гектар. Жалпы егістік жердің көлемі 64 087 гектарды құраса, оның ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдалануға жарамды егістік көлемі                     57 962 гектар (28 946 гектары суармалы, 29 016 гектары суарылмайтын),               944 гектары көп жылдық екпелер, 7 444 гектар шабындық, 179 577 гектар жайылымдық жер учаскелері.

    Соңғы үш жыл көлемінде 6 101,25 гектар жер мемлекеттік жер қорына алынып, қайта айналымға қосылды. Атап айтқанда:

    – 2014 жылы 1 271,09 га (53,52 га суармалы егістік, 771,53 га суарылмайтын егістік, 43,84 га шабындық, 402,2 га жайылым);

    – 2015 жылы  2 796,61 га (121,92 га суармалы егістік, 1 452,67 га суарылмайтын егістік, 738,02 га жайылым, 484 га бөгде жер учаскелері);

    – 2016 жылы 2 033,55 га (174,23 га суармалы егістік, 738,84 га суарылмайтын егістік, 1034,87 га жайылымдық, 10,03 га шабындық, 75,58 га бөгде жер учаскелері).

    Жылыжайлар

    Ауданда – 291 жылыжай бар (көлемі 16,3 га), оның ішінде Қаратөбе ауылдық округінде – 267, Жамбыл ауылдық округінде – 2, Аса ауылдық округінде – 7, Айшабибі ауылдық округінде – 9, Ақбұлым ауылдық округінде – 6 жылыжай орналасқан. Ағымдағы жылдың 1-ші айналымында «Азамат» шаруа қожалығы 1 гектарға қияр, жеке кәсіпкер Сұлтанходжаев 0,29 гектарға қияр, қызанақ, болгар бұрышы мен майда қызанақ араластырып отырғызды және «Медеуов» шаруа қожалығы 0,2 гектар қияр, 0,5 гектар қызанақ және                      1,6 гектарға басқада дақылдар отырғызды, «Шоқай-Жеміс» шаруа қожалығы 2,95 гектар қияр мен 0,4 гектар басқа дақылдар отырғызды және жеке кәсіпкер «Омар» 0,04 гектарға қияр, «Орақбай» шаруа қожалығы 1,2 гектар қияр отырғызды.

    «Азамат» шаруа қожалығы 100 тонна, «Шоқай-Жеміс» шаруа қожалығы        22 тонна, жеке кәсіпкер Омар 1,3 тонна және жеке кәсіпкер Сұлтанходжаев          0,6 тонна өнім жинады.

    Қияр өнімдері Тараз қаласына 1 кг 200 теңгеден өткерілді.

    Су үнемдеу технологиясы

    2016 жылы аудан бойынша барлығы 725,89 га егіс алқаптары жаңа                    су үнемдеу технологиясымен суғарылды. Оның ішінде 146 га жаңбырлатып,      579,89 га тамшылатып суару енгізілген. 2017 жылы 8 шаруашылықта барлығы          270 га, оның ішінде 130 га жаңбырлатып және 140 гектарға тамшылатып суару әдісі енгізілді.

    Ауыл шаруашылық техникалары

    2017 жылы аудан бойынша 138,2 млн. мың теңгеге 27 дана ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды. Оның ішінде: лизингтік жүйе арқылы 15,9 млн. теңгеге 2 шаруашылық 4 техника (Аса а/о – «Айжони» ШҚ            2 дана, Қаратөбе а/о – «Әулет» ШҚ 2 дана), өз қаражаттары есебінен 122,2 млн. теңгеге 14 шаруашылық 23 техника (Гродеково а/о – «Елеуов М» ФШҚ 3 дана және «Тимофеев» ФШҚ 1 дана, «Дархан» ЖШС 2 дана, Полатқосшы а/о – «Марасулов М» ШҚ 1 дана, «Нуров» ШҚ 1 дана, «Ұзын Бұлақ» ШҚ 1 дана «Сұлтан» ШҚ 1 дана, «Шарипов» ШҚ 1 дана,  Көлқайнар а/о – «Хан» ШҚ 5 дана, Ақбастау а/о «Саят» ШҚ 2 дана, Айшабибі а/о – ЖООДСБ «Айша-бибі» шипажайы ШЖҚМКК 1 дана, «Береке» ШҚ 1 дана, «Ақкөл» ШҚ 1 дана, Қаракемер а/о – «Дүзеев» ШҚ 2 дана).

    Ветеринариялық іс-шаралар

    Ауданда 2017 жылға арналған эпизоотияға қарсы атқарылатын іс-шаралар жоспары жасалып, осы шараларды жүргізуге 93,2 млн. теңге бөлінді. 2017 жылы сарып (бруцеллез) ауруына тексеру бойынша 53 366 мүйізді ірі қараның 41-нен сарып ауруы анықталды, 259 582 бас ұсақ малдың 372-нен ауру анықталды. Сарып ауруы анықталған мүйізді ірі қара және ұсақ малдары ветеринариялық талаптарға сай сойылып, қайта өңдеу цехтарына тапсырылды.

