100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Полатқосшы ауылдық округі жергілікті қоғамдастығының 2018 жылға арналған ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

     

    Дамыту бағдарламаның құрылымы

     

    1. Кіріспе.
    2. Полатқосшы ауылдық округінің дамуының ағымдағы жағдайына талдау.

    1.1 Полатқосшы ауылдық округін дамыту бойынша іс-шаралар.

    2.1 Полатқосшы ауылдық округінің экономикалық әрекетін дамыту.

    3.1 Полатқосшыауылдық округінің әлеуметтік және инженерлік

    инфрақұрылымын дамыту.

     

    1. Кіріспе

     

    2018 жылға арналған Жамбыл облысы Жамбыл ауданының  Полатқосшы ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтыдамыту бағдарламасы (бұдан әрі – ДБ) Жалпақтөбе ауылының тұрғындарына қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін жасалды.2018 жылдың басында халық саны 9678адамды құрайды.

    Жалпы, ауылдық округі бойынша«БМ» ЖШС, «Юнчи» өндірістік кооперативі, 98 ШҚ жәнеЖК «Берсанукаев»  шұжық цехі, 18 дүкен, 4 кафе, 2 шайхана, 5 жанармай құю станциясы, 1 дәріхана, 3 наубайхана,  4 техникалық байқау қызмет орталығы, 4 шаштараз,  2 нотариус, «Достық» сауда базары және «Юнчи» құрылыс сауда дүкені.

    Шаруа қожалықтарының негізгі қызметі ауыл   шаруашылығымен айналысу.

    ДБ экономикалық қызметтердің, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, жұмыссыздықты азайту, жаңа жұмыс орындарын ашуды көздейді.

    Полатқосшы ауылдық округінің жергілікті қауымдастығына 2014 жылы 5 жыл мерзімге құрамында ауыл тұрғындары мен 1 төраға сайланған. Қоғамдастық құрамы мен кеңес төрағасы жергілікті қауымдастық кеңесінің және ауылдық округ активтің жиналысындақайта сайланыпотырады.

     

    1. Полатқосшыауылдық округініңдамуының ағымдағы жағдайына талдау

     

    Полатқосшы ауылдық округінің орталығы Жалпақтөбе елді мекені.

    Ауылдық округінің жалпы жер көлемі 42 000 гектар, оның ішінде елді мекен жері 730 гектар жерді құрайды. Ауылдық округте жылдың басында 1634 аула саны мен 9678 адам тұрады. Оның 4882-і әйелдер, 4796-ы ер адамдар. Зейнеткерлер саны – 869, оқушылар – 1249, жұмыс істейтіндер 4098 оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтушылар –2188,  ресми тіркелген жұмыссыздар саны -7 адамды құрайды.

    Әлеуметтік сала объектілерінен қызмет жасап тұрғандар: 1 жалпы орта мектеп, (балалар шағын орталығымен), 2 балабақша және 1 жеке меншік балабақша, ауылдық емхана, 1 ауылдық кітапхана, «Казпочта» ғимараты, таза ауыз су мұнарасы.

    Ауылдық округте 2018 жылдың басында 938 бас ірі қара малы, 95 бас жылқы, 1741 бас қой мен ешкі, 8000 бас үй құстары тіркелген.

    Полатқосшы ауылдық округінің қазіргі жағдайына талдау жасаған кезде, келесі жұмыстар жүргізілу керектігі анықталды.

    Жалпақтөбе ауылындағы Нұрлыжол, Д.Абдуллаев, Ш.Қалдаяқов көшелерін ағымды жөндеу.

    «Өңірлерді дамыту» 2020 бағдарламасы шеңберінде «Балдәурен» балалар бақшасының ауласын абаттандыру Ақбұлақ, Я.Шывазы көшелерін ағымдағы жөдеуден өткізу.

    Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру (жолдар мен тротуарларды  қардан тазарту,  күл-қоқыс шығару, көшеттер мен жасыл желектер отырғызу, әктеу, сырлау округ аумағындағы елді-мекендерде басқа да тазалық жұмыстарын ұйымдастырып атқару).

     

     

    Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Полатқосшы ауылдық округінің 2018 жылға арналған

    жергілікті қоғамдастықты

    ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

    р/с

    Іс-шаралар Аяқталу түрі Орындауға жауаптылар Орындау мерзімі Шығындар Қаржыландыру көздері Жұмыс орындарының саны
    1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8.
    1.Кірістер
    1.1 101202 -Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы

     

    2018 3840 мың теңге

     

    1.2 104102 –  Жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық 2018 370 мың теңге

     

    1.3 104302 – Елдi мекендер жерлерiне алынатын жер салығы

     

    2018 1260 мың теңге

     

    1.4 104401-Заңды тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық

     

    2018 0

     

    1.5 104402-Жеке тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық 2018 14775 мың теңге

     

     

    1.6 206117  Жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол бақылау шотынан қаражат қалдықтарының түсімдері 2018 6081  мың теңге
    1.7 402303-Субвенциялар 2018 113817  мың теңге

     

    Барлығы: 140 143  мың теңге

     

     

    3.     Полатқосшы ауылдық округінің экономикалық әрекетін дамыту

    2.1. Шайхана құрылысы Аудан әкімдігіне ақпарат Ауылдық округінің әкімі, жеке кәсіпкер Х.Сализов 2018 жыл 1500     мың теңге Кәсіпкер қаражаты есебінен 3
    2.2 Спорттық сауықтыру базасы Аудан әкімдігіне ақпарат Ауылдық округінің әкімі, жеке кәсіпкер М.Маюфи 2018 жыл 3000     мың теңге Кәсіпкер қаражаты есебінен 12
     

     

    3. Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту

    3.1. Жалпақтөбе ауылындағы Нұрлыжол, Д.Абдуллаев, Ш.Қалдаяқов көшелерін ағымды жөндеу

     

    Аудан әкімдігіне ақпарат Ауылдық округінің әкімі, мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы болып танылған мердігер атқарады 2018 жыл 4572     мың теңге Аудандық бюджет Нұрлыжол көшесінін жөндеуге-7адам,

    Д.Абдуллаев көшесіне-6 адам,

    Ш.Қалдаяқов көшесіне -7 адам жұмысқа тартылады.

    3.2. «Өңірлерді дамыту» 2020 бағдарламасы шеңберінде «Балдәурен» балалар бақшасының ауласын абаттандыру Ақбұлақ, Я.Шывазы көшелерін ағымды жөдеуден өткізу.

     

    Аудан әкімдігіне ақпарат Ауылдық округінің әкімі, конкурс жеңімпазы болып танылған мердігер атқарады 2018 жыл 5557    мың теңге Аудандық бюджет «Балдәурен» балалар бақшасының ауласын абаттандыруға -7 адам, Ақбұлақ көшесін жөндеуге-6 адам, Я.Шывазы көшесін жөндеуге-6 адам  жұмысқа тартылады.
    3.3 Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру (жолдар мен тротуарларды  қардан тазарту, күл-қоқыс шығару, көшеттер мен жасыл желектер отырғызу, әктеу, сырлау округ аумағындағы елді-мекендерде басқа да тазалық жұмыстарын ұйымдастырып атқару) Аудан әкімдігіне ақпарат Ауылдық округінің әкімі 2018 жыл 1400     мың теңге Аудандық бюджет  

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Полатқосшы  ауылдық округінің әкімі                                                                                               Е.Данаев

     

    Орынд.: Е.Саутбеков

    Тел: 3-33-17

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района