100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округі жергілікті қоғамдастығының 2018 жылға арналған ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

    Дамыту бағдарламаның құрылымы

     

    1. Кіріспе.
    2. Жамбыл ауылдық округінің дамуының ағымдағы жағдайына талдау.

    1.1  Жамбыл ауылдық округін дамыту бойынша іс-шаралар.

    2.1  Жамбыл ауылдық округінің экономикалық әрекетін дамыту.

    3.1  Жамбыл ауылдық округінің әлеуметтік және инженерлік

    инфрақұрылымын дамыту.

     

    1. Кіріспе

     

    2018 жылға арналған Жамбыл облысы Жамбыл ауданының  Жамбыл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – ДБ) ауыл тұрғындарының және маңайдағы елді мекендерінің тұрғындарына қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін жасалды.

    Жамбыл ауылдық округінің орталығы Шайқорық ауылы аудан орталығынан 15 шақырым, облыс орталығы Тараз қаласынан 5 шақырым қашықтықта, яғни Тараз қаласымен шекаралас орналасқан 2018 жылдың басында халық саны 7 280 адамды құрайды.

    Жалпы, Жамбыл ауылдық округі бойынша 20 ЖСШ, 198 ШҚ және 45 жеке  кәсіпкерлер тіркелген. Шаруа қожалықтарының негізгі қызметі ауыл   шаруашылығы және мал шаруашылығымен  айналысу.

    ДБ экономикалық қызметтердің, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, жұмыссыздықты азайту, жаңа жұмыс орындарын ашуды көздейді.

    Жамбыл ауылдық округінің жергілікті қауымдастығының құрамына 2015 жылдың 24 маусымда  21 көше тұрғындары мен 1 төраға сайланған. Қоғамдастық құрамы мен кеңес төрағасы жергілікті қауымдастық кеңесінің және ауылдық округ активтің жиналысында қайта сайланып отырады.

     

    1. Жамбыл ауылдық округінің дамуының ағымдағы жағдайына талдау

     

    Жамбыл ауылдық округінің құрамына Шайқорық, Қапал, Бесжылдық, Қоңыртөбе, Танта, Шайқорық станциясы елді-мекендері  кіреді.

    Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 9 780 гектар жерді құрайды. Ауылдық округте жыл басында 1 293 аула саны мен 7 280 адам тіркелген, оның 3 517-і әйелдер, 3 763-ы ер адамдар. Зейнеткерлер саны – 658, оқушылар – 1 144, жұмыс істейтіндер 3 558 оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтушылар – 1 784, жұмыссыздар саны – 1 400 адамды құрайды.

    Әлеуметтік сала объектілерінен қызмет жасап тұрғандар: 2 «Қазпошта» бөлімшесі, 2 жалпы орта мектеп, (балалар шағын орталығымен) және 2 бастауыш мектеп 1 балабақша, 1 амбулатория, 3 медициналық пункт, 1 ауылдық клуб                           1 ауылдық кітапхана.

    Ауылдық округте 2018 жылдың басында 3 080 бас ірі қара малы, 787 бас жылқы, 10 605 бас қой мен ешкі, 5 556 бас  үй құстары  тіркелген.

    Жамбыл ауылдық округінің қазіргі жағдайына талдау жасаған кезде, келесі жұмыстар жүргізілу керектігі анықталды.

    «Өңірлерді дамыту» 2020 бағдарламасы шеңберінде Жамбыл ауылын абаттандыру (оның ішінде Шайқорық ауылындағы шағын футбол алаңын қоршау).

    Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру (жолдар мен тротуарларды  қардан тазарту, күл-қоқыс шығару, көшеттер мен жасыл желектер отырғызу, әктеу, сырлау округ аумағындағы елді-мекендерде басқа да тазалық жұмыстарын ұйымдастырып атқару).

    Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округінің 2018 жылға арналған

    жергілікті қоғамдастықты

    ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

    р/с

    Іс-шаралар Аяқталу түрі Орындауға жауаптылар Орындау мерзімі Шығындар Қаржыландыру көздері Жұмыс орындарының саны
    1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8.
    1.Кірістер
    1.1 101202 -Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы 2018 3 030  мың теңге

     

    1.2 104102 –  Жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық 2018 174  мың теңге

     

    1.3 104302 – Елдi мекендер жерлерiне алынатын жер салығы 2018 940 мың теңге

     

    1.4 104401-Заңды тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық 2018

     

    1.5 104402-Жеке тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық 2018 6 018 мың теңге

     

    1.6 206117  Жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол бақылау шотынан қаражат қалдықтарының түсімдері 2018 11 005 мың теңге
    1.7 402303-Субвенциялар 2018 125 147  мың теңге
    Барлығы:  146 314 мың теңге

     

     

    2. Жамбыл ауылдық округінің экономикалық әрекетін дамыту

    2.1. Жекеменшік балабақша құрылысы.

    Шайқорық ауылынан 120 орындық  жекеменшік балабақша ашу үшін жер учаскесі құжаттарын  әділет органдарына тіркеу жұмыстарын жүргізуде.

    Аудан әкімдігіне ақпарат Ауылдық округінің әкімі, жеке кәсіпкер Р.Болатбеков 2018 жыл  мың теңге Кәсіпкер қаражаты есебінен 1
     

    3. Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту

    3.1. Бесжылдық ауылындағы Исмаилов орта мектебіне баратын Ж.Жантеліұлы көшесін орта жөндеу Аудан әкімдігіне ақпарат мемлекеттік сатып алу конкурсы бойынша жеңімпаз деп танылған мердігер атқарады 2018 жыл 9776  мың теңге Облыстық және аудандық бюджет 5
    3.2. Шайқорық орта мектебіне қосымша оқу корпусын ашу үшін 50 000 мың  теңгеге жөнделетін ғимарат Аудан әкімдігіне ақпарат Ауылдық округінің әкімі, конкурс жеңімпазы болып танылған мердігер атқарады 2018 жыл 50 000  мың теңге Аудандық бюджет 30
    3.3. «Өңірлерді дамыту» 2020 бағдарламасы шеңберінде Шайқорық ауылындағы футбол алаңын қоршау

     

    Аудан әкімдігіне ақпарат Ауылдық округінің әкімі

    ТОО «Казстройпрогресс»

    2018 жыл 5000  мың теңге Аудандық бюджет 5
    3.4 Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру (жолдар мен тротуарларды  қардан тазарту, күл-қоқыс шығару, көшеттер мен жасыл желектер отырғызу, әктеу, сырлау округ аумағындағы елді-мекендерде басқа да тазалық жұмыстарын ұйымдастырып атқару) Аудан әкімдігіне ақпарат Ауылдық округінің әкімі 2018 жыл 700  мың теңге Аудандық бюджет

     

    Жамбыл  ауылдық округінің әкімі                                                                                                         Б.Садырбаев

     

     

     

     

    Ж.Игиликов

    3-70-68

     

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района