    2017 жылы жоспарға сәйкес туберкулезге 65 000 бас мүйізді ірі қара,               1200 бас шошқа, 24 бас түйе тексерілді. Аусылға қарсы 75 000 бас мүйізді ірі қара, 370 000 бас қой-ешкі, 2 600 бас шошқа тексеруден өтті. Лептоспирозға қарсы 23 400 бас мұйізді ірі қара, 12 100 бас қой-ешкі, 1 800 бас жылқы, 1 200 бас шошқа тексерілді. Сібір жарасына 50 000 бас мүйізді ірі қара, 215 000 бас қой-ешкі, 16 500 бас жылқы, 2 200 бас шошқа, 20 бас түйе тексерілді.

    Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқор базасында –       44 184 бас мүйізді ірі қара, 198 139 – бас  ұсақ мал, 1 589 – бас шошқа, 11 479 – бас жылқы, 37 – бас түйе тіркелген. 2017 жылы аудан елді мекендерінен 1 592 бас ит-мысық ауланып жойылды.

    Конго-Қырым безгегі ауруына қарсы 10 ауылдық округте 12 елді мекеннің (Гродиково, Түрксіб, Бектөбе, Қапал, Жамбыл, Еңбек, Көлқайнар, Шайдана, Бірлесу-Еңбек, Өрнек, Жаңаөткел, Қызылтаң) жалпы жер көлемі 272,9 гектарды құрайтын 3 699 ауласына және 33 830 мал басына залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, 3 кезең толығымен аяқталды.

    Мал басы

    2017 жылдың 11 айында 37 112,2 тонна сүт, 7 097,7 тонна ет, 23 142,5 мың дана жұмыртқа өндірілді. 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда сүт    100,8 пайызға, ет 101 пайызға, жұмыртқа 3,6 есеге орындалды.

    Ауданда ірі қара малының басы – 34 832, қой-ешкі – 215 444, жылқы –          15 169, түйе – 56, үй құстары – 312 747 басқа жетіп, шошқа малының саны             1 289 басты құрады.

    «Агробизнес – 2020» бағдарламасының орындалу барысы төмендегідей:

    «Алтын асық» бағдарламасымен 1 107 бас ұсақ мал сатып алу жоспарланып, есепті кезеңде 1 467 бас сатып алынды (жоспардың орындалуы – 132,5%). Оның ішінде 1 145 бас «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» арқылы алынды.

    «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 231 бас ірі қара малын сатып алу жоспарланып, нақты 746 бас сатып алынды (жоспардың орындалуы – 322,9%). Оның ішінде 727 бас «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» арқылы алынды.

    «Құлан» бағдарламасы шеңберінде 72 бас жылқы сатып алу жоспарланса, нақты 294 бас сатып алынды (жоспардың орындалуы – 408,3%). Оның ішінде              190 бас «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» арқылы алынды.

    «Жайылымды суландыру» бағдарламасы бойынша 2017 жылы 4 ұңғыма қазу жоспарланса, есепті жылы 17 ұңғыма қазылды (жоспардың орындалуы – 425%).

    Аудан көлемінде 5 120 басқа арналған 8 мал бордақылау алаңдары бар   (МІҚ– 4 190 бас, қой – 650 бас, жылқы – 280 бас).

     

    Құрылыс

    2017 жылы жалпы көлемі 5 млрд. 621,6 млн. теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілді, бұл 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 127,7%-ға орындалды (2016 жылы – 4 млрд. 402,3 млн. теңге). Ал нақты көлем индексі 122,8%.

    2017 жылы бюджет қаражаттары есебінен 1 млрд. 083,3 млн. теңге бөлініп,  толығымен игерілді. Атап айтқанда:

    – Бектөбе ауылындағы жаңадан салынып жатқан тұрғын үй алқабының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға 289,2 млн. теңге бөлініп (республикалық бюджеттен – 257,2 млн. теңге; облыстық бюджеттен – 31,9 млн. теңге), толығымен игерілді;

    – Аса ауылындағы жаңадан салынып жатқан тұрғын үй алқабының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға 45,7 млн. теңге (Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры есебінен 42,2 млн. теңге және облыстық бюджеттен 3,5 млн. теңге) бөлініп, толығымен игерілді;

    – Айшабибі ауылындағы жаңадан салынып жатқан тұрғын үй алқабының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға 103,1 млн. теңге (Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры есебінен 93,7 млн. теңге және облыстық бюджеттен 9,4 млн. теңге) бөлініп, толығымен игерілді;

    – Пригородное ауылының ауыз сумен қамтамасыз ету жүйесін қалпына келтіру үшін 841,6 млн. теңге бөлініп (республикалық бюджеттен – 627,7 млн. теңге, облыстық бюджеттен – 213,9 млн. теңге), есепті кезеңде толығымен игерілді;

    – Аса ауылындағы «Бәйтерек» тұрғын үй алқабынан көп қабатты тұрғын үй құрылысына 145,5 млн. теңге бөлініп (ҚР ұлттық қорынан – 130,2 млн. теңге, облыстық бюджеттен – 15,3 млн. теңге), толығымен игерілді;

    – Бірлесу-Еңбек ауылынан 140 орынға арналған мектеп құрылысын салуға облыстық бюджеттен 5 млн. теңге қосымша қаржыландыру бөлініп, толығымен игерілді;

    – Бектөбе ауылындағы ауылдық клубтың қазандығын газдандыруға                    17,6 млн. теңге бөлініп, есепті кезеңде толығымен игерілді;

    – Қоңыртөбе бастауыш мектебін газдандыруға облыстық бюджеттен           10,0 млн. теңге бөлініп, есепті кезеңде толығымен игерілді;

    – Шайқорық ауылындағы «Ақбота» балабақшасын газдандыруға облыстық бюджеттен 12,1 млн. теңге бөлініп, есепті кезеңде толығымен игерілді.

