100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Жамбыл ауданы әкімдігі жанындағы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комиссияның 2018 жылдың 12 айында атқарған жұмысы

    Аудан әкімдігі жанындағы нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комиссияның 2018 жылға арналған іс-шара жоспары, жұмыс жоспары және медиа-жоспары алдын ала бекітіліп, жыл ішінде                   4 отырысы өткізілді.

    Жамбыл ауданы полиция бөлімімен ескірткі қылмыстарының алдын алу, жолын кесу және анықтау мақсатында жүргізілген жұмыстар барысында 2018 жылы ҚР ҚК-нің 296-бабымен есірткі қылмыстары бойынша 31 қылмыс тіркелген (2017 жылы – 19), өндіріспен аяқталғаны – 36 қылмыс (2017 жылы – 11), ашылмауына байланысты тоқтатылғаны – 1, (2017 жылы – 2). Ашылу пайызы 97,3 пайызды құраған                 (2017 жылы – 84,6 %).

    Ауыр санаттағы ҚР ҚК-нің 286-бабымен контрабандалық есірткі қылмыстары бойынша 4 қылмыс тіркелген (2017 жылы – 0), ашылмауына байланысты тоқтатылғаны жоқ (2017 жылы – 0). Ашылу пайызы 100 пайызды құрады.

    Жыл басынан есірткі қылмыстарын анықтау, жолын кесу және алдын алу мақсатында Жамбыл облысы полиция департаментінің нұсқауымен бірнеше рет «Допинг», «Канал-Красный бархан» атты есірткіге қатысты жедел алдын алу іс-шаралары жүргізілді.

    Іс-шараларға Жамбыл аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы қызметкерлері жұмылдырып, мобильдік топ құрылып, аудан көлемінде есірткі бизнесімен айналысатын тұлғаларды анықтауға, есірткі және психотроптық заттарды қолдану мен сатуға байланысты қылмыстарды ашуға әрекет жасалып, болжамды қылмыс болатын жерлер және есірткі мен психотропты заттарды өткізу орындары іздестірілді.

    Аудан көлемінде бекітілген жоспарға сәйкес өткізілген комиссия отырыстарында білім, дене шынықтыру және спорт, ішкі саясат бөлімдерінің, аудандық полиция бөлімінің, аудандық аурухана, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі басшыларының, 17 ауылдық округ әкімдерінің есептері тыңдалды.

    Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес бағдарламасына аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі арқылы нашақорлық және есірткі бизнесінің алдын алу мақсатында аудан көлемінде іс-шаралар өткізуге және көрнекі үгіт құралдарына аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі арқылы 2017 жылы 200 мың теңге, 2018 жылы 400 мың теңге қарастырылды.

    Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі және ауылдық округ әкімдіктері тарапынан есірткінің зияндығын жастар арасында насихаттау, оның қоғамдық және жеке өмірге туғызатын қаупі туралы, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес шараларын ақпараттық-насихаттау жұмыстары аясында ауданға қарасты елді мекендерде 3х6 және 2х3 метр көлемді 5 билборд (Аса, Гродиково, Қарасу, Өрнек, Айшабибі) орнатылып, адам көп жиналатын орындарда ақпараттық түсіндірме парақтары ілінді.

    Сондай-ақ, нашақорлықтың және есірткі бизнесінің алдын алу шараларын ақпараттық қамтамасыз ету жұмыстарының пәрменділігін арттыру үшін аудандық «Шұғыла-Радуга» газетінде 21 мақала, ал, «Facebook» әлеуметтік желісінде 8 материал жарияланды.

    Саламатты өмір салтын ұстану бағытында аудандағы мекеме қызметкерлері мен ауыл жастары кешкі мезгілде аптасына екі рет Аса ауылындағы Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің спорт залында, орталық стадионда, екі спорт мектебінің залдарында, орта мектептердің спорт залдарында, жастар орталығындағы тренажер залы мен ауылдық округтердегі кіші футбол алаңдарында жаттығып отырады. Бұл туралы аудандық «Шұғыла-Радуга» газетінің 2018 жылғы 3 ақпандағы №10 нөмірінде жарияланып, кесте бойынша 17 ауылдық аймақтағы 88 спорттық нысан халық қажетін өтуде.

    Жыл ішінде «Нашақорлыққа қарсы күрес» бағдарламасы шеңберінде 18 спорттық іс-шара өткізіліп, оған 2165 адам қатысты.

