100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Ауызашар дастарханы үлестірілді

    Жылда Қасиетті Рамазан айында аудан басшылары ораза ұстаған жандардың басын қосып, ауызашар беретін. Биылғы жағдай өзгеше. Коронавирус індеті өршіп, қауіп сейілмей тұр. Осыған байланысты біраз нәрсеге шектеу қойылды. Әрине, ел қауіпсіздігін сақтау мақсатында. Дегенмен, игі іске шектеу қоя алмайсың. Игі іс демекші, кеше аудандық «Бәйдібек» мешітінен Жамбыл ауданы әкімінің және мәслихат хатшысының ауызашар дастархандары ауданға қарасты 17 ауылдық округке жөнелтілді. Жауапты тұлғалар ауызашар дастархандарын көпбалалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға, ораза ұстаған қарияларға үлестірмек.

    Аудан басшыларының бұл ісіне сүйсінген ардагер ұстаз Алтынхан Сапарбеков бата қайырса, Өрнек ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оңласын ата Атыхаев рахметін айтып, ризашылығын білдірді.

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района