     

    Негізгі капиталға салынған инвестиция

    2017 жылы негізгі капиталға салынған инвестицияның жалпы көлемі                    23 млрд. 701 млн. теңгені немесе 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 121,1%-ды құрады (2016 жылы – 19 млрд. 568,6 млн. теңге). Нақты көлем индексі 117,7%-ға жетті.

    Жан басына шаққанда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 290 116 теңгені құрады және 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 118,6%-ды құрады (2016 жылы – 244 547 теңге).

     

    Сауда

    2017 жылы бөлшек сауда тауар айналымы 2 млрд. 900 млн. теңге немесе 100,5% болды (2016 жылы – 2 млрд. 884,6 млн. теңге). Нақты көлем индексі 100%-ды құрады.

    Сонымен қатар, көтерме сауда айналымының көлемі 14 млрд. 920 млн. теңге немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 75,5%-ды құрады (2016 жылы  – 19 млрд. 743,5 млн. теңге). Нақты көлем индексі 82,0%-ды құрады.

     

    Орташа айлық жалақы көлемі егер 2016 жылы 99 647 теңгені құраса, 2017 жылы 93 572 теңгені немесе 93,9%-ды құрап отыр.

     

     

     

    Тұрғын үй құрылысы

    2017 жылы жалпы алаңы 40 555 шаршы метрді құрайтын 328 жеке меншік тұрғын үй қабылданды, бұл 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 126,7%-ға орындалды (2016 жылы – 32 000 шаршы метр).

    Аудан бойынша тұрғын үй кезегінде 327 адам тұр. Оның ішінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 48 бала, әлеуметтік әлсіз 215 адам, мемлекеттік қызметшілер 64 адам.

    Сондай-ақ, жалпы аудан бойынша 8 809 адам жеке меншік тұрғын үй құрылысына жер телімін алуға кезекте тұр.

     

     

    Салықтар мен міндетті төлемдердің орындалуы

    Аудан бойынша салықтық түсімдердің орындалуы 104,1%-ды құрады (жоспар 4 070,5 млн. теңге; нақты 4 235,8 млн. теңге).

    Республикалық  бюджет  100,9%-ға орындалды (жоспар 1 279,9 млн. теңге; нақты 1 291,4 млн. теңге).

    Жергілікті бюджет  105,5%-ға орындалды (жоспар 2 790,6 млн. теңге; нақты 2 944,4 млн. теңге). Оның ішінде аудандық бюджет 136,9 млн. теңгеге (жоспар 1 866 млн. теңге; нақты 2 002,9 млн. теңге) және облыстық бюджет 16,9 млн. теңгеге (жоспар 924,6 млн. теңге; нақты 941,5 млн. теңге) артық орындалды.

     

    Бюджет шығыстарының игерілуі   

    2017 жылы бюджеттің игерілуі 100%-ды құрады (жоспар 10 757,8 млн. теңге; нақты 10 757,5 млн. теңге).

     

    Кәсіпкерлік саласы

    2017 жылы аудан бойынша жалпы тіркелген 4 612 кәсіпкерлік нысандарында 7 274 адам жұмыспен қамтылды. Барлық шағын кәсіпкерлік саласы бойынша есепті кезеңде 30 млрд. 710,3 млн. теңгеге өнім өндірілген. Бұл ауданның жалпы шығарылған өнім көлемінің 56,4% құрайды.

     

    «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы

    2017 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында                   1 046,4 теңгеге 16 жоба іске асырылды. Оның ішінде 1-құралы «Пайыздық ставканы субсидиялау» шарты бойынша 1 039,9 млн. теңгеге 15 жоба,                     4-құралы «Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту» шартымен 6,5 млн. теңгеге 1 жоба іске асырылды. Барлығы 105 адам жұмыспен қамтылды.

     

    Автомобиль жолдары

    Аудан бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы                        819,8 шақырымды құрайды. Атап айтқанда:

    – республикалық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 108 шақырым. Оның 58 шақырымы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолы;

    – облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 85,7 шақырым;

    – аудандық маңызы бар жолдардың жалпы саны 32, ұзындығы                     237,1 шақырым;

    – елді мекендердегі көшелер саны – 445, ұзындығы – 389 шақырым. Оның   119 шқ асфальтті төсем, 195 шқ шағал, 75 шқ төсемсіз.

    2017 жылы аудан бойынша автомобиль жолдарын ұстауға 35,5 млн. теңге және аудандық мәндегі автомобиль жолдарын жөндеуге 183,4 млн. теңге бөлініп, игерілді. Бұл қаражаттарға аудандық маңызы бар 14 жол (Құмтиын-Өрнек-Ерназар жолы, Аса ауылының айналма жолы және Аса ауылына кіреберіс жолы, Айшабибі – Қызылтаң жолы, Жасөркен ауылының Жасөркен, Тұралиев көшелері, Казфосфат – Гипсовый автожолы, Ақбұлым, Бесағаш, Бесжылдық, Қаратау, Құмтиын ауылдарына кіреберістер, Жасөркен – Пионер лагерь жолы, Пионер – Сеңгірбай жолы) ағымдағы және орташа жөндеуден өткізілді.

