100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Ерназар ауылдық округі жергілікті қоғамдастығының 2018 жылға арналған ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

     

     

    Дамыту бағдарламаның құрылымы

     

    1. Кіріспе.
    2. Ерназар ауылдық округінің дамуының ағымдағы жағдайына талдау.

    1.1Ерназар ауылдық округін  дамыту бойынша іс-шаралар.

    2.1 Ерназар ауылдық округінің  экономикалық әрекетін  дамыту.

    3.1 Ерназар ауылдық  округінің әлеуметтік және инженерлік

    инфрақұрылымын дамыту.

     

     

    1. Кіріспе

     

    2018 жылға арналған Жамбыл облысы Жамбыл ауданының  Ерназар ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – ДБ) ауыл тұрғындарына  қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін жасалды.

    Ерназар ауылы аудан орталығынан 35 шақырым қашықтықта, көршілес Талас ауданының шекарасымен шектесіп орналасқан. 2018 жылдың басында халық саны              1 697 адамды құрайды.

    Жалпы, ауылдық округі бойынша 71 ШҚ және 3 жеке  кәсіпкерлер тіркелген шаруа қожалықтарының негізгі қызметі ауыл шаруашылығымен және мал шаруашылығымен айналысу.

    ДБ экономикалық қызметтердің, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, жұмыссыздықты азайту, жаңа жұмыс орындарын ашуды көздейді.

    Ерназар ауылдық округінің жергілікті қауымдастығы төрағасы 2017 жылы   қайта сайланған. Қоғамдастық құрамы мен кеңес төрағасы жергілікті қауымдастық кеңесінің және ауылдық округ активтің жиналысында қайта сайланып отырады.

     

    1. Ерназар ауылдық округінің дамуының ағымдағы жағдайына талдау

    Ерназар ауылдық округінің құрамына Ерназар 1 елді-мекені  кіреді.

    Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 36 682  гектар жерді құрайды. Ауылдық округте жыл басында 301 аула саны мен 1 697 адам тұрады. Оның 847-і әйелдер, 850-ы ер адамдар. Зейнеткерлер саны – 185, оқушылар – 303, жұмыс істейтіндер 935, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтушылар – 496, жұмыссыздар саны –35 адамды құрайды.

    Әлеуметтік сала объектілерінен қызмет жасап тұрғандар: 1 жалпы орта мектеп, және 1 балабақша, 1 медициналық пункт, 1 мәдениет үйі, 1 ауылдық клуб,   1 ауылдық  кітапхана бар .

    Ауылдық округте 2018 жылдың басында 1 172 бас ірі қара малы, 712 бас жылқы, 12 722 бас қой мен ешкі, 1 890 бас құс, 33 бас түйе тіркелген.

    Ерназар ауылдық округінің қазіргі жағдайына талдау жасаған кезде, келесі жұмыстар жүргізілу керектігі анықталды.

    «Өңірлерді дамыту» 2020 бағдарламасы шеңберінде экономикалық дамытуға жәрдемдесудің басты шараларын іске асыру мақсатында Ерназар ауылындағы ескерткіштерді аббаттандыру және ағымдағы жөндеу.

    Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру (жолдар мен тротуарларды  қардан тазарту, күл-қоқыс шығару, көшеттер мен жасыл желектер отырғызу, әктеу, сырлау округ аумағындағы елді-мекендерде басқа да тазалық жұмыстарын ұйымдастырып атқару).

     

    Жамбыл облысы Жамбыл ауданы  Ерназар ауылдық округінің 2018 жылға арналған

    жергілікті қоғамдастықты

    ДАМУЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

     

    р/с

    Іс-шаралар Аяқталу түрі Орындауға жауаптылар Орындау мерзімі Шығындар Қаржыландыру көздері Жұмыс орындарының саны
    1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8.
    1.Кірістер
    1.1 101202 -Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы

     

    2018 492  мың теңге

     

    1.2 104102 –  Жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық 2018 15 мың теңге

     

    1.3 104302 – Елдi мекендер жерлерiне алынатын жер салығы

     

    2018 190 мың теңге

     

    1.4 104401-Заңды тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық

     

    2018 0
    1.5 104402-Жеке тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық 2018 1 050 мың теңге

     

     

    1.6 402303-Субвенциялар 2018 0

     

    Барлығы: 1 747 мың теңге

     

     

                                               2.Ерназар ауылдық округінің экономикалық әрекетін дамыту

    2.1.
     

                                                    3. Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту

    3.1. «Өңірлерді дамыту» 2020 бағдарламасы шеңберінде Ерназар ауылындағы ескерткіштерді аббатандыру және ағымдағы жөндеу

     

    Аудан әкімдігіне ақпарат Ауылдық округінің әкімі 2018 жыл 2 892     мың теңге Аудандық бюджет  

    3.2 Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру (жолдар мен тротуарларды  қардан тазарту, күл-қоқыс шығару, көшеттер мен жасыл желектер отырғызу, әктеу, сырлау округ аумағындағы елді-мекендерде басқа да тазалық жұмыстарын ұйымдастырып атқару) Аудан әкімдігіне ақпарат Ауылдық округінің әкімі 2018 жыл 479       мың теңге Аудандық бюджет              5

     

    Ерназар ауылдық округінің әкімі                                                                                                 М. Әбдіқұлов

     

     

     

     

     

     

    Орын.: У.Нышанова

    Тел.5-24-14

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района