100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Бесағаш ауылдық округі жергілікті қоғамдастығының 2018 жылға арналған ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

     

    Дамыту бағдарламаның құрылымы

     

    1. Кіріспе.
    2. Бесағаш ауылдық округінің дамуының ағымдағы жағдайына талдау.

    1.1 Бесағаш ауылдық округін дамыту бойынша іс-шаралар.

    2.1 Бесағаш ауылдық округінің экономикалық әрекетін дамыту.

    3.1 Бесағаш ауылдық округінің әлеуметтік және инженерлік

    инфрақұрылымын дамыту

     

     

    1. Кіріспе

     

    2018 жылға арналған Жамбыл облысы Жамбыл ауданының  Бесағаш ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – ДБ) ауыл тұрғындарының және маңайындағы елді мекендерінің тұрғындарына қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін жасалды.

    Бесағаш ауылы аудан орталығынан 50 шақырым жерде орналасқан. 2018 жылдың басында халық саны 6 820 адамды құрайды.

    Жалпы, ауылдық округі бойынша 1 ЖСШ, 133 ШҚ және  139 жеке  кәсіпкерлер тіркелген. Шаруа қожалықтарының негізгі қызметі ауыл   шаруашылығымен айналысу.

    ДБ экономикалық қызметтердің, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, жұмыссыздықты азайту, жаңа жұмыс орындарын ашуды көздейді.

    Бесағша ауылдық округінің жергілікті қауымдастығы  2015 жылы 5 жыл мерзімге құрамында көше тұрғындары мен 1 төраға сайланған. Қоғамдастық құрамы мен кеңес төрағасы жергілікті қауымдастық кеңесінің және ауылдық округ активтің жиналысында қайта сайланып отырады.

     

    1. Бесағаш ауылдық округінің дамуының ағымдағы жағдайына талдау

    Бесағаш ауылдық округінің құрамына Түрксіб елді-мекені  кіреді.

    Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 18 352 гектар жерді құрайды. Ауылдық округте жылдың басында 1 801 аула саны мен 6820 адам тұрады. Оның 3430-і әйелдер, 3390-ы ер адамдар. Зейнеткерлер саны – 462, оқушылар – 1560, жұмыс істейтіндер 2 220, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтушылар – 1 036, жұмыссыздар саны – 188 адамды құрайды.

    Әлеуметтік сала объектілерінен қызмет жасап тұрғандар: 2 жалпы орта мектеп, (балалар шағын орталығымен), 1 балабақша, 1 спорт мектебі, 2 медициналық пункт, 2 ауылдық кітапхана.

    Ауылдық округте 2018 жылдың басында 1350 бас ірі қара мал, 660 бас жылқы малы, 4118 бас қой мен ешкі, 3180 бас  құс саны тіркелген.

    Бесағаш ауылдық округінің қазіргі жағдайына талдау жасаған кезде, келесі жұмыстар жүргізілу керектігі анықталды.

    -«Өңірлерді дамыту» 2020 бағдарламасы шеңберінде Түрксіб ауылындағы Макаренко атындағы орта мектепті 5 022 мың теңгеге ағымды жөндеу.

    Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру, (жолдарды  қардан тазарту, күл-қоқыс шығару, көшеттер мен жасыл желектер отырғызу, әктеу, сырлау округ аумағындағы елді-мекендерде басқа да тазалық жұмыстарын ұйымдастырып атқару) автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге 1 350 мың теңге бөлінген.

     

    Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Бесағаш ауылдық округінің 2018 жылға арналған

    жергілікті қоғамдастықты

    ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

    р/с

    Іс-шаралар Аяқталу түрі Орындауға жауаптылар Орындау мерзімі Шығындар Қаржыландыру көздері Жұмыс орындарының саны
    1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8.
    1.Кірістер
    1.1 101202 -Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы

     

    2018 965  мың теңге

     

    1.2 104102 –  Жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық 2018 100  мың теңге

     

    1.3 104302 – Елдi мекендер жерлерiне алынатын жер салығы

     

    2018 655  мың теңге

     

    1.4 104401-Заңды тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық

     

    2018 0  мың теңге

     

    1.5 104402-Жеке тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық 2018 5 755  мың теңге

     

     

    1.6 402303-Субвенциялар 2018 41 777  мың теңге

     

    Барлығы: 49 252  мың теңге

     

     

                                2.  Бесағаш ауылдық округінің экономикалық әрекетін дамыту

    2.1.
     

    3. Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту

    3.1. Бесағаш және Түрксіб елді мекендерінің Сабит баба және Р.Рүстемов  көшелерінің ағымды жөндеу Аудан әкімдігіне ақпарат Ауылдық округінің әкімі 2018 жыл 6 119  мың теңге Аудандық бюджет 2
    3.2. «Өңірлерді дамыту» 2020 бағдарламасы шеңберінде Түрксіб ауылындағы Макаренко атындағы орта мектебін ағымды жөндеу. Аудан әкімдігіне ақпарат Ауылдық округінің әкімі 2018 жыл 5 022 мың теңге Аудандық бюджет 3
    3.3 Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру (жолдар мен тротуарларды  қардан тазарту, күл-қоқыс шығару, көшеттер мен жасыл желектер отырғызу, әктеу, сырлау жұмыстарын ұйымдастырып атқару) Аудан әкімдігіне ақпарат Ауылдық округінің әкімі 2018 жыл 1 350  мың теңге Аудандық бюджет 6

     

    Бесағаш ауылдық округінің әкімі                                                                                                           Б.Нигматуллаев     

     

    О.Абенов;

    М.Хасенова

    3-25-35

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района