    Сонымен қатар, ауыл ішілік жолдарды жөндеуге 178,9 млн. теңге бөлініп, бұл қаражаттарға 19 ауылдың 29 көше жолдары жөндеуден өткізілді.

    Бұдан бөлек, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 23,0 млн. теңгеге     5 ауылдың 5 көшесі жөңдеуден өтті. Сондай-ақ, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына бөлінген трансферттер есебінен 20,8 млн. теңгеге                     8 ауылдың 13 көшесі жөндеуден өтті.

    2017 жылы жалпы аудан бойынша автомобиль жолдарын жөндеуге және ұстауға 441,7 млн. теңге бөлінді.

    Аудандық мәндегі жолдарға қажетті жол белгілерін сатып алуға 1 млн.       500 мың теңге бөлініп, толық игерілді. Сондай-ақ, автокөлік жолдарындағы жаяу жүргіншілер жолағын жаңартуға (Аса ауылы Абай көшесі, Резиденцияға дейінгі Гродеково – Үшқорған автожолы) 3 млн. 200 мың теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды.

     

    Абаттандыру, көгалдандыру, көшелерді жарықтандыру

    2017 жылға аудандық бюджеттен елді мекендердің санитариясын камтамасыз ету мақсатында 23 млн. 918 мың теңге бөлінді (ТҮКШЖКжАЖ бөлімі арқылы –      22 млн. 630 мың теңге, округтерге – 1 млн. 288 мың теңге).

    Ал, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына 31 млн. 439 мың теңге бөлінді (ТҮКШЖКжАЖ бөлімі арқылы – 28 млн. 359 мың теңге, округтерге –       3 млн. 080 мың теңге).    

    2017 жылы елді мекендердегі көшелерді жарықтандыруға, атап айтқанда, электр желісінің және трансформаторлардың техникалық қызмет көрсетуге, тұтынылған электр энергиясы үшін коммуналдық ақы төлеуге 69 млн. 201 мың теңге бөлінді (ТҮКШЖКжАЖ бөлімі арқылы – 65 млн. 291 мың теңге, округтерге – 3 млн. 910 мың теңге).    

     

     

     

     

    Сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету

    Аудандағы 42 елді мекеннің 17-да орталықтандырылған ауыз су жүйесі бар (40,5%). 81 695 адамның орталықтандырылған ауыз сумен 39 213-і немесе     48,0% қамтылған.

    Жалпы тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 75,1% құрады (81 695 халықтың 61 353 қамтылған).

    2017 жылы Пригородное ауылының ауыз сумен қамтамасыз ету жүйесін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның сметалық құны – 2 млрд. 179,5 млн. теңге. Мердігер – «Интеллект Азия» ЖШС. 2017 жылға аталған жоба бойынша 455 млн. теңге бөлініп (республикалық бюджеттен – 241,1 млн. теңге, облыстық бюджеттен – 213,9 млн. теңге), толығымен игерілді.

     

    Газбен қамтамасыз ету

    Аудан бойынша 42 елді-мекеннің 24-і газбен қамтылған немесе                 57,1%-құрайды. Сондай-ақ, 16 елді-мекен бойынша 2012 жылы техника-экономикалық негіздемесі әзірленген болатын.

    2016-2018 жылдарға облыстық құрылыс және энергетика басқармалары тарапынан республикалық бюджетке 13 елді-мекенді газбен қамтамасыз ету (Рахат, Еңбек, Тастөбе, Көлқайнар, Пионер, Шайдана, Қаракемер, Құмтиын, Жұма, Өрнек, Ерназар, Қаратау, Қызылтаң) бойынша 2017 жылға облыстық бюджеттен 72 млн. 519 мың теңге бөлініп, ЖСҚ әзірленді және МС өткізілуде.

    Сондай-ақ, жоғарыда аты аталған елді мекендерге газ құбырларын жеткізу нысаны жобасының жерге орналастыру жобасын дайындауға  аудандық бюджеттен 9  млн. 973 мың теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды.

    Ауданның 3 ауылын (Тоғызтарау, Жаңаөткел, Құмсуат) газбен қамтамасыз ету жобасы да солардың тарапынан Жуалы ауданының 22 елді-мекенінің құрамында республикалық бюджетке енгізілген болатын.

    Қалған Сеңгірбай мен Октябрь ауылдарын газбен қамтамасыз ету тиімсіз деп танылған.

     

    «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламасының жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылық қолдау бағытын іске асыру

    «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 2017 жылға жалпы сомасы 71 млн. 670 мың теңге бөлініп, есепті кезеңде 71 млн. 667,5 мың теңгесі немесе 99,9%-ы игерілді. Бұл қаражаттарға 17 ауылдық округте 21 жоба іске асырылды. Атап айтқанда, 5 ауыл ішілік жолдары, 7 білім беру нысандары                 (4 мектеп, 3 балабақша) және 1 ауылдық клуб ғимаратына ағымды жөндеу жұмыстары, 2 шағын футбол алаңын орнату жұмыстары және 6 нысанды абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

     

    Баға

    2017 жылы тауарлар мен қызметтердің тұтыну бағаларының индексі өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 107,4%-ды құрады. Оның ішінде азық-түлік тауарларды тұтыну индексі 107,8%-ды, азық-түлік емес тауарлар 107,9%-ды және ақылы қызметтер 106,5%-ды құрады.

