100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қарой ауылдық округі жергілікті қоғамдастығының 2018 жылға арналған ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

    Дамыту бағдарламаның құрылымы

     

    1. Кіріспе.
    2. Қарой ауылдық округінің дамуының ағымдағы жағдайына талдау.

    1.1  Қаройауылдық округін дамыту бойынша іс-шаралар.

    2.1  Қаройауылдық округінің экономикалық әрекетін дамыту.

    3.1  Қаройауылдық округінің әлеуметтік және инженерлік

    инфрақұрылымын дамыту.

     

     

     

    1. Кіріспе

     

    2018 жылға арналған Жамбыл облысы Жамбыл ауданының  Қарой ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – ДБ) ауыл тұрғындарының және маңайдағы елді мекендерінің тұрғындарына қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін жасалды.

    Қарой ауылы аудан орталығынан 34 шқ. қашықтықта, Облыс орталығы Тараз қаласымен шекаралас  орналасқан. 2018 жылдың басында халық саны 6078  адамды құрайды.

    Жалпы, ауылдық округі бойынша 10 ЖСШ, 120 ШҚ және 90 жеке  кәсіпкерлер тіркелген. Шаруа қожалықтарының негізгі қызметі ауыл   шаруашылығымен айналысу.

    ДБ экономикалық қызметтердің, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, жұмыссыздықты азайту, жаңа жұмыс орындарын ашуды көздейді.

    Қарой ауылдық округінің жергілікті қауымдастығы  2015 жылы 5 жыл мерзімге құрамында көше тұрғындары мен 1 төраға сайланған. Қоғамдастық құрамы мен кеңес төрағасы жергілікті қауымдастық кеңесінің және ауылдық округ активтің жиналысында қайта сайланып отырады.

     

    1. Қарой ауылдық округініңдамуының ағымдағы жағдайына талдау

     

    Қарой ауылдық округінің құрамына Пригородное, Кемел елді-мекендері  кіреді.

    Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 6177 гектар жерді құрайды. Ауылдық округте жылдың басында 1255 аула саны мен 6078 адам тұрады. Оның 2961әйелдер, 3117 ер адамдар. Зейнеткерлер саны – 508, оқушылар – 1459, жұмыс істейтіндер 957, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтушылар – 1353, жұмыссыздар саны –26 адамды құрайды.

    Әлеуметтік сала объектілерінен қызмет жасап тұрғандар: 1 жалпы орта мектеп, (балалар шағын орталығымен), 1 балабақша, 1 медициналық пункт.

    Ауылдық округте 2018 жылдың басында 1348 бас ірі қара малы, 151 бас жылқы, 896 бас қой мен ешкі, 2868 бас құс саны тіркелген.

    Қарой ауылдық округінің қазіргі жағдайына талдау жасаған кезде, келесі жұмыстар жүргізілу керектігі анықталды.

    –  округ  елді мекендерін жарықтандыру;

    -«Өңірлерді дамыту» 2020 бағдарламасы шеңберінде Пригородное ауылын жарықтандыру бойынша күн көзінен қуат алатын бағаналар орнату;

    Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру (жолдарды қардан тазарту, күл-қоқыс шығару, көшеттер мен жасыл желектер отырғызу, әктеу, сырлау округ аумағындағы елді-мекендерде басқа да тазалық жұмыстарын ұйымдастырып атқару).

     

     

    Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қарой ауылдық округінің 2018 жылға арналған

    жергілікті қоғамдастықты

    ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

    р/с

    Іс-шаралар Аяқталу түрі Орындауға жауаптылар Орындау мерзімі Шығындар Қаржыландыру көздері Жұмыс орындарының саны
    1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8.
    1.Кірістер
    1.1 101202 -Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы

     

    2018 1330  мың теңге

     

    1.2 104102 –  Жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық 2018 150  мың теңге

     

    .3 104302 – Елдi мекендер жерлерiне алынатын жер салығы

     

    2018 484  мың теңге

     

    1.4 104401-Заңды тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық

     

    2018 0
    1.5 104402-Жеке тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық 2018 4427  мың теңге
    1.6 402303-Субвенциялар 2018 25347  мың теңге
    1.7 402201-Трансферттер 2018 840  мың теңге
    Барлығы: 39 551  мың теңге
     

    2.Қарой ауылдық округінің экономикалық әрекетін дамыту

    2.1.
     

    3. Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту

    3.1. «Өңірлерді дамыту» 2020 бағдарламасы шеңберінде Пригородное ауылын жарықтандыру бойынша күн көзінен қуат алатын бағаналар орнату

     

    Аудан әкімдігіне ақпарат Ауылдық округінің әкімі 2018 жыл 4299     мың теңге Аудандық бюджет 1
    3.3 Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру (жолдарды  қардан тазарту, күл-қоқыс шығару, көшеттер мен жасыл желектер отырғызу, әктеу, сырлау округ аумағындағы елді-мекендерде басқа да тазалық жұмыстарын ұйымдастырып атқару) Аудан әкімдігіне ақпарат Ауылдық округінің әкімі 2018 жыл 3633     мың теңге Аудандық бюджет 5

     

    Қарой ауылдық округінің әкімі                                                                                                         Ж. Исаков

     

     

     

    А. Жамбыл

    52-92-89

     

     

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района