100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Ақбұлым ауылдық округі жергілікті қоғамдастығының 2018 жылға арналған ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

    Дамыту бағдарламаның құрылымы

     

    1. Кіріспе.

    2 Ақбұлым ауылдық округінің дамуының ағымдағы жағдайына талдау.

    1.1 Ақбұлым ауылдық округін дамыту бойынша іс-шаралар.

    2.1 Ақбұлым ауылдық округінің экономикалық әрекетін дамыту.

    3.1 Ақбұлым ауылдық округінің әлеуметтік және инженерлік

    инфрақұрылымын дамыту

     

     

    1. Кіріспе

     

    2018 жылға арналған Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Ақбұлым ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – ДБ) ауыл тұрғындарына қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін жасалды.

    Ақбұлым ауылы аудан орталығынан 35 шақырым, облыс орталығынан 10 шақырым жерде орналасқан. 2018 жылдың басында халық саны 3 798 адамды құрайды.

    Жалпы, ауылдық округ бойынша 13 ЖШС, 189 ШҚ және 239 жеке кәсіпкерлер тіркелген. Шаруа қожалықтарының негізгі қызметі егін шаруашылығымен айналысу.

    ДБ экономикалық қызметтердің, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, жұмыссыздықты азайту, жаңа жұмыс орындарын ашуды көздейді.

    Ақбұлым ауылдық округінің жергілікті қауымдастығы 2015 жылы 5 жыл мерзімге құрамында көше тұрғындары мен 1 төраға сайланған. Қоғамдастық құрамы мен кеңес төрағасы жергілікті қауымдастық кеңесінің және ауылдық округ активтің жиналысында қайта сайланып отырады.

     

    1. Ақбұлым ауылдық округінің дамуының ағымдағы жағдайына талдау

    Ақбұлым ауылдық округінің құрамына Ақбұлым елді-мекені  кіреді.

    Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 2 200 гектар жерді құрайды. Ауылдық округте жылдың басында 670 аула саны мен 3798 адам тұрады. Оның 1 911-і әйелдер, 1 887-ы ер адамдар. Зейнеткерлер саны – 333, оқушылар – 892, жұмыс істейтіндер 1 719, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтушылар – 944, жұмыссыздар саны – 11 адамды құрайды.

    Әлеуметтік сала объектілерінен қызмет жасап тұрғандар: 1 жалпы орта мектеп, 1 балабақша, 1 медициналық пункт, 1 ауылдық кітапхана, 1 мешіт,                 1 казпочта.

    Ауылдық округте 2018 жылдың басында 800 бас ірі қара мал, 150 бас жылқы малы, 2 260 бас қой мен ешкі, 4 бас шошқа, 2 000 бас құс тіркелген.

    Ақбұлым ауылдық округінің қазіргі жағдайына талдау жасаған кезде, келесі жұмыстар жүргізілу керектігі анықталды.

    -2 883 (мың тенге) Ақбұлым ауылындағы Абай және Жібек жолы көшелерін жарықтандыру;

    – Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру (жолдар мен тротуарларды  қардан тазарту, күл-қоқыс шығару, көшеттер мен жасыл желектер отырғызу, әктеу, сырлау округ аумағында басқа да тазалық жұмыстарын ұйымдастырып атқару).

     

    Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Ақбұлым ауылдық округінің 2018 жылға арналған

    жергілікті қоғамдастықты

    ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

    р/с

    Іс-шаралар Аяқталу түрі Орындауға жауаптылар Орындау мерзімі Шығындар Қаржыландыру көздері Жұмыс орындарының саны
    1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8.
    1.Кірістер
    1.1 101202 -Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы

     

    2018 811 мың теңге

     

    1.2 104102 –  Жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық 2018 100 мың теңге

     

    1.3 104302 – Елдi мекендер жерлерiне алынатын жер салығы

     

    2018 250 мың теңге

     

    1.4 104401-Заңды тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық

     

    2018 0

     

    1.5 104402-Жеке тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық 2018 3 167 мың теңге

     

     

    1.6 402303-Субвенциялар 2018 0

     

    Барлығы: 4 328 мың теңге

     

     

    2 Ақбұлым ауылдық округінің экономикалық әрекетін дамыту

    2.1 Жекеменшік балабақша құрылысы Аудан әкімдігіне ақпарат Ауылдық округінің әкімі, жеке кәсіпкер Б.Абдиева 2018 жыл 18 000 мың теңге Кәсіпкер қаражаты есебінен 10
     

    3. Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту

    3.1. Ақбұлым елді мекендерінің Абай және Жібек жолы көшелерін  жарықтандыру Аудан әкімдігіне ақпарат Ауылдық округінің әкімі 2018 жыл 2 883 мың теңге Аудандық бюджет 2
    3.2 Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру (жолдар мен тротуарларды  қардан тазарту, күл-қоқыс шығару, көшеттер мен жасыл желектер отырғызу, әктеу, сырлау округ аумағындағы елді-мекендерде басқа да тазалық жұмыстарын ұйымдастырып атқару) Аудан әкімдігіне ақпарат Ауылдық округінің әкімі 2018 жыл 450 мың теңге Аудандық бюджет 4

     

    Ақбұлым ауылдық округінің әкімі                                                                                        С. Джанысбаев

     

     

    Орын.:М.Бижигитов, К.Қошқарбаева;

    Тел.:3-65-25

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района