100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссияның 2018 жылдың 4 айында атқарылған жұмыстары туралы

     

    Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын  реттеу  жөніндегі аудандық үшжақты комиссияның ауданда өндіріс кәсіпорындарында өндірістік процесстерді тұрақтандыру және қызметкерлердің еңбек құқықтары мен жұмыспен қамту мәселелері жөнінде әкімдік, жұмыс беруші және кәсіподақ ұйымдары арасында 3-жақты өзара  ынтымықтастық  туралы   65  меморандум  жасалды.

    Жасалған 65 меморандумның 1-ірі кәсіпорын (Амангелді ГПЗ) ЖШС (404 адам жұмыс атқарады), 5-і орта кәсіпорындар  (Кнауф Гипс Тараз, БиномСтройДеталь, «Таң», «Super-Pharm», КомпанияИнвестМК ЖШС (311 адам жұмыс атқарады), 55-і шағын кәсіпорындар мен кәсіпкерлік нысандары (895 адам жұмыс атқарады),  1-і денсаулық сақтау саласы қызметкерлері (921 адам жұмыс атқарады),  1-і мәдениет және тілдерді дамыту саласы қызметкерлері (115 адам жұмыс атқарады), 1-і кітапхана жүйелері саласы қызметкерлері (67 адам жұмыс атқарады), 1-і білім саласы қызметкерлері (3551 адам жұмыс атқарады) барлығы – 6264 адам жұмыс атқарады.

    Өндіріс басшыларымен меморандумға сәйкес, технологиялық процесстердің қалыпты жұмыс істеуі үшін, өндірістік параметрлерді айқындау, дайын өнімдерін өткізуді қамтамасыз ету, өндірістік шығындарды төмендету, ақшалай  қаражатты  үнемдеу  т.с.с шараларды  қабылдау  жөнінде  келісілді.

    Сонымен қатар, өнім өндіру, жұмыс көлемінің қысқартылған кезінде, кәсіподақпен келісе отырып, толық емес жұмыс уақыты режиміне өтуді қоса, жұмыс орындарын сақтап қалу жөніндегі барлық мүмкіндіктерді қарастыру қаралды.

    2016 жылдан «Өңірдегі әлеуметтік шиеленістердің алдын алу мақсатында Жамбыл облысындағы 100 кәсіпорындардың еңбек қатынастары мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша» ауданға қарасты 4-өндірістік мекемелер («Амангелді ГӨЗ» ЖШС-і, «KnaufGipsTaraz» ЖШС-і, «БиномСтройДеталь» ЖШС-і,  «Super Pharm» ЖШС-і) мониторинг жүргізіліп,   мәлімет Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасынына  тоқсан сайын беріледі. Мониторинг нәтижесімен осы кәсіпорындарда әлеуметтік шиеленістер (жарақат алу, жалақы қарызы, жазатайым оқиғалар) тіркелмеген.

    Жамбыл ауданы әкімі аппараты, 2018-2020 жылдарға арналған Республикалық Бас Келісімді және Жамбыл облыстық Келісімді басшылыққа алып, Жамбыл ауданы әкімдігінің, қызметкерлердің аудандық бірлестіктері және жұмыс берушілердің аудандық бірлестіктері арасындағы 2018-2020 жылдарға  арналған  келісімге  ағымдағы жылдың 27 сәуір сағат 10:00-де қол қойылды.

    Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Жамбыл аудандық үшжақты комиссиясының 2018 жылға  жұмыс жоспары бекітілген, бекітілген жұмыс жоспарына cәйкес 2018 жылғы                           22 ақпанда 1 отырысы өткізіліп, онда:

    1. Жамбыл ауданы әкімдігінің, қызметкерлердің аудандық бірлестіктері және жұмыс берушілердің аудандық бірлестіктері арасындағы еңбек, әлеуметтік экономикалық қатынастар мәселелері жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған келісімнің орындалуы туралы;
    2. Аудандағы кәсіпорындар мен ұйымдардағы еңбек дауларының алдын алу шаралары, төленбеген жалақы қарыздарының жағдайы туралы;
    3. Ауданның 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы;
    4. Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссиясының құрамына өзгеріс енгізу туралы қаралды.

    Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен барлық ауылдық округ әкімдеріне, мекеме, ұйым басшыларына   еңбек  ұжымдарында ұжымдық шарт қабылдау бойынша  хат жолданып жұмыстар ұйымдастырылып, жүргізілген.  Сонымен қатар,  аудан  әкімдігінің  кәсіпкерлік  бөліміне өнеркәсіп саласы бойынша,  ірі,  шағын-орта  бизнес құрылымдарында   ұжымдық  шарттардың  қабылдауына  ықпал  етуіне  2016-2018 жылдар  аралығында   хаттар  жолданған. Шағын, орта бизнес субьектілері бойынша  «Таң», «БиномСтройДеталь», «Кнауф Гипс Тараз» жауапкершілігі  шектеулі  серіктестіктер ұжымдық  шарт  қабылдап, сонымен қатар  аудан  көлемінде  40-қа  жуық  шаруа қожалықтар мен жеке кәсіпкерлер ұжымдық шарт қабылдап, еңбек  инспекциясынан тіркеуден өтті.

    Жамбыл ауданы бойынша 2018 жылдың 4 ай  қорытындысымен статистикалық мәлімет бойынша  282 мекеме, ұйымдар болса, оның               149-мен ұжымдық шарт қабылданған. Ағымдағы жылдың 4 ай қорытындысымен  көрсеткіш 52 пайызды құрап отыр.

    Бүгінгі  күнге  ұжымдық  шарт  қабылдау  бойынша   ықпал ету жұмыстары  жалғасуда.

     

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района