100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Тоғызтарау ауылдық округі жергілікті қоғамдастығының 2018 жылға арналған ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

     

    Дамыту бағдарламаның құрылымы

     

    1. Кіріспе.
    2. Тоғызтарау ауылдық округінің дамуының ағымдағы жағдайына талдау.

    1.1 Тоғызтарау ауылдық округін дамыту бойынша іс-шаралар.

    2.1 Тоғызтарау ауылдық округінің экономикалық әрекетін дамыту.

    3.1 Тоғызтарау ауылдық округінің әлеуметтік және инженерлік

    инфрақұрылымын дамыту

     

     

    1. Кіріспе

     

    2018 жылға арналған Жамбыл облысы Жамбыл ауданының  Тоғызтарау ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – ДБ) ауыл тұрғындарының және маңайдағы елді мекендерінің тұрғындарына қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін жасалды.

    Тоғызтарау ауылы аудан орталығынан 31 шақырым қашықтықта, көршілес Талас ауданымен шекаралас орналасқан. 2018 жылдың басында халық саны 837 адамды құрайды.

    Жалпы, ауылдық округі бойынша  16 ШҚ және 1 жеке  кәсіпкер тіркелген. Шаруа қожалықтарының негізгі қызметі ауыл   шаруашылығымен айналысу.

    ДБ экономикалық қызметтердің, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, жұмыссыздықты азайту, жаңа жұмыс орындарын ашуды көздейді.

    Тоғызтарау ауылдық округінің жергілікті қауымдастығына  2016 жылы 5 жыл мерзімге құрамында көше тұрғындары мен 1 төраға сайланған. Қоғамдастық құрамы мен кеңес төрағасы жергілікті қауымдастық кеңесінің және ауылдық округ активтің жиналысында қайта сайланып отырады.

     

    1. Тоғызтарау ауылдық округінің дамуының ағымдағы жағдайына талдау

     

    Тоғызтарау ауылдық округінің құрамына Тоғызтарау, Жаңаөткел және Құмсуат елді-мекендері  кіреді.

    Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 7584 гектар жерді құрайды. Ауылдық округте жылдың басында 188 аула саны мен 837 адам тұрады. Оның 455-і әйелдер, 382-ы ер адамдар. Зейнеткерлер саны – 65, оқушылар – 183, жұмыс істейтіндер 493, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтушылар – 239, жұмыссыздар саны –2 адамды құрайды.

    Әлеуметтік сала объектілерінен қызмет жасап тұрғандар: 1 орта мектеп,            1 негізгі мектеп, 1 бөбекжай,  2 медициналық пункт, 1 ауылдық клуб,                           1 ауылдық кітапхана.

    Ауылдық округте 2018 жылдың басында 1031 бас ірі қара малы, 598 бас жылқы, 10818 бас қой мен ешкі, 52 бас шошқа, 20 бас түйе және 1111 бас  үй құстары тіркелген.

    Тоғызтарау ауылдық округінің қазіргі жағдайына талдау жасаған кезде, келесі жұмыстар жүргізілу керектігі анықталды.

    «Өңірлерді дамыту» 2020 бағдарламасы шеңберінде Тоғызтарау ауылындағы  клубқа кіре беріс бөлме соғу және Жаңаөткел ауылындағы Садыков көшесін  орташа жөндеу жүргізу.

    Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру (жолдар мен тротуарларды  қардан тазарту, күл-қоқыс шығару, көшеттер мен жасыл желектер отырғызу, әктеу, сырлау  округ аумағындағы  елді-мекендерде  басқа да         тазалық жұмыстарын ұйымдастырып атқару).

     

    Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Тоғызтарау ауылдық округінің 2018 жылға арналған

    жергілікті қоғамдастықты

    ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

    р/с

    Іс-шаралар Аяқталу түрі Орындауға жауаптылар Орындау мерзімі Шығындар Қаржыландыру көздері Жұмыс орындарының саны
    1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8.
    1.Кірістер
    1.1 101202 -Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы 2018 15  мың теңге
    1.2 104102 –  Жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық 2018 6  мың теңге
    1.3 104302 – Елдi мекендер жерлерiне алынатын жер салығы 2018 70  мың теңге
    1.4 104401-Заңды тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық

     

    2018 0
    1.5 104402-Жеке тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық 2018 250  мың теңге

     

     

    1.6 402303-Субвенциялар 2018 0
    Барлығы: 351  мың теңге

     

     

    2 Тоғызтарау ауылдық округінің экономикалық әрекетін дамыту

     

    3. Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту

    3.1 «Өңірлерді дамыту» 2020 бағдарламасы шеңберінде -«Өңірлерді дамыту» 2020 бағдарламасы шеңберінде Тоғызтарау ауылындағы  клубқа  кіре беріс бөлме соғу.    Жаңаөткел ауылын Садыков көшесіне  орташа жөндеу жүргізу Аудан әкімдігіне ақпарат Ауылдық округінің әкімі 2018 жыл 2000     мың   теңге

     

     

     

     

     

     

     

    2774 мың теңге

    Аудандық бюджет

     

     

     

     

     

     

     

     

    2
    3.3 Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру (жолдар мен тротуарларды  қардан тазарту, күл-қоқыс шығару, көшеттер мен жасыл желектер отырғызу, әктеу, сырлау округ аумағындағы елді-мекендерде басқа да тазалық жұмыстарын ұйымдастырып атқару) Аудан әкімдігіне ақпарат Ауылдық округінің әкімі 2018 жыл 280  мың теңге Аудандық бюджет 2

     

    Тоғызтарау ауылдық округінің әкімі                                                                                              М.Шайдаев

     

    А.Жапаркулова

    5-25-34

     

     

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района