100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Аудан әкімінің 1 қыркүйек – «Білім күні» мерекесімен құттықтауы

    Құрметті ұстаздар мен ата-аналар және оқушылар!

     Сіздерді 1 қыркүйек – «Білім күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн-әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын күн.

             Білім – барлық игілік пен байлықтың, бақыт пен берекенің, дәулеттің қайнар көзі. Елімізде жас жеткіншектердің мектеп қабырғасынан жан-жақты терең білім алып, тәрбиелі әрі мәдениетті азамат болып шығуына қажетті жағдайлар жасалуда. Ұлт болашағы – ұрпағында десек, шәкірттің білімді де тәрбиелі, саналы болып өсуі – ұстаздың қолында. Сапалы білім беру, жақсыдан үйрену, жаңалыққа құштар болу үнемі жаңаруды, заман талабына сай алға қадам басуды қажет етеді. Сондықтан да игі істермен, тың идеялармен еңбек ету – білім сапасын жақсартуға қол жеткізеді. Бұл дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат.

    «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез», – деп ұлы Абай атамыз айтқандай, сол білімді беретін мектептің басты тұлғасы, жүрегі-ұстаз. Білім нәрімен сусындататын ұлы тұлғаларға айтар алғысымыз шексіз. Жаңа оқу жылында да қанаттарыңыз талмасын.  

    Қадірменді оқушылар!

    Баршаңызды Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге бұл күні ерекше, жайма шуақ  көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін! Бүгінгі күн Сіздер үшін үлкен үміттер күні болсын!

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района