100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қызылқайнар ауылдық округі жергілікті қоғамдастығының 2018 жылға арналған ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

    Дамыту бағдарламаның құрылымы

     

    1. Кіріспе.
    2. Қызылқайнар ауылдық округінің дамуының ағымдағы жағдайына талдау.

    1.1  Қызылқайнар ауылдық округін дамыту бойынша іс-шаралар.

    2.1  Қызылқайнар ауылдық округінің экономикалық әрекетін дамыту.

    3.1  Қызылқайнар ауылдық округінің әлеуметтік және инженерлік

    инфрақұрылымын дамыту.

     

    Кіріспе

     

    2018 жылға арналған Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Қызылқайнар ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – ДБ) ауыл тұрғындарының және маңайдағы елді мекендерінің тұрғындарына қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін жасалды.

    Қызылқайнар ауылы аудан орталығынан 45 шақырымда, облыс орталығы Тараз қаласымен және көршілес Қырғызстан Республикасымен шекаралас орналасқан. 2018 жылдың басында халық саны 5100 адамды құрайды.

    Жалпы, ауылдық округі бойынша 1 ЖСШ, 51 ШҚ және 58 жеке  кәсіпкерлер тіркелген. Шаруа қожалықтарының негізгі қызметі ауыл шаруашылығымен айналысу.

    ДБ экономикалық қызметтердің, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, жұмыссыздықты азайту, жаңа жұмыс орындарын ашуды көздейді.

    Қызылқайнар ауылдық округінің жергілікті қауымдастығы  2015 жылы 5 жыл мерзімге құрамында көше тұрғындары мен 2 төраға сайланған. Қоғамдастық құрамы мен кеңес төрағасы жергілікті қауымдастық кеңесінің және ауылдық округ активтің жиналысында қайта сайланып отырады.

     

    1. Қызылқайнар ауылдық округінің дамуының ағымдағы жағдайына талдау

     

    Қызылқайнар ауылдық округінің құрамына Қызылқайнар, Жасөркен елді-мекендері  кіреді.

    Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 20644 гектар жерді құрайды. Ауылдық округте жылдың басында 910 аула саны мен 5100 адам тұрады. Оның 2502-і әйелдер, 2598-і ер адамдар. Зейнеткерлер саны – 467, оқушылар – 1149, жұмыс істейтіндер – 872, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтушылар – 1152, жұмыссыздар саны – 10 адамды құрайды.

    Әлеуметтік сала объектілерінен қызмет жасап тұрғандар: 2 жалпы орта мектеп, (балалар шағын орталығымен), 1 балабақша, 1 емхана,  1 фельдшерлік пункт, 1 пошта байланыс бөлімшесі, 2 ауылдық кітапхана.

    Ауылдық округте 2018 жылдың басында 2220 бас ірі қара малы, 553 бас жылқы, 7550 бас қой мен ешкі, 3900 бас үй құстары  тіркелген.

    Қызылқайнар ауылдық округінің қазіргі жағдайына талдау жасаған кезде, келесі жұмыстар жүргізілу керектігі анықталды.

    Елді-мекендер көшелеріндегі автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу ден өткізу (Қызылқайнар ауылындағы Бәйдібек ата көшесін Ертөстік бөбекжайынан Діңгек көшесіне дейін орта жөндеу).

    Қызылқайнар ауылдық округі әкімшілік ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу.

    Елді мекен көшелерін жарықтандыруға трансформатор сатып алу.;

    «Өңірлерді дамыту» 2020 бағдарламасы шеңберінде Қызылқайнар ауылындағы Бәйдібек ата көшесін (Дегерес көшесінен Ертөстік бөбекжайына дейін) орта жөндеуден өткізу.

    Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру (жолдарды  қардан тазарту, күл-қоқыс шығару, көшеттер мен жасыл желектер отырғызу, әктеу, сырлау округ аумағындағы елді-мекендерде басқа да тазалық жұмыстарын ұйымдастырып атқару).

     

     

    Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қызылқайнар ауылдық округінің 2018 жылға арналған

    жергілікті қоғамдастықты

    ДАМУЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

    р/с

    Іс-шаралар Аяқталу түрі Орындауға жауаптылар Орындау мерзімі Шығындар Қаржыландыру көздері Жұмыс орындарының саны
    1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8.
    1.Кірістер
    1.1 101202 -Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы

     

    2018 200  мың теңге

     

    1.2 104102 –  Жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық 2018 132 мың теңге

     

    1.3 104302 – Елдi мекендер жерлерiне алынатын жер салығы

     

    2018 480 мың теңге

     

    1.4 104402-Жеке тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық 2018 4053  мың теңге

     

    1.5 402303- Трансферттердің түсімдері. Субвенциялар

     

    2018 69198  мың теңге

     

    1.6 201510- Салықтық емес түсімдер

     

    2018 3 556  мың теңге
      Барлығы:

     

      77 619  мың теңге
     

    2. Қызылқайнар ауылдық округінің экономикалық әрекетін дамыту

    2.1. Жекеменшік балабақша құрылысы Аудан әкімдігіне ақпарат Ауылдық округінің әкімі, жеке кәсіпкер А.Раева 2018 жыл 250 000 мың теңге Кәсіпкер қаражаты есебінен 15
     

    3. Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту

     

    3.1. Қызылқайнар ауылдық округі елді мекендерінің көшелерін  жарықтандыруға

    ( Трансформатор сатып алу)

    Аудан әкімдігіне ақпарат Ауылдық округ әкімі 2018 жыл 2000        мың теңге Аудандық бюджет
    3.2

     

     

     

     

     

    Қызылқайнар ауылдық округінің әкімшілік ғимаратын ағымды жөндеу Аудан әкімдігіне ақпарат Ауылдық округінің әкімі 2018 жыл 1506     мың теңге Аудандық бюджет 4
    3.3 «Өңірлерді дамыту» 2020 бағдарламасы шеңберінде Қызылқайнар ауылындағы Бәйдібек ата көшесін (Дегерес көшесінен Ертөстік бөбекжайынан дейін) орта жөндеу. Аудан әкімдігіне ақпарат Ауылдық округінің әкімі 2018 жыл 3 843     мың теңге Аудандық бюджет
    3.4 Елді-мекендер көшелерін орташа жөндеу (Қызыл-қайнар ауылындағы Бәйдібек ата көшесін (Ертөстік бөбекжайынан Діңгек көшесіне дейін) орта жөндеу

     

    Аудан әкімдігіне ақпарат Ауылдық округінің әкімі 2018 жыл 9 489  мың теңге Аудандық бюджет
    3.5 Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру (жолдар мен тротуарларды  қардан тазарту, күл-қоқыс шығару, көшеттер мен жасыл желектер отырғызу, әктеу, сырлау округ аумағындағы елді-мекендерде басқа да тазалық жұмыстарын ұйымдастырып атқару) Аудан әкімдігіне ақпарат Ауылдықокругінің әкімі 2018 жыл 800      мың теңге Аудандық бюджет 6

     

    Қызылқайнар  ауылдық округінің әкімі                                                                                        З. Сматов

     

    Е. Аманбаев;

    Э.Меирханова

    3-43-17

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района