    Бағалардың өсуіне жүргізілген мониторингтің нәтижесінде, 2017 жылы аудан көлемінде 33 әлеуметтік маңызды азық-түлік түрлерінің ішінде 3 түрлі тауар бағасының өсімі тіркелді. Атап айтқанда, тауықтың сан еті 16,4%-ға немесе                90 теңгеге, пастерленген сүт 20,3%-ға немесе 43 теңгеге, картоп 76,9%-ға немесе 50 теңгеге жоғарылады.

    2017 жылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында «Тараз сауда-саттық компаниясы» ЖШС-гі арқылы аудан аумағындағы 5 ауылдық округтен операторлар белгіленіп, 19 324 кг азық-түлік тауарларына (7 550 кг қант, 1 695 кг картоп, 1 465 кг пияз, 880 кг сәбіз, 2 850 кг 1 сұрыпты ұн, 439 литр күнбағыс майы және 95 кг қарақұмық) алуға өтінім жолданды. Қаратөбе, Бесағаш, Гродеково ауылдық округтерінде белгіленген операторлар тұрақтандыру қорымен 10,0 тонна қантқа өтінім жолданып, 3 350 кг қант алынып дүкендерге 240 теңгеден сатылды.

    Аудандағы 17 ауылдық округтегі 200 шағын сауда орындарымен негізгі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақты түрде ұстап тұру және үстеме бағаны көп мөлшерде қоспау туралы 138 меморандумға қол қойылды.

    Ауданда 8 835 тонналық барлығы 121 көкөніс сақтау қоймалары жұмыс атқарады, оның 5-і типтік, 116 бейімделген. Қазіргі уақытта қоймаларда                   көкөністер қоры таусылған.

    Аудандағы жұмыс істеп тұрған 26 АЗС-да жанармайдың орташа бағасы төмендегідей:

    • АИ-92 – 160 теңге (шекті баға жоқ);
    • Дт – 154 теңге (шекті баға жоқ).

    Жалпы жанармайдың нақты қоры:

    • АИ-92 – 1 айға қажеттілігі 4 395 тонна, нақты қоры 292,6 тонна;
    • Дт – 1 айға қажеттілігі 978 тонна, нақты қоры 243,8 тонна.

     

    Халықты әлеуметтік қорғау және қамсыздандыру шаралары

    Кедейшілік деңгейі 0,1%-ға (2016 жылы – 0,1%), жұмыссыздық деңгейі 4,5%-ға жетті (2016 жылы – 4,5%). Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы халықтың орта есеппен жан басына шаққанда 21 500 теңгені құрады                         (2016 жылы – 20 460 теңге).

    2017 жылы кешенді жоспар бойынша 2 868 адам жұмыспен қамтылды (жоспар – 1 947 адам). Жоспар 147,3%-ға орындалды. Оның ішінде: 1590 адам тұрақты жұмысқа, 158 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 299 адам жастар тәжірибесі бойынша, 194 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға, 511 адам кәсіптік оқу курстарына орналасты, 64 адам техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға жолданды, 52 адамға несие берілді.

    2017 жылы жұмыспен қамту бөліміне 3 116 адам жұмысқа орналасуға өтініш білдіріп, оның 2 240-ы қамтылды. Уәкілетті органдар арқылы жұмыспен қамтылу деңгейі – 71,9%-ды құрады.

    2017 жылы 201 адамға 4 898 мың теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 8 121 балаға 190 млн. 196 мың теңге 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы,  329 отбасыға 7 498 мың теңге тұрғын үй жәрдемақысы және  118 үйде оқытылып жатқан мүгедек балаларға 4 млн. 808 мың теңге жәрдемақы төленді.

    «Өрлеу» жобасы шеңберінде 2017 жылы 1 969 азаматқа жалпы 67 млн.                177 мың теңге тағайындалып, төленді.

    Ауданда 2 515 мүгедектер тіркелген, оның 1-2 топтағысы 1 101 адам,               3 топтағысы 1 004 адам, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны 410 адам.

    2017 жылы 37 мүмкіндігі шектеулі азаматты жұмыспен қамту жоспарланып, жұмыспен қамту орталығының ықпал етуімен мүмкіндігі шектеулі 53 азамат жұмыспен қамтылып, жоспар 143,2%-ға орындалды. Оның ішінде 10 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 6 адам жастар тәжірибесімен,  12 азамат қысқа мерзімді кәсіптік оқу курстарына, 3 адам инвестициялық жобалар бойынша, 4 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 16 адам тұрақты жұмысқа орналасты, 2 адамға несие берілді.

    Аудандық мекемелерге мүгедектердің кіріп-шығуына жағдай жасау мақсатында 2017 жылы 14 нысанды бейімдеуден өткізу жоспарланып, оның               ішінде 13 мекеме бейімдеуден өтті.

     

    Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы

    «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың             2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында ағымдағы жылы                         1 966 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, есепті кезеңде 2 868 адам жұмыспен қамтылып, жоспар 145,9%-ға орындалды.

