100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

      аудан әкімі Б. Қазанбасовтың 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтауы

    Ардақты апа-аналар! 

    Құрметті қыз-келіншектер!

    Сіздерді гүл көктемнің алғашқы мерекесі – әсемдік пен әдеміліктің, сұлулық пен ізгіліктің жаршысындай жайма-шуақ күйге бөлейтін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

    Кез-келген адам баласының шыр етіп дүниеге келгенде ең бірінші көретін адамы ол – Ана. Жер бетіндегі адамзат атаулының қадірлеп, бас иетін тұсы да Анаға келіп тоғысады. Ананың аялы алақаны, мейірім шапағаты дүниедегі еш асыл затқа айырбастай алмайтын баға жетпес байлығымыз деп білемін!

    Ендеше мамыражай көктеммен қатар келген мерекеде жүздеріңізден жылу, өмірлеріңізден сән кетпесін!

    Ардақты аналар, қыз-келіншектер!

     Сіздер ел алдында – қарапайым ұстаз, дәрігер, кәсіпкер, мемлекеттік қызметкерсіздер, ал, отбасында – аяулы ана, асыл жар, шаңырақтың шаттығы, айнымас доссыздар.

    Өйткені, Ана – сабырдың, қуаныштың ортасы, қанағаттың үлгісі, татулықтың тірегі.

    Көктем – гүлімен, отбасы – нұрымен көркем, өмірімізге мән, тіршілігімізге сән берген Сіздерге отбасының амандығын, ұзақ ғұмыр, шаттық пен шапағат, ырыс пен ынтымақ, бақыт пен береке тілеймін.

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района