100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаратөбе ауылдық округі жергілікті қоғамдастығының 2018 жылға арналған ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

    Дамыту бағдарламаның құрылымы

     

    1. Кіріспе.
    2. Қаратөбе ауылдық округінің дамуының ағымдағы жағдайына талдау.

    1.1 Қаратөбе ауылдық округін дамыту бойынша іс-шаралар.

    2.1 Қаратөбе ауылдық округінің экономикалық әрекетін дамыту.

    3.1 Қаратөбе ауылдық округінің әлеуметтік және инженерлік

    инфрақұрылымын дамыту.

     

    1. Кіріспе

     

    2018 жылға арналған Жамбыл облысы Жамбыл ауданының  Қаратөбе ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – ДБ) ауыл тұрғындарының және маңайдағы елді мекендерінің тұрғындарына қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін жасалды.

    Қаратөбе ауылдық округі аудан орталығын 25 шақырым, облыс орталығы Тараз қаласымен шекаралас орналасқан. 2018 жылдың басында халық саны 5230 адамды құрайды.

    Жалпы, ауылдық округ бойынша 3 ЖСШ, 171 ШҚ және 10 жеке  кәсіпкерлер тіркелген. Шаруа қожалықтарының негізгі қызметі ауыл   шаруашылығымен айналысу.

    ДБ экономикалық қызметтердің, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, жұмыссыздықты азайту, жаңа жұмыс орындарын ашуды көздейді.

    Қаратөбе ауылдық округінің жергілікті қауымдастығының құрамы  2016 жылы    7 адамнан, яғни ауыл ақсақалдары  мен 1 төрағадан сайланған. Қоғамдастық құрамы мен кеңес төрағасы жергілікті қауымдастық кеңесінің және ауылдық округ активтің жиналысында қайта сайланып отырады.

     

    1. Қаратөбе ауылдық округінің дамуының ағымдағы жағдайына талдау

     

    Қаратөбе ауылдық округінің құрамына Бектөбе, Қызылшарық, Бәйтерек  елді-мекендері  кіреді.

    Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 10763 гектарды құрайды. Ауылдық округте жылдың басында 880 аула саны мен 5230 адам тұрады. Оның 2603-і әйелдер, 2627-ы ер адамдар. Зейнеткерлер саны – 431, оқушылар – 666, жұмыс істейтіндер 1045, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтушылар – 875, жұмыссыздар саны –114 адамды құрайды.

    Әлеуметтік сала объектілерінен қызмет жасап тұрғандар: 1 жалпы орта мектеп, (балалар шағын орталығымен) және 1 бастауыш мектеп (балалар шағын орталығымен), 1 балабақша,  1 медициналық пункт, 1 мәдениет үйі, 1 ауылдық кітапхана.

    Ауылдық округте 2018 жылдың басында 3247 бас ірі қара мал, 1045 бас жылқы, 11166 бас қой мен ешкі және 3525 бас  құс саны тіркелген.

    Қаратөбе ауылдық округінің қазіргі жағдайына талдау жасаған кезде, келесі жұмыстар жүргізілу керектігі анықталды.

    Елді мекендерін жарықтандыру бойынша Қызылшарық ауылындағы жаңа тұрғын үй массивтеріне бағандар орнату.

    «Өңірлерді дамыту» 2020 бағдарламасы шеңберінде Қызылшарық ауылындағы Досымбекұлы көшесін  ағымды жөндеу.

    Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру (жолдар мен тротуарларды  қардан тазарту, күл-қоқыс шығару, көшеттер мен жасыл желектер отырғызу, әктеу, сырлау округ аумағындағы елді-мекендерде басқа да тазалық жұмыстарын ұйымдастыру.

     

    Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаратөбе ауылдық округінің 2018 жылға арналған

    жергілікті қоғамдастықты

    ДАМУЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

    р/с

    Іс-шаралар Аяқталу түрі Орындауға жауаптылар Орындау мерзімі Шығындар Қаржыландыру көздері Жұмыс орындарының саны
    1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8.
    1.Кірістер
    1.1 101202 -Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы

     

    2018 3120  мың теңге

     

    1.2 104102 –  Жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық 2018 215 мың теңге

     

    1.3 104302 – Елдi мекендер жерлерiне алынатын жер салығы

     

    2018 1 510 мың теңге

     

    1.4 104401-Заңды тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық

     

    2018 0
    1.5 104402-Жеке тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық 2018 4985 мың теңге

     

     

    1.6 206117  Жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол бақылау шотынан қаражат қалдықтарының түсімдері 2018 6243 мың теңге
    1.7 402303-Субвенциялар 2018 66956  мың теңге

     

    Барлығы: 83 029 мың теңге

     

     

    3.     Қаратөбе ауылдық округінің экономикалық әрекетін дамыту

    2.1. Шағын маркет  «Береке» Ауыл әкімдігіне ақпарат Ауылдық округінің әкімі, жеке кәсіпкер (Шокаева Перизат) 2018 жыл 30 000 мың  теңге Кәсіпкер қаражаты есебінен 1
    2.2 Шаштараз «Асемай» Аудан әкімдігіне ақпарат Ауылдық округінің әкімі, жеке кәсіпкер Шарафатова Асемай 2018 жыл 7 000 мың теңге теңге Кәсіпкер қаражаты есебінен 1
    2.3 Шағын дүкені

    «Ая»

    Аудан әкімдігіне ақпарат Ауылдық округінің әкімі, жеке кәсіпкер Досанов Нұрлан

     

    2018 жыл 8 000   мың  теңге Кәсіпкер қаражаты есебінен **
     

    3. Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту

    3.1.  Елді мекендерінің  көшелерін  жарықтандыру Қызылшарық ауылындағы жаңа массивтерге бағандар орнату көше жарығы Аудан әкімдігіне ақпарат Ауылдық округінің әкімі 2018 жыл 9 311  мың теңге Аудандық бюджет 2
    3.2. «Өңірлерді дамыту» 2020 бағдарламасы шеңберінде Қызылшарық ауылындағы Досымбекұлы көшесін ағымды жөндеу. Аудан әкімдігіне ақпарат Ауылдық округінің әкімі 2018 жыл 3851  мың теңге Аудандық бюджет 2
    3.3 Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру күл-қоқыс шығару, көшеттер мен жасыл желектер отырғызу, әктеу, сырлау округ аумағындағы елді-мекендерде басқа да тазалық жұмыстарын ұйымдастырып атқару) Аудан әкімдігіне ақпарат Ауылдық округінің әкімі 2018 жыл 2494 мың теңге Аудандық бюджет 4

     

    Қаратөбе  ауылдық округінің әкімі                     Қ.Джатқанбаев                                                                                

     

    С.Татаева;

    К.Дильмаханова

    А.Егизбаева

    Тел; 2-55-22

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района