    Бағдарламаның 1 бағыты қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету бойынша республикалық бюджеттен 91 млн. 460 мың теңге бөлініп, 499 адамды оқыту жоспарланды.

    2017 жылы Тараз қаласына 511 азамат оқуға жолданды. Оның ішінде:                  70 азамат аспазшы мамандығына, 45 азамат шаштараз, 41 азамат «В» автокөлік жүргізу категориясына, 3 азамат штукатур мамандығына, 28 азамат дәнекерлеу ісі мамандығына, 20 азамат компьютерлік курсына, 50 азамат тракторист-машинист мамандығына, 50 азамат электрогазосварщик мамандығына, 1 азамат электр монтер мамандығына, 61 азамат көлік жөңдеу слесары, 10 азамат 1С бухгалтер мамандығына, 20 азамат кондитер мамандығына, 5 азамат пекарь мамандығына,  7 азамат массаж мамандығына, 5 азамат техник-сантехник мамандығына,                        45 азамат тігінші мамандығына, 15 азамат визажист мамандығына, 15 азамат слесарь-сантехник мамандығына, және 20 азамат маникюр мамандығына.

    Сонымен қатар, аз қамтылған және тұрмыс жағдайы төмен отбасынан шыққан 9-11 сынып бітірушілерді ір түрлі мамандық бойынша техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға 64 азамат жолданды.

    Бағдарламаның 2 бағыты жаппай кәсіпкерлікті дамыту аясында                     2017 жылға бөлінген қаражатқа «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» ұйымы арқылы 39 азаматқа 166 млн. 369 мың теңге, ЖШС «Дихан» несие серіктестігі арқылы 7 азаматқа 34 млн. 640 мың теңге және «Атамекен-Тараз» ұйымы арқылы 6 азаматқа 19 млн. 100 мың теңге көлемінде шағын несие берілді. Жалпы есепті жылы 52 азаматқа ауыл шаруашылығын дамытуға 220 млн.  109 мың теңге көлемінде несие берілді.

    Бағдарламаның 3 бағыты халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту бойынша азаматтарды мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламалар аясында жүргізілетін құрылыс және жөндеу жұмыстарына тарту мақсатында 2017 жылы 128,3 млн. теңге бөлініп, бұл қаражаттарға 1 433 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, есепті жылы нақты 2 241 адам орналасты. Атап айтқанда:

    • әлеуметтік жұмыс орындарына 158 адам (жоспар – 120 адам);
    • жастар тәжірибесі бойынша 299 адам (жоспар – 243 адам);
    • ақылы қоғамдық жұмыстарға 194 адам (жоспар – 170 адам);
    • тұрақты жұмысқа 1 590 адам орналасты (жоспар – 900 адам).

     

    Денсаулық сақтау саласы

    Денсаулық сақтау саласында 35 мекеме мен ұйымдар халыққа қызмет көрсетеді, онда барлығы 111 дәрігерлер мен 540 орта буындағы медицина қызметкерлері бар. Жалпы аудан бойынша 10 мың тұрғындарға дәрігерлермен қамтылу көрсеткіші 13,7 промильді құрады (2016 жылдың 11 айы – 12,4).

    Аудан бойынша 7 жедел жәрдем көрсету бригадасы қызмет көрсетеді (Аса ауылында-2, Өрнек, Шайқорық, Пригородное, Айшабибі және Гродиково ауылдарында бір бригададан). Барлық бригада медицина қызметкерлерімен толық қамтамасыз етілген, яғни 30 фельдшер, 30 диспетчер, 30 автокөлік жүргізушілері бар. 8 жедел жәрдем техникаларының ішінде 1 данасы заманауи жабдықталған автокөлік.

    2017 жылдың қаңтар-тамыз айларында 1000 адамға шаққанда туу көрсеткіші 23,83 промильді құрады (2016 жылдың қаңтар-қазаны –                    24,21 промиль). 1000 адамға шаққанда өлім көрсеткіші 5,46 промильді құрады (2016 жылдың қаңтар-қазаны – 5,80 промиль).

    2017 жылдың есепті кезеңінде ана өлімі тіркелмеген. Ал 1 жасқа дейінгі сәбилер өлімі көрсеткіші 5,59 промильді құрады (2016 жылдың қаңтар-қазаны – 4,95). Нәресте өлімі бойынша 11 жағдай орын алған. Оның ішінде, 6 жағдай облыстық перинаталдық орталықта, 1 облыстық туберкулезге қарсы балалар санаторийінде, 1 қалалық балалар ауруханасында, 1 облыстық балалар жұқпалы ауруханасында, 1 облыстық балалар ауруханасында, 1 Меркі ауданында тіркелген (респираторлық дистресс синдромы, миға қан құйылу, өкпе гипертензиясы, туылу кезіндегі тұншығу, механикалық тұншығу, фиброэластоз, мидың ошақты жарақаты, туа біткен кемістік, жабық бас сүйек-ми зақымы).

    Ағымдағы жылдың 11 айында 100 мың адамға шаққанда туберкулезбен ауырғандар көрсеткішінің коэффиценті 38,3 промильді құрап, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 26,9%-ға төмендеген (2017 жылдың 11 айында 31 адам науқастанған, 2016 жылдың 11 айында 42 адам немесе 52,4 промиль).

