100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    «1 қазан – Қарттар күніне» орай аудан әкімі Б.Қазанбасовтың құттықтау сөзі

    Құрметті, қариялар!

             Халқымыз әрдайым тарихы мен өткенін асыл қазынасына теңеген данагөй қарттары мен қарияларынан біліп, өнегесін солардан алғаны бәрімізге айқын дүние. «Қарты бар үйдің – қазынасы бар»деп қарттардың қоғам өміріндегі әлеуметтік ролін нақтылау соның айшықты көрінісі.

    Қарттықты құрметтеу және үлгі тұту, қарт адамдардың сіңірген еңбектерін, қоғамның дамуына қосқан көптеген үлестерін мойындау белгісі ретінде Қазақстанда жыл сайын «1-қазан күні Халықаралық қарттар күні» аталып өтілуде.

    Бүгін қалыптасқан дәстүр бойынша бүкіл әлемде қарт адамдар күні. Қай заманда болмасын қоғамда қарияларға деген құрмет, ізет-ілтипат ерекше болған, олардың даналықтары мен өмірден түйген мол тәжірибесіне ден қойып отырған.

    Ардагерлер – еліміздің алтын қоры. Олар бүкіл саналы ғұмырын, қажыр-қайратын ел игілігіне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсады. Кейінгі буын да өз кезегінде алдыңғы толқын ағалардың салған сара жолын лайықты жалғастырып келеді.

    Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әрбір ардагердің, әрбір қарттың қажеттіліктерін ескеру, оларға қамқорлық жасау – біздің басты борышымыз екендігін ескертіп, ерекше мән береді. Бұл сөздер жергілікті билік органдары үшін іс-қимыл бағдарламасы болып табылады және нақты істермен жүзеге асырылуда. Осынау айтулы мерейтойға бүкіл еліміздегідей біздің облысымызда да көптеген жақсы істер, мерекелік шаралар жоспарланған. Олардың барлығы сіздердің тіклей қатысуларыңызбен өтеді деп сенеміз. Әрбір іс-шара жастар мен қариялар арасында ұрпақтар сабақтастығын қалыптастырады.

    Әр азаматқа қартайған шақта лайықты өмірді қамтамасыз ету – Қазақстан Республикасы Үкіметінің әлеуметтік саясатының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

    Қадірлі ардагерлер! Баршаңызды шын жүректен даналық пен ізгіліктің мерекесі – Қарттар күнімен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, баянды бақыт тілейміз. Әр уақытта сүйікті балаларыңыз, сүйкімді немерелеріңіз бен қамқор замандастарыңыздың ыстық ықыласына бөлене беріңіздер!

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района