100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Жамбыл ауданы бойынша 2017 жылғы дене шынықтыру және спорт саласының негізгі көрсеткіштері

    Жамбыл ауданы бойынша 2017 жылғы дене шынықтыру және спорт саласының негізгі көрсеткіштері

     

    Аудан көлемінде тұрғындардың дене шынықтыру және спортпен шұғылдануына 151 спорт нысандары жұмыс жасайды. Атап айтқанда: 1-1500 орындық стадион,  1-спорттық кешен,1- ипподром, 77 спорт алаңшалары,             29 футбол алаңдары,    8 атқыш тирлері, 33 спорт залдары мен 1 дене тәрбиесі және спортпен  шұғылданатын бөлмелер. (2016 жылы спорт нысандарының саны 148).

    2017 жылы аудан көлемінде 2 кіші футбол алаңшалары (Құмтиын және Айшабибі ауылдары) және 1 спорттық зал жеке кәсіпкер Отыншиев Мадиярдың есебінен Шайқорық ауылында ашылып отыр. Бұл нысандардың барлығы аудан аймағындағы елді мекендерде орналасқан. (2016 жылы ашылған спорт нысандарының саны 1).

    2017 жылдың  қорытындысы бойынша аудан көлемінде дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде 22859 адам шұғылданды. Оның ішінде: 7406 адам орта мектептерде, 172 орта арнайы оқу орынында, 45 адам аула клубында, барлық санаттағы мүгедектер 28 адам және 1548 адам балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі әр түрлі секциялар мен топтарда жаттықса, 13660 адам дене шынықтыру сауықтыру бағыты бойындағы топтарда шұғылданады. 2016 жылы аудан тұрғындарының 26,4%-ы (21133 адам ) жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен айналысса, 2017 жылы бұл көрсеткіш  28,1%-ға (22859 адам) жетіп,1,7%-ға (1726 адам) артып отыр.

    Ауданда дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар санының басым бөлігін жастар мен жасөспірімдер және мектеп оқушылары құрайды. Аудандағы 14-29 жас аралығындағы жастар саны 20758 болса, соның 6316-ы, яғни  30,4%-ы дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданады, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда  3,2 %-ға (654 адам)артып отыр.

    Жалпы аудан көлемінде 12852 адам олимпиада бағдарламасына кірген спорт түрлерінен жаттықса, 5591 адам олимпиада бағдарламасына кірмеген спорт түрлерінен, ал  4416 адам спорттың ұлттық түрлері бойынша секцияларға қатысады.

    Саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында  2017 жылы 204 іс-шаралар өткізіліп, аталған іс-шараларға 30114 адам қамтылды, сондай-ақ, 75 кешенді спорттық іс-шараларға 16460 адам қамтылды, сонымен қатар, ұлттық спорт түрлерін насихаттау 23 іс-шаралар өтіп, бұл  іс-шараларға  3396 адам қамтылды.

    Жамбыл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөліміне жергілікті бюджеттен  2017 жылға жалпы 7710,0 мың теңге бөлінді, оның ішінде:

    – Ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамытуға-2210,0 мың теңге;

    – Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейдегі спорттық жарыстар өткізуге-2500,0 мың теңге;

    – Әртүрлі спорт түрлері бойынша аудан (облыстық маңызы бар қалалық) құрама командаларының мүшелерін дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы үшін-3000,0 мың теңге бөлінді.

    2016 жылы бұқаралық спортты дамытуға 7500,0 мың тенге бөлінсе, 2017 жылы 7710,0 мың теңге бөлініп,  бұл көрсеткіш 210,0 мың теңгеге артып отыр.

    Сонымен қатар, Аса ауылындағы кіші футбол алаңын ағымдағы жөндеуден өткізуге, «Стрит Воркаут», волейбол, жағажай волейбол алаңдары мен үстел теннисі алаңдарын салуға барлығы 12172,0 мың теңге бөлініп, спорт нысаны пайдалануға берілді, қазіргі кезде аудан орталығындағы көрікті нысандардың бірі болып отыр.

    Аудан тұрғындарының спорттық нысандарға қол жетімділігін арттыру бойынша 2017 жылы 48 спорттық нысандар қызмет көрсетуде.(2016 жылы           40 нысан қызмет көрсеткен).

