100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Жамбыл ауданының әкімі С.Қ.Арубаевтың Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтауы

    Құрметті аудан жұртшылығы! Сіздерді келе жатқан  еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын.

             Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетін арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты. Қазақстан Тәуелсіздігі – ең алдымен ұлтымыздың ежелден бостандыққа деген асқақ рухының, өшпес жігерінің жеңісі.

    Тәуелсіздіктің арқасында бүгінгідей бақ-береке салтанат құрып, мерейлі мерекелер тойланып, халық бейбіт күннің бесігінде тербеліп, ынтымақта ғұмыр кешуде.

    Ұлы мерекемізбен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Әрдайым шығар тауымыз биік болып, алдымыздағы ұлан асу – Тәуелсіздік күніне жарқын жүзбен, көтеріңкі көңіл-күймен жетейік. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района