100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Өрнек ауылдық округі жергілікті қоғамдастығының 2018 жылға арналған ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

    Дамыту бағдарламаның құрылымы

     

    1. Кіріспе.
    2. Өрнек ауылдық округінің дамуының ағымдағы жағдайына талдау.

    1.1  Өрнек ауылдық округін дамыту бойынша іс-шаралар.

    2.1  Өрнек ауылдық округінің экономикалық әрекетін дамыту.

    3.1  Өрнек ауылдық округінің әлеуметтік және инженерлік

    инфрақұрылымын дамыту.

     

     

    1. Кіріспе

     

    2018 жылға арналған Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Өрнек ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – ДБ) ауыл тұрғындарының және маңайдағы елді мекендерінің тұрғындарына қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін жасалды.

    Өрнек ауылы аудан орталығынан 25 км жерде орналасқан. 2018 жылдың басында Өрнек ауылында 2315,  Жұма стансиясында 285  адамды құрайды.

    Жалпы, ауылдық округі бойынша 136 ШҚ және 14 жеке  кәсіпкерлер тіркелген. Шаруа қожалықтарының негізгі қызметі ауыл   шаруашылығымен айналысу.

    ДБ экономикалық қызметтердің, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, жұмыссыздықты азайту, жаңа жұмыс орындарын ашуды көздейді.

    Өрнек ауылдық округінің жергілікті қауымдастығы 2015 жылы 5 жыл мерзімге құрамында көше тұрғындары мен 1 төраға сайланған. Қоғамдастық құрамы мен кеңес төрағасы жергілікті қауымдастық кеңесінің және ауылдық округ активтің жиналысында қайта сайланып отырады.

     

    1. Өрнекауылдық округініңдамуының ағымдағы жағдайына талдау

     

    Өрнек ауылдық округінің құрамына Өрнек, Жұма елді-мекендері  кіреді.

    Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 2006 гектар жерді құрайды. Өрнек ауылдық округінде – 420 аула, халық саны -2600 адам,Жұма елді мекенде 50 аула  саны мен 290 адам тұрады, барлығы 2600 адам. Оның 1200-і әйелдер, 1271-і ер адамдар. Зейнеткерлер саны – 296, оқушылар – 615, жұмыс істейтіндер 1212, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтушылар -12, жұмыссыздар саны –125 адамды құрайды.

    Әлеуметтік сала объектілерінен қызмет жасап тұрғандар: 1-жалпы орта мектеп  (балалар шағын орталығымен) және 1-бастауыш мектеп, 1-балабақша, Өрнек ауылдық дәрігерлік амбулаториясы мен 1-медициналық пункт, 1 ауылдық клуб, 2 кітапхана, №17 Жамбыл колледжі, 1 пошта байланыс бөлімшесі, 1 әкімшілік ғимараты .

    Ауылдық округте 2018 жылдың басында 1195 бас ірі қара мал, 845 бас жылқы малы,  8500 бас қой мен ешкі, 2500 бас құс саны тіркелген.

    Өрнек ауылдық округінің қазіргі жағдайына талдау жасаған кезде, келесі жұмыстар жүргізілу керектігі анықталды.

    – ауылдық округтерде автомобиль жолдарын орташа жөндеу Өрнек ауылы Ә.Бекпенбет көшісінен Сарыбай көшесіне дейінгі жолын орта жөндеу;

    Сарыбай көшесі жолын орта жөндеу;

    Өрнек ауылынан қорымдарға дейін жолды орта  жөндеу.

    -«Өңірлерді дамыту» 2020 бағдарламасы шеңберінде Өрнек ауылындағы  ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткішті қайта қалпына келтіріп ағымды жөндеу;

    – Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру (жолдар мен тротуарларды  қардан тазарту, күл-қоқыс шығару, көшеттер мен жасыл желектер отырғызу, әктеу, сырлау округ аумағындағы елді-мекендерде басқа да тазалық жұмыстарын ұйымдастырып атқару

     

    Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Өрнек ауылдық округінің 2018 жылға арналған

    жергілікті қоғамдастықты

    ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

    р/с

    Іс-шаралар Аяқта

    лу түрі

    Орындауға жауаптылар Орындау мерзімі Шығындар Қаржыландыру көздері Жұмыс орындарының саны
    1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8.
    1.Кірістер
    1.1 101202 -Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы 2018 110 мың теңге

     

    1.2 104102 –  Жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық 2018 19 мың теңге

     

    1.3 104302 – Елдi мекендер жерлерiне алынатын жер салығы 2018 460 мың теңге

     

    1.4 104401-Заңды тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық 2018 0
    1.5 104402-Жеке тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық 2018 1996 мың теңге

     

    1.6 402303-Субвенциялар 2018 92590 мың теңге

     

    1.7 206117  Жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол бақылау шотынан қаражат қалдықтарының түсімдері 2018 317  мың теңге
    Барлығы: 95 492  мың теңге

     

     

    2.Өрнек ауылдық округінің экономикалық әрекетін дамыту

     

    3. Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту

    3.1. Аудандық маңызы бар қалаларда , кенттерде , ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу Аудан әкімдігіне ақпарат Ауылдықокругінің әкімі 2018 жыл 28 101     мың теңге Аудандық бюджет 1
    3.2. «Өңірлерді дамыту» 2020 бағдарламасы шеңберіндеӨрнекауылындағы  ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткішті қайта қалпына келтіру ағымды жөндеу жұмыстары Аудан әкімдігіне ақпарат Ауылдықокругінің әкімі 2018 жыл 3 000        мың теңге Аудандық бюджет 1
    3.3 Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру (жолдар мен тротуарларды  қардан тазарту, күл-қоқыс шығару, көшеттер мен жасыл желектер отырғызу, әктеу, сырлау округ аумағындағы елді-мекендерде басқа да тазалық жұмыстарын ұйымдастырып атқару) Аудан әкімдігіне ақпарат Ауылдықокругінің әкімі 2018 жыл 900           мың теңге Аудандық бюджет 3

     

    Өрнек ауылдық округінің әкімі                                                                                                         Қ. Темешбаев

     

    Б.Қабылов

    И.Омарбеков

    Тел: 5-06-92

     

    Дұрысы

     

    ЕСКЕРТПЕ:  Аса ауылдық округі деп  ұсынылып отырған кестені  ҮЛГІ ретінде жолдап отырмыз. Өз округтеріңіздің атауын толтырыңыздар, боялған немесе қызыл түспен белгіленген жерлерге өз мәліметтеріңізді толтырасыздар.

    Кестенің 2 тармағы (ауылдық округінің экономикалық әрекетін дамыту) бөлігінің 2.1; 2.2; 2.3; 2.4 тармақшаларына ауылдық округ аумағының дамуына оң әсер ететін құрылысы жүргізіліп жатқан нысандарды (жанармай, станциясы,  жекеменшік балабақша , дүкен, дәріхана т.б) атауын  атап, кәсіпкердің немесе мердігер  заңды тұлғаның атауын көрсетіп жазыңыздар. Құрылыс жұмыстарының құнын толтырыңыздар.

    3       тармақ (Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту)   бөлігінің 3.1 тармақшасына 2018 жылы ауылдық елді мекендерді жарықтандыру, абаттандыру бойынша атқарылатын  жұмыстарды толтырып көрсетіңіздер.

    Өз тараптарыңыздан қосымша қосатындарыңыз болса жазыңыздар.Ekonomika453@mail.ruнемесе лотуспен жолдаңыздар.

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района