100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Ақбастау ауылдық округі жергілікті қоғамдастығының 2018 жылға арналған ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

    Дамыту бағдарламаның құрылымы

     

    1. Кіріспе.
    2. Ақбастау ауылдық округінің дамуының ағымдағы жағдайына талдау.

    1.1Ақбастау ауылдық округін дамыту бойынша іс-шаралар.

    2.1 Ақбастау ауылдық округінің экономикалық әрекетін дамыту.

    3.1 Ақбастау ауылдық округінің әлеуметтік және инженерлік

    инфрақұрылымын дамыту.

     

    1. Кіріспе

     

    2018 жылға арналған Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Ақбастау ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – ДБ) ауыл тұрғындарының және маңайдағы елді мекендерінің тұрғындарына қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін жасалды.

    Ақбастау ауылдық округінің Бірлесу-Еңбек ауылы аудан орталығынан              7 шақырым қашықтықта  орналасқан. 2018 жылдың басында халық саны 2118 адамды құрайды.

    Жалпы, ауылдық округі бойынша 1 ЖСШ, 100 ШҚ және 6 жеке  кәсіпкерлер тіркелген. Шаруа қожалықтарының негізгі қызметі ауыл   шаруашылығымен айналысу.

    ДБ экономикалық қызметтердің, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, жұмыссыздықты азайту, жаңа жұмыс орындарын ашуды көздейді.

    Ақбастау ауылдық округінің жергілікті қауымдастығы 2014 жылы 5 жыл мерзімге құрамында көше тұрғындары мен 1 төраға сайланған. Қоғамдастық құрамы мен кеңес төрағасы жергілікті қауымдастық кеңесінің және ауылдық округ активтің жиналысындақайта сайланыпотырады.

     

    1. Ақбастауауылдық округініңдамуының ағымдағы жағдайына талдау

     

    Ақбастауауылдық округінің құрамына Бірлесу-Еңбек, Шоқай елді-мекендері  кіреді.

    Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 6163 гектар жерді құрайды. Ауылдық округте жылдың басында 373 аула саны мен 2118 адам тұрады. Оның 1007-і әйелдер, 1111-ы ер адамдар. Зейнеткерлер саны – 218, оқушылар – 416,жұмыс істейтіндер 567, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтушылар – 350, жұмыссыздар саны –4 адамды құрайды.

    Әлеуметтік сала объектілерінен қызмет жасап тұрғандар: 2 жалпы орта мектеп, (балалар шағын орталығымен) 1 фельдшерлік пункт, 1 дәрігерлік амбулатория,  1 ауылдық клуб, 1 ауылдық кітапхана.

    Ауылдық округте 2018 жылдың басында 1298 бас ірі қара мал, 2502 бас жылқы малы, 5648 бас қой мен ешкі, 1100 бас құс  тіркелген.

    Ақбастау ауылдық округінің қазіргі жағдайына талдау жасаған кезде, келесі жұмыстар жүргізілу керектігі анықталды.

    -«Өңірлерді дамыту» 2020 бағдарламасы шеңберінде Бірлесу-Еңбек ауылындағы ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткішті ағымды жөндеу.

    – Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру (жолдар мен тротуарларды  қардан тазарту, күл-қоқыс шығару, көшеттер мен жасыл желектер отырғызу, әктеу, сырлау округ аумағындағы елді-мекендерде басқа да тазалық жұмыстарын ұйымдастырып атқару).

     

    Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Ақбастауауылдық округінің 2018 жылға арналған

    жергілікті қоғамдастықты

    ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

    р/с

    Іс-шаралар Аяқталу түрі Орындауға жауаптылар Орындау мерзімі Шығындар Қаржыландыру көздері Жұмыс орындарының саны
    1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8.
    1.Кірістер
    1.1 101202 -Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы

     

    2018 130  мың теңге

     

    1.2 104102 –  Жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық 2018 19  мың теңге

     

    1.3 104302 – Елдi мекендер жерлерiне алынатын жер салығы

     

    2018 272  мың теңге

     

    1.4 104402-Жеке тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық 2018 1 841 мың теңге

     

     

    1.5 402303-Субвенциялар 2018 32 540  мың теңге

     

    Барлығы: 34 802 мың теңге

     

    3.     Ақбастау ауылдық округінің экономикалық әрекетін дамыту
     
     

    3. Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту

    3.1. «Өңірлерді дамыту» 2020 бағдарламасы шеңберінде Бірлесу-Еңбек ауылындағы ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткішті ағымды жөндеу

     

    Аудан әкімдігіне ақпарат Ауылдық округінің әкімі, мердігер  ЖШС «Шыңбота» 2018 жыл 3000 мың теңге Аудандық бюджет 4
    3.2 Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру (жолдар мен тротуарларды  қардан тазарту, күл-қоқыс шығару, көшеттер мен жасыл желектер отырғызу, әктеу, сырлау округ аумағындағы елді-мекендерде басқа да тазалық жұмыстарын ұйымдастырып атқару) Аудан әкімдігіне ақпарат Ауылдық округінің әкімі 2018 жыл 800 мың теңге Аудандық бюджет 4
    3.3 Бірлесу-Еңбек-Гипсовый-Казфосфат автожолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу Аудан әкімдігіне ақпарат Ауылдық округінің әкімі, конкурс жарияланды, жеңімпаз деп танылған мердігер атқарады. 2018 жыл 142 458 мың теңге Облыстық бюджет
    3.4 Бірлесу-Еңбек ауылы,Сатпаев көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу Аудан әкімдігіне ақпарат Ауылдық округінің әкімі, конкурс жарияланды, жеңімпаз деп танылған мердігер атқарады. 2018 жыл 7 079  мың теңге Аудандық бюджет 4
    3.5 Бірлесу-Еңбек ауылы ескі әкімшілік ғимаратына ағымды жөндеу Аудан әкімдігіне ақпарат Ауылдықокругінің әкімі, конкурс жарияланды, жеңімпаз деп танылған мердігер атқарады. 2018 жыл 2 720 мың теңге Аудандық бюджет 4
    3.6 Бірлесу-Еңбек ауылындағы клубты газ жүйесіне қосу Аудан әкімдігіне ақпарат Ауылдық округінің әкімі, конкурс жарияланды, жеңімпаз деп танылған мердігер атқарады. 2018 жыл 2 156  мың теңге Аудандық бюджет 4

     

    Ақбастау ауылдық округінің әкімі                                                                     Н. Дузеева

     

    Орынд.М.Елбосынова

    Тел: 5-04-82

     

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района