100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қарасу ауылдық округі жергілікті қоғамдастығының 2018 жылға арналған ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

    Дамыту бағдарламаның құрылымы

     

    1. Кіріспе.
    2. Қарасу ауылдық округінің дамуының ағымдағы жағдайына талдау.

    1.1  Қарасу ауылдық округін дамыту бойынша іс-шаралар.

    2.1  Қарасу ауылдық округінің экономикалық әрекетін дамыту.

    3.1  Қарасу ауылдық округінің әлеуметтік және инженерлік

    инфрақұрылымын дамыту.

     

     

    1. Кіріспе

     

    2018 жылға арналған Жамбыл облысы Жамбыл ауданының  Қарасу ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – ДБ) ауыл тұрғындарының және маңайдағы елді мекендерінің тұрғындарына қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін жасалды.

    Ащыбұлақ ауылы аудан орталығынан 11 шақырым жерде орналасқан. 2018 жылдың басында халық саны  2220 адамды құрайды.

    Жалпы, ауылдық округі бойынша 2 ЖСШ, 1 ӨК, 62 ШҚ, 14 жеке кәсіпкерлер мен 2 ауыл шаруашылығы АШК тіркелген. Шаруа қожалықтарының негізгі қызметі ауыл   шаруашылығы  және мал шаруашылығымен айналысу.

    ДБ экономикалық қызметтердің, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, жұмыссыздықты азайту, жаңа жұмыс орындарын ашуды көздейді.

    Ауылдық округ бойынша көше тұрғындарымен 1 төраға сайланған. Қоғамдастық құрамы мен кеңес төрағасы жергілікті қауымдастық кеңесінің және ауылдық округ активтің жиналысында қайта сайланыпо тырады.

     

    1. Қарасу ауылдық округінің дамуының ағымдағы жағдайына талдау

     

    Қарасу ауылдық округінің құрамына Ащыбұлақ, Шайдана елді-мекендері  кіреді.

    Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 31116 гектар жерді құрайды. Ауылдық округте жылдың басында 346 аула саны мен 2220 адам тұрады. Оның 1120 әйелдер, 1100 ер адамдар. Зейнеткерлер саны – 158, оқушылар – 445, жұмыс істейтіндер 1239, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтушылар – 621, жұмыссыздар саны –8 адамды құрайды.

    Әлеуметтік сала объектілерінен қызмет жасап тұрғандар: 1 жалпы орта мектеп, 1 бастауыш мектеп (балалар шағын орталығымен), 1 бөбекжай, 1 дәрігерлік амбулатория,  2 ауылдық клуб, 2ауылдық кітапхана.

    Ауылдық округте 2018 жылдың басында 2067 бас ірі қара мал, 1726 бас жылқы, 19566 бас қой мен ешкі, 853 бас үй құстары  тіркелген.

    Қарасу ауылдық округінің қазіргі жағдайына талдау жасаған кезде, келесі жұмыстар жүргізілу керектігі анықталды.

    «Өңірлерді дамыту» 2020 бағдарламасы шеңберінде Ащыбұлақ ауылындағы Қ.Сартбаев атындағы орта мектебінің терезелерін  ағымды жөндеу.

    Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру (жолдар мен тротуарларды  қардан тазарту, күл-қоқыс шығару, көшеттер мен жасыл желектер отырғызу, әктеу, сырлау округ аумағындағы елді-мекендерде басқа да тазалық жұмыстарын ұйымдастырып атқару).

     

    Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қарасу ауылдық округінің 2018 жылға арналған

    жергілікті қоғамдастықты

    ДАМУЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

    р/с

    Іс-шаралар Аяқталу түрі Орындауға жауаптылар Орындау мерзімі Шығындар Қаржыландыру көздері Жұмыс орындарының саны
    1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8.
    1.Кірістер
    1.1 101202 -Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы 2018 130  мың теңге

     

    1.2 104102 –  Жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық 2018 18 мың теңге

     

    1.3 104302 – Елдi мекендер жерлерiне алынатын жер салығы 2018 231  мың теңге

     

    1.4 104402-Жеке тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық 2018 1586  мың теңге

     

    1.5 206117-Салықтық емес түсімдер 2018 1 037  мың теңге
    1.6 402303-Субвенциялар 2018 23323  мың теңге

     

    1.7 402301-Трансферттер 2018 44 456  мың теңге
    Барлығы: 70 781   мың теңге

     

     

    2. Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту

    2.1. «Өңірлерді дамыту» 2020 бағдарламасы шеңберінде Ащыбұлақ ауылындағы Қ.Сартбаев атындағы орта мектебінің  терезелеріне ағымды жөндеу Аудан әкімдігіне ақпарат Ауылдық округінің әкімі 2018 жыл 2 986      мың теңге Аудандық бюджет 2
    2.2 Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру (жолдар мен тротуарларды  қардан тазарту, күл-қоқыс шығару, көшеттер мен жасыл желектер отырғызу, әктеу, сырлау округ аумағындағы елді-мекендерде басқа да тазалық жұмыстарын ұйымдастырып атқару) Аудан әкімдігіне ақпарат Ауылдық округінің әкімі 2018 жыл 450       мың теңге Аудандық бюджет 5

     

    Қарасу ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы                                                                          Қ.Тлешов

     

     

     

     

     

     

     

    Ж.Тойбекова;

    Р.Мампаев

    2-31-74

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района