100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылдық округі жергілікті қоғамдастығының 2018 жылға арналған ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

    Дамыту бағдарламаның құрылымы

     

    1. Кіріспе.
    2. Аса ауылдық округінің дамуының ағымдағы жағдайына талдау.

    1.1 Аса ауылдық округін дамыту бойынша іс-шаралар.

    2.1 Аса ауылдық округінің экономикалық әрекетін дамыту.

    3.1 Аса ауылдық округінің әлеуметтік және инженерлік

    инфрақұрылымын дамыту.

     

    1. Кіріспе

     

    2018 жылға арналған Жамбыл облысы Жамбыл ауданының  Аса ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – ДБ) ауыл тұрғындарының және маңайдағы елді мекендерінің тұрғындарына қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін жасалды.

    Аса ауылы аудан орталығында орналасқан. 2018 жылдың басында халық саны 12 431 адамды құрайды.

    Жалпы, ауылдық округі бойынша 30 ЖШC, 135 ШҚ және 186 жеке  кәсіпкерлер тіркелген. Шаруа қожалықтарының негізгі қызметі ауыл   шаруашылығымен айналысу.

    ДБ экономикалық қызметтердің, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, жұмыссыздықты азайту, жаңа жұмыс орындарын ашуды көздейді.

    Аса ауылдық округінің жергілікті қауымдастығы 2015 жылы 5 жыл мерзімге құрамында көше тұрғындары мен 1 төраға сайланған. Қоғамдастық құрамы мен кеңес төрағасы жергілікті қауымдастық кеңесінің және ауылдық округ активтің жиналысында қайта сайланып отырады.

     

    1. Аса ауылдық округінің дамуының ағымдағы жағдайына талдау

     

    Аса ауылдық округінің құрамына Аса, Рахат елді-мекендері  кіреді.

    Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 7 481,62 гектар жерді құрайды. Ауылдық округте жылдың басында 2 141 аула саны мен 12 431 адам тұрады. Оның 6 213-і әйелдер, 6 218-і ер адамдар. Зейнеткерлер саны – 1 042, оқушылар – 2 407, білімгерлер – 942, жұмыс істейтіндер 4 667, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтушылар – 3 341, жұмыссыздар саны – 32 адамды құрайды.

    Әлеуметтік сала объектілерінен қызмет жасап тұрғандар: 3 жалпы орта мектеп, (балалар шағын орталығымен) және 1 бастауыш мектеп (балалар шағын орталығымен), 2 балабақша, 1 психологиялық түзеу кабинеті, аудандық аурухана мен емхана,  1 медициналық пункт, 1 мәдениет үйі, аудандық кітапхана.

    Ауылдық округте 2018 жылдың басында 1 646 бас ірі қара мал, 893 бас жылқы малы, 315 бас қой мен ешкі, 1 781 бас  құс тіркелген.

    Аса ауылдық округінің қазіргі жағдайына талдау жасаған кезде, келесі жұмыстар жүргізілу керектігі анықталды.

    –  Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру бағдарламасы аясында 5 066 мың теңгеге Тараз-Аса-Қаратау тас жолының қиылысының көше жарықтандырылуын ағымды жөндеу, 4 970 мың теңгеге Аса ауылының К.Шманов көшесінің көше жарықтандыру нысандарын ағымды жөндеу;

    – «Өңірлерді дамыту» 2020 бағдарламасы шеңберінде Аса ауылын абаттандыру (соның ішінде 12 000 мың теңгеге Аса ауылындағы Қуат каналынан «Таң» жанармай станциясына дейін тротуар салу).

    – Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру (жолдар мен тротуарларды  қардан тазарту, күл-қоқыс шығару, көшеттер мен жасыл желектер отырғызу, әктеу, сырлау округ аумағындағы елді-мекендерде басқа да тазалық жұмыстарын ұйымдастырып атқару). Бұдан өзге 7 478 мың теңгеге Аса ауылы Абай көшесін абаттандыру, 5 771 мың теңгеге Аса ауылы Абай көшесінің автотұрақтарын ағымды жөндеу.

    –                Елді мекендердегі көшелердің автокөлік жолдарын орташа және күрделі жөндеу бағдарламасы бойынша 6 140 мың теңгеге Аса ауылы М.Мәметова көшесін орташа жөндеу, 11 625 мың теңгеге К.Шманов көшесін орташа жөндеу, 4 997 мың теңгеге С.Әлімқұлов көшесін орташа жөндеу, 4 057 мың теңгеге Матросов көшесінің қиылысын орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

     

    Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылдық округінің 2018 жылға арналған

    жергілікті қоғамдастықты

    ДАМУЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

    р/с

    Іс-шаралар Аяқталу түрі Орындауға жауаптылар Орындау мерзімі Шығындар Қаржыландыру көздері Жұмыс орындарының саны
    1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8.
    1.Кірістер
    1.1 101202 -Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы

     

    2018 10 960  мың теңге

     

    1.2 104102 –  Жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық 2018 260 мың теңге

     

    1.3 104302 – Елдi мекендер жерлерiне алынатын жер салығы

     

    2018 2 330 мың теңге

     

    1.4 104401-Заңды тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық

     

    2018 0  мың теңге

     

    1.5 104402-Жеке тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық 2018 18 315 мың теңге