    2018 жылы диспансерлік есепте тіркелген нашақорлар саны – 23 (2017ж. – 23), есірткі түрін пайдалануы бойынша опиын пайдаланатыны – 4 (2017 ж. – 6), гашиш пайдаланатыны – 8 (2017 ж. – 12), бірнеше есірткі түрлерін пайдаланатыны – 11 (2017 ж. – 5). Диспансерлік есепке алынғаны – 11. Есептен шығарылғаны – 11 (2017 ж. – 1). Алдын алу есебіне тіркелген нашақорлар саны – 57 (2017ж. – 48). Алдын алу есебіне алынғаны – 52 (2017 ж. – 33). Есептен шығарылғаны – 43 (2017 ж. – 54).

    Ауданға қарасты білім мекемелерінде наркобекеттер жұмыс жасайды. Наркобекеттің жұмыс жоспары жүйке жүйесіне кері әсер ететін жағымсыз факторлардың алдын алу мақсатында іс-шаралар өткізу негізінде құрылған.

    27 мектепте лицензияға сәйкес медициналық кабинеттер жабдықталған. Медициналық кабинеттер оқушыларға жедел көмек көрсету үшін анафилактикалық шокқа арналған дәрі-дәрмектермен аудандық орталық аурухана тарапынан қамтамасыз етілуде.

    2017-2018 оқу жылында білім бөліміне қарасты 26 орта, 1 негізгі, 10 бастауыш мектептерде нашақорлық, есірткіге қарсы күрес бойынша «Есірткіге жол жоқ!», «Зиянды әдеттерден сақ болайық», «Денсаулық – зор байлық», «Өмірің – өз қолыңда», «Нашақорлық – заман дерті» тақырыптарында педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар, сынып жетекшілері мен мектеп медбикелері ай сайын жоспарға сәйкес ашық сабақтар өткізіп, апталық лездемелерде баяндамалар оқыды.

    Аудандық аурухананың нарколог мамандарының қатысуымен 8-11 сынып оқушылары арасында тоқсанына бір рет «дөңгелек үстелдер», ауылдық округ мамандары мен ауылдық ардагерлер кеңесі төрағаларының қатысуымен кездесулер өткізілді. Мектеп оқушыларының нашақорлық пен уытқұмарлыққа әуестігі бар немесе жоқтығын анықтау мақсатында мектеп психологтарының тарапынан жасырын сауалнама алу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілді. Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жұмыстарының жоспарға сәйкес жүргізілу мәселесі жылына бір рет мектептердің директордың жанындағы кеңестерінде қаралады.

    Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Нашақорлыққа жол жоқ!», «Жастар пікірі» тақырыптар аясында еркін форматтағы кездесулер, «Жарқын өмір – өз қолыңда» атты сауалнамалар, «Жастар арасында алкоголизм мен шылым шегудің алдын алу», «Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу» тақырыптарында «дөңгелек үстел» отырыстары сияқты қаражатты талап етпейтін іс-шаралар жыл бойы өткізіліп тұрды.

    Ауданда жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және салауатты өмір салтын қалыптастыруға қызмет ететін барлығы 151 спорттық нысан, оның ішінде 1 үлкен стадион, 1 спорттық кешен, 33 спорт зал, 8 ату тирі, 1 ипподром, 77 спорттық алаңдар, 29 футбол алаңы, 1 скалодром бар. Барлық қамтылған жастар саны 2018 жылдың 1 шілдесіне – 8183 (индикаторлық жоспар жастардың 40,1 пайызы – 7813 жас). Жастардың шығармашылығын шыңдау мақсатында 29 кітапхана, 1 музей, 1 аудандық Мәдениет үйі, 3 ауылдық мәдениет үйі, 19 клуб жұмыс жасауда.

    Жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған «Көшбасшы волонтерлар» мектебі (орталық маманы Ж.Такеева, волонтерлар саны – 30 және ауылдық округтегі волонтер жастар), «Қызғалдақ» қыздар клубы мүшелер саны – 12 адам (жетекшісі Ж.Такеева), «Жас саясаткерлер» пікірсайыс клубы аталмыш бағыттағы ісшаралардың басы-қасында жүріп, ықпалдастық көрсетуде.

    Сонымен қатар, жастардың бос уақыттарын ұйымдастыру мақсатында Жамбыл ауылдық округінде көркемсөз оқу үйірмесі – 30, Айшабибі ауылдық округінде ақындық өнерге баулу, домбыра үйірмесі – 26, Көлқайнар ауылдық округінде шахмат, тоғызқомалақ, дойбы ойындары үйірмесі – 20, Ерназар ауылдық округінде асық ату, дойбы, тоғызқұмалақ үйірмесі 35 жасты қамтып, аула клубтары жұмыс атқаруда. Жалпы, нашақорлықтың және есірткі бизнесінің алдын алу шаралары – үнемі назарда.

     

    Жамбыл ауданы әкімдігі жанындағы

    нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы

    күрес жөніндегі комиссияның  хатшысы Н.Шалбаева

     

     

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района