100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Гродиково ауылдық округі жергілікті қоғамдастығының 2018 жылға арналған ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

    Дамыту бағдарламаның құрылымы

     

    1.  Кіріспе.
    2. Гродиково ауылдық округінің дамуының ағымдағы жағдайына талдау.

    1.1  Гродиково ауылдық округін дамыту бойынша іс-шаралар.

    2.1  Гродиково ауылдық округінің экономикалық әрекетін дамыту.

    3.1  Гродиково ауылдық округінің әлеуметтік және инженерлік

    инфрақұрылымын дамыту.

     

    1. Кіріспе

     

    2018 жылға арналған Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Гродиково ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – ДБ) ауыл тұрғындарының және маңайдағы елді мекендерінің тұрғындарына қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін жасалды.

    Гродеково ауылы аудан орталығынан 45 шақырым, облыс орталығы Тараз қаласынан 12 шақырым қашықтықта орналасқан. 2018 жылдың басында халық саны 6814  адамды құрайды.

    Жалпы, ауылдық округі бойынша 3 ЖСШ, 141 ШҚ және 104жеке  кәсіпкерлер тіркелген. Шаруа қожалықтарының негізгі қызметі ауыл   шаруашылығымен айналысу.

    ДБ экономикалық қызметтердің, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, жұмыссыздықты азайту, жаңа жұмыс орындарын ашуды көздейді.

    Гродиково ауылдық округінің жергілікті қауымдастығы  2015 жылы 5 жыл мерзімге құрамында көше тұрғындары мен 1 төраға сайланған. Қоғамдастық құрамы мен кеңес төрағасы жергілікті қауымдастық кеңесінің және ауылдық округ активтің жиналысында қайта сайланып отырады.

     

    1. Гродиково ауылдық округінің дамуының ағымдағы жағдайына талдау

     

    Гродиково ауылдық округінің құрамына Гродеково, Қызылдихан елді-мекендері  кіреді.

    Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 17 636 гектар жерді құрайды. Ауылдық округте жылдың басында 1 270 аула саны мен 6 814 адам тұрады. Оның 3 454-і әйелдер, 3 360-ы ер адамдар. Зейнеткерлер саны – 659, оқушылар – 1 159, жұмыс істейтіндер 1 814, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтушылар – 1 741,  жұмыссыздар саны –552 адамды құрайды.

    Әлеуметтік сала объектілерінен қызмет жасап тұрғандар: 1 жалпы орта мектеп, (балалар шағын орталығымен) және 1 бастауыш мектеп, 1 балабақша,           1 дәрігерлік амбулатория, 1 мәдениет үйі, 1 ауылдық кітапхана, 1 балалар кітапханасы және 1 халыққа қызмет көрсету орталығы.

    Ауылдық округте 2018 жылдың басында 3264 бас ірі қара мал, 189 бас жылқы малы, 5890 бас қой мен ешкі, 1563 бас шошқа, 5107 бас құс  тіркелген.

    Гродиково ауылдық округінің қазіргі жағдайына талдау жасаған кезде, келесі жұмыстар жүргізілу керектігі анықталды.

    «Өңірлерді дамыту» 2020 бағдарламасы шеңберінде Гродеково ауылындағы Ақжол көшесіне тротуар салу).

    Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру (жолдар мен тротуарларды  қардан тазарту, күл-қоқыс шығару, көшеттер мен жасыл желектер отырғызу, әктеу, сырлау округ аумағындағы елді-мекендерде басқа да тазалық жұмыстарын ұйымдастырып атқару).

     

     

    Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Гродиково ауылдық округінің 2018 жылға арналған

    жергілікті қоғамдастықты

    ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

    р/с

    Іс-шаралар Аяқталу түрі Орындауға жауаптылар Орындау мерзімі Шығындар Қаржыландыру көздері Жұмыс орындарының саны
    1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8.
    1.Кірістер
    1.1 101202 -Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы 2018 629  мың теңге
    1.2 104102 –  Жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық 2018 43  мың теңге
    1.3 104302 – Елдi мекендер жерлерiне алынатын жер салығы 2018 115  мың теңге
    1.4 104401-Заңды тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық 2018 300  мың теңге
    1.5 104402-Жеке тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық 2018 2 092  мың теңге
    1.6 402303-Субвенциялар 2018 21 940  мың теңге
    Барлығы: 25 119   мың теңге
    2.Гродиково ауылдық округінің экономикалық әрекетін дамыту
    2.1. Сүт фермасы құрылысы Аудан әкімдігіне ақпарат Ауылдық округінің әкімі, «Өркен» ШҚ басшысы  Ахметшаев Нүркен 2018 жыл 150  млн теңге Кәсіпкер қаражаты есебінен 5
    2.2 Жекеменшік балабақша құрылысы Аудан әкімдігіне ақпарат Ауылдық округінің әкімі, жеке кәсіпкер  Ибраева Балхия 2018 жыл 247 млн теңге Кәсіпкер қаражаты есебінен 18
     

    3. Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту

    3.1. «Өңірлерді дамыту» 2020 бағдарламасы шеңберінде Гродеково ауылындағы Ақжол көшесіне тротуар салу). Аудан әкімдігіне ақпарат Ауылдық округінің әкімі, конкурс жеңімпазы деп танылған мердігер атқарады 2018 жыл 4 500 мың теңге Аудандық бюджет  

    7

    3.2 Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру (жолдар мен тротуарларды  қардан тазарту, күл-қоқыс шығару, көшеттер мен жасыл желектер отырғызу, әктеу, сырлау округ аумағындағы елді-мекендерде басқа да тазалық жұмыстарын ұйымдастырып атқару) Аудан әкімдігіне ақпарат Ауылдық округінің әкімі 2018 жыл 1 350 мың теңге Аудандық бюджет                              11

     

    Гродиково ауылдық округінің әкімі                                                                                                         Б. Кожабеков

     

    Ш.Аметкулов

    3-13-77

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района