    Сонымен қатар, 2017 жылдың 11 айында 100 мың адамға шаққанда қант диабетімен науқастанғандар коэффициенті 118,7-ні (2016 жылдың 11 айы – 127,4), қан қысымымен науқастанғандар коэффициенті 4 372-ні (2016 жылдың     11 айы – 4 274,2), жаңадан пайда болған қатерлі ісік аурулары 117,5-ті                   (2016 жылдың 11 айы – 102,4), наркологиялық тәуелділікке душар болғандар көрсеткіші 143,4-ны құрап (2016 жылдың 11 айы – 99,9), жүйкесі сыр бергендер көрсеткіші 29,7-ге жетті  (2016 жылдың 11 айы – 28,7).

     

     

    Білім саласы

    Аудандағы жалпы 38 білім беру ұйымдарының (26 орта, 11 бастауыш,          1 негізгі мектеп) 850 сынып комплектісінде 15 320 балаға 1 875 ұстаз білім беруде. Сонымен қатар, мектепалды дайындық бойынша 93 сынып комплектісінде 1 544 бала білім алуда.

    Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі 1 компьютерге орташа есеппен 9 оқушыны құрайды. Жалпы ауданның барлық мектептері интернет желісіне қосылған. Оның ішіңде 26 мектепте 74 химия, физика, биология кабинеттері, 22 мектепте лингофон және мультимедиялық құралдармен жабдықталған 30 кабинет, 32 мектепте 110 интерактивтік тақталар бар.                 Барлық мектепте бейнебақылау орнатылған.

    2017 жылы білім беру саласына 6 млрд. 002,7 млн. теңге бөлініп, игерілді.

    2017 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында Жеңістің         30 жылдығы атындағы орта мектепті күрделі жөндеуден өткізуге облыстық бюджеттен 155,1 млн. теңге бөлінді. Есепті жылы қаражат толығымен игеріліп, жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұдан бөлек, аудандық бюджет есебінен 156 млн. 079 мың теңгеге 13 орта мектепте, 1 бастауыш мектепте, 1 балабақшада және                2 шағын орталықта ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

    Жалпыға бірдей міндетті орта білім қорының шығындары 104,4 млн. теңгені құрады. Оның ішінде 80,4 млн. теңге аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан 1 164  оқушыны тамақтандыруға бөлініп, толығымен игерілді.

    2017-2018 оқу жылында аудан көлемінде 21 елді-мекеннен 12 мектепке     1 101 оқушы тасымалданып оқытылады.

    2016-2017 оқу жылында 574 мектеп бітірушінің 399-і ҰБТ қатысып, жалпы орташа балл 79,4%-ды көрсетіп, өткен оқу жылымен салыстырғанда 6,6 балға өсті.

    ҰБТ тапсырған 399 мектеп бітірушілердің 28-і шекті деңгейге (50 балл) қол жеткізе алмады, үлесі 7,01%-ды құрады.

    13 оқушы «Алтын белгі» иегері, 2 оқушы  «Үздік аттестат» иегері атанды.

    2017-2018 оқу жылына мектеп бітірушілер саны – 631 оқушы. ҰБТ тапсыруға 415 оқушы өтініш білдірді, 12 оқушы «Алтын белгіге», 8 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер.

    Аудандағы мектепке дейінгі білім беретін 18 балабақшада (2 446 бала) және 19 мектеп базасындағы шағын орталықтарда (975 бала) барлығы                        3421 бүлдіршіндер тәрбиеленуде. Ауданда 1 мен 6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші 58,0 пайызды (облыстық көрсеткіш 58,9%)  құрады, кезекте 1 388 бала тұр. 3 пен 6 жас аралығындағы тәрбиемен қамту көрсеткіші – 85,7 пайызды (облыстық көрсеткіш 83,0%) құрайды, кезекте 298 бала тұр.

    2017 жылы Шайқорық орта мектебінен 50 орындық шағын орталық ашылды.

    Мәдениет және спорт

    Аудан халқына 19 клуб, 29 кітапхана, 1 жылжымалы «Зерде» бейнемобиль мәдениет ошақтары қызмет көрсетуде. 2017 жылы аудан көлемінде жалпы әр түрлі 488 мәдени көпшілік іс-шаралар өткізіліп, оған 79 500 адам қатысты.

    2017 жылы Бірлесу-Еңбек (3 млн. 240 мың теңге) және Шайдана                     (7 млн. 789 мың теңге) ауылдық мәдениет үйлерін ағымды жөндеуге 11 млн.       029 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді. Бүгінгі таңда жөндеу жұмыстары толық аяқталды.

    Аудандағы кітап қоры 205 мың 786 дананы құрайды. Оның ішінде, мемлекеттік тілдегісі 122 мың 092 дана немесе 59,3%. 2017 жылға кітап қорын ұлғайту үшін 1,2 млн. теңге қаралды. Бұл қаражаттарға 1 075 дана кітап сатып алынды, оның мемлекеттік тілдегісі – 940 дана.

    Қазіргі уақытта ауданда 151 спорт нысандары  бар, атап айтқанда:               1-орталық стадион, 1 спорт кешені, 1 ипподром, 77 спорт алаңшалары, 29 футбол алаңдары, 8 атқыш тирлері, 33 спорт залдары мен 1 дене тәрбиесі және спортпен шұғылданатын бөлмелер.