     

     

    1.6 402301-ағымдағы нысаналы трансферттер 2018 840 мың теңге
    1.7 402303-Субвенциялар 2018 173 169 мың теңге

     

    1.8 206117-Жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотынан қаражат қалдықтарының түсімдері 2018 9 366 мың теңге
    Барлығы: 215 240  мың теңге

     

     

    2. Аса ауылдық округінің экономикалық әрекетін дамыту

    2.1. «Альфия» сауда орталығы (дүкен) құрылысы Аудан әкімдігіне ақпарат Ауылдық округінің әкімі, жеке кәсіпкер Көлбаева Нұргүл 2018 жыл 3 000  мың теңге Кәсіпкер қаражаты есебінен 3
    2.2 Жекеменшік балабақша құрылысы Аудан әкімдігіне ақпарат Ауылдық округінің әкімі, жеке кәсіпкер Дармағанбетова Дамира 2018 жыл 22 500 мың теңге Кәсіпкер қаражаты есебінен 5
    2.3 «Рахат» сауда үйінің құрылысы Аудан әкімдігіне ақпарат Ауылдық округінің әкімі, жеке кәсіпкер С.Жақсылықов 2018 жыл 30 000 мың теңге Кәсіпкер қаражаты есебінен 6
    2.4 ЖЖМ станциясы құрылысы Аудан әкімдігіне ақпарат Ауылдық округінің әкімі, жеке кәсіпкер Б.Садықов 2018 жыл 40 000 мың теңге Кәсіпкер қаражаты есебінен 5
     

    3. Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту

     

    3.1. Тараз-Аса-Қаратау тас жолының қиылысының көше жарықтандырылуын ағымды жөндеу Аудан әкімдігіне ақпарат Ашық конкурс тәсілімен өткізіліп жатқан мемлекеттік сатып алудың жеңімпаз мердігері 2018 жыл 5 066  мың теңге Аудандық бюджет
    3.2 Аса ауылының К.Шманов көшесінің көше жарықтандыру нысандарын ағымды жөндеу Аудан әкімдігіне ақпарат Ашық конкурс тәсілімен өткізіліп жатқан мемлекеттік сатып алудың жеңімпаз мердігері 2018 жыл 4 970  мың теңге Аудандық бюджет
    3.3 «Өңірлерді дамыту» 2020 бағдарламасы шеңберінде Аса ауылындағы Қуат каналынан «Таң» жанармай станциясына дейін тротуар салу).

     

    Аудан әкімдігіне ақпарат Ашық конкурс тәсілімен өткізіліп жатқан мемлекеттік сатып алудың жеңімпаз мердігері 2018 жыл 12 000  мың теңге Аудандық бюджет 2
    3.4 Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру (жолдар мен тротуарларды  қардан тазарту, күл-қоқыс шығару, кермелер ілу, көше аншлагтарын әзірлеп, орнату, көшеттер мен жасыл желектер отырғызу, әктеу, сырлау округ аумағындағы елді-мекендерде басқа да тазалық жұмыстарын ұйымдастырып атқару) Аудан әкімдігіне ақпарат Мемлекеттік сатып алудың жеңімпаз мердігерлері, жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша қоғамдық жұмысшылар 2018 жыл 3 689  мың теңге Аудандық бюджет 10
    3.5 Елді мекендердегі көшелердің автокөлік жолдарын орташа және күрделі жөндеу бағдарламасы аясында Аса ауылы М.Мәметова, С.Әлімқұлов, К.Шманов көшелерін және Матросов көшесінің қиылысын орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу Аудан әкімдігіне ақпарат Ашық конкурс тәсілімен өткізіліп жатқан мемлекеттік сатып алудың жеңімпаз мердігерлері 2018 жыл 26 819  мың теңге Аудандық бюджет

     

    Аса ауылдық округінің әкімі                                                                                                         Б. Қалшымбетов

    Е. Бозымбеков;

    Ж.Рысбеков

    2-12-00

     

    ЕСКЕРТПЕ:  Аса ауылдық округі деп  ұсынылып отырған кестені  ҮЛГІ ретінде жолдап отырмыз. Өз округтеріңіздің атауын толтырыңыздар, боялған немесе қызыл түспен белгіленген жерлерге өз мәліметтеріңізді толтырасыздар.

    Кестенің 2 тармағы (ауылдық округінің экономикалық әрекетін дамыту) бөлігінің 2.1; 2.2; 2.3; 2.4 тармақшаларына ауылдық округ аумағының дамуына оң әсер ететін құрылысы жүргізіліп жатқан нысандарды (жанармай, станциясы,  жекеменшік балабақша , дүкен, дәріхана т.б) атауын  атап, кәсіпкердің немесе мердігер  заңды тұлғаның атауын көрсетіп жазыңыздар. Құрылыс жұмыстарының құнын толтырыңыздар.

    3       тармақ (Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту)   бөлігінің 3.1 тармақшасына 2018 жылы ауылдық елді мекендерді жарықтандыру, абаттандыру бойынша атқарылатын  жұмыстарды толтырып көрсетіңіздер.

    Өз тараптарыңыздан қосымша қосатындарыңыз болса жазыңыздар. Ekonomika453@mail.ru немесе лотуспен жолдаңыздар.

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района