    Аудан бойынша спорт саласында барлығы 213 қызметкер жұмыс атқаруда. Оның 2-і аудандық дене шынықтыру және спорт бөліміндегі қызметкерлері, 148-і жалпы білім беру мектептерінің мұғалімдері, 1- мұғалім орта арнайы оқу орынында, 37-і спорт мектептерінде жаттықтырушы-оқытушылар, 17-і ауылдық округтердегі  спорт нұсқаушы-әдіскерлері, 8-і басқа дене шынықтыру және спорт қызметкерлері.   2016 жылмен салыстырғанда  6 қызметкерге артып отыр.

    Аудан көлемінде екі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді. Аудан орталығы Аса ауылындағы  балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 1044 бала спорттың 12 түрімен (қазақ күресі, бокс, еркін, грек-рим күрестері, самбо, дзюдо, жартасқа өрмелеу, волейбол, футбол, баскетбол, қол күресі, құс бегілік) шұғылданады.

    2017 жылы жеткен жетістіктері: Халықаралық турнирлерде 1- бірінші орын,    1- үшінші орын, Қазақстан Республикасы чемпионатында  4- екінші орын,                   2- үшінші орын иеленді.

    Түрксіб ауылындағы  балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 504 бала спорттың 7 түрінен (қазақ күресі, бокс, еркін, грек-рим күрестері, дзюдо, қол күресі, кикбоксинг) жаттығады. 2017 жылы жеткен жетістіктері: Азия чемпионатында 1- үшінші орын, Халықаралық турнирлерде 3- бірінші орын,        2- екінші орын, 5- үшінші орын, Қазақстан Республикасы чемпионатында              4- бірінші орын, 2 -екінші орын,  2- үшінші орындарға иеленді.

    Аудан көлемінде ұлттық спорт түрлерін дамыту жақсы жолға қойылған, атап айтқанда, көкпар, қазақ күресі, асық ойыны қарқын алып келеді. Көкпаршыларымыз облыс командасы сапында өнер көрсетіп, жастар мен ересектер арасында ел жеңімпазы атанды. Қазақ күрес шеберлері Айтбек Айбол 2016 жылғы «Қазақстан Барысы» қола белбеу иегері, ересектер арасында әлем чемпионы мен Даулет Пахреддинов ересектер арасында әлем чемпионы атанса, Әбішев Жасұлан қазақ күресінен Азия чемпионатының күміс жүлдегері, белбеу күресінен Азия чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері, Махмут Ришат, Елібай Елжан жастар мен жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының 2017 жылғы чемпионатының жеңімпаздары.

    Сондай-ақ, футбол, волейбол, баскетбол ойын спорт түрлерімен қатар, бокс, грек-рим, еркін күрес түрлері, кикбоксинг шеберлері де Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері. Атап айтсақ, Балабек Дінмұхамед, Қамбаров Төлеби, Ұзақбай Дана каратэ-додан, Әжіхан Нүркен бокстан, Абсадықов Бақдәулет грек-рим күресінен. Ойын спорт түрлерінен, кіші футболдан Жамбыл облысының Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің қызметкерлері арасындағы облыстық турнирде екі жыл қатарынан күміс жүлдегер атанса, волейболдан дәл осы турнирде өткен жылы әйелдер командасы чемпион атанды. Волейболдан спорт ардагерлері командасы Жамбыл облысының чемпионатында екінші орынды иемденсе, Жамбыл облысының Кубогінде қола жүлдегер атанды. Баскетболдан жасөспірім балалар мен қыздарымыз Жамбыл облысының жеңімпаздары мен жүлдегерлері болса, жас аяқ доп шеберлері «Cоса Сола» Былғары доп облыстық додасының жеңімпаздары. Осы спортшылардың және аудан құрама командасының осындай нәтижеге жетуіне әр спорт түрлерінен жаттықтырушылар Р.Мұхамедқалиев, П.Дубаев, Е.Қапалбаев, әкелі-балалы Хабибуллаевтар, О.Мақанов, С.Дайрабаев, Н.Берсугуров, М.Раймбердиев, Н.Алтеев, Қ.Момбеков, Ғ.Садықов, Қ.Амиров А.Қадырбеков, Ш.Имашев, Е.Жаппаров пен М.Байғабыловтардың еңбектерін атап өткен жөн.

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района