    Аудан бойынша 22 859 адам немесе 28,1%-ы спортпен тұрақты айналысады. Аудандағы 7 мен 18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдердің жалпы санынан (14 215 адам) спорт мектептері (1 548 адам) мен аула клубтарында        (45 адам) дене шынықтырумен және спортпен айналысатындардың үлесі 11,2%-ды құрайды.

    Аса және Түрксіб ауылдарындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде 1 548 бала спорттың 18 түрімен жаттығуда.

    2017 жылға Аса ауылына кіреберістегі спорт алаңын ағымды жөндеуге         12 млн. 784 мың теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ, ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамытуға – 2,2 млн. теңге, аудандық деңгейде спорттық жарыстар өткiзуге – 2,5 млн. теңге, әртүрлi спорт түрлерi бойынша аудан құрама командаларының мүшелерiн дайындау және оларды облыстық спорт жарыстарына қатыстыруға – 3,5 млн. теңге бөлінді.

    Бұл бағдарламалар аясында 2017 жылы 204 іс-шара өткізіліп, аталған шараларға 30 114 адам қатысты.

    Жастар

    Бүгінгі таңда аудандағы жастар үлесі 20 813 адамға жетіп, жалпы халық санының 25 пайызын құрап отыр. Оның ішінде 4 786 жас білімгер болса,         2017-2018 жылғы оқу жылындағы аудандағы орта мектептердегі жалпы оқушылар саны 14 332, оның ішінде 14-18 жас аралығындағы жастар саны 4 056 құрайды. 2017 жылы жұмыссыз ретінде тіркелген жастар саны 192, оның ішінде тұрақты жұмысқа орналасқан 147 жас, қоғамдық жұмысқа жіберілгендер саны 25, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасымен жұмысқа жіберілгендер 249 жас.

    2017 жылы жасөспірімдер мен жастардың бос уақытын тиімді өткізу бағытында 376 іс-шара өткізілді.

    «Жастар ресурстық орталығында» 2017 жылы 500-ге жуық жасқа кеңестер берілді. «Сенім телефонына» 9 қоңырау тіркелген.

     

    Жылыту маусымына дайындық

    Аудан көлемінде 140 әлеуметтік мекеме бар. Оның ішінде 56-і білім беру,         36-ы денсаулық сақтау, 48-і мәдениет нысандары. Аталған мекемелердің жылыту жүйелері төмендегідей:

    – 72-і көмірмен (білім беру –28, денсаулық сақтау – 14, мәдениет – 30);

    – 67-і газбен (білім беру – 27, денсаулық сақтау – 22, мәдениет – 18);

    – 1-і сұйық отынмен (Сартбаев о/м Пионер ауылы) жылытылады.

    Аудан бойынша 39 қазандықтың 21-і «Жамбыл-Жылу» КМК-нің теңгерімінде. Барлық қазандықтар балама отын түрімен және резервтік қазанмен жабдықталған.             24 орта мектепте баламалы электр қуатын беретін генераторлар бар (5 – 15 КВт,          3-30 КВт, 16 – 5 КВт).

    2017-2018 жылғы жылыту маусымына бюджеттік мекемелерге 2489 тонна көмір және 56 тонна дизель отынын сатып алу үшін 38 млн. 539 мың теңге бөлінді.

     

    Қоғамдық тәртіп, жол қозғалысы қауіпсіздігі

    2017 жылы аудан көлемінде жалпы 576 қылмыстық істер тіркеліп                   (2016 жылы – 657), 2016 жылмен салыстырғанда 12,3%-ға төмендеген.    

    Оның ішінде 63 ауыр және аса ауыр қылмыстық істер тіркеліп (2016 жылы – 52), 2016 жылмен салыстырғанда 21,2%-ға артып отыр. Ашылу деңгейі 88,6%-ды құрады (2016 жыл – 79,5%).

    Бұрын қылмыс жасағандармен жасалған қылмыстар саны 89-ды құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 20,3%-ға артып отыр (2016 жыл – 74). Жалпы қылмыстық істерден үлесі 26,2%-ды құрады (2016 жыл – 23,9%).

    Ал, кәмелетке толмағандармен 3 қылмыс жасалып, 2016 жылмен салыстырғанда 66,7%-ға төмендеген (2016 жыл – 9). Жалпы қылмыстық істерден үлесі 0,9%-ды құрайды (2016 жыл – 2,9%).

    Сондай-ақ, көшеде жасалған қылмыстар саны 45-ке жетіп, 2016 жылмен салыстырғанда 50%-ға артып отыр (2016 жыл – 30). Қылмыстық істердің жалпы санындағы көшеде жасалған қылмыстардың үлесі 7,8%-ды құрайды (2016 жыл – 4,6%).

    Ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің мәліметіне сәйкес, 2017 жылы аудан көлемінде 129 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 22 адам қаза тауып, 258 адам әртүрлі дене жарақатын алған. 2016 жылмен салыстырғанда жол-көлік оқиғаларының саны 18,3%-ға, қаза тапқандар саны 83,3%-ға, дене жарақатын алғандар саны 503%-ға артып отыр (2016 жылы 109 жол көлік оқиғасы тіркеліп, 12 адам қаза тауып, 172 адам әр түрлі дене жарақатын алған).

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района