100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Айшабибі ауылдық округі жергілікті қоғамдастығының 2018 жылға арналған ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

     

    Дамыту бағдарламаның құрылымы

     

    1. Кіріспе.
    2. Айшабибі ауылдық округінің дамуының ағымдағы жағдайына талдау.

    1.1  Айшабибі ауылдық округін дамыту бойынша іс-шаралар.

    2.1  Айшабибі ауылдық округінің экономикалық әрекетін дамыту.

    3.1  Айшабибі ауылдық округінің әлеуметтік және инженерлік

    инфрақұрылымын дамыту.

     

     

    1. Кіріспе

     

    2018 жылға арналған Жамбыл облысы Жамбыл ауданының  Айшабибі ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – ДБ) ауыл тұрғындарының және маңайдағы үш елді мекендерінің тұрғындарына қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін жасалды.

    Айшабибі ауылы аудан орталығынан 40 шақырым, облыс орталығы Тараз қаласынан 12 шақырым қашықтықта және көршілес Жуалы ауданы және Қырғызстан Республикасымен шекаралас орналасқан.

    2018 жылдың басында халық саны 5100 адамды құрайды.

    Жалпы, ауылдық округ бойынша 7  ЖСШ, 250 ШҚ және 20 жеке  кәсіпкерлер тіркелген. Шаруа қожалықтарының негізгі қызметі ауыл   шаруашылығымен айналысу.

    ДБ экономикалық қызметтердің, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, жұмыссыздықты азайту, жаңа жұмыс орындарын ашуды көздейді.

    Айшабибі ауылдық округінің жергілікті қауымдастығы 2015 жылы 5 жыл мерзімге құрамында үш елді мекендерден он жеті адамнан құрылған және бір төраға сайланған. Қоғамдастық құрамы мен кеңес төрағасы жергілікті қауымдастық кеңесінің және ауылдық округ активтің жиналысында қайта сайланып отырады.

     

    1. Айшабибі ауылдық округініңдамуының ағымдағы жағдайына талдау

     

    Айшабибі ауылдық  округі құрамына Айшабибі,  Қызылтаң, Қаратау елді-мекендері мен «Квант»  саяжайы кіреді.

    Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 62852 гектарды құрайды. Ауылдық округте жылдың басында 739 аула саны мен 5100 адам тұрады. Оның 2642-і әйелдер, 2458-і ер адамдар. Зейнеткерлер саны – 340, оқушылар–1188, жұмыс істейтіндер 2471, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтушылар – 542, жұмыссыздар саны –248 адамды құрайды.

    Әлеуметтік сала объектілерінен қызмет жасап тұрғандар: 2 жалпы орта мектеп, (балалар шағын орталығымен) және 1 бастауыш мектеп (балалар шағын орталығымен), 1 балабақша, 1 амбулатория, 1 медициналық пункт,1 мәдениет үйі,   1 ауылдық клуб, 1 ауылдық  кітапхана, 1 пошта, 1 байланыс орталығы.

    Ауылдық округте 2018 жылдың басында 3318 бас ірі қара малы, 1967 бас жылқы,  26527  бас қой мен ешкі,  6320 бас үй құстары  тіркелген.

    Айшабибі ауылдық округінің қазіргі жағдайына талдау жасаған кезде, келесі жұмыстар жүргізілу керектігі анықталды.

    Елді  мекендерді  абаттандыру мен көгалдандыру бойынша жолдар мен тротуарларды  қардан тазарту, күл-қоқыс шығару, көшеттер мен жасыл желектер отырғызу, әктеу, сырлау округ аумағындағы елді-мекендерде басқа  да тазалық жұмыстарын ұйымдастырып атқару.

     

    Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Айшабибі ауылдық округінің 2018 жылға арналған

    жергілікті қоғамдастықты

    ДАМУЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

    р/с

    Іс-шаралар Аяқталу түрі Орындауға жауаптылар Орындау мерзімі Шығындар Қаржыландыру көздері Жұмыс орындарының саны
    1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8.
    1.Кірістер
    1.1 101202 –Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы 2018 1 568  мың теңге
    1.2 104102 –  Жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық 2018 110  мың теңге
    1.3 104302 – Елдi мекендер жерлерiне алынатын жер салығы 2018 1 120 мың теңге
    1.4 104401-Заңды тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық 2018 0
    1.5 104402-Жеке тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық 2018 4 695  мың.теңге
    1.6 206117- Жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол бақылау шотынан қаражат қалдықтарының түсімдері 2018 8 097  мың теңге
    1.7 402303-Субвенциялар 2018 27 912  мың теңге
    1.8 402301-Трансферт 2018 83 530 мың теңге
    Барлығы: 127 032  мың теңге
    2. Айшабибі ауылдық округінің экономикалық әрекетін дамыту
    2.1. «Бақыт» сауда  орталығы құрылысы Аудан әкімдігіне ақпарат Ауылдық округінің әкімі, жеке кәсіпкер Оспанова Ақмарал 2018 жыл 100  000              мың теңге Несиелік бағдарлама бойынша 3
    3. Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту
    3.1. Айшабибі ауылындағы С.Абишұлы Төлеби жолдарын орта жөндеу Аудан әкімдігіне ақпарат Ауылдық округінің әкімі 2018 жыл 27710               мың теңге Облыстық/аудандық бюджет 5
    3.2. Айшабибі ауылының кіреберісіне және шығысына бейне бақылау орнату Аудан әкімдігіне ақпарат Ауылдық округінің әкімі 2018 жыл 2300      мың теңге Аудандық бюджет
    3.3. «Өңірлерді дамыту» 2020 бағдарламасы шеңберінде Айшабибі ауылындағы «Қарлығаш» бөбек жайын  ағымды жөндеу Аудан әкімдігіне ақпарат Ауылдық округінің әкімі 2018 жыл 6 046       мың теңге Аудандық бюджет 2
    3.4. Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру (жолдар мен тротуарларды  қардан тазарту, күл-қоқыс шығару, көшеттер мен жасыл желектер отырғызу, әктеу, сырлау округ аумағындағы елді-мекендерде басқа да тазалық жұмыстарын ұйымдастырып атқару) Аудан әкімдігіне ақпарат Ауылдық округінің әкімі 2018 жыл 1 800                мың теңге Аудандық бюджет 6

     

     

    Айшабибі ауылдық округінің әкімі                                                                                                           Р.Сеитов

     

    Орын,: Г.Сапаралиева

    Тел,: 2-73-45

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района