100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Көлқайнар ауылдық округі жергілікті қоғамдастығының 2018 жылға арналған ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

    Дамыту бағдарламаның құрылымы

     

    1. Кіріспе.
    2. Көлқайнар ауылдық округінің дамуының ағымдағы жағдайына талдау.

    1.1  Көлқайнар ауылдық округін дамыту бойынша іс-шаралар.

    2.1  Көлқайнар ауылдық округінің экономикалық әрекетін дамыту.

    3.1  Көлқайнар ауылдық округінің әлеуметтік және инженерлік

    инфрақұрылымын дамыту.

     

    1. Кіріспе

     

    2018 жылға арналған Жамбыл облысы Жамбыл ауданының  Көлқайнар ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – ДБ) ауыл тұрғындарының және маңайдағы елді мекендерінің тұрғындарына қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін жасалды.

    Көлқайнар ауылдық округінің орталығы Тастөбе ауылы аудан орталығынан 7 шақырым қашықтықта орналасқан және көршілес Байзақ ауданымен шекаралас. 2018 жылдың басында халық саны 2884 адамды құрайды.

    Жалпы, ауылдық округі бойынша 3 ЖСШ, 165 ШҚ және 7 жеке  кәсіпкерлер тіркелген. Шаруа қожалықтарының негізгі қызметі ауыл   шаруашылығымен айналысу.

    ДБ экономикалық қызметтердің, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, жұмыссыздықты азайту, жаңа жұмыс орындарын ашуды көздейді.

    Көлқайнар ауылдық округінің жергілікті қауымдастығының құрамына 2015 жылы 5 жыл мерзімге бес елді мекендердің өкілдерінен  5 мүше, 1 төраға мен           1 хатшы сайланған. Қоғамдастық құрамы мен кеңес төрағасы жергілікті қауымдастық кеңесінің және ауылдық округ активтің жиналысында қайта сайланып отырады.

     

    1. Көлқайнарауылдық округініңдамуының ағымдағы жағдайына талдау

     

    Көлқайнар ауылдық округінің құрамына Тастөбе, Еңбек, Қостөбе, Жамбыл, Көлқайнар елді-мекендері  кіреді.

    Ауылдық округтің  жалпы жер көлемі 11603 гектар жерді құрайды. Ауылдық округте жылдың басында 523 аула саны мен 2884 адам тұрады. Оның 1434-і әйелдер, 1450-і ер адамдар. Зейнеткерлер саны – 278, оқушылар – 533, жұмыс істейтіндер 685, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтушылар – 862, жұмыссыздар тіркелмеген.

    Әлеуметтік сала объектілерінен қызмет жасап тұрғандар: 2 жалпы орта мектеп, (балалар шағын орталығымен) және 3 бастауыш мектеп, 1 фельдшерлік- акушерлік пункт, 3 медициналық пункт, 2 ауылдық клуб, 2 ауылдық кітапхана.

    Ауылдық округте 2018 жылдың басында 3847 бас ірі қара малы, 1278 бас жылқы, 7693 бас қой мен ешкі, 214420 бас үй құстары тіркелген.

    Көлқайнар ауылдық округінің қазіргі жағдайына талдау жасаған кезде, келесі жұмыстар жүргізілу керектігі анықталды.

    «Өңірлерді дамыту» 2020 бағдарламасы шеңберінде Қостөбе ауылының Жаңа көшесін орта жөндеу;

    Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру (жолдарды  қардан тазарту, күл-қоқыс шығару, көшеттер мен жасыл желектер отырғызу, әктеу, сырлау округ аумағындағы елді-мекендерде басқа да тазалық жұмыстарын ұйымдастырып атқару).

     

    Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Көлқайнар ауылдық округінің 2018 жылға арналған

    жергілікті қоғамдастықты

    ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

    р/с

    Іс-шаралар Аяқталу түрі Орындауға жауаптылар Орындау мерзімі Шығындар Қаржыландыру көздері Жұмыс орындарының саны
    1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8.
    1.Кірістер
    1.1 101202 -Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы

     

    2018 680  мың теңге

     

    1.2 104102 –  Жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық 2018 30 мың теңге

     

    1.3 104302 – Елдi мекендер жерлерiне алынатын жер салығы

     

    2018 371 мың теңге

     

    1.4 104401-Заңды тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық

     

    2018 0
    1.5 104402-Жеке тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық 2018 2011  мың теңге

     

     

    1.6 402303-Субвенциялар 2018 50274  мың теңге

     

    1.7 206117  Жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол бақылау шотынан қаражат қалдықтарының түсімдері 2018 303 мың теңге
    Барлығы: 53 669 мың теңге

     

     

    2. Көлқайнар ауылдық округінің экономикалық әрекетін дамыту

    2.1. Құрама жем дайындайтын цех Аудан әкімдігіне ақпарат Ауылдық округінің әкімі және кәсіпкер Ж.Ермекбаев 2018 жыл 47 млн.теңге көлемінде Кәсіпкер қаражаты есебінен 20
     

    3. Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту

    3.1. Көлқайнар ауылдық округі елді мекендерінің автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстарына Тастөбе ауылы Т.Рыскулов көшесінің бұрылысы-0,450 км Аудан әкімдігіне ақпарат Ауылдық округінің әкімі, конкурс жеңімпазы болып танылған мердігер атқарады 2018 жыл 4878       мың теңге Аудандық бюджет 11
    3.2. «Өңірлерді дамыту» 2020 бағдарламасы шеңберінде Қостөбе ауылының Жаңа көшесіне 0,225 км орта жөндеу

     

    Аудан әкімдігіне ақпарат Ауылдық округінің әкімі, конкурс жеңімпазы болып танылған мердігер атқарады 2018 жыл 2871    мың теңге Аудандық бюджет 2
    3.3 Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру (жолдар мен тротуарларды  қардан тазарту, күл-қоқыс шығару, көшеттер мен жасыл желектер отырғызу, әктеу, сырлау округ аумағындағы елді-мекендерде басқа да тазалық жұмыстарын ұйымдастырып атқару) Аудан әкімдігіне ақпарат Ауылдық округінің әкімі 2018 жыл 1100    мың теңге Аудандық бюджет 18

     

    Көлқайнар ауылдық округінің әкімі                                                                                                         

    Д. Даулетов

     

     

     

     

     

     

     

     

    А. Мыхаев;

    2-33-22

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района